Математиканы оқыту әдістемесі пәні математиканың ғылым ретінде дамуы 5



бет7/9
Дата02.01.2022
өлшемі1.75 Mb.
#452774
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курстык жумыс математика 25.01.2021

Деңгейлеп оқыту технологиясы (Б.П.Беспалько және басқ.). Бұл технология оқушының жаңа білімді сапалы меңгеруіне, олардың даралық қабілеттерін дамытуға, өзбетімен оқу дағдысын қалптастыруға және де креативті, яғни шығармашылықпен ойлауларын дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар олардың өз білімдері мен мүмкіндіктері бойынша алға жылжуларына мүмкіндік береді, оқушылардың жаңа білім алуға деген уәждерін арттырады, ал бұл қиындығы жоғары тапсырмаларды орындауларына жетелейді.

Тұлғалық-баыттылық технологиясы (И.С.Якиминская және басқ.). Бұл технология мұғалімге сабақта интербелсенді атмосфера құруға. Сонымен қатар, оқушының дара қабілеттерін айқындауға, қалыптастыруға, және ары қарай дамытуға ықпал етеді.

Проблемалық оқыту технологиясы(И.Я. Лернер, М.И.Махмутов және басқ.). Проблемалық тхнология негізінде проблемалық-ізденіс тәсілі жатыр. Бұл әдістің мәні проблемалық ахуалдар тудыруда, және алған білімдерін көкейтесті етуді талап ететін күрделі сұрақтар мен есептерді іздеу мен шешуге бағытталған танымдық қызметті белсенді етуде. Ахуалдық мәселелер таным объектісінің маңыздылығы мен мәнділігін көрсететін бағыттаушы сұрақтар көмегімен қойылады. Бұл тәсіл оқушылардың өзіндік дағдларын дамытады, сонымен қатар, игерген білімдерін максималды көкейтесті етеді.

Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов). Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған.

Оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап құруға негізделген. Оқушылардың білімді модульдер бойынша сабақтастықта игеруі көзделеді.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов). Бұл технологияда теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу көзделеді. Түсіндіре басқарып – оза оқыту (С.Н.Лысенкова). Бұл технология игерілетін білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала мөлшерлеп енгізу арқылы оқытуға бағытталған.

Сыни ойлау технологиясы (Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит). Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады.

Сыни ойлау - адамның интеллектуалдық қызметінің бір түрі. Ол адамды қоршаған ақпараттық өріске объективті көзқарасты жоғары жеңгейде қабылдау, түсіну деңгейімен сипатталады.

Технология X1X ғасырдың соңына қарай қалыптасты. Онда отандық ұжымдық және топтық оқудың идеялары мен әдістері синтезделген: ол жалпы педагогикалық әрі метапәндік.

Технология ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыратын тұтас жүйе болып табылады. Ол ашық ақпараттық кеңістіктің базалық дағдыларын игертуге, мәдениетаралық өзара іс-әрекетке енгізілген ашық қоғам азаматының сапасын дамытуға бағытталған.

Технология білім саласындағы үлкен спектрлі мәселелерді шешу үшін ашық.

Технологияның ерекшеліктері. Оқытудың мақсаты: баланың басындағы білім көлемі мен ақпарат санын көбейту емес, ақпартпен оның жұмыс жасай алауын, яғни ақпартты іздей алуын, тиімді жолмен игере алуын, одан мағынасын айыра алуын, өмірде қолдана алуын қалыптастыру.

Сыни ойлау – ол «дайын» білімді қабылдау емес, оқу үдерісі кезінде пайда болатын өзінікін құрастыру; сабақтың диалогтық, интерактивті режимі, мәселені біріге отырып шешу.

Сыни ойлай алу іскерлігі – бұл кемшіліктерді теру емес, танудағы объектінің жағымды және кемшілік жақтарын объективті бағалау.

Ұйымдастыру ерекшеліктері. Технология негізіне үш фазадан тұратын базалық дидактикалық цикл алынған. Әрбір фазаның өзінің мақсатымен міндеттері, сонымен қатар, алдымен зерттеуге, шығармашылық қызметті белсенді етуге, содан соң, игерілген білімдірді ұғыну мен жалпылауға тән тәсілдер жиынтығы бар:

Бірінші кезең— «Қызығушылықты ояту». Бұл кезеңде оқушылардың бұрынғы игерген білімдері белсенді етіледі, тақырыпқа қызығушылықтары оятылады, алда игерілетін оқу материалының мақсаттары айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет