Массивтер сілтемелік тип туралы мағлұмат



бет3/6
Дата22.12.2023
өлшемі129.49 Kb.
#487621
1   2   3   4   5   6
9-10 Массивы

Динамикалық массивтер
Console.WriteLine("masi massivinin elementterin engiz ");
int size = int.Parse(Console.ReadLine());
int[] masi = new int[size];
C# тілінде динамикалық массивтер болып бір өлшемді массивтер ғана болады.
Жол элементтері сақталатын массивін жариялау
string[] stringArray = new string[6];
Массив инициализациясы
string[] weekDays = { "Sun", "Mon", "Tue", "Wed", "Thu", "Fri", "Sat" };
int[] array1 = new int[] { 1, 3, 5, 7, 9 };
Массив элементтерін сұрыптау
МАССИВТЕРДІ СҰРЫПТАУ АЛГОРИТМДЕРІ
Массив элементтерін сұрыптау – массив элементтерін белгілі бір сипаты бойынша реттеу. Мысалы, массив элементтері бүтін немесе нақты типтері үшін өсу немесе кему бойынша. Массив элементтері жолдық (строковые) типі үшін массив элементтерін алфавит бойынша орналастыру.
Біз массив элементтерін сұрыптаудың тек екі әдісінің алгоритмдерін және бағдарламалақ жүзеге асырылуын қарастырамыз.
  • Таңдау әдісі («метод выбора»)
  • «Көпіршікті» әдіс («пузырьковый» метод сортировки)

МАССИВТЕРДІ СҰРЫПТАУ АЛГОРИТМДЕРІ
Таңдау әдісімен сұрыптау алгоритмі.
Массив элементтерін таңдау әдісімен, кему тәртібінде сұрыптау алгоритмі келесі амалдардың орындалуын болжайды.
Массивтің бірінші элементін қарастырамыз, оның мәнін массивтің қалған басқа элементтерімен кезекпен салыстырамыз (2-ден соңғы элементке дейін).
Егер мәні үлкен элемент кезіксе, онда ол бірінші элементпен орын ауыстырады.
Массивті бірінші рет тексерудің нәтижесінде бірінші элемент ең жоғары мәніне ие болады.
Содан кейін екінші элементті қарастырамыз, оның мәнін массивтің қалған басқа элементтерімен кезекпен салыстырамыз (3-ден соңғы элементке дейін).
Массивті екінші рет тексерудің нәтижесінде біз сұрыпталған массивтің екінші элементінің мәнін анықтаймыз. Тексеру массивтегі соңғының алдында тұрған элементіне дейін осылай қайталанады, соңғы тексеруде массивтің алдынғы элементі массивтің соңғы элементімен ғана салыстырылады.
Массив элементтерінің саны N-ге тең болса, алгоритмде орындалатын салыстыру операцияларының саны (О.С.) келесі түрде есептеледі:
К.О. = (N-1)+(N-2)+(N-3)+ . . . + 2 +1=N·(N-1)/2 (7)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет