Математика 5-сынып Түсінік хат 5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика»



бет5/16
Дата12.11.2023
өлшемі49.73 Kb.
#483031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Математика 5-сынып Т сінік хат 5-6-сыныптарда о ытылатын «Матема

Оқу жүктемесінің көлемі:аптасына – 5 сағат, жылына – 170 сағат
БЖБ саны – 10, ТЖБ саны – 4
Оқулық: Т.Алдамуратова, Қ.Байшоланова,  Е.Байшоланов «Атамұра» 2018ж

Алгебра 7-сынып
Түсінік хат

Ұзақ мерзімді жоспар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 34 тармағына сәйкес; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен ( соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен енгізілген )бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы) бекітілген оқу басылымдары негізінде құрылған. . Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелді. ) осы бұйрыққа 53-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған "Алгебра" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;


Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Алгебра» оқу пәнінің әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Мысалы, 8-сыныпта айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген квадрат теңдеулерді шешу; квадраттық функцияны қолданып, қолданбалы есептерді шығару; 9-сыныпта геометриялық ықтималдыққа есептер шығару және т.б.
Алгебра – математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Ол ғылым мен техниканың тілі болып табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады және бейнеленеді. Алгебра пәні мектепте оқытылатын көптеген пәндерді, ең алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика, информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді.
Оқыту мақсаты: оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда тұлғааралық және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет