Стандарт № 21
Іш қуысының мүшелерін УДЗ-ге науқасты дайындау алгоритмы
Мақсаты: Құрсақ ауруының диогностикасы.
Көрсеткіші: Іш қуысының аурулары
Кері көрсеткіші: жоқ
Жабдықтар : УЗИ аппараты, пеленка, жағатын гель
Іс-әрекет алгоритмы:
2-3 күн бұрын тексеру алдында шлаксыз ем-дәмді тағайындаңыз, пациентті ем-дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз.
Тексеріс алдында пациентке жатар алдында 2 сағат ішінде 8 таблетка белсендірілген көмір немесе 1 ас қасық укроп дәмін, 200гр қайнатылған суға қосып, суытып 3 мезгіл қабылдауын сұраңыз.
Ішегі тырсылдаған кезінде ферменттік препараттарды қолдануын айтыңыз (фестал,панкреатин )
8-10 сағат бұрын тексеріс алдында тағам ішпеуін ескертіңіз.
Тексеріске жіберіңіз.
Стандарт № 25
Асқазаннан қан кету кезіндегі шұғыл көмек
Мақсаты: емдік
Көрсеткіші: асқазаннан қан кету
Кері көрсеткіштері: жоқ
Жабдықтар: қан кетуді тоқтатын дәрілер, мұздық қабық.
Іс –әрекет алгоритмі:
Жалпы гемостатикалық консервативтік ем
1. Науқасқа қатаң төсек тәртібі тағайындалады, су мен тағам қабылдауға тиым салынады, іш пердесіне мұздық қабық қою қажет
2.Дицинон 2мл бұлшық етке енгізіледі.
3. Көк тамырға 5% эпсилон-аминокапрон қышқылы 100 мл әр 4 сағат сайын енгізіледі.
4. 10% кальций хлорид ертіндісі ( 50—60 мл/24 сағ)
5.Б/е 1% немесе 0,3% викасол ерітіндісі (1—2 немесе 3—5 мл).
4. Дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі.
5.Қан көп кеткен жағдайларда инфузиялық ерітінділермен қан құю жүргізіледі (дәрігер нұсқауымен)
Достарыңызбен бөлісу: |