Кіріспе. Есептеу техникасының даму тарихы.
Жоспары:
1.Есептеу техникасының даму тарихы
(1сағат)
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
-
Гулд Х., Тобочкин Я. Компьютерное моделирование в физике .: в 2-х частях. – М.: Мир. 1990
-
Шафрин Ю.А. Основы компьютерной технологии. – М.: АБФ,1997
-
Шафрин Ю. А.и др. Практикум по компьютерной технологии- М.:АБФ,1997
-
Хеерман Д. В. Методы компьютерного эксперимента в теоритической физике: Пер. С англ – М: Наука 1990
б) қосымша;
-
Шмидт Е.В.,Шпиц Г., Лъеш В. Теоретическая физика на персональном компьютере:пер.с англ.-М.1995
-
Бурсиан Э.В. Физики 100 задач для решения на компьютере:учебное пособие-СП б../изд.Дом ”М и М” 1997.254 с.
Лекция мәтіні:
1. Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерінде оған, аяқ, қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар шығарыла бастады. Шамамен б.з. 500 жылдары абак, есепшоттар шығарыла бастады. 1614 ж Шотландиялық Джон Непер логарифмды ойлап тапты. Осыдан көп өтпей – ақ Р. Биссакар логарифмдық сызғышты (логарифмическую линейку) жаратты. 1642 жылы Француз ғалымы Блез Паскаль Қосу амалын орындайтын машинасын ойлап шығарды.
ЭЕМ эрасы ХХ – ғасырдың 30 – ж ағылшын математигі Алан Тьюрингтың теориялық еңбектерінің бастамасы. Цифрлық есептеуіш машинасының негізгі құрылғыларының принципін джон Фон Нейман, А. Беркс ойлап тапқан. Ал бірінші лампамен жұмыс істейтін машина 1946 – 48 жылдары АҚШ – та жасалып шықты.
СССР – да электрон есептеуіш машинасының дамуы акадмик С. А. Лебедев атымен тығыз байланысты. Оның басшылығымен бірінші Отандық ЭЕМ жасалды. 1951 ж Киевте МЭСМ, 1952 ж Москвада БЭСМ (большая электронная счетная эектронная машина) шығарылды.
1958 ж Джек Килби Texas Instruments фирмасында бірінші интегралдық схеманы жаратты.
60 жылдары универсал Минск, Урал ЭЕМ – дері шықты. Программалық берілгендерді енгізу үшін қағаз перполента қолданылды. Перполента арқылы енгізу көптеген күшті, уақытты қажет етті. Бұл бірінші буын машиналары. Екінші буын машиналары жартылай өткізгіш схемаларда жұмыс істеді. Бұл машиналарда перполенталар мен бірге перпокарта қолданылды. Перфокарта
Бұлардың сенімділігі, әрекет тезділігі бірінші буын машиналарына қарағанда елеулі жоғары болды. Бұл машиналардың сырт аумағы, массасы, энергияны пайдалану көп төмендегендіктен өзіндік құны көп төмен болды.
60 – жылдардың екінші жартысында және 70 жылдардың басында ЭЕМ құрылысына одан әрі күрделі, сапалы өзгерістер енгізіліп, элементтік негізі интегралдық схема және аса үлкен интегралдық схема болатын интегралдық схема
үшінші және төртінші буын машиналары жасалына бастады. Интегралдық схема мүмкіндігі күрделі транзисторлық схемадай болатын аумағы 1см – ге жетпейтін функционалдық блок, жартылай өткізгіш кристалдан тұрады.
Дегенмен микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен “дербес компьютер” деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.
Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.
Лекция № 2
Компьютерлік технологияның дамуы
(1сағат)
Жоспары:
1.Жаңа физикалық ойлардың компьютерлік технологияның дамуына ықпалы
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
-
Гулд Х., Тобочкин Я. Компьютерное моделирование в физике .: в 2-х частях. – М.: Мир. 1990
-
Шафрин Ю.А. Основы компьютерной технологии. – М.: АБФ,1997
-
Шафрин Ю. А.и др. Практикум по компьютерной технологии- М.:АБФ,1997
-
Хеерман Д. В. Методы компьютерного эксперимента в теоритической физике: Пер. С англ – М: Наука 1990
б) қосымша;
-
Шмидт Е.В.,Шпиц Г., Лъеш В. Теоретическая физика на персональном компьютере:пер.с англ.-М.1995
-
Бурсиан Э.В. Физики 100 задач для решения на компьютере:учебное пособие-СП б../изд.Дом ”М и М” 1997.254 с.
Лекция мәтіні:
1. 1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халқаралық стандарт - РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
-
бұқаралық дербес компьютерлер (Consumer PC)
-
іс дербес компьютері (Office PC);
-
ықшам компьютер(Mobil PC) ;
-
жұмыс бекеті (Workstation PC);
-
ойын ДК (Entertainment PC).
Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамына байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktop), ықшам (notebook), қалталық (palmtop), деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді: IBM PC және Apple Macintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региодар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлдесімділігін күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.
Бұл оқу құралы IBM PC платформасына жататын дербес компьютерлерді,
олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын оқып үйренуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |