Материалы и изделия из древесины



бет3/8
Дата11.10.2022
өлшемі2.79 Mb.
#462373
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғи тас материалдары

Магмалық тау жыныстар

  • Гранит магмалық жыныстардың ішінде кең таралған түрелерінің бірі болып саналады. Жыныстың түсі дала шпатының түсімен (сұр түстен қызыл түске дейін) анықталады. Тығыздығы мен беріктілігінің жоғары болуымен қатар гранит сынғыш, яғни морт келеді. Граниттің су сіңірімділігі 1 % төмен, аязға төзімділігі 200 циклден жоғары. Гранит оңай өңделеді (жылтырлату). Гранит көбінесе монументальді ғимараттар мен гидротехникалық құрылғыларды қаптау үшін, еденге арналған плиткалар, баспалдақтар, жолға арналған материалдар, бетонға арналған толтырғыштар, бұт тастары түрінде қолданылады.
  • Р= 2700 кг/м 3, П =0,5 ... 1,5 R = 100 .. . 250 МПа
  • Сиениттің граниттен айырмашылығы оның құрамында кварц жоқ, негізінен дала шпаты мен қара боялған минералдардан (15%) тұрады. Сиенит сыртқы түріне қарай гранитке ұқсас, бірақ оның түсі қоңырлау, ал беріктілігі гранитке қарағанда төмендеу. Р =2600 . . . 2800 кг/м3, R =120 ... 150 МПа.
  • Кен орындары - Украина, Урал, Казахстан, Кавказ, Средняя Азия, США, Канада, Германия, Норвегия, т.б.

Граниттер

Магмалық тау жыныстар

  • Диориттің ¾ % бөлігі дала шпаты мен 25%-ға дейін қара түске боялған минералдардан тұрады. Оның құрылымы майда- және орташа дәнді болса, ал түсі сұр жасылдан қара жасылға дейін барады. Құрылыстық қасиеттеріне қарай диорит граниттен кемде емес. Диорит көбінесе қаптама жұмыстарында және жол құрылысында қолданылады.
  • Р =2700 . . . 2900 кг/м3, R = 150... 300 МПа.
  • Северная Америка (Кордильеры). Великобритании, Центральной Азии (Казахстан), Россия (Урал, мысалы Сангалыкское месторождение диорита, Чёрная сопка), және т.б. жерлерде.

Магмалық тау жыныстар

  • Габбро негізінен дала шпатынан (50%-ға дейін) және қара түске боялған минералдардан тұрады. Көбінесе олар авгит, оливин. Габбро қара-сұр түстен қара түске дейін болатын поликристаллдан тұрады. Бұл материалды қаптама даналық бұйым ретінде, жол жабындарында, бетонға арналған тас ретінде қолданылады.
  • Порфирлер ағылған тау жыныстары, химиялық құрамы жағынан граниттен (кварцты порфир), сиенитке (кварцты емес порфир), диорит (порфирит) жақын және ол порфирлі құрылымымен сипатталады. Басқа жыныстарғы қарағанда порфирлердің біркелкі емес құрылымы болмағандықтан, олар желге онша ыдырамайды.
  • Андезит - диоритке ұқсас, бірақ порфирлі құрылымы жағынан айырмашылығы бар. Тығыз андезиттерді қышқылға шыдамды плиталар мен қышқылға төзімді бетонға арналған тас есебінді пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет