құрылымдарына түсінік. Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: АctivStudio-ның құралдар
тақтасының құрылымы. Негізгі құралдар тақтасы. Арнайы құралдар тақтасы. Флипчарттың құралдар тақтасы. Объектіні редакторлеу құралдар тақтасы.
Бетті редакторлеу құралдары. Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды
өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық
құрылғы.
Жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына Activpen
қаламымен екі рет шерту қажет.
Жұмыс үстелінің құрылымы
1. Флипчарттың тақырып қатары
2. Флипчарттың жұмыс аймағы
3. Негізгі құралдар тақтасы
4. Тақырып қатарындағы батырмалар
5. Флипчарт беттерінің түстік аймағы
6. Флипчарт құралы
7. Қоржын
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс
аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті
құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып,
бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе
объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу
құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің
экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың
қолдануға дайын беті. Флипчарт
батырмасын басқаннан кейін ғана іске
қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен
Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.
АctivStudio-ның құралдар тақтасының құрылымы негізгі құралдар тақтасы
арнайы құралдар тақтасы
флипчарттың
құралдар тақтасы
объектіні редакторлеу
құралдар тақтасы
бетті редакторлеу
құралдар тақтасы
тез таңдау құралдар тақтасы
№9 дәріс. Тақырыбы: ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсының