Павлодар қаласының № 38 негізгі жалпы білім беру мектебінің тұжырымдамасы.
2019-2024 жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасына талдау.
Маукеева Гульнар Асетовна
Бағдарламаға ұсыныс берушілер
Бағдарламаның мақсаты:
|
Социум, педагогикалық ұжым.
Қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағытында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін білім берудің инновациялық технологияларды пайдадану арқылы, шығармашылығы жан – жақты дамыған, өзін-өзі анықтаған түлектің жеке тұлғасын қалыптастыру арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.
|
Міндеттері:
|
Мектептің білім бері үрдісіне қосымша білім беруді қосудың неғұрлым нәтижелі тәсілдерін анықтау.
Әрбір оқушы тұлғасын, оның жеке тұлғалық өмірлік көзқарастары мен жоғары құндылықтар мен адам өмірінің маңызына деген сенімге негізделген білім мен сенімде,бірлік пен үйлесімде қалыптастыру.
Білім беру үрдісіндегі оқушылар мен мұғалімдердің үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алуын қамтамасыз ету, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту.
Оқушы бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру
Білім беру мен ғылымды ықпалдастыру.
Білімдік қеңістік құрылымының негізгі қағидаларын анықтау.
Құзыреттілік тәсілдер негізінде заманауи сабақты ұйымдастыруда инновациялық технологияларды енгізу.
|
Бағдарламаны басқару
|
Бағдарламаға өзгерістердің енгізілуі мектептің педкеңесімен, ал бағдарламаның іске асырылуы мектеп әкімшілігімен атқарылады.
|
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері
|
2019 – 2024 жылдар
Бағдарлама үш кезеңде іске асырылатын болады:
|
Достарыңызбен бөлісу: |