Мазмұндамалар жинағы 5-6 сыныптар үшін «Қазақ тілі»



бет16/16
Дата19.06.2023
өлшемі57.27 Kb.
#475215
түріМазмұндама
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
диктант 6 сынып

Таза бұлақ
Үш жолаушы бір бұлақтың басында кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерде екен. Суы мұздай салқын, жылтылдап тұрған таза бұлақ екен.
Бұлақтың көзіне жақын бір тасты қойып, тасқа: «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!», - деп жазыпты.
Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша ішеді, тастағы жазуға көздері түседі. Сонда бір жолаушы тұрып былай дейді:
-Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған бөтен бұлақтар құйып, үлкен өзен болады. Мұнан мынадай ғибрат алуға болады. Адал қызмет қыл, ешқашан жалқауланып тоқталып қалма. Сөйтсең, ақырында, мұратыңа жетесің дегені деп білем, – деді.
Екінші жолаушы:
- Жоқ, мен олай ойламаймын, – дейді.
- Бұл жазудың мағынасы сіз ойлағаннан гөрі тереңірек соқса керек: бұл бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса бұл: «біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе» деген ақыл болады.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрды. Жоладастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрады.
Жігіт айтты:
- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін бәрі ынтық. Бұл жазудың мағынасы мынау: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Бұлаққа қарасаң: күн түссе – күннің, шөп түссе – шөптің сәулесін көреміз. Көңілің де сондай сыртқа ашық көрініп тұрсын деген ғой деймін, - депті. (199сөз). Ы.Алтынсарин

Наурыз
Наурыз – парсы сөзі, қазақшасы «Жаңа жыл», «күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды.
Наурыз – діні мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық», – дейді.
Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия әкімдері: «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді», – деп зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып, кешірім берген.
Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін!». Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.
Наурыз көже – азықтың жеті түрінен жасалады. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады. (199 сөз). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет