Материалы международной научно-практической конференции


ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНІГІ



бет21/34
Дата28.06.2016
өлшемі2.54 Mb.
#163767
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНІГІ


Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Сонымен қатар бұл мәселенің маңыздылығы отандық ғылымда қалыптасқан қағидалар туралы түсініктің тар нормативтік құқықтүсінушілік база негізінде қалыптасуымен түсіндіріледі және көптеген жетімсіз тұстары бар. Біріншіден, құқық қағидалары ретінде әдетте, заң нормаларында ресми бекітілген негізгі, бастапқы идеялар ғана айтылады. Бұл көзқарастың логикалық тұжырымы қағидалар тек көрсетілген нормалар мазмұнында ғана көрінуі тиіс және оның қатарына қоғамда мойындау тапқан және құқықтық қатынаста іс жүзіне асырылатын, бірақ нормативтік-құқықтық актілерде белгіленбеген құқықтық сананың бастапқы идеяларын жатқызуға болмайды [1].Тағы бір жетімсіз тұсы ретінде қағидалардың маңыздылығының тарлығы және оның әрекет ету ауқымының құқықшығармашылық және құқыққолдану шеңберінде шектелуі болып табылады және құқықшығармашылықта оларға нақты норманың мазмұнын айқындайтын теоретикалық базаның ролі беріледі, ал құқыққолдануда олардың функциясы сол нормаларды түсіндіру қажеттілігімен ғана шектеледі. Қағидаларды зерттеу формальды заңды сұрақтармен шектеліп қалмайды. Құқық нормасы - бұл құқықтық сана да тиесілі болатын оның болмысының абстрактілі формасының бірі ғана [2]. Сондықтан, заң нормаларының және оның заңдық бекітілуінің мазмұнында қағидалардың көрініс табуының маңыздылығын жоққа шығармай олардың құқықтық санамен және құқықтық қатынаспен байланысын назарға алмай қалдыруға болмайды. Күрделі көпсалалы құқық мазмұны оның қағидаларын кешенді түрде талдауды талап етеді, яғни генетикалық, гносеологиялық, онтологиялық және функционалдық. Осыған орай, «құқық қағидалары», «заңдық қағидалар», «бастапқы идеялар», «бастаушы жағдайлар» терминдері синоним ретінде пайдаланылады.

Құқық қағидаларының генетикалық сипаттамасы олардың мазмұнының обьективті әлеуметтік заңдылықтармен анықталып қойылғандық жағдайында қарастырумен қорытындыланады. Бастау алатын негіздерінің материалистік түсінігіне сәйкес олар қоғамдық қатынас субьектілерінің тәжірибелік қызметінің маңызды жағының көрінісі болып табылады [3]. Құқықтың негізгі бастапқы идеялары адам ақыл ойының туынды құрылымымен емес, ал обьективті әлеуметтік заңдылықтардың көрініс табуының ерекше нысаны ретінде көрінеді. Өз мазмұнында қоғам мен құқықтағы қажетті және маңызды байланыстарды тіркей отырып олар қоғамдық қатынастардың тиімді реттелуіне ықпал ететін тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Құқық қағидаларының әлеуметтік заңдылықтардың өз әрекетін тұтас қоғамға жүргізетін және адам мінез-құлқының ерекше реттеушісі ретінде құқыққа ғана тән екі түрі көрінеді. Біріншісі жалпы әлеуметтік қағида атауын алған бастаушы жағдайлар мазмұнында көрініс табады. Онда құқықтық ықпал етудің пәні болып табылатын құқықтық қатынастардың елеулі сипатына назар аударылған. Бұл қатынастардың маңызды ерекшелігі сол, олар тек құқықтық нысанда ғана өмір сүріп, қалыпты дами алады. (мысалы, меншік және саяси билік қатынастары). Қазіргі таңдағы құқықтың жалпы әлеуметтік бастаулары ретінде билік бөліну, меншікті қорғау, демократияшылдық, гуманизм және т.б қағидаларды айтуға болады [4]. Олар құқықтық реттеудің ерекшеліктерін көрсетеді, оның басқа әлеуметтік реттеуіштерден айырмашылығын көрсетеді, сондықтан құқықтық реттеудің қағидалары ретінде анықталуы мүмкін. Оларға мемлекеттік кепілдік, обьективті және субьективті құқықтардың бірлігі, заңдылық, заңды құқықтар мен міндеттердің бірлігі, кінә үшін жауапкершілік, құқықтық теңдік, әділеттілік, бостандық қағидалары жатқызылады..

Құқықтың жалпы әлеуметтік және арнайы заңдық бастаулары тек бір бірімен өзара байланыста ғана тиімді әсер етуі мүмкін, себебі тек осы жағдайда ғана реттеу обьектісі мен оның реттеуішінің тиесілі келісімі іске асрылады.

Қағидаларды зерттеудің гносеологиялық аспектісі адам санасының, оның ақыл ойының шығармашылдық белсенділігімен шарттасып жатыр. Бастаушы жағдайлардың мазмұны заңдық ойлау тәсілдерінің қоғамдық процестер мәніне, бұл жерден басты, қажетті, негізгі идеяларына тікелей енуіне байланысты. Алынған нәтижелер гносеологиялық жоспарда заңдық қағида болып табылатын іргелі құқықтық түсінік түрінде құрастырылады.

Дау жоқ, әлеуметтік шындықтың қажетті және маңызды жақтары және байланысы белгілі дәрежеде нақты құқық нормаларымен көрсетіледі. Олай болмаған жағдайда соңғылары қоғамдық қатынастарға оң әсер ету қабілетін жоғалтар еді. Гносеологиялық феномен түріндегі құқықтың негізгі бастаушы идеяларының өзіндік ерекшелігі олардың нақ осы әлеуметтік шындықтағы қажетті және маңыздыларды дұрыс, ойдан шығармай қоғамда осы кезеңде жеткен оның таным дәрежесіне сәйкес көрсетуі.

Гносеологиялық жоспардағы басшылық жағдайлардың басқа ерекше белгісі ретінде нақты юридикалық нормалармен салыстырғанда олардың құқықтық білімнің жай-күйімен терең байланыстылығы шығады. Олар дамыған заңдық ойдың пайда болуымен тікелей байланысты, яғни құқық дамуының белгілі сатысында ғана пайда болады. Ал бұл кезде нақты құқық нормалары қазірдің өзінде стихиялы түрде адамдардың күнделікті өмірдегі әрекеттерінің барысында туындады. Тарихқа жүгінсек, құқық қағидалары алғашында заңдық әдет ғұрып түріндегі оның басқа нормаларынан кеш пайда болды. «Нақтыдан нормативтілікке -құқық қалыптасатын шеңбер және нәтижесі норма болып табылатын даму процесі»

Құқықтық реттеудің казуальды түрінен абстрактылы нысанға көшу адам ақыл ойының дамуымен ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық қатынастардың қозғалысымен, өзгеруімен байланысты. Олар жетілудің заңдық нормалардың пайда болуының стихиялық процессі қажетті құқықтық ықпал ете алмағандықтан тиімділігі аз, қосымша, кейде шамадан тыс күш пен құралды пайдаланумен байланысты іргелі бастапқы жағдайлардың негізінде оларды тәртіпке келтірудің обьективті қажеттілігі туындаған сатысына жетеді. Құқық қағидалары құқықтық реттеуге ғылыми сипат беріп, оның нәтижесін біршама көтеруге мүмкіндік береді. Нақты заңдық нормаларға қарағанда жоғары дәрежелі абстрактылыққа ие бола отырып, олар әлеуметтік қатынастарда қалыптасқан жағдайлардың заңдық бекітілуін ғана емес, сонымен қатар, құқықтық реттеуді «алдыға» қарай бағыттайды, мемлекетке адамдардың іс әрекетіне жоспарлы және саналы түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сондықтан, әлеуметтік прогресстің заңды нәтижесі ретінде олардың гносеологиялық ерекшеліктеріне орай бастапқы нүкте жеткілікті дамыған құқықтық жүйенің атрибуты болып табылады.

Көрсетілген жағдайларға назар сала отырып, құқық қағидалары ретінде тек заңда немесе басқа да құқықтық норма қайнар көздерінде бекітілгендер ғана емес, сонымен қатар, әділ сот органдарының, басқа да ішкімемлекеттік және халықаралық құқық субьектілерінің қызметінде жалпы қолдау тапқан құқықтық сананың негізгі бастапқы идеялары да олардың обьективті құқықта ресми бекітілмегендігіне қарамастан құқық қағидасы ретінде тануға болады деп тұжырым жасауға болады.

Қорытындылай келе мынадай негізгі тұжырымдар шығарамыз:

Генетикалық аспектте құқық қағидалары аралас әлеуметтік –заңдық табиғатымен сипатталады және оның заңдылықтарының жалпыәлеуметтік, сондай ақ спецификалық көрінісінің нәтижесі болып табылады.

Гносеологиялық жоспарда олар құқық мәнін оны танудың жеткен дәрежесіне сай көрсететін ерекше заңдық түсінік түрінде көрінеді.

Онтологиялық позицияда құқық қағидалары болып түрлі ресми қайнар көздерде бекітілген оның нормаларының негізгі бастапқы идеялары және осылай бекітілмегенмен тұрақты заңдық практикада, құқықтық қатынастарда жалпы мойындау тапқан идеялар танылады.

Функционалдық аспектте құқық қағидалары бір жағынан заңдық нормалар жүйесінде келісілгендік пен тиімділікті қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің негізгі бастаулары ретінде көрісе, ал екінші жағынан құқықтық қатынас қатысушыларының мінез-құлқын олардың жетіспеушілігі және қарама қайшылығы жағдайында тікелей реттеуші ретінде көрінеді.

Жоғарыда айтылғандарды негіздей келе, құқық қағидасының жалпы анықтамасын ұсынуға болады: құқық қағидалары – бұл оның түрлі қайнар көздерде бекітілген немесе тұрақты заңдық практикада көрінетін құқықтың жалпы әлеуметтік және өзіндік заңдылықтарының таным дәрежесін айқындайтын және іштей келісілген және тиімді заңдық норма жүйесін құру үшін қызмет ететін, сонымен қатар қоғамдық қатынастарды оның жетіспеушілік және қарама қайшылықты жағдайында тікелей реттеуді жүзеге асыратын жалпыға міндетті негізгі бастапқы идеялар.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет