Мазмұндамалар жинағы 5-6 сыныптар үшін «Қазақ тілі»


Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі



бет11/16
Дата19.06.2023
өлшемі57.27 Kb.
#475215
түріМазмұндама
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
диктант 6 сынып

Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі

Сыыптар

Жазба жұмысының түрі

І

ІІ

ІІІ

ІV

Барлығы

5

Мазмұндама

2

2

2

2

8

Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4

Барлығы

3

3

3

3

12

6

Мазмұндама

2

2

-

-

4

Шығарма

-

-

2

2

4

Сыныптан тыс жұмыс

1

1

1

1

4

Барлығы

3

3

3

3

12

Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәніне арналған дәптерлер саны

Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Барлығы

Қазақ әдебиеті

1

1

2


Мазмұндама жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады:
-дайын мәтін бойынша мазмұндама;
-сурет бойынша мазмұндама;
-аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады;
-мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;
-мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;
-өз жанынан қосымша оқиға қосу;
-мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;
-қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннен тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;
-кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
-берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.

Шығарма мен мазмұндаманы бағалау.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарастырылады:
1) мазмұндылығы мен идеялылығы;
2) ой-пікірдің жүйелілігі;
3) стилі;
4) грамматикалық сауаттылығы;
5) әдеби материалдарды пайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады. Шығарма мен мазмұндама екі
бағамен бағаланады: Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады. Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет