2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы едәуір артты. Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы әлеуметтік серіктестік жетілдірудің жалпы міндеттерін шешуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша заңнама сапасын және құқық қолдану қызметін арттыруға, сондай-ақ адам құқықтары саласында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының білімін қамтамасыз етуге бағытталған еді.
Ведомствоаралық органдардың жұмысына қатысу, нақты ұсыныстар әзірленген түрлі ағартушылық іс-шараларды өткізу заңнамалық және құқық қолдану практикасында халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын сақтау бойынша қажеттілікті ұғынуға ықпал етті.
Дегенмен заң шығару қызметінде қоғамдық тыңдаулардың, «дөңгелек столдардың», ірі ғылыми-практикалық конференциялардың ұсынымдарын ескеруде қиындықтар кездеседі. Мемлекеттік органдармен ынтымақтастық шеңберінде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларының үстемдігін қамтамасыз ету, оларды ұлттық заңнамада имплементациялау және практикалық қызметте қолдану мәселелері шешу үшін өзекті болып қалуда.
6. Ағартушылық және білім беру қызметі,
бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс
Білім беру және ағартушылық қызмет Париж қағидаттарына сәйкес ұлттық құқық қорғау мекемелерінің аса маңызды функцияларының бірі болып табылады. Құқық қорғау мекемелері үшін бұзылған құқықтарды қорғау мен қалпына келтіру ғана емес, халықтың өзіне құқықтарын қорғау үшін қажетті білім беру маңызды. Осы мақсаттарда омбудсмен мекемесі құқық қорғау акциялары мен іс-шараларын өткізеді, ақпараттық материалдар таратады, мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың іс-шараларына қатысады.
2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Халықаралық әйелдер күні, Халықаралық балаларды қорғау күні, Қазақстан Республикасы Конституциясының Күні сияқты құқық қорғау күндеріне орайластырылған іс-шаралар өткізді.
Қоғамның гендерлік мәдениетін арттырудың ағартушылық мақсатына Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2007 жылы 6 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен «Қазақстан» телеарнасындағы «Назар» бағдарламасы арналды. Әңгіме барысында Уәкіл әділ әлеуметтік қоғам құруда және елде реформа жүргізуде тең негізде және тең сапада әйелдердің қатысуы өте маңызды екенін атап өтті. Бұдан басқа, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Қазақстан» телеарнасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Айна» ақпараттық бағдарламасына қатысты (11.03.2007).
Халықаралық балаларды қорғау күніне 2007 жылғы 18 маусымда өткен «Қазақстанға халықаралық бала асырап алу керек пе?» тақырыбындағы қоғамдық тыңдаулар өткізу орайластырылды. Қоғамдық тыңдаулар баланың отбасына құқығын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттардың өзектендіруге, Қазақстанда баланың отбасына құқығын іске асыру тетіктерін жетілдіру және дамыту қажеттігіне жұртшылық пен мемлекеттік органдардың өкілдерін тартуға ықпал етті.
Осы іс-шараны өткізу БАҚ-пен ынтымақтастықтың жауа нысанын іске асыруға – бірлескен бағдарлама шығаруға негіз болды. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы сюжет «Тақырып» бағдарламасы шеңберінде «Астана» телеарнасының 2 сағаттық телебағдарламасының негізін қалады (24.06.2007). Бағдарлама қалың жұртшылықтың толқынысын және көтерілген проблеманың өзектілігіне орай тек тыңдауға қатысушыларды ғана емес, телекөрермендердің де оң пікірін тудырды
БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесімен бірлесіп Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ұйымдастырған ең ірі ағартушылық іс-шара Қазақстан Республикасы Констиуциясының Күніне арналған V Тамыз оқылымы болды.
ҚР Конституциясы Күніне арналған V Тамыз оқылымы
Тамыз оқылымдарын өткізудің мақсаты құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғамның жоғары құндылықтары ретінде азаматтардың конституциялық құқықтарының маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.
Дәстүрлі Тамыз оқылымы біркүндік конференция тұрпатында Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында өтті. Бұл жолы адамдық қадір-қасиетке қол сұқпаудың конституциялық қағидатын талқылау БАҚ-та кеңінен жария етілді. Бір ай бойы «Казахстанская правда» газетінің беттерінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен заң шығару және сот билігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың, академиялық топ өкілдерімен арасындағы әңгіме түрінде осы конституциялық қағидатты іске асырудың түрлі қырлары талқыланды.
2007 жылғы 28 тамызда V Тамыз оқылымының қорытындыларына арналған конференция болды. Онда адамның құқықтары мен бостандықтарын ұстауға конституциялық реформалардың ізгілендіруші әсері, осы процеспен байланысты адамның қадір-қасиетін құрметтеу және тану, азаматтылықты тәрбиелеу, мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының адамның қадір-қасиетін төмендетуді болдырмайтын мәдениетін қалыпастырусаласындағы мемлекеттік саясат мәселелері өзектендірілді.
V Тамыз оқылымы қатысушылардың кең ауқымыдылығымен ерекшеленді, оған ҚР Президенті Әкімшілігің, ҚР Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың өкілдері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьялары, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және елшіліктердің, ҮЕҰ өкілдері, еліміздегі оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты.
Тамыз оқылымына қатысушылар елімізің ата заңының адамның қадір-қасиетін қорғайтын негізгі құқықтары мен бостандықтарына бағдарланғандығын, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын бекітудің, насихаттаудың, құрметтеу мен сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
07.08.2007 жылы Астана қаласында БҰҰ Даму бағдарламасы мен ЕҚЫҰ орталығы ұйымдастырған жұмыс кездесуінде болған Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі дүниежүзілік бағдарламаны және Дүниежүзілік бағдарламаның бірінші кезеңінің (2005-2007 жылдар) іс-қимыл жоспарын Қазақстанның орындау барысын талқылау мемлекеттік органдардың жүргізген жұмыстарында кемшіліктер барын анықтады. Олардың ішінде ең маңыздысы – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың Басқармасын адам құқықтары жөніндегі білім беру саласында елде қабылданған күш-жігерлер туралы тиісінше хабардар етудің жоқтығы. Атап айтқанда, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар Басқармасының веб-сайтындағы Дүниежүзілік бағдарламаға арналған тарауда (www.ohchr.org/english/issues/edication/training/programmr.htm) 2006 жылы 30 маусымда мақұлданған Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) сияқты Қазақстанда қабылданған маңызды құжат туралы ақпарат жоқ. Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының қабылдануы осы сәтте Қазақстаннан басқа тек 11 мемлекет қана орындаған Дүниежүзілік бағдарламаны орындау бойынша алғашқы шара болып табылады.
Оның үстіне, көрсетілген веб-сайтта Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі білім саласындағы жұмысты жүргізуге жауапты мемлекеттік орган туралы ақпарат жоқ (national focal point). БҰҰ-ға қатысушы 35 мемлекеттің мемлекеттік органдарының ішінде осындай мәліметтерді білім министрліктері немесе олардың құрылымдық бөлімшелері ұсынған.
Дүниежүзілік бағдарламаны орындау процесі елдің ішінде де белгісіз. Дүниежүзілік бағдарламаның іске асырылуына жауапты не Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, не қандай да бір басқа мемлекеттік органдар Ұлттық жоспар туралы ақпараттың таратылуына тиісті көңіл бөлмей отыр: ол туралы мәліметтер жарияланбайды, осы жоспарды орындау процесін түзететін іс-шаралар өткізілмейді. Дүниежүзілік бағдарламаның бірінші кезеңін орындау шеңберінде жүргізілген ұлттық зерттеу («Мектеп жүйесіндегі адам құқықтары мәселелері бойынша ағарту саласындағы бүгінгі жағдайды талдау») жария етілген жоқ, ал Дүниежүзілік бағдарламада зерттеу нәтижелерін кеңінен тарату ұсынылған.
Келесі маңызды мәселе адам құқықтары саласындағы білім жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру болып табылады. Ұлттық жоспарды егжей-тегжейлі талдау білім іс-шараларын өткізуге қаражат бөлуге мемлекеттік органдардың ниеті жоқтығын көрсетеді. Ұлттық жоспарда көбінесе қаржыландыруды талап етпейтін (жоспардың 38-тармағының ішінде – 23 тармақ қаржыландыруды талап етпейді) және бюджеттен тыс қаражаттың есебінен іске асырылатын (11 тармақ бюджеттен тыс қаражатты пайдалану арқылы іске асыру жоспарланған) акциялар қамтылған. «Құқықтық насихат» (Әділет министрлігі), «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» (Мәдениет және ақпарат министрлігі), «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу» (Мәдениет және Ақпарат министрлігі) сияқты бағдарламалардың шеңберінде іске асырылатын Ұлттық жоспардың іс-шаралары мамандандырылмаған, олардың нысаналы мақсаты адам құқықтары жөніндегі білім мәселелерін жаппайды.
Ұлттық жоспардың іс-шараларын орындау барысын үйлестіру жоқ, жалпы ведомствоаралық ынтымақтастық жолға қойылмаған. Ұлттық жоспарды бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекітілген сәттен бастап адам құқықтары саласындағы білім жұмыстарына қатысатын мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың бірде бір кеңесі өткізілмеген. Нәтижесінде Ұлттық жоспардың орындалуын бақылауға, оның тиімділігін бағалауға және қабылданған күш-жігерлердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік жоқ.
Ұлттық жоспарды Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу туралы «Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 629 қаулысының 4-тармағы орындалмаған.
Кездесудің қатысушыларына көтерілген проблеманы талқылау кезінде:
-
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Ұлттық жоспардың қабылданғандығы, оның мазмұны мен орындау барысы туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың Басқармасын хабардар ету жұмыстарын жандандыру;
-
Дүниежүзілік бағдарламаның орындалуына (focal point) жауапты мемлекеттік органды белгілеу және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың Басқармасын Қазақстанда осындай органның болуы туралы хабардар ету;
-
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Ұлттық жоспарды іске асыру мәселесін Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келесі отырысының күн тәртібіне қою және Ұлттық жоспардың орындалуын аталған комиссияның тұрақты бақылап отыруын қамтамасыз ету;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанынан Ұлттық жоспармен жұмыс жөніндегі жұмыс тобын, халықаралық ұйымдардың қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан – адам құқықтары бойынша білім проблемалары жөніндегі топты құру;
-
БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, «Эквитас» Қорына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне Ұлттық жоспардың орындалуы туралы конференцияны 2007 жылдың қарашасында өткізу мәселесін қарастыру, осы жұмысқа жаңа серіктестер мен донорларды тарту;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылы 5-6 қарашада Страсбург қаласында өтетін Адам құқықтары саласындағы білім берудің дүниежүзілік бағдарламасының бірінші кезеңіне арналған іс-қимыл жоспарын имплемегтациялау бойынша еуропалық елдердің Өңірлік кездесуіне дайындық қарсаңында Ұлттық жоспардың орындалу барысын бағалауды бастау;
-
БҰҰДБ және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Астана қаласында Дүниежүзілік бағдарламаны орындау мәселелері бойынша кездесу өткізу ұсынылды.
Білім беру қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында республиканың жоғары оқу орындарымен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Ең алдымен, отандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің барлық құқық қорғау іс-шараларына тратылады. Мәселен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттері V Тамыз оқылымына, қоғамдық тыңдауларға қатысты. «Қазақстан Республикасында омбудсмен институтын дамыту» тақырыбындағы халықаралық конферецияға өңірлік жоғары оқу орындарының: Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Талдықорған педагогикалық университетінің, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Шәкәрім атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, «Болашақ» Қызылорда университетінің, Батыс Қазақстан университетінің студенттері қатысты.
Бұдан басқа, студенттер Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратында оқу-танысу практикасынан өтеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі түрлі мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдастырған іс-шараларды білім беру мақсатында пайдаланады, сондай-ақ түрлі семинарлар мен тренингтерде дәріскер мен жаттықтырушы ретінде қатысады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы мен қызметкерлері мынадай іс-шаралардың жұмысына қатысты:
-
Қарағанды қаласында балалардың құқықтарын сақтау мониторингі және келіп түскен шағымдарды қарау бойынша жаттықтырушыларға арналған оқу семинары (11-15.12.2006);
-
«Босқындардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету: ұлттық заңнама және халықаралық стандарттар» тақырыбында тренинг өткізу (20.12.2006);
-
«Азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуі: ҚР заңнамасын дамыту жолдары» тақырыбындағы дөңгелек столдың отырысы (Астана, 25.07.2007);
-
«Отбасылық қолайсыздықты ертерек айқындау. Балаларға көмек» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысы (Астана, 25.07.2007);
-
№ 138 «Жұмыс қабылдаудың ең төменгі жасы туралы» және № 182 «Балалар еңбегінің ең жаман нысандары туралы» ХЕҰ конвенцияларының ережелерін орындау туралы ұлттық баяндамаларды дайындау бойынша Балалар еңбегінің ең жаман нысандарына қарсы күрес жөніндегі Ұлттық Үйлестіру Кеңесінің жұмыс тобының отырысы (07.08.2007);
-
ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің 2005-2009 жылдарға арналған ынтымақтастығының ел бағдарламасын орта мерзімді шолу шеңберінде ЮНИСЕФ қызметін талқылау жөніндегі отырыс (18.09.2007);
-
«Қазақстан Республикасында және Орталық Азияда мүгедек әйелдердің қозғалысын дамыту» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысы (21.09.2007);
-
«Қазақстан тәуелсіздігінің тарихында желтоқсан оқиғасының маңыздылығы» тақырыбында қызметкер Астана қаласындағы № 3 орта мектеп оқушыларының алдында дәріс оқыды (05.12.2006).
Халықтың құқықтық хабардар болуына жәрдемдесу мақсатында Уәкіл мекемесі есептік кезең ішінде ұлттық құқық қорғау мекемесі, оның құзыреті және жүгіну тәртібі туралы білімді таратуға бағытталған плакаттар мен жадынамалардың алғашқы сериясын шығарды. Бұл мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарды құқықтары бұзған жағдайда Уәкілге жүгіну мүмкіндігі туралы білімдерді таратуға ықпал ететін даңа коммуникативтік арна жасау шараларының бірі. Плакаттар мемлекеттік органдардың ғимараттарына, вокзалдарға, әуежайларға, «Қазақтелеком» өкілдіктерінде, пенитенциарлық жүйе мекемелерінде таратылды. Бұдан басқа, босқындарға арналған тақырыптық плакаттар, сондай-ақ босқындар мен оралмандарға олардың құқықтары түсіндірілген жадынамалар шығарылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы ақпарат беру ақпараттық бюллетень және Уәкілдің веб-сайты арқылы жүзеге асырылады. Онда омбудсмен институты мен оның қызметі туралы тұрақты жаңартылатын материалдар, адам құқықтары саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық құжаттар туралы ақпарат, негізгі басым бағыттар бойынша адам құқықтарымен ахуалды талдау қамтылады.
Еуропалық Одақтың қолдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейтін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа веб-сайты (www.ombudsman.kz) құрылды. Онда омбудсмен қызметі туралы деректер жинақталған. Омбудсмен инситутытының интернет желісіндегі электрондық беттерін ашқандар адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты қажетті нормативтік актілермен және құжаттармен де таныса алады. Сайтта БАҚ хабарламалары, баспасөз релиздері, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есептер, арнайы баяндамалар, заң жобаларына сарапшылық қорытындылар, ақпараттық бюллетеньдер, ұсынымдар, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сөйлеген сөздері және басқа да материалдар орналастырылған, сондай-ақ электрондық түрде Уәкілге жүгіну мүмкіндігі берілген. Ол үшін сайтқа келушілерге арнайы тараудағы кері байланыс нысанын толтыру және Уәкілдің электрондық почтасына автоматты түрде арналатын өзінің хабарламасын жіберуі қажет.
Плакаттар мен басқа да ақпараттық материалдарды тарату және жаңа веб-сайттың ашылғандығы жөнініде ақпарттық науқанның басталғаны туралы халыққа хабарлау үшін 2007 жылғы 13 наурызда жаңа коммникациялық арналардың тұсаукесері өткізілді.
Халықтың құқықтық мәдениетін арттыруда, азаматтарға құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз етуде, мемлекеттік-құқықтық жүйені жетілдірудің өзекті проблемаларын талқылауда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық бюллетені маңызды роль атқарады. Есептік кезеңде Еуропалық Одақ пен БҰҰ БЖКБ қаржыландыратын «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» жобасын іске асыру шеңберінде ақпараттық бюллетеньнің 3 нөмірі шығарылды. Ақпараттық бюллетеньдерде Уәкілдің қызметі, аталған жобаны кезең-кезеңмен іске асыру туралы ақпарат, босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау мониторингі нәтижелерінің материалдары, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің дөңгелек столдарда, семинар-тренингтерде, конференцияларда сөйлеген сөздері, сарапшылық қорытындылар, нормативтік құқықтық актілер қамтылған.
Халықтың құқықтық мәдениетін қалыпастыру бүгінде маңызды міндет болып табылады. Ол өркениетті қоғамды дамытуға, әділдікті және заңды құрметтеуге бағытталған құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.
Уәкіл өз қызметін адамның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, ашықтық, жариялық, қол жетімділік, сұхбатқа дайын болу қағидаттарында құқықтық білім беру және ағарту, және кез келген құрылыммен өзара іс-қимыл бойынша өз қызметін құрады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіндегі маңызды бағыт БАҚ-пен өзара іс-қимыл болып табылады.
Ақпарат құралдарымен жұмыста омбудсмен мекемесі тоқсан сайынғы баспасөз конференциялары, брифингтер, теледидар сюжеттерін, сөйлейтін сөздерін, сұхбат дайындау, құқық қорғау тақырыптары мен күндерге арналған іс-шараларға журналистерді шақыру сияқты қызмет нысандарын пайдаланады. Электрондық және баспа БАҚ-пен тығыз өзара іс-қимыл адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ақпараттық тжағынан қолдауды қамтамасыз етуге, құқықтық ағартуды белсенді жүргізуге және елдің кез келген өңіріндегі әрбір азаматқа дейін Уәкілге жүгіну мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді.
Есептік кезең ішінде омбудсмен қызметінің қорытындылары жария етілген, сондай-ақ құқық қорғау проблемалары бойынша пікір алмау жүзеге асырылған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз конференциясын өткізу дәстүрге айналды.
Мәселен, Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік мамандандырылған мекемелерді тексеру қорытындысына арналған баспасөз конференциясына (2006 жылғы 2 желтоқсан) «Қазақстан-1», «Хабар» агенттігі, «Эра ТВ», «Рика», «31 арна - Отырар», «Ақтөбе ТВ» телеарналары, «Экспресс-К», «Юридическая газета», «Актобе таймс», «Диапозон», «Эврика», «Актюбинский вестник», «Ақтөбе» газеттерінің тілшілері бар жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
БАҚ-та кеңінен жарияланатын Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы жыл сайынғы тоқсандық және мамандандырылған есептердің тұсаукесері тұрақты сипатқа ие.
26.01.2007 жылы электрондық және баспа БАҚ-та 12-ден астам мақала мен хабрламалар жарияланған «Қазақстан Республикасында егде адамдардың құқықтарын сақтау туралы» мамандандырылған есептің шығуына арналған тұсаукесер өткізілді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2006 жылғы қызметі туралы есептің тұсаукесеріне Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. 2006 жылдың ішінде омбудсмен мекемесі құқықтарын қалпына келтірген өтініш берушілердің оған қатысуы іс-шараның ерекшелігі болды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы тоқсандық есептердің тұсаукесеріне дәстүрлі түрде баспа басылымдарының журналистері, сондай-ақ астаналық және республикалық телеарналардың журналистері есептік кезеңдегі ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелерін, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдарын талқылау, заңнаманы және құқық қолдану практикасын адам құқықтарының халықаралық стандарттарына сәйкес жетілдіру, адам құқықтары саласындағы ағымдағы ахуалды талқылау мақсатында шақырылады.
БАҚ-пен жұмыстың жүйелігі аса маңызды оқиғаларға, кездесулер мен құқық қорғау іс-шараларына арналған баспасөз релиздерін тұрақты түрде дайындауға және жіберуге мүмкіндік береді. 2007 жылы 25-тен астам баспасөз релиздері дайындалып таратылды. Баспасөз релиздеріндегі ақпарат «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Юридическая газета», «Заң газеті», «Экспресс-К», «Известия Казахстан» «Астана хабары» газеттерінде, «Казинформ», «Казахстан тудей», «Интерфакс» ақпараттық агенттіктерінде және басқа да басылымдарда жарияланды. Онда Ұлыбритания, Швейцария Сыртқы істер министрлігінің, Венеция комиссиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу, Уәкілдің адам құқықтарын сақтау мониторингі мақсатында Ақмола және Алматы облыстарын аралауы, сондай-ақ Уәкіл мекемесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (Венеция комиссиясының) 71-ші пленарлық отырысына қатысуы, Уәкілдің БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясының жоғары деңгейдегі салтанатты пленарлық отырысына қатысуы жарық көрді.
Ұлттық құқық қорғау мекемелерінде бұқаралық ақпарат құралдарымен, әсіресе «Казинформ», «Казахстан тудей», «Интерфакс» ақпараттық агенттіктерімен, радиарналар: Қазақ радиосы және «Азаттық» радиосымен, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Юридическая газета», «Заң газеті», «Инфо-Цес», «Экспресс-К», «Известия Казахстан» «Астана хабары» газеттерімен, «Қазақстан», «Хабар», «Эра ТВ», «Астана», «31 арна», «Рахат», МИР МТРК және басқаларымен серіктестік өзара қатынас қалыптасқандығын жұмыс қорытындылары растайды.
БАҚ-тың адал және мінсіз қызметі, адам құқықтары проблемаларына зейін қойғаны үшін ризашылық білдіру мақсатында жылдық есептің тұсаукесері кезінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кейбір журналистерге, олардың ішінде: «Время» газетінің тілшісі Г.Н.Выборноваға, «Экспресс-К» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі Л.М.Түркістановаға, «Литер» газетінің тілшісі М.Левыкинаға, «Литер» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ю.Г.Елисеевке, «Литер» газетінің Қарғанды облысындағы меншікті тілшісі А.А.Балакешеваға, «Караван» газетінің тілшісі Г.Вологодскаяға, «Мегаполис» газетінің меншікті тілшісі Е.В.Нефедоваға, «Эра-ТВ» телеарнасы «Апта айнасы» ақпараттық-талдау бағдарламасының редакторы А.Қ.Әлжанға, «Юридическая газета» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі Н.У.Абильдиновке алғыс жариялады.
Масса-медиа өкілдерімен өзара қарым-қатынасты сапалы жақсартуға, және, ең соңында адамның құқықтары мен омбудсмен қызметі туралы халықтың хабардар болуын арттыруға Уәкіл мен оның аппараты қызметкерлерінің көпшілік алдында сөйлеген сөздері ықпал етеді. 2007 жылы бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық жұмыстың көбейгені байқалады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сөйлеген сөздерінің ішінде мыналарды атап өтуге болады: Тәуелсіздік күні қарсаңындағы «Казинформ» ақпараттық агенттігіне «Омбудсмен билік пен қоғамның тең құқықты серіктестігін нығайтуда байланыстырушы буын ролін атқарады» деген сұхбат (13.12.2006), www.iwpr.net («Institute for War and peace Reporting») электрондық порталымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша сұхбаты (17.01.2007), «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Адам – мемлекеттік басты байлығы» тақырыбындағы сұхбат (07.03.2007), 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Айна» ақпараттық бағдарламасы үшін «Қазақстан» телеарнасы (11.03.2007), «Нарушение прав верующих» тақырыбында «Форум 18. орг» ақпараттық агенттігі үшін (12.03.2007), «Казахстанская правда» үшін «Высшая мера справедливости» тақырыбында (13.03.2007), «Гендерлік теңдік» тақырыбында «Назар» телебағдарламасында 8 наурыз қарсаңында «Қазақстан» телеарнасында (6.03.2007). бұдан басқа 2007 жылғы 18 қаңтардағы «Казахстанская правда» беттерінде Уәкілдің «Будет закон, будет статус» мақаласы, 2007 жылғы 5 сәуіпде «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттігіне Уәкілдің сұхбаты, 2007 жылы 6 сәуірде «31 арна» агенттігіне сұхбаты, 2007 жылы 7 мамырда «Я за отмену смертной казни» тақырыбында «Мегаполис» газетіндегі сұхбат, 2007 жылғы 29 мамырдағы конституциялық реформа мәселесі бойынша «Хабар» телеарнасының «Бетпе бет» бағдарламасында сөйлеген сөзі, 2007 жылғы 30 мамырда «Экспресс К» газетінде «Право на права» сұхбаты, 2007 жылы 1 маусымда www.astana.kz халықаралық бала асырап алу мәселелсі бойынша сұхбат, 2007 жылы 7 маусымда «Вечерняя Астана» газетінде «Нужно материально поддерживать наших усыновителей» сұхбаты, «Вашингтон пост» Москва бюросының шефі Питер Финнге «Кришнаны тану» діни бірлестігіне қатысты мәселе бойынша сұхбат (3.07.2007), мақаласы шықты (24.07.2007), «Қазақстан» телеарнасына «Қазақстан Республикасында адам құқықтарымен байланысты ахуал туралы» тақырыпта сұхбат (16.08.2007), Қазақстан Республикасы Конституциясы Күніне арналған «Хабар» телеарнасына сұхбат, «Мегаполис» газетінде «Нелюди с животными инстинктами» мақаласына түсініктеме (3.09.2007), республикадағы адам құқықтарымен байланысты ахуалға арналған «Егемен Қазақстан» газетіндегі Уәкілдің сұхбаты (11.12.2007).
Достарыңызбен бөлісу: |