Масимова хуршидам ташболатовна


«Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
жетісітк бағалау

«Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың әдістемесі және тәжірибелік – 
эксперимент нәтижелері» атты үшінші бөлімде педагогтердің біліктілікті 
арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетінің даму 
деңгейінің 
бастапқы 
диагностикасы, 
қалыптастырушы 
экспериментті 
ұйымдастыруға негізделген бағдарлама және зерттеу мәселесі бойынша 
жүргізілген тәжірибелік – эксперименттік жұмыстардың қорытындылары 
келтірілген. 
Қорытынды бөлімде теориялық және тәжірибелік жұмыстардың 
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми ұсыныстар берілді. 
Қосымшада эмпирикалық зерттеу материалдары, жұмысқа енбеген зерттеу 
барысында пайдаланылған диагностикалық материалдар берілді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


18 
1 ПЕДАГОГТЕРДІҢ БАҒАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
1.1
Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекеті
мәселесінің психологиялық-педагогикалық ғылыми әдебиеттерде 
зерделенуі 
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты – педагогтердің оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту мәселесінің ғылыми әдебиеттерде 
зерделену жайына талдау жасап, бұл ұғымның мәнін ашу, нақтылау болып 
табылады.
Әлемдік білім беру жүйесінің қарқынды дамуы жағдайында еліміздегі білім 
алушылардың зияткерлік әлеуеті мен «білім» деңгейіне қойылатын талаптар да
өзгерді.Білім беру жүйесінің құзыреттілікке бағдарлануына байланысты оқу 
үдерісіндегі маңызды аспектілердің бірі - бағалау жүйесін жаңартудың 
қажеттілігі туындады.Осыған байланысты, Қазақстанда 2016 жылдан бастап 
орта білім беруде критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енді.
Білім берудің барлық сатыларында баға және бағалау іс-әрекеті мәселесі 
педагогикалық теория мен тәжірибедегі өзекті мәселелердің бірі болып 
табылады. Отандық білім беру жүйесінде Кеңес дәурінен бастап қолданылып 
келген
бағалау заңдылықтарына сәйкес,оқушылардың білім сапасы «үздік» және 
«жақсы» оқитын оқушыларды жалпы оқушы саны мен сәйкестендіре отырып 
орта пайыздық көрсеткішті анықтау арқылы айқындалатын. Қалыптасқан «бес 
баллдық» жүйе нақты критерийлерсіз тек салыстыру негізінде жүргізіліп, 
оқудағы оқу жетістіктері «білгені» және «түсінгенін» анықтау арқылы 
сипатталып келген. Себебі, білімге негізделген парадигма есте сақтап, қайта 
айтып беруге бағытталған болып, оқушы білімінің нәтижесін қадағалауды 
назарда ұстаған. 
Заманауи білім беру парадигмасына көшу жағдайында оқу үдерісінде білім 
алушының оқудағы жетістіктері жеке білім, білік, дағдылар мен 
құзыреттіліктердің деңгейі мен анықталады. Демек, критериалды бағалаудың 
басты міндеті бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету, білім алушылардың 
білім сапасының деңгейін нақтыланған өлшемдер негізінде анықтау, білім 
сапасын арттыру болып табылады. 
Оқу үдерісінде пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мақсатының 
білім алушылардың жалпы оқу құзыреттіліктерін қалыптастыруға ауысуы
бағалау жүйесін өзгертудің нақты бағыттарын айқындады.Себебі, оқу 
мақсаттары талаптарын дәстүрлі «баға» мен бағалау жүзеге асыра алмайды. 
Дәстүрлі «баға» мен бағалау оқушы жетістігін сыртқы бақылау арқылы 
анықтауға негізделген болып, білім алушының жеткен жетістіктерін өз алдына 
бағалауға мүмкіндік бермейді, тұлғаның жеке дамуына кедергі келтіреді. Оқу 
үдерісі қатысушыларының жетістіктерін бастапқы нәтиже мен салыстыру 
мүмкіндігінің жоқтығы білім алушының нақты білім деңгейін анықтауға және 
болашақта қай бағытта жұмыс жасау керектігіне талдау жасау мүмкіндігін 
жояды.Қалыптасқан білім беру жүйесі білім алушының жетістіктерін 


19 
орындалған жұмыстың көлеміне қарай бағалауға бағытталған. Демек, 
бағалаудың қолданыста болған жүйесі заманауи білім беру талаптарына толық 
жауап бере алмайды.Сондықтанда,білім беру мақсаттары қажеттіліктерін жүзеге 
асыру, оқу үдерісінің объектівті, жүйелі түрде жүргізілуі критериалды бағалау 
жағдайында мүмкін болады. 
Ендеше, оқу үдерісінде сол критериалды бағалауды жүзеге асыратын 
субъект яғни педагогтің іс-әрекеті және оқыту іс-әрекеті дегеніміз не? Бұл 
сұраққа жауап беру үшін алдымен «іс - әрекет» ұғымының мәнін ашу керек деп 
ойлаймыз. 
Философияда «іс - әрекет» әлеуметтік табиғи болмысты тәжірибеге 
ауыстыру. Мұндай ауысудың түпкі болмысы ол – еңбек.Іс - әрекеттің ең көп 
таралған анықтамасы ол адам мен қоғамның бір тұтастықта болуы[96;37] Демек, 
іс - әрекет адамның болмысын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. 
Іс - әрекет- адамның әлемге болған қарым – қатынасының құралы болып, ол 
адамның қоршаған ортаны шығармашылық пен қайта түрлендіруін көрсететін 
үдеріс, сол үдерістің барысында адам өзін әрекетшіл субъект ретінде дамытады. 
Адам игерген табиғат құбылыстары болса, адам іс-әрекетінің нысаны болып 
табылады [97;118]. 
Психологиялық тұрғыдан «іс-әрекет» ұғымы саналы көрініс табатын 
адамның шынайы болмысындағы үдерістердің жиынтығы болып саналады. 
Іс-әрекет – тұлғаның түрлі қажеттіліктері мен мотивацияланатын, бір 
муратқа (мотив) бағынатын және іс-әрекет нәтижесіне бағытталған қимылдардан 
тұратын айналадағы нәрселер және құбылыстар мен байланыстың мақсаттық 
үдерісі; 
- Іс-әрекеттің жалпы формалары психологиялық қызмет арқылы жүзеге 
асады; 
- Іс -әрекеттің күллі түрлерін игеру тұлғаның сол іс-әрекетті жүзеге асыруға 
болған дайындығын қалыптастыру арқылы мүмкін болады; 
- Педагогикада оқу іс-әрекеті үдерісінде тұлға білім және біліктерді ғана 
емес, оқуға деген қабілетінде қолданады [98;20]. 
Іс-әрекет саналы адамның өмір сүруі үшін маңызды, себебі адам тұлға 
болып қалыптасуы үшін ол іс -әрекет етуі қажет. Іс-әрекет жасау арқылы адам өз 
қажеттіліктерін сезіне алады.
«Іс -әрекет» - саналы қойылған мақсат арқылы басқарылатын
адамның ішкі 
(психикалық) және сыртқы (физикалық) белсенділігі.Адамдардың басым 
көпшілігі өздерінің ішкі аргументтелген ниеттерінің негізінде іс-әрекетті саналы 
түрде жүзеге асырады.Адамның ішкі немесе сыртқы белсенділігі оның 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланады. 
Іс-әрекеттің элементтері: 
- Белсенділік танытатын субъект (жеке тұлға, қоғамдағы белгілі топ); 
- Белсенділік бағдарланған объект (нәрсе, адам, құбылыс). 
Іс -әрекет әлеуметтік категория ретінде нысанның мақсат, жоспар, ниет 
ретінде көрініс табатын рухани мағынасы мен түйісетін материалды пәндік 


20 
өзгерісін сипаттайды және бұл оны белсенді етеді. Белсенділік болса, іс - әрекетті 
дамытуға мүмкіндік беретін құрал [99;38]. 
Білім мазмұны, оқыту әдістері, формалары, оқыту процесін ұйымдастыру 
«педагог – білім алушы» іс-әрекетінен және қарым – қатынас жүйесінен 
құралады [100;36].
Г.С Костыконың пайымдауынша іс-әрекет – білімді қиын және өзгермелі 
дүниеде өмір сүру үшін қолдануға қажетті түсіну, қабылдау, әрекет ету, өмір 
сүру қатарлы білікке айналдырудың әмбебап қуралы [101;135]. 
Іс-әрекет ұғымының әдебиеттерде талдануы аясында біз оқыту үдерісіндегі 
іс-әрекеттің құрамдас бөліктерін төмендегідей көрсету орынды деп санаймыз: 
Сурет 1 - Оқу үдерісіндегі іс-әрекеттің құрамдас бөліктері 
Демек, біздің зерттеу жұмысымыз аясында педагогтің іс - әрекеті 
мотивация, мақсат, жоспар, белсенділік, нәтиже қатарлы құрамдас бөліктерден 
тұрады. Педагог іс-әрекетінің нәтижелі болуы оның саналы түрде басқарылатын 
белсенділігіне байланысты болады. 
Оқыту іс-әрекеті – білім алушылардың пәндік оқу іс - әрекеттері мен 
олардың мазмұнын игеретін оқу жағдаяттарынан құралған оқытудың мақсаттық, 
кезеңдік үдерісі. Педагогтің іс-әрекеті болса, білім алушының оқу 
жағдаяттарынан құралған пәндік оқу іс-әрекеттерін игеруге бағытталған
мақсаттық, кезеңдік оқу үдерісіне педагогтің әсері [102; 33]. 
Демек,педагогтердің бағалау үдерісіндегі іс-әрекеті дәл осы құрамдас 
бөліктерден құралуы қажет.Білім беру стандарттары аясындағы педагогтің 
белсенді іс- әрекеті бағалаумен байланысты.
Осы орайда, педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – 
әрекетін ғылыми негіздеудің өзектілігі білім берудегі заманауи стратегиялық 
міндеттермен, білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттар негізіндегі
талаптармен, білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігімен, білім 
алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай 
талаптарды әзірлеудің қажеттілігімен айқындалады. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселесі педагогикада өзекті 
мәселе саналады.Білім беру саласындағы заманауи реформалар аясында бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет