Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты қызметкерлерінің БАҚ-та мекеме қызметінің басым бағыттары бойынша сөз сөйлеу практикасы кеңейді. Олардың ішінде В Калюжныйдың ЭРА ТВ-да инклюзивті білім беру мәселесі бойынша сұхбаты (12.01.2007), Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің балалардың құқықтарын сақтау мониторингін жүзеге асыру бойынша жаттықтырушыларға арналған семинар туралы Қарағанды қаласының облыстық теледидарына сұхбаты (12.12.2007), ЭРА ТВ телеарнасына - мүгедек балалардың білім алу мәселесі бойынша (21.12.2006); телефонмен сөйлесулерді жасырын тыңдауды көздейтін заң жобасы бойынша (28.01.2007). Бұдан басқа, аппарат қызметкерлері құқық қорғау проблемалары бойынша теледидар бағдарламаларына үнемі қатысып отырады. ЭРА ТВ телеарнасының «Еңбек заңнамасының бұзылуы туралы» тақырыпта «Апта айнасы» бағдарламасына қатысуы (09.12.2006), ЭРА ТВ телеарнасында Еңбек кодексінің жобасын талқылау бойынша «Открытый разговор» бағдарламасына қатысуы (27.01.2007), ЭРА ТВ телеарнасына тұрғын үйді ысырып тастау мәселесі бойынша «Открытый разговор» бағдарламасына (10.02.2007), «Қазақстан» телеарнасында «Назар» бағдарламасына (13.03.2007), «КТК» телеарнасында «Это страшное слово -свобода» тақырыбында «Что делать?» ток-шоуына қатысу (14.03.2007) және басқалары мысал бола алады..
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметкерлерінің мақалаларын жариялау практикасы жалғасуда. Мәселен, «Юридическая газета» газетінде: «Право граждан на возмещение вреда, причиненного трудовым увечьем или иным повреждением здоровья» (07.12.2006), «К равенству возможностей» (12.01.2007), «О стоимости изымаемых участков» (6.02.2007), «Защита прав беженцев и оралманов» (21.02.2007), Халықаралық нәсілдік кемсітушілікті жоюға қарсы күрес күніне арналған «Не делить людей на расы» (27.03.2007) тақырыптары бойынша қызметкерлердің мақалалары жарияланды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 16-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, егер адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы оған бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса, осы бұзушылықтар туралы мәліметтерді өз бастамасымен тексере алады. Осыған байланысты, Уәкіл аппаратының қызметкерлері қазақстандық және шетелдік баспасөз материалдарына күнсайынғы мониторингті жүзеге асырады, адам құқықтары проблемасы бойынша сөйленген сөздердің, мақалалардың және хабарламалардың дайджестін қалыптастырады.
2007 жылы адам құқықтары мәселелеріне байланысты БАҚ хабарламаларының тұрақты мониторингі шеңберінде 2006 жылғы 26 қазандағы «Время» газетінде Галина Вологодскаяның «Слабое звено» жарияланымы бойынша күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қолданыстағы нормаларын бұзуға жол берілгені, соның салдарынан олардың заңсыз соталғаны туралы іс жүргізу басталды. Дегенмен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Бас прокуратурасына сауалдың нәтижесінде жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша жоғарыда аталған жарияланымда көрсетілген дәлелдер расталған жоқ.
2007 жылғы 10 мамырдағы № 56 «Время» газетінде жарияланған «Девчачье дело» мақаласының материалдары бойынша осы мақалада жазылған фактілерді тексеру бойынша іс жүргізуге бастама болды. Қорытындысы бойынша қылмыстық істі тергеу бұзылғаны анықталды, тергеушіге қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғалды, Тараз қаласы прокурорының орынбасарына тәртіптік жаза қолданылды.
Алматы қаласы әкімінің атына мемлекеттік қажеттіліктер үшін балалар үйінің жер учаскесінің жартысын алып қоюға қатысты бірқатар БАҚ хабарламаларына (09.02.2007 жылғы «Kazakhstan today» ақпараттық агенттігі; 09.02.2007 жылғы «Gazeta.kz» интернет-газеті; 09.02.2007 жылғы «Караван» газеті; 09.02.2007 жылғы № 5 (227) «Эпоха» газеті) ден қою нәтижесінде барлық маңызды шешімдерді қабылдау кезінде балалардың құқықтарының басымдылығын қамтамасыз ету қажеттігіне бағытталған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымы жіберілді.
Есептік кезеңде БАҚ-пен ынтымақтастықты кеңейту, құқық қорғау іс-шараларына қатысушылардың кең ауқымын тарту қоғамдағы адам құқықтарының мағынасы мен мазмұны туралы жан-жақты, толық, объективті пікірдің қалыптасуына, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заңнамалық тәсілдеріне қатысты жұртшылықтың хабардар болуын арттыруға, адамның құқықтары мен бостандықтарын барлығының мүлтіксіз орындауының және тегіс құрметтеунің маңыздылығы туралы хабарлауға ықпал етті.
Құқық қорғау мекемесінің қызметін қоғамдық қолдау адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде маңызды құрал болып табылады. Осы қолдау жұртшылықтың хабардар болуын жақсарту және құқық қорғау мекемесі жоюға немесе көтермелеуге ұмтылып отырған саясат пен практиканың салдары мен әсерін түсуінудің арқасында өсуі мүмкін.
Бұқаралық ақпарат құралдары осыған байланысты халықаралық шарттарда танылған құқықтарды қоғамдық санада қалыптастыра отырып, осылайша заңнамада және халықаралық құқықта көзделген шаралардың көмегімен адам құқықтарын сақтауға ұмтылуды және жәрдемдесу мүмкіндігін нығайта отырып маңызды роль атқара алады. Қоғамдық пікірді жұмылдыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында адам құқықтарын бұзуды, олардың әсері мен салдарын уақытында, толық және алаламай жариялаудың маңызы зор. Құқық қорғаушылардың ролін өздері де орындай отырып, көптеген журналистердің қосқан үлесі құнды екенін атап өтпей болмайды. Десек те, бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі адам құқықтары мәселесіне және осы құқықтарды талап ететіндердің жағдайында тиісті көңіл бөле қоймайды, соның салдарынан осы проблемалар туралы жұртшылықтың хабардар болуы және олардың әсері көбінесе өте нашар.
-
Үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мен қоғамдық бірлестіктердің арасындағы өзара іс-қимыл адам құқықтарын қорғау мәселесі жөнінде азаматтарды хабардар ету, мемлекеттік органдар қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік типтегі мекемелерде және пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарын сақтау, ҚР халықаралық шарттарын орындау мониторингін жүргізу кезінде бағалы қолдау көрсетеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің және мемлекеттік органдардың адам құқықтарын сақтау саласында халықаралық стандарттарды сақтауын қоғамдық бақылау мақсаттарының тұтастығы мемлекеттік органдарға халықаралық құқық нормаларына сәйкес заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде өзара іс-қимыл жасауға, бірлескен ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастықтың аса маңызды бағыт тарының бірі ҮЕҰ-ның олардың атына азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарауына жәрдемдесу болып табылады.
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы (бұдан әрі - АҚЗСҚХБ), ШҚО солдаттардың аналары ұйымы, саяси партиялардың тіркелуін қоғамдық байқау жөніндегі топ, «Полигон жаңғырығы» Әйелдердің федерациясы, «Қоғамдық қорғау» қоғамдық қорытының Жамбыл өкілдігі, Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау филиалынан «Демократия және адам құқықтары институты» сияқты ұлттық жәіне халықаралық үкіметтік емес ұйымдардан 31 өтініш келіп түсті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің атына келіп түскен ҮЕҰ өтініштері азаматтық қоғамның ұлттық құқық қорғау мекемесіне сенім білдіруінің куәлігі болып табылады. Алайда көптеген өтініштердің мазмұны ҮЕҰ-ның адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретін жеткілікті білмейтінін көрсетеді.
Атап айтқанда, 7 өтініш бойынша мәселелерді қарау Уәкілдің құзыретіне кірмейді; 4 өтініш басқа мемлекеттік органға қайта жіберілді; 14 өтініш бойынша құқықтарды бұзушылық анықталған жоқ; 3 өтініш бойынша өтініш берушілердің құқықтары қалпына келтірілді; 3 өтініш қазіргі кезде іс жүргізуде жатыр.
Фактілерді тексеру басталған өтініштердің ішінде АҚЗСҚХБ өңірлік өкілдіктерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағымданған С. (17.04.07 жылғы кіріс № 376/02) мүддесі үшін, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы ҰҚКД қызметкерлерінің іс-әрекетіне Т. (25.04.07 жылғы кіріс № 405/02) мүддесі үшін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне С., Х., Ә., Е. (21.05.07 жылғы кіріс № 470/02) мүддесі үшін, Д. мүддесі үшін (30.05.07 жылғы кіріс № 512/02) жазылған хаттар, Оңтүстік Қазақстан облысы түзеу мекемелері әкімшілігінің іс-әрекетіне шағым (06.06.07 жылғы кіріс № 531/02) бар. Бұдан басқа, іс жүргізуде бірқатар облыстардың түзеу мекемелеріндегі ұстау жағдайларына, мекеме әкімшілігінің әрекетіне және азаптауына бірнеше үкіметтік емес ұйымдары басшыларының шағымы (26.06.07 жылғы кіріс № 613/02), қаржы полициясының іс-әрекетіне, қылмыстық істің қозғалуына келіспейтін шағыммен С. (15.08.07 жылғы кіріс № 792/02) мүддесі үшін Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау филиалының өтініші, Сарыарқа ауданы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның әрекетіне шағыммен Ц. мүддесі үшін (14.09.07 жылғы кіріс № 644/02 - 880) Астана қаласы Автокөлік қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы С. өтініші жатыр.
Мансард қабаттарды демонтаждау және үйлердің жабынын қалпына келтіру туралы сот шешімдерінің орындалмауына ҮЕҰ мен саяси партиялар басшыларының ұжымдық шағымы бойынша жұмыс ҮЕҰ мен Уәкіл мекемесінің ынтымақтастығындағы нәтижелердің бірі болды. Уәкілдің араласуы нәтижесінде ЖШС директорына қатысты тиісті рұқсат құжаттарынсыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені үшін, сондай-ақ сот актілерін орындаудан қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Жазбаша өтініштерді қараудан басқа ҮЕҰ, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ынтымақтастықты кеңейту мақсатында үнемі адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ҮЕҰ-ның қатысуымен кездесулер, семинарлар өткізеді.
ІІІ азаматтық форум қоғамның билікпен сұхбаттасуы үшін, ел өміріндегі негізгі проблемаларды бірлесіп талқылау үшін кең мүмкіндік берді.
2007 жылы 17 қазанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы ІІІ Азаматтық форумның жұмыс отырыстарында сөз сөйлеп, 2005 жылы 12 қыркүйекте ІІ Азаматтық форумда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005-2007 жылдарға берген тапсырмаларын іске асыру бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің жұмысын жария етті. Оның қызметінде негізгі бағыттардың бірі Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын елде жүзеге асыруға белсене жәрдемдесу, адам құқықтарын қорғау саласында омбусменнің маңызды серіктестерінің бірі ретінде үкіметтік емес ұйымдармен сындарлы ынтымақтастық пен һхара іс қимыл екенін атап өтті. Бұдан басқа, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы «Реформалар призмасы арқылы адамның және азаматтың құқықтары» тақырыбында сұхбаттау алаңының жұмысына қатысты.
2007 жылғы 18 қазанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ІІІ Азаматтық форумның пленарлық отырысына қатысты.
Азаматтық форум жұмысының қорытындылары үкіметтік емес ұйымдардың биліктің құқығы толық серіктесті бола алатынын көрсетті. Форумның ұсынымдары оның шеңберінде қабылданған Шешімдердің орындалуы жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізін қалады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің үкіметтік емес ұйымдармен сындарлы ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы Еуропалық Одақ пен БҰҰ БЖКБ қаржыландыратын «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» жобасын іске асыру барысында қалыптасты.
2007 жылғы 11 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстандағы «Фридом Хаус» бағдарламасы директорының орынбасары И.Добичинамен және «Правовая инициатива» заңгерлердің қоғамдық бірлестігінің директоры А.В.Андреев, «Женский правовой центр» қоғамдық бірлестігінің директоры В.М.Сергунина, «Информационная инициатива» корпоративтік қорының атқарушы директоры М.Тюнин, «Эхо» қоғамдық бірлестігінің басшысы П.Г.Лобачев енген үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің тобымен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттамаға қосылуын қолдау, азаматтардың сот төрелігі мен ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету сияқты мәселелер бойынша ұлттық құқық қорғау мекемесі мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын нығайтуға байланысты мәселелер талқыланды. Үкіметтік емес ұйымдар азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу бойынша ахуалды жақсарту ұсынымдарын және азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын іске асыру мониторингінің нәтижелерін омбудсменнің қарауына ұсынды. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекеттік органдарға жүгіну кезінде азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерін атап өтті. Кездесудің қорытындысы бойынша 2007 жылы 27 маусымда өткен «Азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігі» тақырыбында бірлескен дөңгелек стол өткізу жоспарланды.
2007 жылғы 11 маусымда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі «Астана қаласы бойынша Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» АҚ филиалымен бірлесіп, «Жазадан шартты-мерзімінен бұрын босату. Проблемалар және перспективалар» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырды. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың және мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Уәкіл және оның мекемесінің қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастырған іс-шараларға да қатысады. Есептік кезең ішінде олар: «Ақпараттық желіні құру»; «Өлім жазасын жою, әлемдік мораторий және Халықаралық Қылмыстық сотына кіру: ҚР жоғары халықаралық стандарттарды қабылдау бағыты бойынша», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту, әлеуметтік бейімдеу және кіріктіру мәселелерінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту», «Азаптауларды жою және ҚР осы саладағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындау перспективалары», «Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтып оралуы: тәжірибе, проблемалар және перспективалар», «Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігі: ҚР заңнамасын дамыту жолдары», «Отбасылық қолайсыздықты ертерек анықтау. Балаларға көмек» тақырыптары бойынша 8 дөңгелек столдың жұмысына, сондай-ақ мынадай іс-шараларға:
-
«Қоғам барлығы үшін. ҚР Президенті Жолауының аясында мүгедектердің жүріп-тұру және оңалту проблемаларын шешудің басым бағыттары» тақырыбындағы конференцияға;
-
«ҚР Баланың құқықтары жөніндегі уәкілдің жүйесін құру» жобасы бойынша балалармен жұмыс істейтін мамандардың забарлар болуын және біліктілігін арттыру жөніндегі ақпараттық-оқу семинарына қатысты
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасауда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы ҮЕҰ консультациялық кеңесі маңызды роль атқарады. Онда азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері қаралады, ҮЕҰ қызметіндегі проблемалар талқыланады, оларды шешу шаралары әзірленеді, сондай-ақ Уәкіл мекемесімен ҮЕҰ-ның одан арғы өзара іс-қимылының мәселелері талқыланады.
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы ҮЕҰ консультациялық кеңесінің бес отырысы өткізіліп, ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен және азаматтық сектормен өзара іс-қимылының жаңа әдістері талқыланды.
Атап айтқанда, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы ҮЕҰ астаналық консультациялық кеңесінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді кеңейту, адам құқықтары мәдениетінің деңгейін арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын ҮЕҰ қызметтерімен жүгіну мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында «ҮЕҰ Сіздердің құқықтарыңызды қорғайды» деген алдын ала атаумен астаналық газеттердің бірінде айдар ашу туралы шешім қабылдады. Осы жобада қоғамның әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметін сипаттауды, оқырмандарды қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес беруді, сондай-ақ аса маңызды құқық қорғау проблемаларын өзектендіруді көздейді. «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» АҚ төрайымы Е.А.Колмогорова, «Қазақстан Республикасындағы Қызыл Жарты ай Қоғамының филиалы - Астана қалалық комитеті» АҚ өкілі Л.Е.Құсайынова, «Мұра» АҚ жетекшісі Л.Г.Егерь, «Жан» мүгедектердің құқықтары жөніндегі Азиялық қоғам» АҚ өкілі К.М.Жасанова, Астана қаласы мүгедектердің ерікті қоғамдарының қауымдастығының төрағасы М.М.Мыңбаев, Астана қаласы «Ауғанстандағы соғыс мүгекдетері мен ардагерлерінің одағы» АҚ төрағасы К.М.Елубаев сынды ҮЕҰ консультациялық кеңесінің мүшедері айдардағы жарияланымдардың авторлары болып табылады.
Уәкілдің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы адам құқықтарын қорғау және көтермелеу бойынша оның мақсатты әрі тиімді қызметі өзара ақпарат алмаспай және бірлескен адам құқықтары мониторингін жүзеге асырмай мүмкін емес деген сенімге негізделген. Осыған байланысты әлеуметтік объектілерге: қарттар мен мүгедектер үйіне, нәрестелер үйіне, пенитенциарлық мекемелерге мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес сектордың өкілдері тартылады. Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2006 жылы желтоқсанда Ақтөбе қаласындағы мамандандырылған мекемелерді аралау кезінде «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» АҚ төрайымы, консультациялық кеңестің төрайымы Е.А.Колмогорова іске тартылды, Ақмола облысындағы мекеменің мониторингіне «Луч надежды» АҚ төрайымы Л.А.Рубежанская, Алматы облысындағы мекеменің мониторингіне – Қазақстандағы «Фридом Хаус» халықаралық ұйымының өкілі А.Сабралиева қатысты. Мұндай практика азаматтық бақылау институтын дамытуға ықпал етеді, мониторингтің міндеттерін жедел әрі тиімді орындауға мүмкіндік береді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасының омбудсмені жанындағы азаптауларды қолдану фактілері туралы шағымдарды тергеу жөніндегі жұмыс тобын құру бойыншаҚазақстандағы «Фридом Хаус» халықаралық ұйымының өкілдігімен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Жұмыс тобы азаптаулар және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін қолдану фактілері мен хабарламаларды тергейтін, шағымдарды тәуелсіз қабылдауды, ол бойынша тәуелсіз тергеуді (Жұмыс тобының атынан оқиға болған жерге шағын топтардың жедел баруды, ішкі істер органдарымен жұмысты, прокуратура органдарымен жұмысты, жәбірленушіні медициналық тексеруді, жәбірленушіден психологиялық сұхбат алуды қосқанда), құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы жұмысшы органы болып табылады деп ұйғарылуда.
Ақпараттық жұмыс шеңберінде ұлттық құқық қорғау мекемесі үкіметтік емес ұйымдарға өз ақпараттарын сайтқа және Интернет желісі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тоқсан сайынғы бюллетенінде орналастыру мүмкіндігін беру түрінде үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсетеді. Бюллетеньнің әрбір нөмірінде үкіметтік емес ұйымдар ұсынған олардың қызметіне арналған материалдар жарияланады.
Күшті азаматтық қоғамды дамыған дербес, орнықты, түрлі әлеуметтік топтың және халықтың кең ауқымының мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың жүйесінсіз елестету мүмкін емес.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің ҮЕҰ-мен ынтымақтастығы азаматтық қоғам құрылымдарына естілуге мүмкіндік беруге, құқықтар мен бостандықтарды сақтаумен байланысты ахуалға олардың бағалау нәтижесін ескеруге арналған. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды тарату саласында ақпарат алмасу, ынтымақтастық адам құқықтары мониторингін жүзеге асыру және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласында елдің заңнамасын жетілдіру бойынша бірлескен күш-жігер арқылы адам құқықтарын қорғау бойынша қызметтің тиімділігін арттыруға ықпалы тиеді.
-
Халықаралық ынтымақтастық
-
Адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттар бойынша ел баяндамаларын дайындауға қатысу
Есептік кезең ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар бойынша ел баяндамаларын дайындау жөнінде мемлекеттік органдарға сараптамалық кеңес беру жұмыстарын жалғастырды.
Ел баяндамаларын дайындау адам құқықтары мәселелері жөніндегі ұлттық талқылаулар жүргізуге, азаматтық қоғамның қатысуын және тартуды көтермелейді, және жалпы қоғамның мемлекеттік саясатты мұқият зерделеу процесіне жәрдемдеседі.
БҰҰ Комитеттерінде мемлекеттердің баяндамаларын талқылау ақпарат алмасу, проблемаларды сәйкестендіру, сондай-ақ жаңа бағдарламаларды жылжыту үшін маңызды мүмкіндік болып табылады.
БҰҰ Комитеттерінің ел баяндамаларын қарау қорытындысы бойынша ұсынымдары көбінесе одан арғы іс-қимылдардың негізі бола отырып, адамның құқықтарын нығайтуда елеулі роль атқарады. Жалпы есеп беру процесі елдің одан әрі дамуы үшін қосымша ынталандыру болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі адам құқықтары саласындағы ахуалға қатысты өз пікірін жазу мақсатында ел баяндамаларын дайындауға қатысады, сондай-ақ белгіленген рәсімдерге сәйкес ел баяндамаларын жасау мәселелері бойынша қорытынды береді.
2007 жылы ел баяндамаларының жобаларына бірқатар сарапшылық қорытынды дайындалды, БҰҰ Комитеттерінің қорытынды ұсынымдарына ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы Қазақстан Республикасы баяндамасының жобасын талдау қорытындысы бойынша қорытынды жіберілді. Қарау қорытындысы бойынша Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитеті әзірлеген Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 16 және 17-тармақтарына сәйкес қатысушы мемлекеттер ұсынуға тиіс баяндаманың нысаны мен мазмұнына қатысты Жалпы басшылыққа алынатын қағидаттарды ескеріп, баяндаманың жобасын пысықтау ұсынылды.
ҚР Әділет министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша ел баяндамаларын жасау жөнінде БҰҰ-ның басшылыққа алынатын қағидаттарын ескере отырып, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы баяндаманың жобасын толықтыру жөнінде ұсыныс жіберілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ Комитетінің қорытынды ескертулері жөнінде ақпарат жіберілді. Ақпаратта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіндегі босқындардың, көшіп-қонушылар мен аз ұлттылардың, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мәртебесі мен құзыреті туралы мәселелер қозғалды.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін орындау туралы Қазақстан Республикасының екінші мерзімді баяндамасын қарау қорытындысы бойынша Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ Комитетінің қорытынды ескертулерін орындау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ҚР Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Комитеттің қорытынды ескертулерінде аталғандарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар дайындауды жүзеге асырды.
Мемлекеттік шарттар бойынша есеп беру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдарға консультация беру БАҚ-та, семинарларда, дөңгелек столдарда, конференцияларда сөйлеу арқылы іске асырылады. Мұндай бағыт беруші ықпалға «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ізденімпаздығы және оны іске асыру процесінің бағдары» тақырыбында «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (АСҚХП) имплементациялау мәселелері: ұлттық баяндамаларды ұсыну. Өлім жазасын жоюға бағытталған АСҚХП-ге Екінші Факультиативтік Хаттамаға қосылу перспективалары» деген семинар-тренингте Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының сөзі болып табылады (09.04.07).
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері № 138 «Жұмыс қабылдаудың ең төменгі жасы туралы» және № 182 «Балалар еңбегінің ең жаман нысандары туралы» ХЕҰ конвенцияларының орындалуы туралы Қазақстан Республикасы баяндамасының жобаларын Балалар еңбегінің ең жаман нысандарымен қарсы күрес жөніндегі Ұлттық Үйлестіру Кеңесінің жұмыс тобының отырысына көрсетілген Конвенциялардың ережелерін орындау туралы ұлттық баяндамалардың дайындалуын талқылауға қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге көмек көрсетеді.
Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы мемлекеттік органдардың халықаралық шарттармен жұмысын жүйелеуді және халықаралық шарттарды іске асыруды жақсарту ұсыныстарымен сөз сөйледі.
2007 жылғы 15 наурызда болған комиссияның үшінші отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құқық қорғау шарттары бойынша қосылу, имплементациялау және есептерді дайындау бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу туралы ұсыныспен сөз сөйледі. Құқық қорғау конвенцияларына қосылу, имплементациялау және ол бойынша есептер дайындау жөнінде мемлекеттің айқын да ойластырылған саясат жүргізу қажеттігі туралы ұсынысы негізгі болды. Осыған байланысты халықаралық шарттармен жұмыс салаысндағы саясат бағыттарын сипаттайтын мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бөлуде айқындылықты енгізетін, конвенцияларды тиімді имплементациялау жүйесін құру шараларын көздейтін юағдарламалық құжат қабылдау ұсынылды. Осы бағдарламалық құжаттың бөлігі мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеу мүмкін болатын шарттарға қосылу жөніндегі жоспар болуға тиіс. Жоспарда шарттарды ратификациялау қажеттілігіне баға беру іс-шаралары, дайындық шаралары қамтылуы, сол немесе өзге шартты ратификациялаудың уақытша шеңбері сипатталуы мүмкін.
Бұдан басқа, шарттарға қосылу туралы шешім қабылдау ресімін қайта қарау, жеке мемлекеттік органның күш-жігеріне ғана негізделмей, барлық мемлекеттік құрылымдардың жиынтық жоспарын ұйғаратын халықаралық шарттарды орындаудың тиімді мониторингі жүйесін жасау, сондай-ақ құқық қорғау конвенциялары бойынша ұлттық жоспарлау жүйесін енгізу ұсынылды.
Құқық қорғау шарттары бойынша қосылу, имплементациялау және есептер дайындау бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу туралы ұсыныстарымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баяндамасының толық мәтіні – осы есептің қосымшасында.
Комиссияның төртінші және бесінші отырыстарында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы ел баяндамаларын жасау тәртібі, осы саладағы ұсынымдық құжаттардағы ақпараттарды жинау ерекшеліктері туралы ақпаратпен сөз сөйледі.
2007 жылғы 7 тамызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері БҰҰ Даму бағдарламасы мен Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы ұйымдастырған «Адам құқықтары саласындағы дүниежүзілік білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар» тақырыбындағы жұмыс кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы дүниежүзілік білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – Дүниежүзілік бағдарлама) имплементациялау, осы бағдарламаны орындау және адам құқықтары бойынша білім беру саласындағы ахуалды жақсартатын басқа да шараларды өткізу бойынша бірлескен іс-қимылды жоспарлау мәселелері қарастырылды.
Қазақстан Республикасында халықаралық құқық қорғау стандарттарын таратуды көтермелеу саласында Уәкілдің қызметіндегі маңызды бағыт Париж қағидаттарының 3-тармағы b) тармақшасында көзделген халықаралық шарттарға елдің қосылуына жәрдемдесу функциялары болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы Уәкіл мекемесі 1993 жылы 29 мамырда Гаагада қабылданған Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы халықаралық конвенцияға Қазақстанның қосылу қажеттігі туралы идеяны ұстанып келеді. Осы конвенция асырап алынатын баланың мүдделерін қорғауды, бала асырап алу процесінің заңдылығын және бала асырап алу халықаралық құқық нормалары сақталып жүргізілетініне кепілдік белгілейтін баланың отбасына орналастырылуын екі мемлекеттің тарапынан бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттер араында ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесуге арналған.
Шетелдік бала асырап алу, сондай-ақ Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау қажеттігі мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі «Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды.
Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдардың бірі «Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдау болып табылады. Оны реттеу нысаны ретінде балаларды пайдалануға, қатыгездікпен қарауға, ұрлауға және сатуға кедергі келтіре отырып, баланың құқықтарын қорғауды және мүддесін ескеруді қамтамасыз ету айқындалған.
2007 жылғы 30 наурыздан бастап Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция және Конвенцияға Факультативтік хаттама қол қоюға ашық.
Конвенцияға қосылған елдер осы конвенцияда танылған құқықтарды қамтамасыз ету үшін саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға, заңнамалық және әкімшілік шаралар қабылдауға, сондай-ақ мүгедектерді кемсітетін қоданыстағы заңдардың, қаулылардың, әдет-ғұрыптар мен практиканың күшін жоюға, таптаурындарға, соқыр сенімге қарсы күрес жүргізуге және қоғам өміріндегі мүгедектердің әлеуеті мен үлесі туралы хабардар болуды көтермелеуге міндеттенеді. Осы конвенцияның мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін үкімет шеңберінде үйлестіру орталықтарын құрады, сондай-ақ ұлттық деңгейде осы конвенцияның жүзеге асырылуын көтермелеу және байқаудың тәуелсіз тетігін жасайды. Барлық адамдардың құқықтарын мүгедектер тең негізде толық жүзеге асыруын көтермелеу, қорғау және қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БАҚ-та конвенцияға қосылу қажеттігін өзектендірді. Мүгедектердің құқықтарын қорғау ісіне және Конвенцияға қосылған Қазақстан халықаралық қоғамдастық көтерген мәселелерге уақытында ден қоюмен қатар, жаһандық халықаралық процесте күш алып келе жатқан мүгедектердің құқықтарын қорғау процесіне қатыса алады. Экономикалық, ғылыми, мәдени ресурстарға ие бола отырып, және осылайша құқықтық, әлеуметтік бағдарланған мемлекет құруға ұмтылысын көрсете отырып басқа да қарқынды дамып келе жатқан елдермен бірге Қазақстан мүгедектердің қоғам өміріне кіріктірудің өз жүйесін құрастыруға және Мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияны имплементациялау барысында осы тәжірибенің тұсаукесеріне мүмкіндік ала алады.
«Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің 8-ші отырысына дайындық шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі 1990 жылғы БҰҰ Барлық еңбекші-көшіп қонушылардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция, № 97 Еңбек етуші кшіп-қонушылар туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясы, № 143 Көші-қон саласындағы теріс пайдаланулар туралы және еңбекші көшіп-қонушыларға мүмкіндіктер мен қатынастар теңдігін қамтамасыз ету туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының Конвенциясы сияқты халықаралық шарттарға Қазақстанның қосылу мүмкіндігін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген ақпаратты Сыртқы істер министрлігіне ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |