Егіншілік жүйесі- өсімдік шаруашылығы саласын ғылыми тұрғыдан жүргізу деп белгілі орыс ғалымы профессор А.В. Советов (1826-1901) ғылыми негізде түсінік берген. ХХ ғасырдың басында академик В.Р.Вильямс минералды тыңайтқыштардың аз мөлшерде өндірілетінін ескере отырып шөптанапты егіншілік жүйесін ұсынды, яғни топырақ құнарлылығын минералдық тыңайтқышсыз көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің көмегімен қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді.
Қазіргі кезде, егіншілік жүйеі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы және тұрақты өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, егіншілік жүйесінің міндетері күрделіне түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауылшаруашылық ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарлату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі өзгерді.Сондықтан, жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады.
Бұрынғы замандағы және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды (интенсивті).
Егіншіліктің қарапайым жүйесі топырақтың тек табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген. Бұл егіншіліктің алғашқы даму кезеңіне тән ерекшелік, яғни ол егіншіліктің ең қарапайым жүйесі болып саналады. Ерте кезде адамдар орманды алқаптарға егін салу үшін, ағаштарды кесіп немесе өртеп, егістік алаңдар даярлаған. Орманнан тазартылған жерлерде 3-5 жыл бойы дақылдар егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақ құнарлылығы және өнім мөлшері төмендеген жағдайда, ол жерлер тасталып, егіс үшін жаңа жерлер дайындалған. Егіншіліктің бұл жүйесі отамалы отты өртеу деп аталады. Далалық аймақтарда ағаш мүлде жоқ, немесе жоқтың қасы, онда көбінесе көпжылдық табиғи шөптер өсетіні белгілі. Сондықтан, бұл жерлерде егістік үшін табиғи тың жерлер, жайылымдар мен шабындықтар пайдаланылған. Мұны тыңайған егіншілік жүйесі деп атаған.
Пайдаланылатын жерлердің өнімділігі төмендеп, арамшөптерді көбейіп, құнарлылығы азая бастаған кезде дихандар ол жерлерді тастап, басқа тың жерлерге ауысып отырған. Тастап кеткен танаптарда 15-20 жылдан кейін, табиғи көпжылдық шөптердің өсуіне байланысты, топырағының құнарлылығы қайтадан қалпына келген. Сол кездері, танап қайта жыртылып, егін себілген. Сондықтан, егіншіліктің бұл көшпелі тәсілі-тыңайған “егіншілік” жүйесі делінген. Қазақстанда көпке дейін егіншіліктің осы жүйесі қолданып келген.
Егіншіліктің экстенсивті жүйесі. Бұл жүйе егіске жарамды жерлерді пайдалануды жақсартты. Халықтың санының өсуіне байланысты, егіс алқабының көлемі ұлғайтырылды. Жерге жекеменшіктік пайда болды, сол себепті дихан кез-келген жерді жырту мүмкіндігінен айырылды. Енді, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттілігі туды. Ондай талаптар жерді парға қалдыру арқылы жүзеге асырылды. Жерді парға қалдырғанда армашөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығын жоғарлатуға мүмкіндік жасалды. Жерді тыңайту мерзімі бір жылға дейін қысқартылды. Дақыл егілмеген танапта арамшөптермен күресу жүргізіледі, яғни жаз бойы күтіп-бапталды. Осылай егіншіліктің экстенсивтік жүйесі пайда болды. Парға қалдырылған танаптарға органикалық және минералдық тыңайтқыштар сіңіріледі. Сөйтіп, табиғи жағдайда танаптың құнарлылық күші 15-20 жылда қалпына келетін болса, адам оны бір жылда құнарлы қалпына келтіретін болған.
Алғашында ауыспалы егіс екі танаптан ғана тұрды. Біреуін парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары себілді. Содан кейін екі танапты ауыспалы егістің орнына, 3-4 танапы ауыспалы егісті пайдалана бастады. Бұл экстенсивті егіншіліктің парлы жүйесі деп аталынды. Егіншіліктің бұл жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда жүйесі алға басқандық болды. Бұл жүйе бойынша мол өнім жинау үшін егіске жарамды жерлердің басым көпшілігіне дәнді дақылдар егуге мүмкіндік туды. Егіншіліктің экстенсивтік жүйесіне бұдан басқа көп танапты-шөпті, жақсартылған дәнді дақылдар, шөптанапты жүйелері жатады.
Егіншіліктің интенсивті озық жүйесі. Бұл жүйе 18 ғасырдың басында Англияда пайда болған. Оның ерекшелігі-жерді тиімді пайдалану үшін егіншілікте ғылымға негізделген кешенді шаралар қолданылды. Ол үшін танаптарға қажетті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар берілді, зиянкестерден және аурулардан қорғау үшін әр түрлі химиялық улы заттар қолданылды. Бұл жүйеде пар жоқ, ауыспалы егіс құрамына техникалық дақылдар енгізілді.
Жылма-жыл танаптарға биологиялық жағынан әр түрлі және өсіру технологиясы бір-бірінен өзгеше дақылдарды орналастыру топырақың құнарлылығын жоғарылатып, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Осы күнгі интенсивтік егіншілік жүйесіне тұқым алмастыру, жақсартылған дәнді-парлы, дәнді-отамалы, дәнді-парлы-отамалы, дәнді-шөпті түрлері жатады.
Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық ауылшаруашылық өнімдерін жеткілікті мөлшерде өндірумен қатар, жыл сайын топырақ құнарлылығының арта түсуін және алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның экономикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана ауыл шаруашылығына енгізіледі. Әр аймақтың табиғи-экономикалық жағдайына қарап, оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Қазақстанның солтүстік аймағының топырағы қара және қарақоңыр, жауын-шашын мөлшері 300-400мм болады, сондықтан бұл өңірде дәнді-парлы егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жерлердің 2/3 бөлігі астық дақылдарының үлесіне тиеді, ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің суармалы жерлерінде негізінен техникалық дақылдар өсірілгендіктен, бұл жерлерде интенсивтік егіншілік жүйесі басым. Суармалы жерлерде таза пар болмайды. Жердің құнарлылығы көпжылдық және біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер өсіру, топырақты дұрыс өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, ауыспалы егістерді енгізу және игеру арқылы жоғарылатылады.
Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік, оңтүстік–шығыс аймағының тәлімі жерлерінде егіншіліктің топырақты эрозиядан қорғау жүйесі қолданылады. Себебі, тың және тыңайған жерлерді игерген кезде, бұл аймақтарда жел эрозиясы басталды. Топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып әкетті. Топырақты осы апаттан сақтау үшін, егіншіліктің арнайы жүйесі-топырақты қорғау шарасы қолданылды.
Егіншіліктің жүйесін ғылыми негізде құру үшін біраз шаралар қолдану керек. Шаруашылықтың бағытын анықтап, осыған сәйкес егіс көлемінің құрылысын нақтылы есептеу, ауыспалы егіс нобайларын құру, жер өңдеу жұмыстарын жоспарлау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау, арамшөптермен, ауылшаруашылық дақылдарының ауруларымен, зиянкестермен күрес шараларын құру, тұқым алмастыру жүйесін жоспарлау, топырақты су және жел эрозияларынан қорғау жүйесін белгілеу, осы жұмыстардың бәрін толық орындауға қажетті ауылшаруашылық машиналары және құралдарымен шаруашылықтарды толық қамтамасыз ету. Бұл шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Топырағының құнарлылығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дұрыс беру жүйесінің маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін, ал жауын-шашын аз түсетін жерлерде суару, ылғал жинау және оны сақтау шараларының маңызы зор.
Қазақстан жер көлемі жағынан ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Республика жері батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтай тауына дейін 2000 шақырымға, ал солтүстігінде орманды-далалық Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1695 шақырымға созылып жатыр. Үлкен материктің ортасында мұхиттардан өте қашық орнасқандықтан климаты құрғақ және күрт континентальды болып келеді. Жерінің үлкенділігіне байланысты және территориясында биік таулар болғандықан Қазақстанның климаты, топырағы, жер бедері алуан түрлі болады. Жазық далалары, жалпақ жоталары, биік қарлы таулары да бар. Осыған байланысты, республика территориясы әртүрлі аймақтарға бөлінген. Әр аймақтың топырағына, климатына байланысты өзіне лайықты, тиімді егіншілік жүйелері бар.
Қазақстан Республикасының территориясы төрт егіншілік жүйесіне бөлінген:
1.Негізінен, жаздық бидай өсірілетін Солтүстік, Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда қолданылатын топырақ қорғау егіншілік жүйесі.
Бұл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-400 мм, күшті жел жиі соғып тұрады, соның әсерінен топырақ эрозияға ұшырайды. Сондықтан, аймақтың егіншілік жүйесі топырақты эрозиядан қорғауға, мүмкіндігінше көбірек ылғал жиануға бағытталған. Сонымен қатар, тұзы мол, сортаң топырақтардың құнарлылығын көтеруге, арамшөптерді жоюға арналған шараларда жүргізіледі. Бұл өңірде көбінесе қысқа айналымда дәнді-парлы ауыспалы және дәнді-парлы–отамалы ауыспалы егістері қолданылады.
Жауын-шашыны молырақ далалық, орманды-далалық аймақтарда төрт-бес танапты дәнді-парлы ауыспалы егіс қолданылады, онда пардан кейін дәнді масақты дақылдар екі-үш рет егіледі. Кейде алты танапты дәнді-парлы-отамалы ауыспалы егістер қолданылады, онда пар-бір танапты, дәнді масақты дақылдар төрт танапты, сүрлемге арналған жүгері бір танапты алып жатады.
Топырағы жеңіл, құмдауыт болып келетін алқаптарға оны эрозиядан қорғау үшін арнаулы топырақ қорғау ауыспалы егістері қолданылады. Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі-танаптар ені 50-100 м болып келетін жолақтарға бөлінеді. Сол жолақтарға парлар мен дәнді дақылдар, отамалы дақылдар мен дәнді дақылдар немесе көпжылдық шөптер мен дәнді дақылдар кезектесіп егіледі. Бұл жағдайда, егістік жердің 50 пайызы көпжылдық шөптердің, 40 пайызы дәнді масақты дақылдардың, 10 пайызы пардың үлесіне тиеді.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан тәлімі жерлерінде күздік бидай, көпжылдық шөптер егілетін топырақ қорғайтын егіншілік жүйесі қолданылады. Бұл жерлерде де жауын-шашын өте тапшы болып келеді (жылына 200-250 мм). Сондықтан, дәнді-парлы үш-төрт танапты ауыспалы егістер қолданылады. Пардан кейін күздік бидай, сосын бір-екі жыл арпа егіледі. Топырағы құмдауыт болып келетін алқаптарда арнаулы бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егістер қолданылады. Аймақтағы көптеген шаруашылықтардың тәжірибесі егіншіліктің бұл жүйесі өте тиімді екенін көрсетті.
Суармалы жерлерде интенсивтік егіншілік жүйесі қолданылады. Техникалық, көкөністік, малазықтық дақылдар өсіретін Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында орналасқан суармалы егіншілік жүйесінде мақта, қант қызылшасы, темекі сияқты құнды техникалық дақылдар өсіріледі. Мақта тек Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, қант қызылшасы Алматы және Жамбыл облысында , темекі Алматы облысында өсіріледі. Аталған құнды техникалық дақылдарды арнайы мамандандырылған ауыспалы егісте өсіреді, оның құрамында міндетті түрде бұршақ тұқымдас көпжылдық шөп-жоңышқа болады. Жоңышқа жердің құнарлылығын қалпына келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар, жазда бірнеше рет орылып, мал сүйсініп жейтін құнарлы протеинге бай пішен береді.
Көкөніс дақылдары ірі қалаларға жақын орналасқан арнайы мамандандырылған шаруашылықтарда өсіріледі.
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының суарылмалы жерлерінде жоғары өнім беретін дақыл дәндік жүгері өсіріледі.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақты су эрозиясынан қорғауға арналған егіншілік жүйесі қалыптасқан.
Егіншілік жүйесінің бірнеше буындардан тұрады.
Зертханалық сабақтар.
Арамшөптердің агробиологиялық топтары мен және түрлері мен зертханалық жағдайда танысу бөліміне арналған.
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін негізгі арамшөптердің түрлері зертханалық сабақ кезінде пайдаланатын материалдар
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар:
1.Арамшөптердің гербарий материалдары
2.Слайдтар
3.Микроскоп
4.Сурет дәптері,өсіргіш,бояу қарандаштар
Сабақтың мақсаты:
Жергілікті жерге таралған арамшөптердің морфологифлық және биологиялық ерекшеліктермен танысу және агробиолгиялық топтарға бөлу.
Жоспар:
1.Жергілікті жерге таралған арамшөптерді жинау
2.Зертханаға әкеліп кептіріп гербарий дайындау
3.Арамшөптерді агробиологиялық топтарға бөлу
4.Арамшөптердің биологиялық морфологиялық ерекшеліктерін зерттеп,зертханалық жағдайда сараптау.
Ауыспалы егіс жүйесіне арналған сабақтар.
Тақырыбы:Топырақ климат жайдайын ескере отырып әр түрлі аймақтарға ауыспалы егіс құрылымын жасау.
Жоспар:
1.Ауыспалы егістің түрі
2.Алғы дақылдарға сипаттама
3.Ғылыми негіздеме жасау
Керекті құрал-жабдықтар:
1.Шаруашылықтың негізгі бағыты және егіс көлемі құрылымы туралы толық ақпараттар қажет
2.Ауыспалы егіс схемасын жасау үшін қарандаш,дәптер,өшіргіш
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын ауыспалы егістердің схемалары.
Дала аймағы үшін
-
Егістік, дәнді – парды 6 танапты Егістік дәнді - парлы - отамалы 6 танапты ауыспалы егіс. ауыспалы егіс
-
1) Таза пар 1) Таза бидай
-
2) Жаздық бидай 2) Бидай
-
3)Жаздық бидай 3) Бидай
-
4)Сұлы 4) Сүрлемдік жүгері
-
5)Жаздық бидай 5) Бидай
-
6) Арпа 6) Арпа
Құрғақтау дала аймағы үшін
Егістік дәнді− парлы 4 танапты Егістік дәнді− парлы 4 танапты
ауыспалы егіс. ауыспалы егіс.
-
1. Таза пар 1. Таза пар
-
2. Бидай 2. Бидай
-
3. Бидай 3. Бидай
-
4. Арпа 4. Сұлы
Тақырыбы:Егіншіліктің топырақты өңдеу және жаңа иновациялық технологиясын енгізу бөліміне арналған зертханалық және тәжірибелік сабақтарға керекті құнрал жабдықтар мен таныстыру.
Жоспар:
1.Топырақты негізгі өңдеу құралдары
2.Топырақтың беткі қабаттарын өңдеу құрал-жабдықтар
3.Егісті себу және күтіп баптау құрал-жабдықтары
4.Қазіргі кезде өндіріске еніп жатқан техникалармен танысу
Аталған жоспарға сәйкес осы техникалар макеттерін суреттерін пайдалана отырып суретін салу және шаруашылықтарға барып көшпелі зертханалық сабақтар өткізу,көктемгі жұмыс кезінде нақтылы көзбен көру,студенттерді үйрету.
Топырақты сыдыра жырту
* Ол үшін жерді негізгі өңдегенде топырақты 30-35см тереңдікте дейін қопсытады. Қазіргі кезде КПГ-250, КПГ-2-150, КПШ-9, КПШ-5 жазық табанды культиватор сыдыра жыртқыштары кеңінен қолданылады.
Жердің беткі қабатын өңдеу тәсілдері
*Культивациялау. Жер өңдеудегі жыртудан кейінгі көп қолданылатын тәсілі. Культивациялау кезінде топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Сонымен қатар өсімдіктерді түптеуге болады. Культивацтиялаудың екі түрі болады: тегіс және қатар аралықты культивациялау. Топырақты культивациялау үшін әр түрлі культиваторлар қолданылады. Олар КПС-4, КРН-4.2, КРН-5.6, КОН-4.2, КПП-2,2, КШН-3.6 және басқа культиватор жатады. Культивациялау тереңдігі 5-6см-ден 10-12см-ге, ал кейде 20см-ге дейін.
Жердің беткі қабатын өңдеу тәсілдері
*Культивациялау. Жер өңдеудегі жыртудан кейінгі көп қолданылатын тәсілі. Культивациялау кезінде топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Сонымен қатар өсімдіктерді түптеуге болады. Культивацтиялаудың екі түрі болады: тегіс және қатар аралықты культивациялау. Топырақты культивациялау үшін әр түрлі культиваторлар қолданылады. Олар КПС-4, КРН-4.2, КРН-5.6, КОН-4.2, КПП-2,2, КШН-3.6 және басқа культиватор жатады. Культивациялау тереңдігі 5-6см-ден 10-12см-ге, ал кейде 20см-ге дейін.
Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқырылады. Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып және тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3-4-тең 5-6см-ге дейін болады. Тісті тырмалармен тек жыртылған аңыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан тазартылған топырақ өңделеді және бұл түренді құралдар комплексіне енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді. Егер біс тіске түсетін салмақ 2-3кг болса, бұл ауыр, ал салмағы 1-2кг болса, онда орташа, массасы 0.5-1.5кг шамасында болса – жеңіл тырмаға жатады
Катоктау. Бұл топырақтың жоғарғы қабатының нығыздалуын, тегістелуін қамтамассыз етеді. Сонымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтау, топырақтың зиянды қабыршағын бұзуды жарым-жартылай қопсыту жұмысы да жүзеге асырылады. Бұл жұмысты атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6 катогымен ЗКВГ-1.4 және СКГ-2 су құйылатын катоктар қолданылады.
Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу иновациялық техникасы мен технологиясымен таныстыру
Мақсаты: Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу иновациялық техникасы мен технологиясымен таныстыру
Жоспары:
1 Өсімдік шаруашылық өнімдерін өндірудің технологиялары
2 Топырақ өндеудін әр түрлі техникасы мен технологияларынын артықшылықтары мен кемшіліктері
3 Егіншілікте инновациялық жана технологиялар мен таныстыру
Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу иновациялық техникасы мен технологиясымен таныстыру
Мақсаты: Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу иновациялық техникасы мен технологиясымен таныстыру
Жоспары:
1 Өсімдік шаруашылық өнімдерін өндірудің технологиялары
2 Топырақ өндеудін әр түрлі техникасы мен технологияларынын артықшылықтары мен кемшіліктері
3 Егіншілікте инновациялық жана технологиялар мен таныстыру
Достарыңызбен бөлісу: |