Дамыту тұжырымдамасы
Мектептің даму стратегиясы
«ҚР Білім туралы» Заңының орындалуы және сонымен байланысты нормативті шығармашылық құжаттар бағыты Павлодар қаласының №38 негізгі жалпы білім беру мектебінің стратегиялық курсы болып табылады. Осы мағынада білім дамуының мемлекеттік бағдарламаларымен сәйкес мектепішілік өмірдің үрдісі жүреді. Бұл төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- Құзіреттілікке бағытталған педагогика;
- Ақпараттық қоғам құрылымының жолы;
- Білім беру мен ғылымның кіріктірілуі, ғылыми тәжірибе жасалған.
- Өмірмен байланыс. Елдің индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы.
- Адамзаттық капиталдың жоғары сапасына көмек көрсету мемлекет пен аймақтың соларға деген қызығушылығына байланысты.
Осылардан келіп шыққан стратегия келесі тактикалық іс-әрекетті болжайды:
- Оқушылар мен мұғалімдердің жоғары қызығушылығы соңғы нәтиженің жетістігі;
Ептілік, жинақтылық, мобильділік, басқару тобының шығармашылық алғырлығы;
Мектепішілік өмірдің жарыс түрлері: (жарыстар, презентация, олимпиада, регата, МОР, ОҒҚ, түрлі секциялар, бірінші болу үшін күрес, «Жыл мұғалімі», «Жыл оқушысы» және т.б.).
Инновациялық жұмыс тәжірибесімен алмасу жоспарында ЖОО, колледж, мамандандырылған мектептермен бірлесіп еңбектену, әр педагог пен мектептің максималды ашықтығы;
- Көп тілділікті дамыту, оқыту мазмұнын жаңарту, білім сапасын арттыру, оқытуды жинақтау түрлері, қоғамдық-белсенді мектеп қалыптастыру, білім алушар үшін креативтік дидактика құру, оқу-тәрбие үрдісі жүйесінде НЗМ тәжірибесін қолдану – барлығы топтық және жеке мәндегі мектепішілік сан қырлы жобалар.
Павлодар қаласының №38 негізгі жалпы білім беру мектебінің ұжымының 2014-2019 жылдарының талдауларын саралай келе, 2019-2024 жылдарға алынған мақсат- міндеттер:
Мектептің бес жылғы тақырыбы: Бірлескен қызметті ұйымдастыру арқылы мектеп педагогтарының кәсіби шеберлік деңгейін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |