Математиканы


Педагогикалық практика туралы



бет30/48
Дата28.04.2022
өлшемі346.28 Kb.
#456790
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
25-каз

9. Педагогикалық практика туралы

    1. Педагогикалық практиканың мақсаты және мазмұны туралы.


    2. Студент практиканттарға қысқаша нұсқаулар.
    3. Сабақты талдау схемасы.





    1. Педагогикалық практика студенттің кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды сала. Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетіледі және студенттің жеке оқу жоспарына енеді.

Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттерге оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде мұғалімге қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру. Педагогикалық практика кезінде студент-практиканттар әдіскердің, психологтың және педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие
болады:

  • педагогикадан, психологиядан, математиканы оқыту әдістемесінен және арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады;

  • мектепте өз бетімен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді. Ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оқушылардың тәрбие жұмысында кейбір проблемаларды шешуде белсенділік көрсетеді;

  • мектеп ұжымының өміріне араласып, сыныппен және ата- аналармен белсене жұмыс істейді;

  • мектеп оқытушыларының жинаған тәжірибесін бақылайды, талдайды және қорытындылайды.

Педагогикалық практика студенттерді болашақ мамандыққа дайындауда алатын орны зор, яғни студентер: а) институтта алған білімдерін бекітеді және тереңдетеді; ә) педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілігі орнығады; б) педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығы туындайды; в) курстық және дипломдық жұмыстарға материалдар жинайды, мектепте эксперимент жүргізеді.
Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттер мектеп ұжымының жұмыстарының барлық салаларына қатысты тапсырмалар орындайды. Мұндай тапсырмаларды орындау студенттердің мектеп жұмысымен терең танысуларына жағдай жасайды, теориялық білімдерін жетілдіреді және педагогика ғылымдар саласынан, оның ішінде математиканың әдістемесінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ынталандырады.
Студент-практиканттар сабақтың төмендегідей түрлерін жүргізіп үйренулері керек:
а) оқушыларды жаңа материалмен таныстыру сабағы;
ә) оқушылардың білім, білік және дағдыларын бекіту сабағы; б) оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру сабағы; в) жаттығу сабағы;
г) аралас сабақтар және т.б.

    1. Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар:

  1. Мұғалім сынып бөлмесіне оқушылар орындарына отырғаннан кейін кіреді.

  2. Сынып бөлмесінің тазалығы және сыныптың сабаққа дайындығы тексеріледі.

  3. Сыныпта жұмыс жүйесі жасалғаннан кейін оқушыларға сабақ жоспары айтылады. Үй тапсырмасы тексеріледі. Жаңа сабаққа дайындау мақсатында жаттығулар шығарылады.

  4. Жаңа материалды түсіндіргенде өткен тақырыппен логикалық байланыс жасалады.

  5. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын дамыту үшін проблемалық сұрақтар, тарих элементтері, өз бетімен жұмыс т.б. қолданылады.

  6. Үнемі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Есеп шығарғанда, оны шешудің тиімді жолын іздеуге дағдыланады.

  7. Сабақты күнделікті қорытындылаудың және бағалаудың маңызы зор. Оқушылардың келешектегі белсенділігі олардың білімдерін әділ бағалау мен үйге тапсырманы орындауға бағыттау жұмыстарына байланысты.

    1. Психология-педагогикалық теорияның көмегімен әр түрлі негізде құрылған сабақты талдаудың көптеген схемасы белгілі. Сабақты талдау схемасын таңдап алу үшін оқушылардың білімділік сапасының қазіргі өлшемдерін білу, оқыту мен тәрбиелеудегі сәттерді анықтаудағы және оны жеңудегі ой-ізденістік қызмет тәсілдерін игеру, педагогикалық қызметтің мәдени және адамгершілік мағынасын құру, оқытылатын білімнің мазмұнын таңдау және қайта құра білу, оқушылардың өз бетінше ұйымдастыруының негізгі құралдарын модельдеу және құру жеткілікті.

Сабақты талдау схемасы:

  1. Мектеп, сынып, сабақ, студент-практиканттың не мұғалімнің аты,

тегі.

  1. Сабақтың тақырыбы, сабақтың оқу-тәрбие мақсаттары, сабақ

түсіндірудің жүйелілігі, қойылған мақсатқа жетуде оқушылар ұжымын ұйымдастырудың дұрыстығы.

  1. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы моменті:

а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақ конспектісі және толық сабақ жоспары, көрнекі құрал-жабдықтар және т.б. бар болуы);
ә) оқушылардың сабаққа дайындығы (кезекшілік, оқушылардың сабаққа қажетті дәптерлері, оқулық, оқу-құралдары және т.б. болуы);
б) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы (тазалық, тақта, бор және т.б.).

  1. Сабақтың ұйымдастыру құрылымы:

а) сабаққа оқушыларды түгел жұмылдыру;
ә) сабақтың оқу материалының мазмұнына сәйкестігі; б) сабақты жүргізу жүйесі;
в) мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы;
г) сабақ уақытындағы оқушылардың белсенділігі.

  1. Сабақтағы оқу материалының мазмұнын талдау: а) оқу материалының ғылымилығы;

ә) оқушылардың білім деңгейі бағдарламаға сәйкестігі; б) практикалық және теориялық материалдың сәйкестігі;
в) оқу материалдың жүйелігі;
г) сабақ материалының тәрбие мақсатына сәйкестігі; д) өмірмен және практикамен байланыс.

  1. Сабаққа қойылатын жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптардың орындалуы.

  2. Мұғалімнің іс-әрекеті.

  3. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекеті.

  4. Сабақты бағалау:

а) сабақ жоспарының орындалуы; ә) сабақтың мақсатына жетуі;б) сабақтың міндетінің орындалуы; в) ерекше үлгі аларлық мәселелер; г) сабақты қайталап өткізгенде қандай өзгерістер енгізуге болады?

  1. Қорытынды жасау және баға қою.


Дәлелдемелерінің кең мағыналылығы жағынан геометрия сияқты ғылымдар басқа ғылымдардан жоғары бағаланады.
Әл-Фараби


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет