Мазм ұ н ы кіріспе


Қол жеткізу жолдары: I және II кезеңдерде (2011-2015 жж.): Қоғамдағы гендерлік мәдениетті кең көлемде ақпараттандырып, насихаттайтын тәжірибе жалғасын табатын болады



бет13/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.28 Mb.
#123184
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қол жеткізу жолдары: I және II кезеңдерде (2011-2015 жж.): Қоғамдағы гендерлік мәдениетті кең көлемде ақпараттандырып, насихаттайтын тәжірибе жалғасын табатын болады.


Әйелдердің атқарушы органдарға тартылуына, өкілетті органдардың сайлау компанияларына белсенді қатысуына, ваканттық лауазымдарға орналасуына байланысты семинарлар, тренингтер мен оқытып үйрету курстары үнемі жүргізілетін болады.

Әйелдердің, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылуына ықпал етіледі. Әйелдерге шағын және орта бизнесте де қолдау көрсетіледі.


4.5.6.: Мақсат. Көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту.




Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

1.

Мақсатты индикатор:

Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы кем дегенде 55% құрайды. (2009 ж. – 50%)



51

51,7

52,0

52,3

52,8

4.5.6.1. Міндет. Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігінің, денсаулығының, конституциялық құқықтары мен еріктерінің қажетті деңгейін ұстап тұру.

1.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

13,0

12,8

12,6

12,5

12,0

2.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы %

5,2

5,2

5,1

5,0

5,0

3.

Азаматтардың қатысуымен анықталған және алды кесілген құқық бұзушылықтардың саны, бір.

28

32

35

40

45

4.5.6.2. Міндет. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1.

Жол көлік оқиғаларының деңгейін төмендету (1000 бірлік көлігіне).

68

60

50

45

36

2.

Жол көлік оқиғаларында қаза болғандар деңгейін төмендету (100 зардап шеккендерге)

35,7

35,2

34,0

32

28,0

3.

Жол көлік оқиғаларарынан зардап шеккендер деңгейін төмендету, (1000 халық санына)

9,0

8,5

8,0

7,0

6,5

Қол жеткізуге жауаптылар: Аудандық ішкі істер бөлімі, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, ішкі саясат бөлімдері.


4.5.7.: Мақсат. Қылмысқа қарсы күрес, есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл.




Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

1.

Мақсатты индикатор:

Жалпы қылмыстардың болжамдық деңгейі. 2015 жылы 42-ден жоғры емес (2009ж. – 38,7)



35,8

35,6

35,2

35,1

35,0

4.5.7.1. Міндет. Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес.

1.

Қылмыстық істері өндірісте тұрған ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу үлесі, %

71,0

71,5

72,0

72,5

73,0

2.

Қылмыстық істері өндірісте тұрған ұрлықтардың ашылу үлесі, %

54

54,5

55

56

57

3.

Есірткі сатуға байланысты анықталған қылмыстардың үлесі, %

14

15

16

18

20

Қол жеткізуге жауаптылар: Аудандық ішкі істер бөлімі, денсаулық, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, ішкі саясат бөлімдері.

Қол жеткізу жолдары: I және II кезеңдерде (2011-2015 жж.): Қоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардың өмір сүру, денсаулық, конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қауіпсіздік деңгейін қажетті мөлшерде ұстап тұру үшін төмендегі негізгі шаралар іске асырылатын болады:

Қылмыс орнына жедел жету, жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатынды арнайы автотранспорттар алынады;

Мектептер мен криминалдық жағдайы нашар орындарды кешенді тексерулер жүргізіліп, тексеру нәтижесі кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияда, білім бөлімдерінде қаралатын болады;

Жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде бірлескен шаралар мен жұмыстар жүргізу ұйымдастырылады;

Көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықты қорғау механизмі жетілдіріліп жылжымалы пункттер мен полиция топтары жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық құқық қорғау құрылымдарының желілерін кеңейту;

Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі шаралар ұйымдастырылады:

Жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу;

Азаматтарға көлік құралдарын тіркеу барысындағы процесстерді оңтайландырып жағдай жасау;

Жол полициясының жол қауіпсіздігі, көлік құралдарының, жолдардың жағдайына және жүргізушілерді кәсіби дайындау жұмыстарына тигізетін ықпалының тиімділігін арттыру;

Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе жолаушылар тасымалдайтын көліктердің жүргізушілерінің тәртібін нығайту;

Қылмыспен күрес, қылмыскерлерді іздестіру, наркотикалық заттар мен нашақорлыққа қарсы тұрудың тиімділігін арттыру мақсатында:

Қылмыстарды ашу және қылмыскерлерді іздестіру үшін полицияның барлық құрамы мен күштерін кешенді пайдалану;

Жедел іздестіру шаралары мен қылмысты ашу үшін арнайы операциялар, әсіресе «ізі суымаған істер» бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;

Наркобизнес саласында ұйымдасқан қылмыстық топтардың алдын алу, ескерту және анықтау.

Көпшілік жиналатын орындарда, мектептерде, саяжай аумақтары мен жағажайлардағы демалу және т.б. орындарында наркотикалық заттарды тарату фактілерін анықтау мақсатында арнайы рейдтік тексерулер жүргізіп тұру.


5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

мың.теңге



Бағыт

I кезең

II кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

Агроөнеркәсіп кешенінде, өнеркәсіпте жоғары өнімділікті инновациялық технологиялар ендіру негізінде өңір экономикасын жетелдетіп дамыту.

1624486

18361

49000

40000

36000

2

Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, халықты өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету.

739931

663672

1013751

105000

110000

3

Экономиканы үдемелі индустрияландыруға және сапалы тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау.

1689808

1745097

1939112

850000

843000

4

Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту және экологияны жақсарту есебінен ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру

18576

20474

20474

20474

20474

5

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

27463

28931

32620

25000

25000

 Бағдарлама бойынша барлығы:

4100264

2447604

3054957

1040474

1034474

Ескерту - қаржыландыру көлемдері нақтыланады.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Жамбыл ауданының аумағын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын басқаруды бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үрдісі келесі сатылардан тұрады:

мониторинг;

бағалау;


бақылау.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жылына екі рет жүзеге асырылады: жарты жыл қорытындысы бойынша және жыл қорытындысы бойынша.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының жарты жыл қорытындылары бойынша мониторингін жүргізу үшін оларды әзірлеу мен іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыры шегінде уәкілетті органдарға аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүргізуге есепті кезең аяқталғаннан кейінгі екі апта мерзімде іске асыру барысы туралы шұғыл есептілікті ұсынады.

Мониторинг « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары» бөлімінде берілген міндеттер көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Ауданның тиісті бөлімі Жамбыл ауданын дамыту бағдарламасының жарты жыл қорытындылары бойынша жүргізілген мониторингінің нәтижелері бойынша тиісті органға қорытынды ұсынады.

Бағдарламаларды іске асыруға қатысатын әртүрлі жақтардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ аталған бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы ортаның әсерін талдауды ескере отырып дайындалған көкейкесті қорытындылар және жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау мониторингтің нәтижесі болып табылады.

Аудан аумақтарын дамытудың бағдарламасын бағалауды аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жүргізеді.

Аудандық даму бағдарламасын бағалау жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының негізінде және «Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштер, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары» бөлімінде көрсетілген мақсатты индикаторларға қол жеткізуді талдау негізінде жүзеге асырылады.

Аудандық даму бағдарламасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды уәкілетті органмен аудандық даму бағдарламасын бағалауды жүргізуге тиісті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей ұсынылады. Аудандық даму бағдарламасын бағалау қорытындыларын қарағаннан кейін тиісті орган сараптамалық қорытынды шығарады.

Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде анықталған уәкілетті мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асырудың мониторингі және бағалануы арқылы жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет