Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқытудың әдістері мен тәсілдері, олардың түрі мен сипаттамасы; 2) математиканы оқытудың қағидалары;
5 сыныпқа арналған математика оқулығының мазмұны мен құрылымының әдістемелік ерекшеліктері.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 8, 12, 16, 20, 28, 29, 32, 33, 56, 57, 58], сонымен
қатар математика бағдарламасы, математика оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
тапсырма. Мұғалім мен оқушылардың қызметінің арасындағы айырмашылық тұрғысынан оқыту әдістерін сараптауға болады. Оқыту әдістері сабақ беру әдісіне (мұғалім қызметі, оқып үйрену әдісіне, оқушының қызметіне) жіктеледі. Әрбір оқып үйрену әдісіне сабақ беру әдісі сәйкес келуі қажет. Сабақ беру әдісіне ақпараттық әдістер мен оқушылардың іздену қызметін басқару әдістері жатады: әңгімелесу, әңгіме, дәріс, мұғалімнің түсіндіруі, жаттықтыру сипатындағы өздігінен істейтін жұмысты басқару, оқушылардың оқулық әдебиетпен жұмыс істеуіне жетекшілік ету және т.б. Осы айтылған сабақ беру әдістеріне сипаттама беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері қандай? «Үлкен немесе кіші» тақырыбы бойынша 5 сынып оқушыларына қандай әдістер қолданасыз?
тапсырма. Оқып-үйрену әдістері ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді. Ғылыми әдістеріне: бақылау мен тәжірибе; салыстыру мен аналогия; анализ мен синтез; индукция мен дедукция және т.б. жатады. Салыстыру мен аналогия әдісіне сипаттама беріңіздер. Осы әдіс қандай сыныптарда кең қолданылады? Қандай тақырыптарды өткенде осы әдістемені қолданады?
тапсырма. Оқу әдістері орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды дамыту үшін арнайы жасалынған әдістер болып табылады. Оқу әдістеріне жататындар: эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрету әдісі, бағдарламалық оқыту әдісі т.б. Өзіңізге белгілі оқу әдістеріне сипаттама беріңіздер. Қандай сыныптарда оны қолдануға болады? Осы және басқа әдістерді меңгеру деген не? «Сүйір және доғал бұрыштар» (5 сынып),
«Жай және құрама сандар» (6сынып) тақырыптарын оқытқанда осы әдістердің қайсысын қолданасыз?
тақырып. Оқып үйрену әдістері ретінде бақылау мен тәжірибе әдістеріне сипаттама беріңіздер. Математиканы оқытуда олардың қолданысы қандай? Матеметиканың негізгі ұғымдарын тәжірибе арқылы оқушыларға қалай түсіндіруге болады? Мектеп математика курсында бақылау мен тәжірибені қолдануға мысал келтіріңіздер.
тапсырма. Математиканы оқып үйрену әдістері ретінде анализ бен синтездің мазмұнын ашыңыздар. Анализ бен синтез математиканы оқыту үрдісінде ұғымдарды қалыптастыруға, теоремаларды дәлелдеуге және есептерді шығаруда кеңінен пайдаланады. Анализ бен синтезді қолдануға мысалдар келтіріңіздер.
тапсырма. Мектепте математиканы оқытуда жалпылау мен тарату, абстракциялау мен нақтылау сияқты ғылыми оқыту әдістерін қолданады. Олардың бір-бірімен қандай байланысы, сипаттамасы бар? Осы әдістерді қолдану ретінде мысалдар келтіріңіздер.
тапсырма. Индукция және дедукция мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің негізі болып табылады. Индукция - жеке фактілер жайындағы ғылыми білімнен жалпы білімге, тәжірибелік нәтижелерден теориялық қорытындыға, жекеден жалпыға қарай қозғалудың логикалық әдісі.
Дедукция - берілген дербес жағдайды жалпы жағдайдан шығару болып табылады. Орта мектепте төменгі сыныптан жоғары сыныпқа өту кезінде осы әдістерді оқыту қалай қолданады? Осылардың қайсысына жоғары сыныпта айрықша көңіл бөлінеді?
тапсырма. Толық индукция - ақиқаттағы тағайындалған пікірге қатысты барлық жеке және дербес жағдайларға негізделген ой қорытуды айтады. Математикалық индукция объектілердің шексіз көп жиындары туралы айтылатын ой қорытуды айтады. Матеметикалық индукция әдісімен дәлелдеуді тұжырымдаңыздар. Орта мектепте қандай тақырыптарды өткенде осы әдістерді қолданады? Толық индукция әдісінің математикалық индукция әдісінен қандай айырмашылығы бар?
тақырып. Оқыту түрі - бұл оқыту процесін ұйымдастырудың тәсілі. Өзіңізге белгілі оқыту түрін тізбектеп және оларға сипаттама беріңіздер.
5 сынып оқушыларына сыныптық-сабақ оқыту түрін жүргізуге мысал келтіріңіздер. Сабақ тақырыбын өз қалауыңызша алыңыздар.
тақырып. Проблемалап оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту. Проблемалап оқытудың мақсаты қандай? Проблемалап оқыту кезінде сабақ барысы қандай этаптарға бөлуге болады?
тапсырма. 5 сынып математикасын оқытуда проблемалық ахуалды ұсыныңыздар. Тақырыпты өзіңіз таңдаңыздар.
тапсырма. 5 сыныпқа арналған математика оқулығының мазмұны мен құрылымы қандай? Әрбір тақырыпты меңгеру үшін қанша сағат бөлінеді? Қандай жаңа ұғымдар мен анықтамалар енгізілген?
тақырып. 5 сынып геометрия материалдары мазмұнымен танысыңыздар. 5 сыныптағы салу есептеріне және оларды шешу әдістемесіне сипаттама беріңіздер.
тапсырма. Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде 5-сынып оқушыларына жеке тапсырмаларды қалай дайындау керек?
Достарыңызбен бөлісу: |