Практикалық сабақ №2
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
6.2.2.5
тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
6.2.2.6
теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту және бөлуді түсіну және қолдану;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру.Көңіл күйлерін білу.
Сабақты жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен сабақтан пысықтау cұрақтары қойылады. Терек ағашына стикерлер көмегімен сұрақтар жасырылынады.Әр топтан 2 оқушыдан шығып таңдап,сұрақтарға жауап бередіТөменде берілген мысалдар бойынша сұрақтар қойылады:
«Миға шабуыл»
Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады?ax+b=0 түріндегі теңдеу.а, b қандайда бір сан.х – айнымалы.
Мәндес теңдеулер дегеніміз не?Мысал келтір.Түбірлері бірдей немесе түбірлері болмайтын теңдеулер.
Егер a-b айырмасының мәні оң сан болса,онда а * b жұлдызшаның орнына қандай сан қойылады? A>b
Санды теңсіздік дегеніміз не?Екі санды өрнектің теңсіздік белгісімен жазылуы.
Тура,тура емес теңсіздікке мысал келтір?
Жалғастыр:Оң санның модулі ....Сол санның өзіне тең.
Есепте: - 8,3+(-1,7) 10
Санды теңсіздіктердің қасиеттері:
1 - қасиет: егер а саны b санынан үлкен, ал b саны с санынан үлкен болса, онда а саны с санынан үлкен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |