Маукеева Гульнар Асетовна Павлодар, 2019 ж 2019-2024 жылдарға арналған мектептің Даму бағдарламасы



бет5/7
Дата15.02.2024
өлшемі55.08 Kb.
#491708
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Мектеп тақырыбы: Соңғы нәтижеге бағыттталған мектеп жүйесін құру арқылы бәсекеге қабілетті, шығармашыл, өзін-өзі анықтаған түлектің жеке тұлғасын қалыптастыру.
Ұран: Білім берудегі жоғары сапа мен көшбасшылық
Мақсат: Қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағытында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін білім берудің инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізе отырып шығармашылығы жан – жақты дамыған, өзін-өзі анықтаған түлектің жеке тұлғасын қалыптастыру арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.
Міндеттері:

  • қазіргі заманғы басқару нысандарын іске асыру;

  • Вариативтік компоненттен элективтік курс бағдарламасын жасау;

  • функционалды сауатты, патриот, жауапты, көптілді, креативті, және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, жетекші қазақстандық ЖОО түсетін оқушыларды қалыптастыруға ықпал ететін оқытатын орта жасау;

  • мұғалімдер мен басқа да педагог қызметкерлерді кәсіби дамытуды қолдау;

  • мектеп өміріне ата-аналар жұртшылығын тарту.

Болашақ бесжылдық негізіндегі мектеп көрінісі
Мектеп моделі мен түлектері
Мектеп мәртебесі келесі бесжылдықта жалпы жоғары деңгейге көтерілу керек, яғни, ата-аналар, оқушылар және үкіметпен қойылған талаптарға сау болу.
Мектеп моделіне енгізілетін өзгерістер:

  • білім берудің жаңартылған мазмұны және оның бағдарламалық қамтамасыз етілуі:

  • Үш тілде сөйлеп, жаза білетін көп мәдениетті тұлға дайындайтын жүйелі тілдік білім беру;

  • Мектеп жүйесінің барлық бағыттары мен деңгейлерінен өтетін креативтілік (басқаруда – креативтілік менеджмент, оқу үрдісі – креативтілік дидактика, тұлғаның креативтілік өзі-өзін ұйымдастыруы, дамытуы, зиялы, интеллектуалдық тұлғаны дамыту, педагог менеджменті мен көшбасшылық;

  • Креативтілік пен ғылыми-зерттеу бағытындағы зиялы, интеллектуалдық бала тұлғасына негізделген мектепішілік өзін-өзі басқару;

  • соңғы нәтижеге жетудің шарты ретінде педагог

  • тұлғасы табылады – ойшыл, нағыз маман, интеллектуалдық тұлға феноменіне сәйкес тұлға.

І саты. 1-4 сыныптар. – «Білім шыңын бағындыру аймағы». Білім алушылардың өміріндегі ерекше кезең, себебі: мектепке барғанда баланың негізгі іс-әрекетінің өзгеруі - білім беру қызметіне ауысуымен (ойынның маңыздылығын сақтай отырып), ол әлеуметтік сипатта және мазмұны жағынан маңызды білім беру кезеңі.
ІІ саты. 5 – 9 сыныптар-«Еркін ізденіс аймағы» - күрделенген танымдық үдерістерге өтуге арнайы икем және дағдыны қалыптастыратын, оқушыларға оқытудың жеке бағдарламасын таңдауға мүмкіндіктер беретін, білімнің тиісті саласына ерте бастан бейімдеуді жүзеге асыратын, ғылым негіздерін меңгеру және тұлғараалық пен этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған базалық білім беру.
Мақсаты: өзін - өзі дамыту
Міндеттері:
қоғамдағы өзгерістер жағдайында өмір сүруге бейім, білім даярлағының іргетасы қаланған, өз Отанының азаматы, ұлттың болашағы екендігін сезінген тұлғаны дамыту.

  • Негізгі мектептің мемлекеттік стандартының міндетті деңгейін толық меңгерген

  • Белсенді өмірлік позициясы қалыптасқан

  • Компьютерді жақсы меңгерген

  • Құқықтық білімдері жеткілікті

  • Өз - өзіне баға береді, шығармашылық жұмысқа қызығушылығы бар

  • Ана тілін, шет тілін біледі

  • Өз елінің патриоты, ұлтжанды, халқының мүддесін қорғай алады

  • Салауатты өмір салты дағдыларын біледі.

  • Денсаулығы мықты, шыныққан, спортпен спортпен айналысады

  • Әлемдік және Отандық мәдениеттің жетістіктерін танып меңгерген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет