Маукеева Гульнар Асетовна Павлодар, 2019 ж 2019-2024 жылдарға арналған мектептің Даму бағдарламасы


Бірінші кезең: 2019 – 2020 жылдар



бет3/7
Дата15.02.2024
өлшемі55.08 Kb.
#491708
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Бірінші кезең: 2019 – 2020 жылдар;
Білім беру модернизациясы жағдайында мектептің перспективті даму бағыттарын анықтау. Бағдарламаның іске асырылуына жағдай жасау:

  1. Аналитикалық-диагностикалық іс-әрекет, білім беру және тәрбиелеу іс-әрекетінің әртүрлі аспектілерінің мониторингі;

  2. Іс-әрекеттің стратегиясы мен тактикасын анықтау;

  3. Білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің кадрлік қамтамасыздандыру;

  4. Материалдық-техникалық және нормативті-әдістемелік қамтамасыздандыру мәселелерін шешу.

  5. Білім беру және тәрбиелеу саласында инновациялық үдерістердің апробациясын жасау.

Екінші кезең: Негізгі кезеңі: 2020 – 2023 жылдар.

  • білім беру үдерісіне білім беру жүйесінің жұмыс істеуі (нормалардың сақталуы) мен оның дамуы (тәжірибеге инновацияларды енгізу) арасындағы байланысты қамтамасыздандыратын бағдарламаларды енгізу;

  • білім беру мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерінің жетілдірілуін қамтамасыз ету;

  • қол жеткен нәтижелердің сандық пен сапалық бекітілуін қамтамасыз ету;

  • инновациялық іс-әрекеттің мониторингін жүргізу;

  • мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық деңгейін жетілдіру.

Үшінші кезең . Жалпылау кезеңі (2023 -2024 о.ж)

Бағдарламаны орындаушылар

Павлодар қаласының №38 негізгі жалпы білім беру мектебінің ұжымы



Кіріспе
Даму бағдарламасына түсінік хат
Соңғы жылдары елімізде және Қазақстандық білім беру саласында маңызды оқиғалардың болуына байланысты , жалпы орта білімберу мектептерінің даму бағыттарын анықтаған көптеген жаңа методологиялық құжаттар пайда болды.
Инновациялық бағыт ретінде Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің жұмыс жүйесі ұсынылды.
«Жаһандану дәуірі бұрын болып көрмеген ақпараттар ағымымен, технологиялар және идеялармен ақпаратты қоғамды қалыптастыруымен белгілі болды. Мұнда алғыр, жоғары дамыған, шығармашылық ақыл-ой, жаһандану әлемі мәселелерін шешуге қабілеттілер жеңімпаз бола алады. Сондықтан ҚР білім жүйесін қайта құру өз мемлекетін әлемдегі ең дамыған 30 елдердің бірі ретінде сақтап қалуға, уақыт талабына қарсы тұруға дайын, қабілетті, жаңа қалыпты адамды қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін соңғы он жылдықтағы барлық тұжырымдамалық құжаттар, қазіргі уақытта өзектісі «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» болып табылады. Осы құжаттарды негізге ала отырып, мектеп түлектеріне тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін терең білім беруіміз қажет. Павлодар қаласының № 38 негізгі жалпы білім беру мектебі дәл осы бағыт бойынша қалыптасу және даму жолында.
Қазіргі мектептің басты міндеті тек оқушыларға білім беріп қана қоймай, өз көз қарасын жүйелі түрде тұжырымдап білдіре алатын мәдениетті білімді оқушы тәрбиелеу. Бағдарлама мектептің дамуының стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін айқындайды.
Павлодар қаласының № 38 негізгі жалпы білім беру мектебінің әріқарайғы дамуының стратегиялық мақсаты – білім саласындағы барлық жаңашылдықтарды жүзеге асыру және ұлттық генетикалық мәдениетті(тіл, дәстүр, құндылықтарды) сақтай отырып, өміріміздің барлық аясындағы жаңарудың мемлекеттік бағдарламасымен сәйкес заман ағымына ілесу.
Нәтиже болып саналатын:

  • Бәсекеге қабілетті болып табылатын мектеп түлегі;

  • Зиялы, инттелектуалды жеке тұлғаға сай келетін жаңа формация мұғалімі;

  • Мектеп қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысына жүйелі, ғылыми негізделген қатынасты қамтамасыз ететін мектептік және педагогтық менеджмент.

Осы бағдарламаны әзірлеу білім беру сапасын арттыруға, мектеп алдына қойған міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттілігінен, оқушылар мен ата-аналардың сұранысынан туындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет