Математиканы оқыту әдістемесі пәні математиканың ғылым ретінде дамуы 5



бет8/9
Дата02.01.2022
өлшемі1.75 Mb.
#452774
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курстык жумыс математика 25.01.2021

Екінші кезең — «Мағынаны тану» - мазмұндық. Бұл кезеңде оқушының мәтінмен тікелей жұмыс жасауы бағытты және саналы жүзеге асырылады. Оқу үдерісі үнемі оқушының өзінің түсінігін қадағалауға мүмкіндік беретін әрекетімен (маркировка жасау, кесте құру, күнделік жүргізу) ілесе жүргізіледі. Бұл жағдайда «мәтін » ұғымы кең мағынада түсіндіріледі: бұл жазбаша мәтін әрі мұғалімнің сөзі әрі бейнематериал.

Үшінші кезең – «Рефлекция» кезеңі — Ой қорыту. Бұл кезеңде оқушының мәтінге деген жеке-тұлғалық қатынасы қалыптасады және оны, немесе өз мәтінінің көмегімен немесе, талқылауда өз позициясын «белгілейді» Осы кезеңде жаңадан игерген білім ескеріле отырып, өзіндік түсінік белсенді түрде қайта ой елегінен өткізіледі.

Әрбір кезеңде тиімді қолданыс табатын стратегиялар бар. Мысалы, 1) қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылатындары: Болжау кестесі. Тірек сөздер. Венн диограммасы. Т кестесі. Бір айналым. Күнделік. Блум таксаномиясы, Ми шабуылы. Топтастыру; 2) мағынаны табу кезеңінде қолданылатындары: Т кестесі. Пікір – талас. Аквариум.İNSERT. RAFT. ДЖИКСО. Куббизм. Геометриялық фигуралар. Бір айналым сұхбат. Түртіп алу. Жұпта талқылау. Бағытталған оқу. Талдау картасы. Топтастыру; 3) ой қорыту кезеңінде қолданылатындары: Эссе. Топтастыру. Пирамида. Құндылық сызығы. Т кестесі. Sinkuein немесе бес жолды өлең. RAFT. Түйін сөз. Семантикалық карта. Концептуалды кесте. Бір айналым сұхбат.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияларға жататындар: Компютерлік технология. Коммуникациялық технология. Ақпараттық технология. Интерактивтік технология. Мультимедиялық технология. Телекоммуникациялық технология.

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеруді, сыныпта белсенділік көрсетуді, жеке жұмыс істеуді, жекелеп көмек көрсетуді қарастырады.

Әрбір технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Математиканы оқытуда инновациялық әдістер мен технологияларды қолданудың мақсаты: математикалық білімнің ізгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, білім алушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету және қажетін өтеу.

Міндеттері:

• математикалық іс-әрекет сипатына сай ойлауды қалыптастыру;

• қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру;

• болмысты, табиғат пен қоғамды тануда математикалық мазмұндай білуге (математикалық тілге, модельдеуге) үйрету;

• алдына қойылған сұрақтарға немесе есепті шығаруға оңтайлы жауап беруге дағдыландыру, ұмтылдыру.

Күтілетін нәтижелері:

- қарастырылатын тақырыпты оқушы әр қырынан қарастырып, өз бетімен зерттеуді үйренеді;

- түрлі ақпараттармен жұмыс жасап үйренеді, теориялық білімді толық меңгеруіне мүмкіншілігі артады;

- бұрынғы білім мен жаңа білімді салыстыра біледі, қиындатылған есептерді, тапсырмаларды орындау іскерлігі дамиды;

- әр балаға мүмкіндігіне қарай еңбек етуге мүмкіндік беріледі және оқушы еңбегіне қарай өз бағасын алып, қанағаттанады. Ең бастысы әлі келгенше еңбек етеді, «өмір бойы оқып үйрену» принципі жүзеге асырылады;

- оқушылардың бойында зерттеушілік, шығармашылық қасиеттер қалыптасады;

- алған білімді тәжірибеде қолдана білуге үйренеді;

- білім беру сапасы артады, оқушылардың білімділік деңгейі көтеріліп, көздеген түпкі нәтижеге қол жеткізіледі.

Әрине сабақта барлық технологияларды бірден қолдану мүмкін емес. Пәннің, сабақ материалдарының ерекшеліктеріне, оқушылардың мүмкіндіктеріне, мұғалімнің дайындық шеберлігіне байланысты бір технология негізгі ретінде таңдалып алынғаны дұрыс, сонымен қатар әр технологияда басқа технологиялар элементтері де орын алатынын білген дұрыс.

Математика мұғалімдерінің сабақ жоспарларының үлгілеріне талдау жасау, көптеген мұғалімдердің технология мазмұнын жете түсінбейтіндерін, оны әдістемеден ажырата алмайтынын көрсетуде.

В.Д.Чернилевский «әдістеме» және «технология» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты көрсетуді ұсынады [14]. Оның айтуынша педагогикалық технологияның келесідей айырмашылықтары бар:

1) оқу үдерісіне әдейі ұйымдастырылған, мақсатты педагогикалық ықпалы мен әсері бар;

2) оқу үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы;

3) оқытудың жоспарланған нәтижесіне қолжетімдікті сипаттау, яғни мақсатқа қол жеткізу;

4) педагогикалық жүйенің бір –бірімен байланысты бүкіл элементтерін ескеретін, дара және ұжымдық ізденісті біріктіретін жүйедегі оқу үдерісі;

5) әдістеменің әдіснамалық негізі, себебі әдістеме технологияда өзінің негіздемесін және құру үдерісін табады;

6) нақты анықталған ұсыныстар беретін әдістемеден айырмашылығы бар процессуалды және динамикалық оқыту үдерісі;

7) бір ғана нысанға және мақсатқа бағытталмаған, оқу материалын игеруге жеткізетін әмбебап жол;

8) білім алушыларға бағдарланған, ал әдістеме көбінесе мұғалімге бағытталған (негізгі бір айырмашылығы).

Олай болса «оқыту технологиясы» ұғымы «әдістеме» ұғымына қарағанда кең ұғым.

Математикадан сабақ жоспарын құруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының үш фазасын пайдалану (сабақтың басы, ортасы, соңы деген жалпылама сөздің орнына) және Блум таксономиясы кезеңдерін сабақтастықта қолдана алу оқушылардың білімдерін жүйелі етуге, саналы меңгерулеріне, өзіндік әрекет етулеріне үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

Қорытынды

Мектепте математиканы оқытудағы басты мәселе ол мұғалімнің шеберлігі. Шеберліктің алғашқы табалдырығы – математиканы оқыту әдістемесін меңгеруден басталады. Оқыту әдістерін саналы түрде табыспен пайдалану үшін мұғалім оқытудың қағидаларын, таным әдістерін, оқыту жабдықтарын, сабақты ұйымдастыру сияқты білім-білікті меңгеруі тиіс.

Математика материалды дүниенің мазмұнынан бөлініп алынған кеңістік формалары мен сандық қатынастарын зерттейді және математика әдіснамасы математикада қолданылатын таным әдістерінің барлық жиынтығын зерттейді. Бұл жиынтықты таразылау үшін математиканы тарихи даму, өркендеу тұрғысынан қарастыру қажет және математика ғылымының ішкі байланыстарымен бірге, оның басқа ғылымдармен адамзат қызметінің әр алуан қырларымен байланыстырып зерттеу керек.

Математиканы оқыту теориясы мен оқыту әдебиеттерінде оқытудың ғылыми-таным әдістері айрықша орын алады. Математиканы оқытудың ғылыми-таным әдістерін игеру, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Пән ретінде математика тек өзіне тән белгілермен ерекшеленеді. Ол белгілердің ең бастысы оқып үйренетін ұғымдардың неғұрлым жалпылығы мұның өзі алғашқы математика сабақтарында бой көрсетеді. Сондықтан оқу процесінде математикалық ұғымдарды қалыптастырғанда сол ұғымдарды іс жүзінде қолданғанда осы ерекшеліктерді бейнелейтін әралуан әдістерді пайдалану қажет. Сонымен бірге оқытудың ғылыми-танымдық әдістерін қолдану, шәкірттердің ойлауын дамытатын олардың жалпы мәдениетін көтеретінін, математика сабақтарында қалыптасқан тәсілджер мен ұғымдарды кәдеге жарату қабілетін шыңдайтынын айрықша атап өткен жөн.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Абілқасымова А.Е., Көбесов А.К. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. -А, 1998.

2. Абілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. -А, 2004

3. Бидосов Б.Е. Математиканы оқытудың әдістемесі. -А, 1995.

4. Есмұқан М.Е. Математиканы мектепте ақпарлық технологиямен оқыту, Көкшетау, 2002 ж. 327б

5. Епишева О.Е., Крупич В.И. Учить школьников учиться математике: Формирование приемов учебной деятельности: Книга для учит. – М., 1990.

6. Саранцев Г. И. Сборник упражнений по методике преподавания математики в сред. шк. –М. 2003. -85с.

7. О’Кифф, Д. Нешаблонное мышление. Проверенная методика достижения амбициозных целей / Джон О’Кифф; пер. с англ. Ю. Гольдберг. – 2-е изд. – М. Манн, Иванов и Фербер, 2014. – 304 с.

8. Выготский Л.С. Мышление и речь.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет