Мазмұны : I. Кіріспе



бет2/4
Дата25.12.2022
өлшемі327.26 Kb.
#467882
1   2   3   4
Қадырхан Ш

II. Негізгі бөлім
2.1 Температураны өлшеу әдістері.
Изохоралық және изобаралық процестерде қысым мен көлем температурамен функционалды байланыста, яғни
, .

Сондықтан, бұл процестерде көлем мен қысымның өзгерістері арқылы температураны анықтауға болады.


Температураны өлшейтін құралдар термометрлер деп аталады. Термометр - температураны оның белгілі функциясы болып табылатын сигналға түрлендіру жолымен өлшеу құрылғысы болып табылады.
Кез келген термометрдің басты қасиеті температураға байланысты тез өзгеретін және оңай белгілеп алуға болатын, термометрлік денеден тұратындығы. Осы дененің температураға байланысты қасиеті термометрлік параметр Х деп аталады және оның өзгерісі арқылы температуралық шкала жасалады. Температуралық шкалалар жасауда заттардың көлемінің, қысымының, ұзындығының, электрлік кедергісінің параметрлерінің температураға тәуелділігі пайдалынады.
Температураны өлшеу ыңғайлы болу үшін, термометрлік дене мен оның параметрі, мына түрдегі сызықтық фунциямен өзгеретіндей етіп таңдап алынады:
.

Теңдеудегі және тұрақтылары, екі температураға сәйкес Х мәнімен анықталады. Практикалық температуралық шкала былай жасалады: бастапқы қалпына қайта оралатын екі күйдің қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру және судың қайнау нүктелерінің термометрлік параметрлерінің мәндері анықталады.


Халықаралық практикалық температуралық шкала бойынша мұздың еру температурасы , ал судың қайнау температурасы 1000С. Осы екі күйдегі термометрлердің көрсетулері жоғарғы теңдеуге сүйенсек былай жазылады:


,


.

Сонда термометрлік дененің қасиетінің мәнге өзгеруі 1К сәйкес келеді.


Қазіргі кезде екі температуралық шкала пайдаланылады.
Халықаралық практикалық шкала (Цельсий шкаласы) Цельсий градусымен бөлінген (0С) Па қысымда екі реперлік нүкте – судың қатаю және қайнау температуралары, сәйкес 00С және 1000С алынған.
Термодинамикалық температуралық шкала (Кельвин шкаласы) Кельвин градусында бөлінген (К) бір реперлік нүктемен анықталады – судың үштік нүктесі – 609 Па қысымда мұз, су, қаныққан бу термодинамикалық тепе-теңдікте болатын температура. Бұл нүктенің берілген шкаладағы температурасы 273,16 К. температурасы Кельвин нолі деп аталады.
Термодинамикалық температура (Т) мен халықаралық практикалық температура мына қатынаспен байланысқан


.

Қалыпты жағдайда: , Па.


Температураны сынапты термометрлермен өлшеу әдісі. Температураны өлшейтін ең кең тараған прибор сынапты термометрлер болып табылады. Сынапты темометрдің артықшылығы шкала бойынша температураны тікелей өлшеп алуға болатындығында. Оның кемшілігі оның көрсетуінің тұрақсыздығы, үлкен термиялық инерттілігі және т.б. Сынапты термометрлердің осы кемшілігі қолдану аумағын шектейді. Сынапты термометрлермен өлшенетін температура интервалы -320 - +3500C. Төменгі шегі сынаптың қату температурасына, ал жоғарғы шегі оның қайнау температурасына сәйкес келеді. Жоғарғы шегін +7500C дейін артыруға болады. Ол сынабы бар капиллярға жоғары қысыммен инертті газды қосу арқылы жүзеге асады. Ол кезде термометрдің материалын кварцпен алмастырады. Сондықтан сынапты термометрлермен дәл өлшеулер алу үшін көптеген түзетулер енгіз керек.
Ондай түзетулер ендіру қиындыққа соғады, сондықтан берілген термометрді үлгі етіп алынған термометрмен және мұздың еруі мен судың қайнауымен салыстыру арқылы анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет