Мазмұндамалар жинағы 5-6 сыныптар үшін «Қазақ тілі»



бет10/16
Дата12.12.2023
өлшемі3.04 Mb.
#486262
түріМазмұндама
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
ДИКТАНТ МАЗМУНДАМА ТУРЛЕРИ СЫНЫПТАР АРАЛЫК

Шұғаның аулында
Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат. Делбені өзім ұстадым. Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз, бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде. Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі – Шұға . (110 сөз). Б.Майлин
Ана
Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, қайталап айтады. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі.
Даңққа бөленген әртіс әр уақытта анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды.
Ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын – бәрібір сүйеді. Ол оны құрсағында өсіреді, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнаған. Ол баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады – бәрінде де, барлық істе де ол сонымен бірге. Ана махаббаты қандай ғажап еді!  (110 сөз).


Қазақ әдебиетінен жазба жұмыстарына қойылатын талаптар (мазмұндама, шығарма)
Мазмұндама мәтінінің көлемі

Сыныптар

Мәтін көлемі

5

100-150 сөз

6

150-200 сөз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет