Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті



бет3/3
Дата05.02.2024
өлшемі19.75 Kb.
#490797
1   2   3
Сынып сағыты Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Үш ғайып Үш қадірлі Үш қуат
Ажал ғайып 1. Ырыс 1. Ақыл қуат
Қонақ ғайып 2. Бақ 2. Жүрек қуат
Несібе ғайып 3. Дәулет 3. Тіл қуат
Яғни халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізеді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді. «Ұлттық тәрбие» пәнінің тиімділігі мен мазмұнын арттырудың ғылыми негізі толық қаланып, бүгінде ол жаңа тәжірибелермен байытылуда. 
Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.

Ақпарлама

5 "А" сыныбында "Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы" тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Көрнекілік ретінде тақырыпқа сай нақыл сөздер, буклеттер пайдаланылды. Оқушылар өздерінің білетін құнды өсиеттерін ортаға салды. Сабақ өте қызықты өтті, оқушылар белсене қатысты.



Сынып жетекшісі: Ш. Оразалиева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет