Дененің координаталары және орын ауыстыру векторының проекциялары.
-орын ауыстыру векторының х не у осіндегі проекциясы сәйкес координатаның өзгерісіне тең.
Геометрияда вектор ұғымы бағытталған кесінді ретінде анықталады,себебі геометрияның курсында векторға анықтама беру үшін күш,жылдамдық,үдеу сияқты алғашқы физикалық мысалдары қарастырылады.10 сыныпта математика мен физиканың пәнаралық байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін математикалық ұғымдардың бірі шекке көшу. Туынды тақырыбын өткенде физикалық шамалар лездік жылдамдық,үдеу,ток күші,токтың тығыздығы т.с.с ұғымдар арқылы түсіндіріледі.Туынды сияқты математикалық ұғымды игерген оқушылар физиканың теориялық игеруге мүмкіндік алады.
Мектеп математикасының өзекті ұғымдарының бірі «Функция» ұғымы 6 сыныпта анықтамасы және берілу тәсілдері қарастырылады( графикалық, кестелік, аналитикалық ) .Мысалы сызықтық функция ,оның графигі және бұрыштық коэффицент ұғымдары калыптастырылып одан әрі дамытылады.Мұның өзі физика сабақтарында функциялық тәуелділіктің физикалық мағыналарын түсіндіруді,физикалық құбылыстардың графиктерін салуды қамтамасыз етеді. Жоғары буындарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсында көптеген тақырыптар физикалық мағынасы арқылы түсіндіріледі.
Математика және химия Математика мен химияның бір қатар салалары өзара байланыста болады.Әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін элементтердің байланысы функциялық тәуелділік арқылы өрнектелетіні белгілі. Мысалы:тура пропорционалдық тәуелділік у=кх заттың мөлшері мен химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе жұтылатын жылу энергиясының арасындағы байланысты есептеуге пайдаланады.5 сыныпта процент,пропорция ұғымының анықтамасы беріледі.Осы ұғымды пайдаланып оқушылар әртүрлі химиялық есептер шығарады концентрацияға байланысты.
Аналитикалық тәсілмен шығару 1. Теңіз суында 5% тұз бар. Массасы 80кг болатын теңіз суынан 4% тұзды су алу үшін қанша кг тущы су қую керек?
х кг - ІІ ерітіндідегі тұщы судың массы
у кг - І ерітіндідегі тұздың массасы
Пропорция құрамыз