Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері



бет17/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сапаркулова

Деңгейлері

Кезеңдері

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Экспери-менттік топ

Бақылау тобы

Экспери-менттік топ

Бақылау тобы

1.

Жоғары

10

11

22

12

2.

Жеткілікті

22

20

49

24

3.

Орташа

32

34

13

33

4.

Төмен

36

35

16

31

Алынған мәліметтер бойынша мынадай жағдайлар анықталды: мектеп оқушыларынық оқу-танымдық белсенділігі төмен, негізінен танымдық іс-әрекеті репродуктивтік сипатта. Экспериментке қатысқан 327 оқушының 72% -і өздігінен жоспар құрып, дербес жұмыс жасай алмайды; 57% -і мұғалімнің басшылығынсыз өзіндік жұмыстарды орындауда икемсіз; 27%-і шығармашылық жұмыстарды қажетсінбейді; 29%-і жоспарлаған іс-әрекетін аяғына дейін жеткізуге талпынбайды; 62%-і оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділік танытуды өмірлік қажеттілікпен байланыстырмайды; 36%-і оқу-танымдық белсенділікті білімдік құндылық ретінде қабылдамайды. (Сурет 3)



Сурет 3 - Эксперимент нәтижесі (%)

Демек, оқушы оқу-танымдық іс-әрекетке белсенділігі рефлексиядан көрінеді. Оқушы рефлексифті іс-әрекет кезінде білімді ақпарат ретінде қабылдап қана қоймай, білімді саралайды, керектісін таба біледі, қажетті жағдайда қолдана отырып, өзекті ұғымдар мен түсініктерді мақсатқа сәйкес бағдарлай біледі.


Диагностикалық мәліметтер көрсеткендей, зерттеу барысында экспримент тобындағы төменгі деңгей – 20%, орташа деңгей – 19%, жеткілікті деңгей – 27%, жоғары деңгей – 12%-ға өзгерген.
Зерттеу барысындағы нәтижелерді талдай келе, мынадай қорытынды жасаймыз: Қазіргі білім беру талаптары бойынша студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесін арнайы қарастыру, оны ұйымдастыру мен оны жетілдірудің әдіс-тәсілдерін жандандыру, перспективалық мүмкіндіктерін дамыту – оқыту үрдісін жетілдірудің басты шарты болып
Сонымен, педагогикалық эксперимент нәтижелерін талдау-зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп, ұсынылып отырған технологияны қолдану тиімділігінің жоғары екендігін көрсетті.[15]


ҚОРЫТЫНДЫ

Сан алуан жаңалықтарға толы жаңа ғасыр, нарықтық қарым-қатынас әрбiр тұлғаның қызығушылық негiзiнде танымдық көзқарасын жетiлдiрiп, уақытқа үйлесiмдi бiлiмдiк сапасын, тәлiм-тәрбиелiк әдеп тағылымын өркендетудi талап етiп отыр. Оның жүзеге асуы ел экономикасының дамуына, саяси-әлеуметтiк, мәдени деңгейдiң жетiлуiне тәуелдi. Мұның бүкiл болмыс – бiтiмiн биiкке көтерiп, өркендете беру – бүгiнгi мектеп оқушысы, ертеңгi қайраткердiң танымына байланысты. Өйткенi, таным – тарихи, философиялық, педагогикалық-психологиялық жағынан қарағанда адамды iс-әрекетке ұмтылдыратын, ой-сананы, тәлiм-тәрбиенi қалыптастырып, оны жаңа арнаға көтеретiн қозғаушы күш. Адам көзбен көрiп, мұрнымен иiскеп, құлақпен естiп, қолмен ұстап та таниды, бiрақ сөз арқылы тiлдесiп тану – ұғым-түсiнiктiң ауқымды да айқын, мазмұнды да терең, логикалық жүйелi болуына кеңiрек те тиянақты мүмкiндiк бередi. Сондықтан да оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру келелi мәселелердiң бiрiне айналып отырғаны ақиқат шындық.


Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында халық педагогикасы арқылы оқыту үдерісі ерекше мәнге ие болуда. Осы негізде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткіздік. Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туғызды:
Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейін айқындау үшін психологиялық - педагогикалық, әдістемелік және этнопедагогикалық зерттеулер мен әдебиеттерге жасалынған талдау қазіргі орта мектептерде оқыту үдерісінде этноматериалдарды оңтайлы да орайлы жолмен пайдалану мәселесі әлі толық шешімін таппаған өзекті проблема екендігін дәлелдейді.
Жоғары мектептерде оқыту барысында халық педагогикасын пайдаланудың мүмкіндіктері жоғары, өйткені халық педагогикасы материалдары арасынан сұрыпталып алынатын үлгілері қоғамда болып жатқан құбылыстардың шынайы көрінісін сипаттайды және теориялық деректердің пәрменді игерілуін жүзеге асырады.
Оқыту үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру дегеніміз студенттердің сабақты игере отырып, өздігінен атқаратын іс-әрекеттері арқылы жетістікке жетуді қамтамасыз ететін танымдық қызметі (зерделеу, бағдарлау, тексеру, қорытынды жасау, т.б. операцияларды орындау) негізінде ұлттық құндылықтарды бойына жинаған жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға байланысты ғылыми зерттеулерге талдау және халық педагогикасының мазмұнын сұрыптау негізінде оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қалыптасуының құрылымы мотивациялық, мазмұндық - танымдық, рефлексиялық–іс-әрекеттік компоненттерінің бірлігі ретінде айқындалды. Әрбір компонент нақты өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы сипатталып, соның негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекеті қалыптасуының жоғары, орташа, төмен деңгейлері анықталды.
Студенттердің танымдық іс-әрекетінің қалыптасу деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастыруда эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғы шарты ретінде оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың моделі құрылды.
Оқыту үрдісінде халықтық педагогика материалдарын - мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді, айтысты, аңыз-әңгімелерді, батырлар жырын, ұлттық ойындарды, дастандарды және т.б. тиімді пайдалану оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелейді.
Халық педагогикасы материалдарын студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда пайдаланудың тиімділігі сабақта және сыныптан тыс жұмыстар арқылы игерілетін білім сапасы көрсеткіштерінің жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Жүргізілген тәжірибелік - эксперимент жұмысының нәтижелерін талдау оқыту үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін халық педагогикасы арқылы қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді.
Жүргізілген зерттеу жұмысы бірқатар теориялық және практикалық маңызы бар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
- халықтың педагогикалық шығармашылығының оқу-тәрбие үдерісіндегі орны және оны пайдаланудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыра отырып, оларды бүгінгі таңдағы жаңа технологиялармен сабақтастыру мәселесі оңтайлы бағытта шешілуі тиіс;
- этнопедагогикалық сипаттағы іс-шаралар жүйесін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудағы тәжірибелік үлгілерін ұсыну бүгінгі заманғы оқыту үдерісін технологияландыру талабымен пәрменді үйлесуі тиіс;
-этнопедагогика материалдарын инновациялық мектепте пайдаланудың үлгілері мен мысалдарына баса назар аудару қажет.
Зерттеу мәселесінің ауқымы кең болғандықтан, оның барлық жақтарын бір зерттеудің көлемінде қамтып шығу мүмкін емес. Келешекте білім беру жүйесінде халық педагогикасы арқылы студенттердің шығармашылығын дамыту, оқытудың жаңа технологиясын қолдану жағдайында халық педагогикасы негізінде студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру сияқты мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет