6
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. ХХІ ғасыр Қазақстанның заманауи білім беру
саласында ауқымды реформалардың жүргізілуі мен сипатталады.Еліміздің білім
беру саласы әлемдік тенденциялар негізінде модернизацияланып, өзінің жаңа
даму жолын айқындады.Қазақстан Республикасының заманауи білім беру
жүйесінде орын алған құндылықты,мақсатты және функционалды өзгерістер
білім берудің бұл бетбұрысын ғылыми – педагогикалық тұрғыдан қайта қарауды
талап етеді.
Еліміздің білім беру жүйесін модернизациялаудың басты мақсаты заманауи
қоғамды ұлттық кодты сақтау арқылы сапалы білім мен қамтамасыз ету болып
табылады.Бұл орайда,білім беру саясаты білім беру жүйесін жаңартуда әлемдік
тәжірибелерді басшылыққа алады.
Әлемдік деңгейде орын алған саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер
қоғамның талаптары мен өмірлік құндылықтарын, көз қарастарын өзгертті.
Мемлекет басшысы Қ.Ж Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында
«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа
кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік
қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел
дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» - деп атап көрсетті. Осы
міндеттемелерді жүзеге асыру аясында Қазақстандық білім беру жүйесі бүгінгі
таңда жаңа білім беру парадигмасына көшірілді.
Мемлекет, қоғам және білім алушылардың заманауи талаптары негізінде
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары қабылданды.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мәні мен мазмұны өзгерді. Білім
берудің заманауи жүйесі педагогтердің кәсіби – педагогикалық
құзыреттіліктеріне жаңа талаптар жүктеді.Оқыту сапасын арттыру мақсатында
білім берудің жаңа моделіне көшу, педагогтердің кәсіби белсенділігін арттыру
мен бағалау іс-әрекетінің әдістемелік қамтамасыз етілуінің қажеттілігін
айқындады.Сонымен бір қатарда,бұл бетбұрыстар педагогтерді дайындау және
олардың біліктілігін арттырудың мазмұнын жаңарту қажеттілігін көрсетті.
Қазақстандық білім беруді дамытуға мемлекеттік деңгейдегі құқықтық –
нормативтік құжаттардағы стратегиялық бағыттар негіз болды:
Мемлекет басшысы Қ.Ж Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог –
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», [2] - атты Жолдауында,
елімізде білім беру сапасын арттыру үшін білікті педагогтердің қажеттілігін атап
көрсетті.
«100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасының [3] 76-79 қадамдарына
сәйкес ЭЫДҰ елдері стандарттары негізінде адами капитал сапасын өсіру,12
жылдық білім беруді кезең – кезеңімен енгізу, білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында оқыту стандарттарын
жаңарту жұмыстары жүргізілді.Білім беру жүйесінде білім беру секторының
экспорттық әлеуетін көтеру үшін бәсекелестікке қабілетті кадрларды дайындау
мақсаты қойылды.
7
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жж арналған ұлттық іс – қимыл жоспарында [4] оқушылардың алған білімдерін
практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті
пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгерту, оқу
бағдарламаларында мәлімденген барлық білім беру нәтижелерін критериалды
бағалау жүйесі негізінде бағалау міндеттелді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға негіз
болатын құзыреттіліктерді, өзін – өзі басқару, бағалау, өзінің даму бағыттарын
жоспарлау қабілеттерін дамыту маңызды бағыттардың біріне айналды.Осыған
байланысты, оқыту үдерісіне білім алушылардың білім сапасын дамытудың
тиімді қуралы ретінде критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Отандық білім
беруде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қолдану
бұл феноменнің құрылымы, жүзеге асу тетіктері, тұлға дамуына болған әсері,оқу
жетістіктерін
бағалау
мақсатында
критерийлер
құрастыру
негіздері
мәселелерінің өзектенуі осы іс-әрекетті оқыту үдерісінде жүзеге асыратын
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекетін дамытудың қажеттілігін айқындады. Критериалды бағалау
жүйесінің енгізілуі педагогтердің бағалау іс-әрекетін дамыту мәселесінің
өзектілігін арттырды.
Мемлекет басшысы Қ.Ж Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан – іс – қимыл
кезеңі» атты, Жолдауында ғылым мен білімді дамытуда тың көзқарас пен жаңа
тәсілдердің керектігін, сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге арқа сүйеудің
қажеттілігін атап көрсетсе [5], «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел
өркендеуінің берік негізі» - атты Жолдауында: «Педагогтерді оқыту және
олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек, себебі,
ұстаз
шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс, ол
үшін үнемі өз біліктілігін арттырып туруы қажет»,[6]-деген пікірді айтып өтті.
Білім беру жүйесінің модернизациялануына байланысты елімізде болашақ
мұғалімдерді дайындауға,педагогтердің біліктілігін арттыруға болған талаптар
өзгерді.
Бағалау жүйесінің өзгеруі мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті
мақсатының, ұстанымдарының өзгеруіне түрткі болды. Заманауи педагог
кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі тек
мұғалімдердің білімі мен тәжірибесін шыңдау орталығы емес, педагогтерді
өзгермелі қоғам талаптарына сай қайта даярлау мен үздіксіз кәсіби дамытудың,
инновациялық іс-әрекетке бейімдеудің ресурстық орталығы ретінде
модернизациялануы қажет екендігі айқындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726
қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт - сапалы білім беру» ұлттық жобасында
Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру,
педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, білім беру сапасын
арттыру мақсат етілген [7]- педагогтердің мәртебесін көтеру олардың білім
деңгейін көтеру, қайта даярлау, біліктілікті арттырудың әлемдік тәжірибелерге
бағыттылығын қамтамасыз ету, - деп білеміз. Сондықтанда, бүгінгі қоғамда
8
педагогтің маңызды жетістіктерінің бірі ол өз білімін жаңа талаптарға тез
бейімдей алуға икемділігінің болуы деп санаймыз.
Педагогтерге қойылатын заманауи талаптар әр дәуірдің өз ерекшеліктеріне
байланысты оның жоғарғы оқу орнында алған білімі мен кәсіби құндылықтары
және ұстанымдарынан ерекшеленеді.Педагогтің оқыту үдерісінде бұрын
қолданған білімі мазмұнының сұраныстан шығуы, жеткіліксіздігі оның кәсіби іс
– әрекетке болған мотивациясын әлсіретеді.Бұл жағдай біліктілікті арттыруда
осы мәселенің қарастырылуын талап етеді.
Оқу және оқыту үдерісіндегі бағалау іс-әрекеті мәселесі педагогика
теориясы мен тәжірибесінде өзекті мәселелердің бірі саналады.
Білім беру үдерісінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалауда педагогтің бағалау іс - әрекетінің әлсіздігі, білім алушының оқуға
деген ұмтылысының жойылуына алып келеді, ал бұл жағдай білімнің нәтижелі
болуына кері әсерін тигізеді.Сондықтанда, болашақ мұғалімдерді дайындайтын
ЖОО және біліктілікті арттыру жүйесі заман талабына сай, педагогикадағы
күрделі мәселелердің бірі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үдерісін
жүзеге асыру бойынша педагогтерге жан – жақты көмек көрсетуі қажет.
Педагогтерге оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді жолдарын
түсіндіру, бұл мәселенің нақты, жүйеленген, ғылыми дәлелденіп, тәжірибеге
енгізілген дереккөздерге негізделген түрде жүзеге асырылуы маңызды.
Кеңестік білім беру жүйесінде қолданысқа еніп, 2016 жылға дейін
қолданылып келген бағалау жүйесінің өзгертіліп, критериалды бағалауға
ауыстырылуы, педагогтердің бұл бағыттағы түсінігіне әсерін тигізіп, бір қатар
қиындықтар туындатты.Осыған байланысты, педагогтердің біліктілікті арттыру
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту
мәселесі өзектенді.
Қазақстан ғылымының даму тарихында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін
арттыру, педагогтің бағалау іс - әрекетін дамыту мәселелері өзекті бағыттардың
бірі ретінде педагогикалық және психологиялық тұрғыдан үздіксіз зерттеліп
келеді.
Педагогтердің бағалау іс-әрекетін дамыту,педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру мәселелерінің ғылыми тұрғыдан өңделіп, қарастырылуы
педагогика тарихына бір шама ғылыми зерттеулерді қосты.
Отандық ғалымдардан оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау мәселесі: 12 жылдық білім беруге өту мәселесі аясында бағалау жүйесін
өзгертудің маңызы (Кошербаева А.Н; Ахметова К.К) [8,9], критериалды бағалау
білім алушылардың оқу жетістіктерінің көрсеткіші ретінде (Караев.Ж.А; Ж.У
Кобдикова; Джадрина М.Ж) [10, 11, 12], құзыреттілік білім беруде оқу
жетістіктерін бағалаудың сапа өлшемінің көрсеткіші ретінде (Примбетова Г.С)
[13], өзін – өзі бағалауды қалыптастыруда критериалды бағалаудың маңызы
(Еділбаева М.Ү)[14], оқығанның педагогикалық диагностикасын анықтауда
бағаның маңызы (Маханова П.Ш) [15], білім алушылардың оқу жетістіктерінің
мониторингі (Абуова А.Е) [16], технологиялық тәсіл негізінде оқу сапасын
басқару (Искакова Г.О) [17], Қазақстан Республикасының заманауи мектептері
9
жағдайында бірінші сыныптардың бағалау іс - әрекетін қалыптастыру (Радченко
Н.Н) [18], оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау әдіснамасы
(Можаева О. И) [19], бастауыш сынып мұғалімдері үшін критериалды бағалау
нұсқаулығы (А.С Шилибекова) [20], негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдері
үшін критериалды бағалау нұсқаулығы(Д.Б Зиеденева)[21], болашақ
педагогтерді бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды
бағалауға кәсіби дайындау (Кенжетаева Р.О) [22] қатарлы ғылыми еңбектерде
қарастырылған.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау феномені шетелдік Е.Н
Землянская [23], Ш.А Амонашвили [24], Н.Ф Талызина [25], М.А Пинская[26],
И.С Фишман[27], П.П Блонский[28], Дж.Брунер [29] қатарлы ғалымдардың
психологиялық - педагогикалық және педагогикалық зерттеулерінде көрініс
тапқан.
Сонымен бір қатарда, критериалды бағалауды оқушының оқу – танымдық
құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде (А.А Кросноборова)[30], оқу
жетістіктерін критериалды бағалаудың тұлғаға әсері (Е.А Селищева)[31],
критериалды бағалаудың дидактикалық негіздері мен ішкі критериалды бағалау
(Х.М Ерфанфар; Л.В Вилкова)[32,33], оқу жетістіктерін бағалаудың
педагогикалық мүмкіндіктері (В.В Воронов) [34], оқу іс-әрекетіндегі жетістікті
бағалаудың психологиялық – педагогикалық мәселелері (Курдюкова Н.А) [35],
өзін – өзі бағалаудың генезисі (Захарова А.В) [36], өзін –өзі бағалау субъектінің
динамикасы (Турусова О.В)[37], бағалау таным белсенділігін дамыту тетігі
ретінде (Л.Е Смирнова) [38] қатарлы шетелдік ғалымдардың ғылыми
еңбектерінде қарастырылған.
Шетелдік ғалымдардан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
мәселесін P.Black [39], L.Shepard [40], D.Wiliam [41, 42],B.Bloom [43], J. Bruner
[44], D.Wood [45], Stone [46] өз еңбектерінде қарастырған.
Педагогтердің бағалау іс – әрекеті мәселесі шетелдік ғалымдардан
біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтің бағалау іс - әрекетін қалыптастыру
(Н.Ю Волковинская) [47], бағалау іс - әрекеті мәдениеті (Е.Г Матвиевская) [48],
педагогтің бағалау іс - әрекетінің жеке ерекшеліктері (А.Г Доманов) [49],
бастауыш сынып педагогтерінің бағалау іс - әрекетінің дамуын басқару (А.Г
Пачина) [50], мектепке дейінгі ұйым басшыларының бағалау іс - әрекетін дамыту
(Л.А Баландина) [51], мұғалімнің және ЖОО педагогтерінің бағалау
құзыреттілігін дамыту (Э.Э Кожевникова, М.И Томилова) [52, 53], орта кәсіби
білім беруде сапа индикаторы негізінде мұғалімнің бағалаушылық іс-әрекетін
кемелдендіру (О.П Керер) [54], құзыреттілік тұғыр жағдайында ЖОО оқыту
процесінде оқытушыларды бағалау іс – әрекетіне даярлау (В.А Дегальцева) [55],
бастауыш сынып мұғалімдерін оқушы жетістіктерін бағалауға даярлау (Е.В
Иващенко) [56], оқушыны тәрбиелеу үдерісінде педагогті бағалау іс-әрекетіне
кәсіби даярлау (О.Ф Горбунова) [57], мұғалімнің бағалау іс-әрекетінің оқушы
жетістігіне әсері (А.В Куликовский) [58], мұғалімнің жеке стилінің бағалау іс -
әрекетіне әсері (Т.Л Сафонова) [59], оқу – тәрбие үдерісінде мұғалімнің бағалау
10
іс-әрекетін дамыту (Н.В Селезнев) [60] қатарлы ғалымдардың зерттеу
жұмыстарының нысаны ретінде анықталған.
Педагогтердің біліктілігін дамыту мен кәсіби дайындық дәрежесін арттыру
қатарлы педагогика саласындағы өзекті мәселелердің түрлі аспектілерін отандық
ғалымдардан Ж.М Мамерханова, Г.К Айқынбаева 12 жылдық мектепке өту
мәселесінің педагогикалық – психологиялық ерекшеліктерін [61, 62],
Б.А Альмухамбетов Қазақстанда педагогикалық кадрлардың біліктілігін
арттыру жүйесінің қалыптасу тарихы мен даму тенденцияларын [63], А.А
Жайтапова біліктілікті арттыру жағдайында мұғалімнің кәсіби дамуының
ғылыми – теориялық негіздерін [64] қарастырған, А.Н Көшербаева [65] озық
педагогикалық тәжірибені, психологиялық – педагогикалық ғылым жетістіктерін
жаппай тәжірибеге енгізу мәселесін қарастырса, Ж.А Бургумбаева[66]
Қазақстанда ересектерге білім берудің қалыптасуы мен дамуы және ересектер
арасындағы педагогикалық қарым – қатынас мәселесін ғылыми негіздеген.
Біліктілікті арттыру жүйесіне тұлғаға бағдарланған технологияларды
ендіру, модульдік білім беру технологиясы негізінде мұғалімдердің біліктілігін
арттыру мәселелерін Р.Е. Дабылтаева, Ж.К. Далабаев [67,68] өз ғылыми
зерттеуінің негізіне алса, К.Ж Бұзаубақова, М.М. Мұқаметқали, Қ.А. Сарбасова,
Р.А. Асанова [69,70,71,72] мұғалімдердің инновациялық іс – әрекетке даярлығын
жетілдіру мәселелерін зерттейді, А.М. Екібаева [73]білім берудің реформалануы
жағдайында ЖОО педагогтерінің біліктіліктілігін арттыру мәселесін ғылыми
негіздеген.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеушілік мәдениетін
қалыптастырудың ғылыми негіздерін Ш.Таубаева [74] қарастырса, біліктілікті
арттыруда педагогтердің кәсіби мәдениетін қалыптастыруды Н.К Кибатаева [75],
біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту
жолдарын Б.А Тұрғынбаева, О.Б Пирожкова [76,77], заманауи педагогтердің іс –
әрекеті мәселесін Н.Н Хан [78] зерттеу нысанының негізіне алады.
Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігі,
ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері С.З Байхонова, М.А Ғалымжанова,
С.М Кенесбаев [79-81], біліктілікті арттыруда кешенді – интегративті тұғырды
жүзеге асыру
С.К Ахметбекова [82], мониторинг мұғалімнің кәсіби дамуының
қуралы ретінде Г.С Жуманованың [83] ғылыми еңбектерінде қарастырылады.
С.Д Муканова [84] инновациялық үдерістерді басқару мәселесін зерттеген
болса, Т.М Баймолдаев [85] біліктілікті арттыру жүйесінде оқытушыларды
басқарушылық әрекетке дайындау мәселесін өз ғылыми зерттеулеріне нысан
ретінде таңдап алған.
Біздің ғылыми жұмысымыздың мәнін ашуда отандық ғалымдардан оқу
жетістіктерін критериалды бағалау бойынша А.Н Көшербаева, М.Ж Джадрина,
О.И. Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б.Зиеденовалардың ғылыми еңбектерін
басшылыққа аламыз.
Шетелдік ғалымдардан оқу жетістіктерін критериалды бағалау мәселесін өз
ғылыми зерттеулерінде негіздеген А.А Кросноборова, Е.А Селищева, А.Г
Доманов, Н.А Курдюкованың, педагогтердің бағалау іс-әрекетін дамыту
11
бойынша Н.Ю Волковинская, Е.Г Матвиевскаяның еңбектерін диссертациялық
жұмысымыздың мәселесін шешудегі негізгі ресурс ретінде қарастырамыз.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың философия, педагогика,
психология салалары бойынша жиналған ғылыми еңбектерінде біздің зерттеу
мәселемізді түсініп, мәнін ашуға мүмкіндік беретін ғылыми еңбектер саны аз
емес.
Дегенмен,зерттеу барысында зерделенген ғылыми еңбектер мен кейінгі бір
неше жыл арасында жазылған ғылыми жұмыстарды талдау барысында
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекетін дамыту мәселесінің әлі тың мәселе екендігі, арнайы
зерттелмегендігі айқындалды.
Педагогика және психология саласында жүргізілген зерттеу жұмыстарының
жан – жақтылығы, олардың теориялық және тәжірибелік маңызына қарамастан,
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үдерісіндегі педагогтердің бағалау
іс-әрекеті мәселесі толықтай зерттеліп болған жоқ. Осыған орай, орта білім беру
жүйесіне критериалды бағалаудың енгізілуіне байланысты педагогтердің
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамыту мәселесін заманауи
ғылыми бағыттардың бірі ретінде қарауға негіз бар.
Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерді, педагогикалық тәжірибелерді
және педагогтер арасында жүргізілген сауалнамаларды талдау барысында біз
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекетін дамытуға кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтадық.
Олар:
Теориялық деңгейде – педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекеті мәселесін зерттеуде нақты ережелердің жоқтығы, осыған
байланысты «бағалау», «бағалау іс-әрекеті», «педагогтердің оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-әрекеті» ұғымдарының мазмұндық толықтырылуы мен
олардың құрылымдық ерекшеліктерін нақтылаудың қажеттілігі;
Эмпирикалық деңгейде педагогтердің бағалаудың жаңа жүйесін қолдануға
болған мотивациясының әлсіздігі, бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда
ұйымдастырушылық, коммуникативтік дағдыларының жеткіліксіздігі, білім
алушылардың жетістіктерін бағалауда құзыреттіліктерді емес, білім деңгейін
бағалауға басымдық беруі, бағалау қуралдарын қолдануда динамиканың
жоқтығы мен бағалау стратегияларын тиімді қолдану дағдыларының
жеткіліксіздігі.
Аталған факторлар және педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау іс-әрекетін дамыту мәселесіне байланысты талданған әдебиеттер,
ғылыми зерттеулер, отандық және шетелдік тәжірибелер мен танысу барысында
біз бұл мәселеде:
- қоғам, білім беру ұйымдарының және білім алушылардың бағалау іс –
әрекетін жүзеге асыру біліктері дамыған педагогтерге болған объективті
қажеттілігі мен педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамыту мәселесінің ғылыми негізделмеуі;
12
- педагогтердің оқыту үдерісінде критериалды бағалауды қолданудың
тиімді жолдарын игеруге болған ұмтылысының артуы мен педагогтердің
біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-
әрекетін дамытудың ұйымдастырушылық - әдістемелік негіздерінің
жүйеленбеуі;
- педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың қажеттілігі мен осындай
мүмкіндіктің жүзеге асуын қамтамасыз ететін тиімді шарттардың ғылыми
негізделмеуі арасындағы қарама – қайшылықтардың бар екендігін
айқындадық.
Аталған қарама – қайшылықтар оқу үдерісінде білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың өзгертілуі педагогтердің бағалау іс-әрекетін дамыту
бойынша ұйымдастырушылық іс-әрекеттің жаңартылуының өзектілігін көрсетті.
Сонымен бір қатарда, зерттеу мәселесінің өзектілігі мен жоғарыда аталған
қарама – қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын «Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың
Достарыңызбен бөлісу: |