Математика сабағында пәнаралық байланысты қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру



бет3/6
Дата04.10.2022
өлшемі5.11 Mb.
#461882
1   2   3   4   5   6
Математика сабағында пәнаралық байланысты қолдана отырып , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру 2

Таблица құру әдісі
Есеп 2.Құрамында 10% -тік және 25%-тік тұз ерітіндісі бар екі қоспаны араластырып, 20%-тік 3кг ерітінді алынған.Әрқайсысынан қанша ерітінді қосылған?
Шешуі: 
Теңдеу құрамыз: 0,1х+0,25(3-х)=0,6
0,1х+0,75-0,25х=0,6
-0,15х= -0,15,х=1 3-х=3-1=2 Жауабы: 1кг ;2кг
Математика және сызу
Математика мен сызуды оқытудың байланысы ұғымдық байланыстарға негізделген. Расында ,бұл екі пәнде материялық дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастарын үйретеді.Геометрия пәнінін оқыту мақсаты жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерімен таныстыру,кеңістік ұғымдарымен кеңістік жөніндегі түсініктерді дамытуекендігі көрсетілген болса, ол сызу курсында да жүктеледі.Сондықтан геометрия курсы мен сызуды оқытудың байланыстарын нығайту себептерінің бірі оқушылар геометрияда да,сызуда да фигуралардың сызбаларын салуды үйретеді.Сондықтан мұғалім фигураларды дұрыс салуға талап ету керек.Геометрияда қолданатын сызғыш,циркуль, транспортир сияқты сызу құралдарын кеңінен пайдаланады.
Геометрия сабақтары мен сызудың байланысын нығайтудуң басты міндеттерінің бірі сызба сығанда оның геометриялық мағнасын білумен бірге ,констукциялық мәнін де түсінуі тиіс.
Мысалы ,келесі есептерде сызу және технология пәнімен байланысы бар
1.Фанерден өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын тікбұрышты параллелепипед түріндегі ашық қорап жасау керек. Қорапты жасау үшін қанша фанер керек? Оның көлемі қандай болады?
2.Ұзындығы 25 м, ені 6 м және тереңдігі 3 м тікбұрышты параллелепипед пішіндегі бассейн салу үшін котлован қазылды. Ол үшін қанша куб метр жер алыну керек?
3.Аквариумнің өлшемдері 80 см, 45 см, 55 см. Су деңгейі аквариумнің жоғарғы шетінен 10 см төмен тұруы үшін қанша су құю керек?


Математика және география
Математика мен география сабақтарында пәнаралық байланыс негізінен ұғымдық байланыстарға сүйенеді.Мәселен градус,климат,Жердің формасы мен қозғалысы жайындағы ұғымдар алдымен оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктерінің даму дәрежесіне байланысты.
География курсында диаграммалар,графиктер,картограммалар,әр түрлі статистикалық мәліметтер кездеседі.
Мысалы : 6 сыныпта масштаб тақырыбын өткенде оқушылар өз беттерімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Картамен жұмыс жасауды үйренеді.Бұл тақыырып 7 сыныпта физикалық география пәнінде «Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу.Масштаб» сабағында қарастырылады.
Нысанның жер бетіндегі нақты өлшемінен картадаға кескіндердің қаншалықты кішірейтілгенін анықтау үшін масштаб қолданылады. Масштаб арқылы планнан немесе картадан қашықтықты табу.Карталар мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет