Мақтарал ауданының 2011 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебі



бет4/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#24064
1   2   3   4   5

467-003-011 «Бағдарламаны республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер есебінен іске асыру» бағдарламасына 2011 жылға шығындарына 18650,0 мың теңге қаралған, жұмсалғаны 18650,0 мың теңге немесе 100% –ғае орындалды.

- тендерлік комиссияның 19.05.2011 жылғы №170 хаттамасына сәйкес, Мақтарал ауданында 5 коммуналдық (жалға) берілетін тұрғын үй құрылысын салуға 2011 жылға қаралған 18650,0 мың теңге қаржыға «Гранд строй» ЖШС-мен 24.05.2011 жылы №45 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

5 коммуналдық (жалға) берілетін тұрғын үй құрылысы аяқталуына байланысты, аудан әкімдігінің 2011 жыл 23 желтоқсандағы №2272 қаулысымен «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

467-003-015 «Бағдарламаны жергілікті бюджет есебінен іске асыру» бағдарламасына 2011 жылға шығындарына 48350,0 мың теңге қаралған, жұмсалғаны 47850,0 мың теңге немесе 98,9% –ға орындалды.

- тендерлік комиссияның 20.05.2011 жылғы №9в хаттамасына сәйкес, Мақтарал ауданында 10 коммуналдық (жалға) берілетін тұрғын үй құрылысын салуға 2011 жылға қаралған 37350,0 мың теңге қаржыға «Маржан» ЖШС-мен 20.05.2011 жылы №42 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді. Нысан аудан әкімінің 2011 жылғы 03 қазандағы №1899 санды қаулысымен «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

- бір көзден сатып алудың 15.11.2011 жылғы №9в-2 хаттамасына сәйкес, Мақтарал ауданында 1 коммуналдық (жалға) берілетін тұрғын үй құрылысын салуға 2011 жылға қаралған 4200,0 мың теңге қаржыға «Маржан» ЖШС-мен 16.11.2011 жылы №98 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді. Нысан аудан әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №2273 санды қаулысымен «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

- мемлекеттік сатып алу негізінде 20.01.2011 жылғы №1377084 шешіміне сәйкес, Мақтарал ауданында 10 коммуналдық (жалға) берілетін тұрғын үй құрылысы нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2011 жылға қаралған 2710,0 мың теңге қаржыға «Биік құрылысы» ЖШС-мен 02.01.2011 жылы №11 келісім шарт түзіліп, мем.сараптама қортындысы алынған. 06.04.2011ж №19-0166/11-19-0176/11

- мемлекеттік сатып алу негізінде 08.04.2011 жылғы №3 хаттамаға сәйкес, Мақтарал ауданы Атамекен ауылы Оқу кварталы аумағында орналасқан №2 жатақхана ғимаратын қайта жаңғыртып, коммуналдық тұрғын үйге өзгерту нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2011 жылға қаралған 4000,0 мың теңге қаржыға «Биік құрылысы» ЖШС-мен 08.04.2011 жылы №20 келісім шарт түзіліп, 3500,0 мың теңгесі игерілді. Ал, қалған 500,0 мың теңгесі мем.сараптама қортындысы алынбағандықтан игерілмеді.
467-003-015-149 «Бағдарламаны жергілікті бюджет есебінен іске асыру» бағдарламасына 2011 жылға шығындарына 1412,0 мың теңге қаралған, жұмсалғаны 1411,7 мың теңге немесе 99,9% –ға орындалды. Мақтарал ауданында салынатын коммуналдық тұрғын үйлерге жобалау алды құжаттарын дайындауға жұмсалды.

458-028-000 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бағдарламасына қаралғаны 465,0 мың теңге қаралып 2010 жылдан қалып қойған Жетісай қаласының кәріз жүйелерін қайта құру бойынша ЖСҚ әзірлеу келісім-шарттың 5% - 465 ,0 мың теңге толық игерілді.

458-012-000 «Ауыз су жүйесін қамтамассыз ету» бағдарламасына қаралғаны 488 149,0 мың теңге, жұмсалғаны 488 119,7 мың теңге 29,3 мың теңгеге кем игерілген.

Облыстық бюджет есебінен
Ауданның 13 елді мекеннің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына, атап айтқанда :
1. Абай а/о, Отан е/м – 13 036, 0 мың теңге;

2. Ділдабеков а/о, Сайлау №1 е/м – 13 998,0 мың теңге;

3. Ділдабеков а/о, Қызыл таң е/м – 13 831,0 мың теңге;

4. Қалыбеков а/о, Үлгілі №1 е/м – 10 825,0 мың теңге;

5. Енбекши а/о, Қызыл күн е/м – 8 288, 0 мың теңге;

6. Абай а/о, Бейбітшілік е/м – 15 549, 0 мың теңге;

7. Ділдабеков а/о, Кемер е/м – 12 194, 0 мың теңге;

8. Қырғыз е/м – 7 308, 0 мың теңге;

9. Түркебай е/м – 7 716, 0 мың теңге;

10. Достық е/м – 10 444, 0 мың теңге;

11. Қызылту е/м – 7 499, 0 мың теңге;

12. Көбек е/м – 4 350, 0 мың теңге;

13. Ата жұрт е/м – 5 615, 0 мың теңге;

барлығы қаралған 130 953,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-сервис» МКК-мен 22.04.2011 жылы - №35, 11.05.2011 жылы -№43 келісім шарттар түзіліп, 12 айда қаралған 130953,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Жетісай қ. (19 көше, 1 құбыр) ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған 52 619,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №24 келісім шарт 05.04.2011 жылы түзіліп, қаралған 52619,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 12.04.2011 жылы №9Б «Тұрғындарды ауыз сумен қамтитын мекемелерге техника сатып алу» жөніндегі конкурс тәсілімен мем. сатып алудың қорытындысына сәйкес «Каз Машинери» ЖШС мен «Камаз евро сервис» ЖШС-мен келісім –шарттар түзіліп, қаралған 153 733,0 мың теңгенің қазіргі таңда 153 382 мың теңгесі толығымен игерілді. 351,0 теңге қалдық үнемделген сома.


Жергілікті бюджет есебінен

«Таза су» су тазартқыш қондырғыларын эксплуатациялық-күтіп ұстау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 28 665,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-сервис» МКК-мен 22 334,0 мың теңгеге 14.03.2011 ж. №11 және 6 331,0 мың теңгеге 21.11.2011 ж. №92 санды келісім шарттар түзіліп, 28665,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған 46 200,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-сервис» МКК-мен №33 келісім шарт 22.04.2011 жылы түзіліп, қаралған 43 000,0 мың теңге және 15.12.2011 ж. 3 200,0 мың теңгеге №102 келісім шарт түзіліп толығымен игерілді.

Аудандағы елді мекендердің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 24650,0 мың теңге қаралып, 24 622,2 мың теңге игеріліп одан 27787 теңге қалдық жұмыс көлемінің жетпеуінен қалды.

Жетісай қ. ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған 6 000,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №22 келісім шарт 05.04.2011 жылы түзіліп, қаралған 6 000,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Жетісай қаласының Аймаутов көшесінің ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған 5 400,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №85 келісім шарт 21.11.2011 жылы түзіліп, 5 398,5 мың теңге игеріліп, одан 1480 теңге мердігердің жұмыс көлемінің Акт ф№2 бойынша жетпеуінен қалды.

Елді мекендер бойынша су есептегіш құралдарын орнатуға қаралған 5 000,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-сервис» МКК-мен №48 келісім шарт 07.06.2011 жылы түзіліп, қаралған 5 000,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Жетісай бойынша су есептегіш құралдарын орнатуға қаралған 4 000,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №47 келісім шарт 06.06.2011 жылы түзіліп, қаралған 4 000,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Ауыз судың санитарлық-бактериологиялық және санитарлық –гигиеналық зерттеу жұмыстарына қаралған 1 000,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-сервис» МКК-мен №49 келісім шарт 07.06.2011 жылы түзіліп, қаралған 1 000,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Елді мекендерде тұрғындарды ауыз сумен 12 сағат қамтамасыз ету мақсатында пайдаланған насостардың электр қуатының шығындарына қаралған 3 000,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-сервис» МКК-мен №65 келісім шарт 12.09.2011 жылы түзіліп, қаралған 3 000,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

«Жәрдем-шаруа» ЖШС-ң аудан аумағында орнатқан 3 су тазартқыш қондырғыларының төлемдеріне қаралған 3 000,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-сервис» МКК-мен №66 келісім шарт 12.09.2011 жылы түзіліп, қаралған 3 000,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Арнайы техника сатып алуға бөлінген 22 780,0 мың теңге толық игерілді. Нәтижесінде – 2 дана автоэвакуатор, 2 дана экскаватор сатып алынып, тиісті мекемелерге берілді.

Ауданның елді мекендеріндегі ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде жоба-сметалық құжат дайындауға 1500,0 мың теңге «Мақтарал-сервис» МКК-мен №94 келісім шарт 21.11.2011 жылы түзіліп, қаралған 1500,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді. 467-006-011 «Бағдарламаны республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру» бағдарламасының шығындарына 35314,0 мың теңге қаралған, ал жұмсалғаны 34500,0 мың теңге, немесе 97,7 пайызға орындалды.

-бір көзден сатып алу бойынша 23.06.2011 жылғы №22Б хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Жаңа ауыл а/о Ынтымақ е/м жақын елді мекен және аудан орталығын сумен жабдықтау жобасы бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 34500,0 мың теңге қаржыға «Сенім-проект» ЖШС-мен 24.06.2011 жылы №73 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржының 34500,0 мың теңгесі игеріліп, қалған 814,0 тендерден үнемделген қаржы. .

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Жаңа ауыл а/о Ынтымақ е/м жақын елді мекен және аудан орталығын сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 31 желтоқсандағы №19-0852/11 санды оң қортындысы алынды.

467-006-015 «Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру» бағдарламасының шығындарына 266884,0 мың теңге қаралған, ал жұмсалғаны 259584,4 мың теңге, немесе 97,3 пайызға орындалды.

-тендерлік комиссияның 25.05.2011 жылғы №17Б хаттамасына сәйкес ОҚО Мақтарал ауданы Ералиев ауыл округі Үтіртөбе ауылындағы су жинақтаушы имараттарының құрылысына 2011 жылға қаралған 78538,0 мың теңге қаржыға «Совместное предприятие МИКО» ЖШС-мен 30.05.2011 жылы №50 келісім шарт түзіліп, 78538,0 мың теңгесі игерілді.

Нысан құрылысы аяқталуына байланысты, Нысан құрылысы аяқталуына байланысты, Нысан аудан әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №2273 «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

-тендерлік комиссияның 27.05.2011 жылғы №48 хаттамасына сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Ералиев ауыл округі Арай ауылындағы су жинақтаушы имараттарының құрылысына 2011 жылға қаралған 44435,6 мың теңге «Асықата құрылыс» ЖШС-мен 27.05.2011 жылы №48 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген 44435,6 мың теңге қаржы игерілді.

Нысан құрылысы аяқталуына байланысты, Нысан аудан әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №2266 санды қаулысымен «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

-тендерлік комиссияның 27.05.2011 жылғы №46 хаттамасына сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Қызылқұм ауыл округі Ақтөбе ауылындағы су жинақтаушы имараттарының құрылысына 2011 жылға қаралған 35966,5 мың теңге «Асықата құрылыс» ЖШС-мен 27.05.2011 жылы №46 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген 35966,5 мың теңге қаржы игерілді.

Нысан құрылысы аяқталуына байланысты, Нысан аудан әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №2265 санды қаулысымен «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

-тендерлік комиссияның 27.05.2011 жылғы №47 хаттамасына сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Қызылқұм ауыл округі Қарасақал ауылындағы су жинақтаушы имараттарының құрылысына 2011 жылға қаралған 34266,0 мың теңге «Асықата құрылыс» ЖШС-мен 27.05.2011 жылы №47 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген 34266,0 мың теңге қаржы игерілді.

Нысан құрылысы аяқталуына байланысты, Нысан аудан әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №2275 санды қаулысымен «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

-тендерлік комиссияның 27.05.2011 жылғы №49 хаттамасына сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Қызылқұм ауыл округі Бірінші ауылындағы су жинақтаушы имараттарының құрылысына 2011 жылға қаралған 40479,0 мың теңге «Асықата құрылыс» ЖШС-мен 27.05.2011 жылы №48 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген 40479,0 мың теңге қаржы игерілді.

Нысан құрылысы аяқталуына байланысты, Нысан аудан әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №2274 санды қаулысымен «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансына берілді.

-бір көзден сатып алу бойынша 20.04.2011 жылғы хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Көктобе ауылы Ералиев ауыл округін сумен жабдықтау бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 3000,0 мың теңге қаржыға «Жер-жоба» ЖШС-мен 24.06.2011 жылы №30 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Көктобе ауылы Ералиев ауыл округін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 08 қыркүйектегі №19-0560/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 20.04.2011 жылғы хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Әлімбетов ауылы Ералиев ауыл округін сумен жабдықтау бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 3000,0 мың теңге қаржыға «Жер-жоба» ЖШС-мен 24.06.2011 жылы №31 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Әлімбетов ауылы Ералиев ауыл округін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 04 қазанда №19-0670/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 20.04.2011 жылғы хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Арай ауылы Ералиев ауыл округін сумен жабдықтау бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 3000,0 мың теңге қаржыға «Жер-жоба» ЖШС-мен 24.06.2011 жылы №32 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Арай ауылы Ералиев ауыл округін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 04 қазанда №19-0631/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 06.06.2011 жылғы хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Ленинабад ауылы Ділдәбеков ауыл округін сумен жабдықтау бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 3000,0 мың теңге қаржыға «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» ЖШС-мен 10.06.2011 жылы №62 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Линанабад ауылы Ділдәбеков ауыл округін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 19 қарашада №19-0793/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 06.06.2011 жылғы хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Ақниет ауылы Ынтымақ ауыл округін сумен жабдықтау бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 3000,0 мың теңге қаржыға «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» ЖШС-мен 10.06.2011 жылы №60 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Ақниет ауылы Ынтымақ ауыл округін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 19 қарашада №19-0792/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 12.05.2011 жылғы №2 хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекенін сумен жабдықтау жүйесі және су мұнарасын салу бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 2998,0 мың теңге қаржыға «Биік Құрылысы» ЖШС-мен 12.05.2011 жылы №39 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Ақниет ауылы Ынтымақ ауыл округін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 19 қарашада №19-0792/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 12.05.2011 жылғы №2 хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекенін сумен жабдықтау жүйесі және су мұнарасын салу бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 2998,0 мың теңге қаржыға «Биік Құрылысы» ЖШС-мен 12.05.2011 жылы №39 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Мақталы елді мекенін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 17 қарашада №19-0788/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 12.05.2011 жылғы №3 хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Атакент кентін сумен жабдықтау жүйесі бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 3183,0 мың теңге қаржыға «Биік Құрылысы» ЖШС-мен 12.05.2011 жылы №43 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Атакент кентін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 06 желтоқсандағы №19-0821/11 санды оң қортындысы алынды.

-бір көзден сатып алу бойынша 12.05.2011 жылғы №3 хаттамаға сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округі Жамбыл елді мекенін сумен жабдықтау жүйесі бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындау жұмыстарына 2011 жылға қаралған 649,0 мың теңге қаржыға «Байсер ЛТД» ЖШС-мен 01.12.2011 жылы №112 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Оңтүстікмемсараптама» ЕМК-нің ОҚО Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округі Жамбыл елді мекенін сумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша 2011 жылғы 06 желтоқсандағы №19-0822/11 санды оң қортындысы алынды.

-тендерлік комиссияның 22.12.2011 жылғы №42Б хаттамасына сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Ынтымақ ауыл округі Ақниет кентін шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге ұңғыма бұрғылау және су жинағыш құрылысы 2011 жылға қаралған 2000,0 мың теңге «Пикар» ЖШС-мен 23.12.2011 жылы №124 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген 2000,0 мың теңге қаржы 2011 соңында 20 желтоқсаннан кейін келісімшарттар қазынашылық басқармасында тіркелмейтіндіктен, игерілмеді.

-тендерлік комиссияның 22.12.2011 жылғы №42Б хаттамасына сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Ш.Ділдәбеков ауыл округі Ленинабад кентін шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге ұңғыма бұрғылау және су жинағыш құрылысы 2011 жылға қаралған 2000,0 мың теңге «Пикар» ЖШС-мен 23.12.2011 жылы №125 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген 2000,0 мың теңге қаржы 2011 соңында 20 желтоқсаннан кейін келісімшарттар қазынашылық басқармасында тіркелмейтіндіктен, игерілмеді.

-тендерлік комиссияның 22.12.2011 жылғы №42Б хаттамасына сәйкес, ОҚО Мақтарал ауданы Қарақай ауыл округі Қарақай кентін шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге ұңғыма бұрғылау және су жинағыш құрылысы 2011 жылға қаралған 2000,0 мың теңге «Пикар» ЖШС-мен 23.12.2011 жылы №126 келісім шарт түзілді. 2011 жылға бөлінген 2000,0 мың теңге қаржы 2011 соңында 20 желтоқсаннан кейін келісімшарттар қазынашылық басқармасында тіркелмейтіндіктен, игерілмеді.



467-006-015-149 «Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру» бағдарламасының шығындарына 1793,0 мың теңге қаралған, ал жұмсалғаны 1791,0 мың теңге, немесе 99,9 пайызға орындалды. Мақтарал ауданында салынатын су нысандары бойынша жобалау алды құжаттарына жұмсалды.

123-008-000 «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бағдарламасына қаралғаны 3250,0 мың, жұмсалғаны 3200,0 мың теңге. немесе 100,0 %-ке толығымен орындалды.

141 ерекшелік бойынша – 1600,0 мың теңге

Жетісай қ. көшелерінің электроэнергиясына қаралған толығымен игерілді.



149 ерекшелік бойынша- 1650,0 мың теңге

Қаланың көшелеріне түнгі шамдарды орнату және оларды күтіп ұстауға қаралған толығымен игерілді.



123-009-000 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасына қаралғаны 2370,0 мың, жұмсалғаны 2370,0 мың теңге, немесе 100,0 %-ке толығымен орындалды.

Бейтарап қоқыстарды жоюға, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге, қоқыстарды жинап ауданның полигондарына апарып тастауға қаралған қаржы толығымен игерілді.



123-010-000 «Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу» бағдарламасына қаралғаны 114,0 мың, жұмсалғаны 114,0 мың теңге,

Мақтарал ауданы бойынша жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге қаралған қаржы толығымен игерілді.

123-011-000 «Елді мекендерді көркейту және абаттандыру» бағдарламасына қаралғаны 4434,0 мың, жұмсалғаны 4434,0 мың теңге игеріліп,

Қалаға көгалдандыру, көркейту және абаттандыру жұмыстарына қаралған қаржыға 2506 түп ағаш егілді,және 587 гүл отырғызылды..


458-015-000 «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бағдарламасына қаралғаны 48 627,0 мың, жұмсалғаны 48627,0 мың теңге. немесе 100,0 %-ке толығымен орындалды.

141 ерекшелік бойынша – 20 018,0 мың теңге

Мырзакент, Атакент, Асықата кенттері және ауданның ауылдық округтеріндегі көшелердің электроэнергиясына қаралған 14 761,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен №3 келісім шарт 20.01.2011 жылы түзіліп, 12 айда қаралған– 14 761,0 мың теңге толығымен игерілді.

Жетісай қ. көшелерінің электроэнергиясына қаралған 5 257,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №25 келісім шарт 05.04.2011 жылы және 21.11.2011 ж. №83 келісім шарт түзіліп, толығымен игерілді.

149 ерекшелік бойынша- 28 609,0 мың теңге

Ауданның көшелеріне түнгі шамдарды орнату және оларды күтіп ұстауға қаралған 25 509,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен келісім шарт түзіліп, 25 509,0 мың теңгесі игерілді.

Жетісай қ. көшелеріне түнгі шамдарды күтіп ұстауға қаралған 3 100,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №23 келісім шарт 05.04.2011 жылы түзіліп, 3 100,0 мың теңге толығымен игерілді.

458-016-000 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасына қаралғаны 47 889,0 мың, жұмсалғаны 47 889,0 мың теңге, немесе 100,0 %-ке толығымен орындалды.

Бейтарап қоқыстарды жоюға, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге, қоқыстарды жинап ауданның полигондарына апарып тастауға қаралған 47889,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен келісім шарттар түзіліп, 12 айда қаралған қаржы толығымен игерілді.



458-017-000 «Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу» бағдарламасына қаралғаны 6 346,0 мың, жұмсалғаны 6 346,0 мың теңге,

Мақтарал ауданы бойынша жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге қаралған 6 000,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен №7 келісім шарт 16.02.2011 жылы түзіліп, 12 айда қаралған – 6 000,0 мың теңге толығымен игерілді.

Жетісай қаласы бойынша жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге қаралған 346,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №21 келісім шарт 05.04.2011 жылы түзіліп, 12 айда қаралған – 346,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

458-018-000 «Елді мекендерді көркейту және абаттандыру» бағдарламасына қаралғаны 148 742,0 мың, жұмсалғаны 148 726,5 мың теңге игеріліп, 15,5 мың теңгеге кем игерілген оның ішінде;

Аудан бойынша елді мекендерді көгалдандыру, көркейту және абаттандыру жұмыстарына қаралған 26 145,4 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен келісім шарт түзіліп, қаралған қаржы толығымен игерілді. Ауданның ауылдық округтерінде 46 122 түп ағаш егілді.

Жаңа көпірге жалау және аудан бойынша көрнекті жерлерге баннерлер (билборд) орнатуға қаралған 22 916,9 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен келісім шарт түзіліп, толық игерілді.

Жетісай қ, Әуезов көшесі бойына темір қоршау орнатуға қаралған 4 224,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен №8 келісім шарт 16.02.2011 жылы түзіліп, қаралған қаржы толық игерілді.

Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кентеріндегі көшелер бойындағы атыздарды тазалауға қаралған 8 584,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен №39 келісім шарт 04.05.2011 жылы түзіліп және 23.11.2011 ж. №96 келісім шарт түзіліп қаралған қаржы толығымен игерілді.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қаралған 480,0 мың теңге қаржыға «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-мен келісім шарт түзіліп, толық игерілді.

9 шқ қашықтық жол бойына күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдарын орнатуға бағытталған 15 372,0 мың теңге толық игерілді. Мердігер - «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-ны.

Мал өлекселерін тастайтын орындар мен малдарды тоғыту ванналарын салуға 16 070,0 мың теңге бөлініп, 16 070,0 мың теңгесі игерілді. Мердігер - «Мақтарал-Жасыл желек» МКК-ны.

Жетісай қаласын мерекелерге қарсы безендіруге қаралған 31 995,4 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен 06.06.11ж. №46 келісім шарт, 24.10.11ж № 77 келісім шарт 21.11.11 ж. №84 келісім –шарт түзіліп, қаралған қаржы толық игерілді.

Жетісай қаласын аббаттандыру, қалалық саябақты күтіп үстауға және орталық көшелердің атыздарын тазалауға қаралған 8 300,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №20 келісім шарт 05.04.2011 жылы және 24.11.2011 ж. №97 келісім шарт түзіліп, толығымен игерілді.

Аудандағы е/м облыстық маңызы бар жол бойын аббаттандыруға 4 729,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №95 келісім шарт 21.11.2011 жылы түзіліп, одан 15380 теңге қаржы жұмыс көлемінің жетпеуінен қалып қойды, 4 713,6 қаржы игерілді.

Көшеттерді суғаруға ағын судың электр қуатының шығындарына қаралған 1 000,0 мың теңге қаржыға «Жетісай» МКК-мен №61 келісім шарт18.08.2011 жылы түзіліп, толық игерілді.

Арнайы техника сатып алуға бөлінген 8 925,0 мың теңге, игерілгені - 8 924,9 мың теңге. Техника қабылдау-тапсыру актісімен «Мақтарал-Жасыл желек» МКК- берілд
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік функционалдық тобындағы шығыстарға аудандық медени-демалыс жұмысын қолдау, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту, ауданның кітапханалардың жұмыс істеуі, газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, телерадио хабарлары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Ішкі саясат бөлімі, Спорт бөлімі және басқада іс-шараларға арналған шығыдары қарастырылған.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік функционалдық тобы бойынша анықталған жоспар 407075,0 мың теңге, ал орындалғаны 406684,0 мың теңге, яғни 99,9 пайыз мөлешерінде орындалып, 391,0 мың теңгеге кем игерілген.

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасына анықталған жоспар 157204,0 мың теңге, ал орындалғаны 157204,0 мың теңге, яғни 100 пайыз мөлешерінде орындалды

Аталған бағдарлама бойынша 31 бюджеттік мекеме қаржыландырылады оның ішінде, 1 мәдениет үйі, 3 поселкалық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 1 демалыс саябақта барлығы 82 мәдениет қызметкерлері жұмыс істейді.

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бағдарламасына 92494,0 мың теңге қаралып, нақты орындалғаны 92493,8 мың теңге, яғни 100 пайызды құраған. Бұл бағдарлама бойынша 3 сет оның ішінде 1 Мақтарал аудандық балалар және жас өспірімдер спорт мектебі, 1 «Жетісай», 1 «Атакент» балалар және жасөспірімдер спорт мектебі және мақтарал футбол клубы жұмыс істейді.

Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге 2743,0 мың теңге, Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуға 5214,0 мың теңге қаралып толығымен жаратылды.

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қолдау бағдарламасына анықталған жоспар 626034,0 мың теңге, ал орындалғаны 62603,0 мың теңге, яғни 100,0 пайыз мөлешерінде орындалған. Бұл бағдарлама бойынша 1 аудандық кітапхана 1 балалар кітапханасы, 2 аймақтық кітапханасы, 2 аймақтық балалар кітапханасы, 1 поселкелік кітапхана 31 ауылдық кітапхана жалпы 38 мекеме қаржыландырылып барлығы 71 қызметкер жұмыс атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет