Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері


Жыл қайыру мен күн айыра бiлу – құқықтық мiндет



бет15/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сапаркулова

Жыл қайыру мен күн айыра бiлу – құқықтық мiндет
Ата-бабамыз жыл қайыруды, күн айыруды ұрпақтарына уағыздап, әрбiр жылдың, айдың, күннiң ерекшелiктерiн айқын бiлу – құқықтық мiндет деп үйреткен. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкiндiгiнше мүшел тойы әрбiр он үшiншi жылы (13 – 25 – 37 …) аталып өтiледi, мүшел жылы қасиеттi жас ретiнде тойлану құқығы орындалып, ол жасқа дейiн ерекше, елеулi өзгерiстер болғаны айтылады.
Жыл қайырудағы жыл реттерi: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешiн, тауық, ит, доңыз. Халық хайуанаттарды “етi адал”, “етi арам” деп екi топқа бөледi. Жыл реттерiндегi 12 жыл атауында бiрi арам, бiрi адал 6 жұп жыл атаулары бар. Он екi жыл өткен соң, он үшiншi мүшел жылы болып, алғашқы атау қайталанып отырады. Әрбiр адамның «мүшел жылы» өзiнiң туған жылы (егер барыс жылында тусаңыз, барыс жылы қайталанған сайын) мүшел тойы аталады. Ғасырлар бойы табиғат сырын, хайуанаттардың таңғажайып ерекшелiктерiн зерлеп, зерттей бiлген ата-бабаларымыз, бүкiл өркениеттi адамзат қауымы әpбip жылдың өз айырымдарына байланысты атау қойған. Тышқан жылы ел тiрлiгi мол болады, бiрлiгi жақсы ел берекелi, мерекелi өмip сүредi. Сиыр жылында еңбек еткен адамның бақыты мол болады. Барыс жылы — сәттi жыл, әркiм алдына қойған мақсаттарына жетедi, ic-әрекетi құтты болады. Қоян жылы да құтты жыл, бiрақ кейде бұл жылда жұт жылы болуы мүмкiн. Ұлу жылында әрекет берекетке кетедi. Жылан жылында табиғат құбылысы құрғақшылыққа ұшырауы мүмкiн. Жылқы жылы – мархабдеген жыл. Бұл жылда отау тiгудi (үйленудi) арман еткен жастар мақсатын орындайды. Қой жылы төлдiң басы көп болады, молшылық халықты мерейлендiредi. Мешiн жылында тыныштық, жарасым, келiсiм, татулық халықты қуанышқа бөлейдi. Тауық жылы — арманды жыл. Әркiм ic ретiн тауып, шаруаны бiлсе, apманына жетедi. Ит жылында қиыншылық көп болады, қиындыққа қымсынбай, оны жеңе бiлу керек. Доңыз жылында тыныштық пен достық үстем болып, жақсы мiнездi жайсаң адамдар өмiр қызығын көбiрек көредi. Тарихта халықтың осы тұжырымдары негiзiнен нақты келiп, өмiр тәжiрибесiнiң айқын көрiнiстерiн байқдеген.
Әрбiр жылда 12 ай бар: Наурыз, Cәyip, Мамыр, Маусым, Шiлде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Он екi ай төрт маусымға (мезгiлге) бөлiнедi. Көктем айлары: Наурыз, Cәyip. Мамыр; жаз айлары: Маусым, Шiлде, Тамыз; күз айлары: Қыркүйек, Қазан, Қараша; қыс айлары: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Әрбiр айдың өз ерекшелiгi бар, соған байланысты ауа райы болжанады.
Наурыз айы — көктем басы, жыл құстары келедi, күн мен түн теңеледi, мал төлдейдi, егiн салынады, наурыз тойы болады. Сәуiр айында жер гүлдене түседi. Көкек келедi. Сондықтан да бұл айды көкек айы деп те атайды. Қазақта "Cәyip болмай, тәуiр болмас" деген мақал бар. Бұл айда көктем толысып, тiршiлiк түгел жанданады. Мамыр айында қызғалдақтар бүр жарып, жемiс ағаштары толық гүлдеп, бұлбұл сайрап, өзен-көлде құс тойы болады. Маусым айында арпа пiсiп, шалғын шабылып, даладағы еңбек ерекше қыза түседi. Шiлде айында "қырық күн шiлде" басталып, егiн орағы қызады. Тамыз айында егiн орағы аяқталып, сабан той өтедi. Қыркүйек айында құстар қайта бастайды, мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқу басталады. Қазан айында толық жиын-терiн болады. Алғашқы суық түсiп, "қазан ұрып", көкөнiстердi жию аяқталады. Қарашада жерге алғашкы қар түсiп, мал қыстату ici басталады. Желтоқсанда күннiң қысқаруы шегiне жетiп, қызыл аяз тұрып, үскiрiк боран соғады. Қаңтар айында күн ұзapa бастайды, дүние жүзi бойынша көптеген елдерде Жаңа Жыл мерекесi өтедi. Ақпан айында ақ боран соғып, соңында "түске дейiн мүйiз, түстен кейiн киiз" құбылмалы күн райын көремiз.
Әр айда төрт апта, әрбiр аптада 7 күн бар. Kүн атаулары: жексенбi, дүйсенбi, сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi. Күн атауының жексенбiден басталатыны: бұл күнi аңыз бойынша алла тағала жер жүзiн жаратқан. Дүйсенбi дүниенiң алғашқы күнi, сейсенбi – iстi күнi, сәрсенбi – сәттi күн, бейсенбi – берекелi күн, жұма - аллаға сиыну күнi, сенбi – сенiмдi күн. Денi сау, жаны жарқын адамға әрбiр күн – сәттi.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа технология үрдістерінің талабы – студенттерге білім беруде белгіленген мақсатқа жету, олардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу- танымдық іс-әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсдеген жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс-тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу-танымдық іс-әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі (1-сурет). Оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Студенттерге өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. «Студент-мұғалім» қарым-қатынасындағы үйлесімділік, ынтымақтастық болуы шарт. Студенттердің өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану олардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде маңыздылығы жоғары.
Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың олардың оқу-танымдық белсенділігін арттырып, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісінде студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқу-танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау және жоғары оқу орны мен мектептерде жүргізілген педагогикалық эксперименттеріміз жоғары сынып олардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құрылымдық мазмұндық нобайын (моделін) жасауға мүмкіндік берді.
Бұл теориялық нобай жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, оқытудың дидактикалық жүйелілік қағидасымен, мазмұндық мәні бір-бірімен сабақтастықта кіріктірілген мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттерден тұрады. (Кесте 2)

Кесте 2 - Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құрылымдық-мазмұндық нобайы



Компоненттер

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

Танымдық іс-әрекетке ұмтылу; білімді меңгеруге құндылық қатынасы; танымдық іс-әректті қажетсінуі мен тұрақты қызығушылығы

- өздігінен ғылыми білімді меңгеруге қызығушылығы;
- өзінің танымдық белсенді іс-әрекетін қоғамдық құндылық бағдары ретінде түсіну;
- қоршаған әлемнің танымдық мәнін, білімді меңгеру мен іс-әрекет белсенділігінің ықпалды бірлігін сезіну;
- жаңашылдыққа ұмтылу, білім, білік дағдысын жетілдіруге тұрақты қызығушылығы.



Мазмұндық

Қоршаған дүниенің біртұтастығы және әлемдік білім кеңістігі туралы білімі; білімді әлеуметтік құндылық ретінде түсінуі.

- пәндік және әлемдік білім кеңістігі туралы саудегенлығы;
- өзінің танымдық білім кеңістігін құруда белсенді іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі;
- өз білімін жетілдіру арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді саналылықпен түсінуі;
- ғылыми-танымдық зерттеу әдістерін білу және саудегенлықты басты бағдар ретінде түсінуі.



Процессуалдық

Оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділік танытуы; тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздағы, білімін жаңа жағдайда қолдану біліктілігі;
ұжымдық анымдық іс-әрекетте ойлау белсенділігінің болуы және рефлексия әрекет.

- өзін дамытуға, ғылыми білімін қалыптастыруға ұмтылуы;
- танымдық ізденімпаздығының болуы және іс-әрекетті шығармашылық сипатта ұйымдастыруы;
- жауапты шешім қабылдауда ойлау белсенділігінің жоғары деңгейін көрсете білуі;
- өз іс-әрекетіне және танымдық білімді меңгеруде рефлексиялық бағытының болуы.

Сонымен, теориялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, біз мынадай анықтама береміз: Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру –студенттер мен оқушыларға білімді құндылық бағдары ретінде меңгерту арқылы, іскерлік пен тәжірибені игеруде белсенді және өз білімін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлғаны дамытуға бағытталған педагогикалық процесс.
Мотивациялық компонент – оқу-танымдық іс-әрекетте олардың ғылыми білімді меңгеруге құштарлығы, жаңашылдыққа белсенді ұмтылуы, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық дербестікке саналы талаптануы, өзінің меңгерген білімін құндылық бағдары ретінде түсінуі.
Мазмұндық компонент - әлемнің біртұтас бейнесін танымдық талдау тұрғысында терең түсінуі, оқу-танымдық іс-әрекетте білімдік кеңістігін құруы, шығармашылық ойлау арқылы ғылыми білімді меңгеруі, проблемалық тапсырмалар мен мәселелерді белсенділікпен, танымдық қажетсіну арқылы шеше білуі, оқу-танымдық іс-әрекетте оң нәтижелерге жетудің әдіс-тәсілдерін және оның оңтайлы жолдарын меңгеруі, білімді танымдық белсенділікпен меңгеруді басты бағдар деп түсінуі.
Процессуалдық компонент – жеке тұлғаның оқу-танымдық іс-әрекетте ізденімпаздық танытып, белсенді ойлауын қалыптастыру арқылы интеллектуалдық білім шеңберін кеңейтуі; өзінің танымдық іс-әрекетіне рефлексифтік бағытының болуы және өзінің білімі мен білік, дағдыларын жаңа жағдайда ұтымды пайдалана білуі.
Зерттеулер нәтижесі студенттердің оқу-танымдық белсенділігінің 4 деңгейін анықтауға мүмкіндік берді:
1. Жоғары – белгілі құбылыстың маңыздылығына қызығушылығы бар, белсенді оқу-танымдық ұмтылыстың болуы. Білімін практикалық жағдайда оңтайлы қолдана отырып, оқу-танымдық тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, жаңа нәтижеге жетудің нұсқаларын өз бетінше айқындайды. Білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, белсенді іс-әрекет дербестігін сақтап, өз әрекетін бақылап, өздігінен бағалайды. Зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.
2. Жеткілікті – оқу-танымдық материал мазмұны мен тапсырма мақсатына байланысты шығармашылық ізденістер ұйымдастырады. Объектіні таниды және сипаттай біледі: ішкі және сыртқы құбылыстарға қатынасын, байланысын табады; дәстүрлі жағдайларда білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады.
3. Орташа – оқу-танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды, білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады. Ынталылық пен бейімділіктің өзара байланысы толық емес, білімді меңгеруді, проблеманы шешуді үлгіге қарау арқылы немесе мұғалімнің көмегімен орындайды.
4. Төмен – білімгер оқу-танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды, оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді. Танымдық тапсырмаларды үлгі бойынша баяу орындап, кейін нәтижесін талдайды. Танымдық әрекеттің қандай да бір түріне ынтасы қалыптаспаған, оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығы толымсыз.
Сурет 2 - Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет