Операциялық ЖҮйелер. Негізгі түсініктері. Ож жіктелуі

бет1/7
Дата19.02.2024
өлшемі131.24 Kb.
#492370
  1   2   3   4   5   6   7
ОС лек 2

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ. ОЖ ЖІКТЕЛУІ

Операциялық жүйе түсінігі

Операциялық жүйе, ОЖ – компьютердің аппараттық бөлігі мен қолданбалы бағдарламаларын басқаратын, сонымен қатар өзара және қолданушымен қатынасты қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы.

ОЖ (ағылш. Operating system) — компьютердің аппараттық құралдарын басқаруды, файлдармен жұмыс жасауды, мәліметтерді енгізу және шығару, сонымен қатар қолданбалы бағдарламалар мен утилиттердің орындалуын қамтамасыз ететін комьютерлік бағдарламалардың базалық кешені.

Операциялық жүйе дербес компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандыруының негізін құрайды. Операциялық жүйе қолданушының компьютермен өзара әрекеттесуін және барлық басқа бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін жүйелік және қызметтік бағдарламалық құралдардың кешені болып табылады.

Операциялық жүйе міндеттері:

  • есептеу жүйесінде есептеу үдерістерін басқару;
  • түрлі есептеу үдерістері арасында есептеу жүйесінің ресурстарын үлестіру;
  • қолданушылардың қолданбалы бағдарламалары орындалатын бағдарламалық (операциялық) ортаны құру.

Операциялық орта түсінігі

Операциялық орта – ОЖ функциялары мен қызметтерінің жиыны және оларды қолдану ережелері.

Операциялық орта – бағдарламалар мен қолданушыларға белгілі бір қызметтерді қолдану мақсатында ОЖ қатынауға қажетті интерфейстер жиыны.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет