Математика және тіл дамыту



бет5/7
Дата20.04.2024
өлшемі234.5 Kb.
#499364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Дип.-Бастауыш-сынып-математика-сабақтары

Периметрі

80м

80м

80м

80м

80м

80м

...

80м

80м

80м

Ұзындығы

39м

38м

37м

36м

35м

34м

...

22м

21м

20м

Ені













...

18м

19м

20м

ауданы

39м2

76м2

111м2

144м2

175м 2

204м2




396м 2

399м2

400м2

Бұдан бақшалық жерді қоршап алуды әр түрлі 20 тәсілмен жүзеге асыруға болатыны және солардың ішінде қабырғасының ұзындығы 20м етіп, шаршы түрінде қоршап алу ең тиімді болатындығы байқалады. Өйткені, оның ауданы 400 шаршы метрге тең, яғни басқа тік төртбұрыштың кез келгенін ауданынан үлкен.


Осы сияқты тәжірбиелік мәселелермен біз күнделікті тұрмыста қадам басқан сайын істес болып отырамыз десек артық айтпаған болар едік. Әсіресе, қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептердің маңызы ерекше артып отыр.
Мұндай есептердің сан алуан үлгілерін келтіруге болады. Өйткені, тиімділік ұғымының өзі күнделікті өмір мен тұрмыстағы әр алуан мұқтаждықтарға байланысты ең үлкен немесе ең кіші мәндерді табумен, анығырақ айтқанда, «ең үлкен аудан», «ең аз уақыт», «ең қысқа қашықтық» және т.с.с. әр түрлі сандық керитерийлермен сипатталады. Бірақ соған қарамастан олардың мазмұны мен құрылымында және шешу жолдарына төмендегідей ортақ ерекшеліктер болатындығы аңғарылады;

  1. мүмкін болатын шешімдер вариантының көп болуы;

  2. ең үлкен немесе ең кіші мәнді іздеу талабының болуы;

Көп жылғы іс-тәжірбиелер оқушылардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты есептерге құштарлығын байқатты. Ал, мұндай есептер мектепке арналған математика оқулықтрында бола бермейді. Осындай есептерді шешу барысында балалар бірнеше шешеімдер варианттары ішінен есеп шартына сәйкес тиімді шешімді таңдап ала білуге үйренеді. Бұл олардың шығармашылықпен ойлай білу қабілеттерін дамтып, танымдық ой-өрісін кеңейте түседі және математиканы оқытудың өмірмен байланысын нығайтуға көмектеседі. Ең негізгісі, олар оқушылардың бойында қарапайым экономикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мәселенің негізгі түіні де, міне осында.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық мазмұнды есептерді шығартып отырудың маңызы ерекше.
Адам баласының күнделікті тіршілік әректетері, жалпы алғанда, өзі өмір сүріп отырған қоғамның жағдайын жақсарта түсуге, сондай-ақ өзінің әл-ауқатының өсе түсуіне, күннен күнге өз тұрмысының жеңілірек, дастарханның молырақ бола түсуіне бағытталады. Ал, бәріміздің де және жеке-жеке алғанда әрқайсысымыздың да әл-ауқатымыздың өсуінің негізі материалдық игіліктерді тиімді және үнемді пайдалана білуде жатыр. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы экономикалық сипаттағы мәселелермен байланысты есептерді қарастырудың зор маңызы бар.
Мынадай мәселені қарастырайық.
Пойыз Алматыдан Үштөбе станциясына дейін 7 сағат жүреді және билеттің бағасы 380теңге тұрады. Үштөбеге 600теңге төлеп, жеңіл машинамен 4 сағатта жетуге де болады. Жолаушы үшін осының қайсысы тиімді болар еді?
Егер «тез жету» тұрғысынан алып қарасақ, жолаушының екінші жағдаймен әрекет еткені тиімді болады. Ал, егер «ақшаны үнемдеу» тұрғысынан алып қарағанда, жолаушыға пойызбен жүру тиімді болатындығы түсінікті.
Әрине, бүл аса күрделі мәселе емес және оны шешу де соншалықты үлкен қиындық тудырмайды. Алайда, шаруашылықтың әр түрлі салаларында, сондай-ақ ғылым мен техникада осыған ұқсас, бірақ бұдан күрделі мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Көпшілік жағдайларда шаруашылықты ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мәселесі мейілінше аз шығын жұмсай және жоғары еңбек көрсеткішін сақтай отырып, материалдық игіліктерді тиімді пайдаланумен байланысты болады. Мәселен, ракеталардың, спутниктер мен космос корабльдерінің ұшатын жолдарының (траекторияларының) ең тиімдісін алдын ала анықтау оларға ұқсас, бірақ аса күрделі есептерді шешуді талап етеді. Сол сияқты спутникті көздеген орбитаға шығару үшін шығынды (мәселен отынды) мейілінше аз жұмсауға байланысты есептерді алдын ала шешіп алуға тура келеді.
Байқап қарасақ, осындай мазмұндағы қарапайым тәжірбиелік мәселелермен байланысты есептермен күнделікті тұрмыста жиі істес болып отырамыз. Әсіресе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептер айырықша мәнге ие болып, оларға деген қызығушылық арта түсуде. Оларды шығару оқушылардың бойында ұқыптылық, үнемділік, ақшаны ойластырып жұмсау сияқты қасиеттердің қалыптасына пәрменді әсер етеді. Сонымен бірге математиканың практикалық маңызын, оның күнделікті тұрмыстағы, экономикадағы, ғылым мен техникадағы ролін терең түсіне білуге жәрдемдеседі. Ең маңыздысы, осы сипаттағы есептерді шығару барыснда оқушылардың қарапайым экономикалық дағдыларын қалыптастыруға кең жол ашады.
Олар қарапайым экономикалық ұғымдарды меңгерумен бірге, нақты тәжірбиелік мәселелерді экономикалық талдау шеберлігіне бейімделе түседі. Әрине, ұсынылатын есептердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай болуын басты назарда ұстаған жөн. Бұл біздің ғылым-әдіскерлер мен мұғалімдеріміз үшін педагогикалық ізденіс пен сынақтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық сауаттылығының аса маңызды элементтерінің бірі-олардың есептеу мәдениетін дамыту болып табылады.
Есеп-қисап жүргізіп отырудың адам өміріндегі мәні орасан зор. Бізге дүкенде, базарда, асханада, автобуста, барлық жерде де есеп-қисап жүргізуге тура келеді. Әсіресе, бүгінгі күні нарықтық қатынастардың және осыған орай сауда-саттық ісінің кең қанат жаюы кезінде тұрмыстың барлық салаларында есеп-қисап жүргізу ісінің маңызы одан сайын артып отыр.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың басты және аса маңызды нәтижелерінің бірі-оқушылардың есептеулер жүргізе білу машығын қалыптастыру. Натурал сандармен есептеулер жүргізуді шапшаң, мінсіз, әрі дәл орындауда қажет болатын шеберліктер мен дағдыларды меңгеру бастауыш мектепті бітіретін бала үшін міндетті болып табылады.
Қолданылатын әдісіне қарай есептеулер жүргізудің үш негізгі түрі бар. Олар; ауызша есептеу, жазбаша есептеу және есептегіш құралдарды пайдаланып есептеу.
Жалпы алғанда, бастауыш сыныптар үшін есептеу тәсілдерінің түрлерін іріктеп алу өте оңай шешілетін мәселе емес. Қазіргі әдістемелік ғылымда және мектеп тәжірбиесінде бұлардың алғашқы екеуіне басымырақ мән беріліп жүр. Ал, соңғы мәселе жөнінде ғалымдар арсында ортақ пікір жоқ. Алайда, қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер мен өмір талабы бастауыш сыныптарда есептеулер жүргізу тәсілдерінің ара қатынасын түбегейлі қайта қарауды талап етіп отыр. Біздіңше, бастауыш сынып оқушыларына осылардың қай-қайсысы да болмасын оқып-үйретілуі тиіс. Мұғалім оқу процесінде оларды үйлесімді ара қатынаста пайдалана білуі керек.
Есептеулерді неғұрлым дәл, әрі мінсіз орындау қажырлық пен табандылықты, байыптылықты және тапқырлықты қажет ететін аса қиын жұмыстардың бірі болып табылады. Әрине, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында есептеу жұмыстарын жеңілдету электронды - есептеу техникасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алайда, әрдайым микрокалькуляторды қолдану мүмкіндігі бола бермейтіндігі белгілі. Оларға шектен тыс сеніп кету, дау жоқ, оқушының есептеу мәдениетін дамытуға кері әсерін тигізуі де мүмкін.
Бүгінгі күні ол біздің бәрімізге де анығырақ көрініп отырған ақиқат. Көпшілік жағдайда, есеп-қисап жұмыстарын кейде басқа бір жұмыстар кезінде немесе қысылтаяң уақытта микрокалькуляторсыз тез және тура орындауға да тура келеді. Мұндай жағдайда ауызша немесе жазбаша есептеудің тиімді, қолайлы тәсілдеріне жүгініп, сол арқылы есеп-қисапты жылдам орындауға болады. Бұл тәсілдерді меңгеру әрбір оқушы үшін қажетті іс болып табылады. Сондықтан құралда қосымша ретінде есептеулердің жылдам орындаудың кейбір тәсілдері көрсетіліп, олар нақтылы мысалдар арқылы түсіндірілген.
Сонымен, қорыта айтқанда, математикадан сыныптан тыс жұмыстарда осы бағыттар бойынша топтастырылған жаттығулар жүйесін орындату барысында бастауыш сыныптарда экономикалық тәрбие беруді жүзеге асыру тұрғысынан объективті жағдайлар жасалады.
Бұл жүйеге енетін жаттығулар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы керек. Біздіңше ол талаптар мыналарды қамтиды;
-жаттығулар сәйкес сыныптағы математика бағдарламасына сай құрастырылуы және математиканың бағдарламалық материалдарының баяндалуы жүйесіне қайшы келмеуі тиіс;
-жаттығулар оқушыға таныс, нақты материалдар негізінде құрастырылуы керек;
-жаттығулардың мазмұнында айналадағы өмір мен қазіргі тұрмыстағы практикалық мәселелер бейнеленіп, олар оқушыларды қызықтыратындай болуы қажет;
-Жаттығулардың шарты сол арналған сынып оқушыларына таныс емес ұғымдар мен терминдерді қамтымауы керек;
-жаттығулар әр алуан сипаттағы мәселелрден, негізінен, сынып оқушыларына түсінікті келетін халық шаруашылық саласынан алынуға тиіс. Егер жаттығу оқушылардың таныстығы шамалы едәуір күрделі мәселені қамтитын болса, ондай жаттығуларды орындағанда оқушыларға жеңіл түрде қосымша түсінітер берілуі қажет;
-жаттығуларда сандық мәліметтер өмір шындығынан алынуы және ресми деректерге қайшы келмейтіндей болуы тиіс.
Осы талаптар орындалғанда ғана жоғарыда атап көрсетілген бағыттар бойынша ұйымдастырылатын жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының бойында қарапайым экономикалық дағдылардың қалыптасуына себепші болады, сөйтіп, бастауыш сыныптарда экономикалық тәрбие берудің кейбір мәселелерін шешу мүмкіндігін туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет