Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



бет18/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

Барлық әлемде адам құқықтарын назар аудару өсуде. Көптеген жалпы адамзаттық проблемалардың жаһандылығын сезіну мемлекеттің интеграциялық негізде неғұрлым тығыз ынтымақтастығына әкеледі. Бүгінгі күні, мемлекет бір-бірімен өзара іс-қимылсыз адам құқықтарының қолданыстағы халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету проблемаларын шеше алмайды. Мұндай жағдайда адам құқықтары саласында кездесетін және әлеуетті проблемаларды шешу мақсатында халықаралық шарттар жүйесі шеңберінде серіктестік стратегиясын әзірлеуге қажеттілік туындайды.



    1. Халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттердің

ұлттық құқық қорғау мекемелерімен ынтымақтастық
Ақпарат және практикалық білім алмасу, сондай-ақ халықаралық форумдар мен кездесу шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділіктерін одан әрі арттыру қызметінде маңызды құрамдардың бірі болып табылады.

Есептік кезең ішінде қызмет саласына адам құқықтары мәселесі кіретін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жұмыстары жалғастырылды. Ол бірнеше бағыттарда, яғни Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің халықаралық ұйымдар ұйымдастырған консультациялар мен семинар-тренингтерге қатысу, ақпарат алмасу, бірлескен жобалар мен іс-шараларды дайындау және іске асыру бағыттарында жүзеге асырылды.

Адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды қыры Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің халықаралық және өңірлік конференциялар мен форумдардың жұмысына қатысуы болып табылады. Уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлері ЕҚЫҰ-ның мынадай форумдарының жұмысына қатысты: «Жиналу, бірігу және білдіру бостандығы: плюралистік қоғамға толық әрі бірдей қатысуды көтермелеу» тақырыбында Адамзаттық өлшем жөніндегі ЕҚЫҰ-ның қосымша кеңесі; «Демократиялық қоғамдарға тиімді қатысу және мүддесін білдіру» тақырыбында адамзаттық өлшем семинары; Кемсітушілікке қарсы күрес және өзара құрмет пен түсіністікті көтермелеу жөнінде ЕҚЫҰ конференциясы; «Адам құқықтарын қорғау және көтермелеу: қорғау жауапкершілігі және тиімді құралдары» тақырыбында Адамзаттық өлшем жөніндегі ЕҚЫҰ Қосымша кеңесі.

Осы саладағы аса маңызды іс-шара Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің 20007 жылғы наурыздың 29-ы мен 30-ы аралығындағы кезеңде «Жиналу, бірігу және білдіру бостандығы: плюралистік қоғамға толық әрі бірдей қатысуды көтермелеу» тақырыбында Адамзаттық өлшем жөніндегі ЕҚЫҰ-ның қосымша кеңесіне (Вена қаласы, Австрия) қатысуы болды. Оның жұмысына ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының 200-ге тарта өкілдері, құқық қорғаушылары мен журналистері қатысты.

Жиналу, бірігу және білдіру бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету кезінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жиі кезігетін шақыруларды зерделеу, және оларды еңсеру тәсілдерін іздестіру кеңестің мақсаты болды. Әдеттегінше, ЕҚЫҰ қосымша кеңестерінің барысында түрлі мемлекеттердің практикасын талдау негізінде ел заңнамасын және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін одан әрі пайдаланылатын әдіснамалық тұрығдағы маңызды амалдар әзірленеді.

Кеңес тек практикалық мәселелерді зерделеуге бағытталған еді. Жақын арадағы негізгі де бағдарға алынатыны қоғамдық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және жиналыстарды тіркеу институтынан бас тарту және кеңестің тақырыбында мәлімделген құқықтарды іске асыру кезінде хабардар ету сипатына көшу қажеттігі туралы пікір болды.

Кеңес барысында мемлекеттік делегация өкілдері қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы ахуал туралы, діни сенім бостандығына қатысты заңнамадағы жоспарланып отырған өзгерістер, ұлттық заңнаманы ЕҚЫҰ стандарттарымен сәйкес келтіруге бағытталған бұқаралық ақпарат құралдары туралы баяндады.

Адамзаттық өлшемнің аса өзекті мәселелері талқыланған қазақстандық және американдық делегациялардың кездесуі қосымша ұйымдастырылды. Қазақстандық тарап елде қоғамдық бірлесіктердің жұмыс істеу және медиа заңнамасын жетілдіру мәселелеріне түсінік берді. Өз кезегінде американдық тараптың өкілі бірігу және білдіру бостандығына құқықты қамтамасыз ету саласында ахуалды жақсарту бойынша Қазақстанның ниетін қолдайтынын білдірді.



«Демократиялық қоғамдарға тиімді қатысу және мүддесін білдіру» тақырыбындағы адамзаттық өлшем семинарында (2007 жылғы 16-18 мамыр, Варшава) түпнұсқа демократиялық процесті қамтамасыз ету үшін демократиялық жүйелерді жетілдіру мен дамытудың негізгі тұжырымдамалары мен шақырулары қаралды. Семинар конституциялық құрылымдарда айтылған қатысу мен мүддесін білдіруге ғана назар аударып қоймай, сонымен бірге демократиялық мәдениетті дамытуға ықпал ете отырып, практикада қалай әсер ететінін және жетілдірілетінін қарастырды.

Кемсітушілікке қарсы күрес және өзара құрмет пен түсіністікті көтермелеу жөнінде ЕҚЫҰ конференциясы барысында (2007 жылғы 6-7 маусым, Бухарест) шыдамдылықты тәрбиелеу бағытында және кемсітушілікке қарсы күресте ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындау; шыдамдылықтан өзара құрметтеу мен түсіністікке негізделген қадірге көшу мәселелері талқыланды. Конференцияның пленарлық сессиялары антисемитизмге, христиандар мен басқа дін өкілдеріне қатысты шыдамсыздық пен кемсітушілік көріністерінің фактілеріне ерекше көңіл бөлінген кезде мұсылмандарға қарсы шыдамсыздыққа және кемсітушілікке, нәсілдік, ксенофобия және кемсітушілік көріністеріне қарсы күреске, шыдамдылықты көтермелеу және кемсітушілікке қарсы күрес садасындағы заңнамаға; шыдамсыздық салдарындағы қылмыстарға қарсы күресте құқық қолдану құрылымдарының роліне; шыдамсыздық салдарындағы қылмыстар туралы деректерді жинауға; өзара құрмет пен түсіністікті тәрбиелеу, Холокост және оның құрбандары туралы ескерткіштерді сақтау, мәдениет пен дін сұхбатын ретке келтіру бағытындағы білім беру қызметіне; нәсілдік, ксенофобия және кемсітушіліктің жариялы көріністерін БАҚ, Интернет, спутниктік телеарна және оқулықтар арқылы сөз бостандығының құқықтарын бұзбай таратылатын проблемаларды шешу амалдарын іздестіруге арналды.

Бұдан басқа, 2007 жылғы 22 маусымда Варшава қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ басшылығы және сарапшыларымен кездесулері ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қазақстандағы құқық қорғау қағидаттары мен мұраттарын дамыту қорытындылары мен перспективалары талқыланды.

Осы салада маңызды іс-шаралардың бірі «адам құқықтарын қорғау және нығайту: қорғау жауапкершілігі және тиімді құралдары» тақырыбында Адамзаттық өлшем жөніндегі ЕҚЫҰ Қосымша кеңесіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуы болды (2007 жылғы 12-13 шілде, Вена қаласы, Австрия).

Халықаралық міндеттемелердің ролі мен маңыздылығының және олардың мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына әсерінің өзектілігін аназарға ала отырып, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы ұйымдастырған БҰҰ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің қорытынды ескертулерін талқылау бойынша субөңірлік семинарға (2007 жылғы 28-30 наурыз, Бішкек қаласы, Қырғызстан) және 2007 жылы 29-31 мамырда Тегеран қаласында (Иран) болған «Ислам шариғатының негізінде айыпталушыны қорғау саласында әділ тергеуде прокуратураның ролі, мұсылман елдерінің заңдары және халықаралық міндеттемелер, орнықты экономикалық, мәдени және қоғамдық қауіпсіздік» тақырыбындағы конференцияға қатысты.

Халықаралық ұйымдардың және шетелдік омбудсмендер мекемелерінің өкілдерімен кездесулер тұрақты негізде жүзеге асырылады.

2007 жылғы 13 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар Антонио Гуттереспен кездесуі өтті. Оның барысында Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай келетін баспана жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Уәкіл босқындар мен баспана іздеген адамдарды халықаралық қорғау мен көмекті ұйымдастыруда негізгі функциялардың маңызы артып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ өз мекемесінің босқындардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мен ЕҚЫҰ арасында ауқымды мәселелер шеңбері бойынша түрлі деңгейдегі консультациялар үнемі өткізіліп тұрады.

Мәселен, есептік кезеңде Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Ивар Виккимен, ЕҚЫҰ Орталығы Басшысының орынбасары Жанет Клотцермен, ЕҚЫҰ Орталығы Адамзаттық өлшем бөлімінің меңгерушісі Эуджение Бенинимен (29.10.2007) адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ делегациясымен (24.01.2007), «Эквитас» Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі халықаралық орталықтың қызметкерлері Мария Холчак және Винченца Назаримен, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы Адамзаттық өлшем бөлімінің меңгерушісі Эуджение Бенинимен және Қазақстандағы «Эквитас» өкілі Татьяна Маркинамен (21.09.2007), ЕҚЫҰ дін бостандығы мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің сарапшыларымен (22.02.2007) кездесулер өтті.

Уәкіл мекемесі Қазақстанда БҰҰ-ның мүддесін білдіретін мекемелермен байланысты қолдап отырады. Халықаралық ұйымдардың өкілдерімен тұрақты кездесулердің барысында жоба бойынша ақпарат пен идея алмасу жүзеге асырылады. 2007 жылы БҰҰ-ның резидент-Үйлестірушісі – БҰҰДБ Тұрақты Өкілі Хаолянь Шумен (24.08.2007, 04.10.2007), Қазақстан Республикасындағы БҰҰ БЖКБ Өкілдігінің Басшысы Сезар Дюбонмен және БҰҰ БЖКБ қызметкерлерімен (12.02.2007), Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі А.В.Зуевпен (27.02.2007, 04.10.2007), ЮНИСЕФ сарапшысы, «Нет алкоголизму и наркомании» Ресей қайырымдылық қоры заң қызметінің басшысы Нодари Хананшвилимен (11.04.07) кездесулер ұйымдастырылды.

Есептік кезең ішінде адам құқықтары мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға көңіл бөлінді. Бұған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Орталық Азиядағы Фридом Хаус жобасының үйлестірушісі ДГолстейнмен және Қазақстандағы Фридом Хаус ұйымының басқа да өкілдерімен (15.11.2007), Фридом Хаус Қорғаншылық Кеңесінің мүшелерімен (25.04.2007), Қазақстандағы Интернейшнл Каунтерпарт өкілдері Уильям Шланскермен, Ұлжан Қанжығалинамен және Жәмила Асановамен (30.05.07), Азаптауды болдырмау қауымдастығының мүшесі Мэтью Принглмен (01.02.2007), Балалар мәселелері жөніндегі офистің директоры және Консулдық мәселелер бойынга бас хатшының бас ассистент кеңесішісі Элен Конуэймен (08.02.2007), Қасиетті Эджидио Общинасының өкілі Эмберти Джиаллореттимен (16.03.2007) кездесулер ықпал етті.



Шет мемлекеттердің құқық қорғау мекемелерімен екі жақты қатынастар тұрғысында Қырғыз Республикасының Омбудсмені Турсунбай Бакир уулымен (01.08.2007), Қырғыз Республикасы Омбудсменінің мекемесі құқықтық ағарту және ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісімен (26.07.2007) кездесулер өткізілді.

2007 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына басқа мемлекеттердің, соның ішінде Ресей Федерациясының, Свердлов, Смоленск, Кемерово, Самара, Саратов облыстарының. Ресей Федерация Краснояр өлкесінің, Алтай өлкесінің, Ресей Федерациясы Қалмық Автономды Республикасының, Қырғыз Республикасының омбудсмендерінен азаматтардың мүддесі үшін 37 өтініш келіп түсті.

Уәкіл мекемесіне түрлі елдердегі адам құқықтарымен жағдайды бағалау қамтылған шетелдік омбудсмендердің қызметі туралы талдау баяндамалары мен материалдар келіп түседі, олардың аппаратындағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдері мен әдістері мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы ұсынылған. Мұның барлығы адам құқықтарын мемлекеттік қорғаудың шетелдік оң тәжірибесін жинақтауға және оны жұмыста пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, 2006 жылы өз мекемелерінің қызметі туралы ақпаратты Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің, Ресей Федерациясы Самара облысының, Австрия, Финлядия, Грекия, Македония омбудсмендері, Еуропа омбудсмені жіберді.

Есептік кезеңде Қазақстандағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдерімен тығыз іскерлік қатынас орнады. Қазақстан Республикасындағы Италия Елшісі Бруно Пасквуиномен, ҚР Италия Елшілігінің бірінші хатшысы Эмилио Лоллимен (09.02.2007), Швейцария Сыртқы істер министрлігінің делегациясымен (24.04.2007), Ұлыбритания СІМ өкілдері: Кэтрин Лэйденмен, Крис Уотмоумен, Мартин Чайлдпен (14.05.2007), Астана қаласындағы Иран Елшілігінің Өкілі Валиоллах Заргаримен (02.07.2007), ҚР-дағы АҚШ Елшісі Джон Ордвэймен, ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ елшісі Джулия Финлимен (16.11.2007) кездесулер өтті.

Шетелдердің дипломатиялық миссияларымен ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі Италия Республикасының өлім жазасына мораторий белгілеу туралы ұсынымының жобасын БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіне қою жөніндегі халықаралық бастамасын қолдау, «Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?» тақырыбындағы қоғамдық тыңдауларға балалардың құқықтары саласындағы танымал халықаралық сарапшылардың қатысуы болды.

Есептік кезеңде ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясымен (Венеция Комиссиясы) өзара іс-қимылды нығайту және кеңейту болды.

Бүгінде Қазақстан Венеция комиссиясының мүшесі болып табылмайды және оның құрамында байқаушы ретінде ғана тұр. 1990 жылы Еуропа одағы 18 мүше мемлекеттің келісімінің нәтижесінде құрылған, 2002 жылы ақпанда кеңейтілген келісіммен комиссия болып, оған еуропалық емес мемлекеттердің кіруіне мүмкіндік туды. Қазіргі кезде комиссияға 50 мемлекет кіреді, 8 елдің байқаушы мәртебесі бар.

Венеция комиссиясы құқықтық саладағы идеялармен алмасу бойынша халықаралық танымал тәуелсіз форум болып табылады. Комиссия еуропалық құрлықтың негізгі нормаларына негізделген еуропалық конституциялық мұраның таратылуы жәрдемдеседі, сондай-ақ «жедел конституциялық көмек» көрсетеді.

2007 жылғы 1-2 маусымда Венецияда Уәкіл мекемесінің қызметкері қатысқан комиссияның 71-ші пленарлық отырысы өтті.

Отырыс қарсаңында Венеция комиссиясының делегациясы конституциялық реформаларды зерделеу мақсатында Қазақстанда болды. Комиссия мүшелері пленарлық отырыстың барысында Қазақстандағы конституциялық реформаларды зерделеуге және оның нәтижелерін талдауға қызығушылық білдірді. Венеция комиссиясының хатшысы Джованни Букиккио Конституцияға өзгерістерді жоғары бағлай отырып, Қазақстанда демократиялық реформалардың жалғасатынына сенім білдірді. Комиссияның пікірі бойынша, елде өткен конституциялық реформа Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі болып табылатындай ұлттық құқық қорғау мекемесінің аса тиімлі және кәсіби қызметі үшін жағдай жасап отыр.

Венеция комиссиясының сарапшылары (Хортур Торфасон және Петер Пацалау) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретін кеңейтулің мүмкін болатын перспективалары туралы зерттеу жүргізді. Омбудсмен мекемесімен ынтымақтастық барысында Уәкілдің заңнаманы жетілдіруге қатысу, мамандандырылған омбудсмендер құру және аппарат санының мәселелеріне талдау жасалды. Түрлі еуропалық елдердің тәжірибесін салыстырмалы зерттеуден тұратын сарапшылық жұмыстың нәтижесі 71-ші пленарлық отырыстың барысында Венеция комиссиясы мақұлдаған сарапшылық қорытынды болды.

Қатысушы елдер үшін комиссияның қарарлары халықаралық шарттардың нормаларын түсіндіретін және басқа да мемлекеттердің практикасын жинақтайтын маңызды сарапшылық құжат болып табылады. Конституциялық құқық саласында танымал сарапшы болып табылатын комиссия мүшелері қорытындыларында маңызды құқық қорғау проблемаларын шешу үшін әдіснамалық нұсқауларды түйіндейді. Осыған байланысты халықаралық ұйымдар мен көптеген мемлекеттердің конституциялық бақылау органдары өз қызметінде сарапшылық қорытындыларды басшылыққа алады.

Венеция комиссиясымен ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі «Қазақстан Республикасында омбудсмен институтын дамыту» тақырыбындағы бірлескен конференция болды.

Шетелдік құқық қорғау орталықтары мен білім беру мекемелерінде Уәкіл мекемесінің қызметкерлерін оқыту практикасы жалғастырылды. Уәкіл мекемесінің қызметкерлері Лунд (Швеция) және Тирана (Албания) қалаларында Адам құқықтары және гуманитарлық құқық жөніндегі Рауль Валленберг Институты ұйымдастырған оқу бағдарламалары мен курстарда дайындықтан өтті.

2007 жылғы 21-25 мамыр аралығындағы кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкері Тирана қаласында Р.Валленберг институты ұйымдастырған адам құқықтары жөніндегі өңірлік бағдарламаның екінші кезеңіне қатысты. Оның барысында Албаниядағы адам құқықтарымен байланысты ахуалдарға шолу ұсынылды, Баланың құқықтары туралы конвенция қолдану, адам құқықтарына қауіп ретінде сыбайлас жемқорлық, түрлі өңірлерде адам құқықтарымен ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.

2007 жылғы 8 қазан мен 2 қараша аралығында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері Р.Валленберг институты ұйымдастырған адам құқықтары жөніндегі өңірлік бағдарламаның бірінші кезеңіне қатысты. Оның шеңберінде халықаралық және өңірлік адам құқықтарын қорғау тетіктері, Швецияның құқық қорғау жүйесінің тәжірибесі зерделенді.

21-25 мамыр аралығында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкері Ли Куан Ю Ұлттық университетінің жанындағы Мемлекеттік саясат мектебі ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарс күрес» тақырыбындағы семинарда оқыды (Сингапур). Семинар барысында Қытайдағы, Сингапур мен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың шығу тегі, анықтамасы және өзара іс-қимылы, көлеңкелі экономиканың, мемлекеттік басқару мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жекелеген халықаралық қырлары қарастырылып, зерттелді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін бағалау және өзгерістерді бақылау үшін диагностика жүйесі, ұйымдасқан бағалаудың және өзгерістермен басқарудың көмегімен сыбайлас жемқорлықты азайту мүмкіндігі де зерделенді. Бұдан басқа, семинарға қатысушылар е-басқару, саясатты жоспарлау, халыққа қызмет көрсетуді жетілдіруде ІТ-технологиясын стратегиялық қолдану, билік құырылымын қайта ұйымдасыру және база клиенттерімен жқмысты жалғастыру негізінже сыбайлас жемқорлық стратегиясының мақсаттарын анықтау әдістерін оқып үйренді.

Қазақстанда, Қырғыз Республикасында және Тәжікстанда Еуропалық Комиссияның Өкілдігімен іскерлік байланыс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мамандарын оқытуды ұйымдастыру және жүргізу ісінде пайда әкелетінін күмәнсіз. 2007 жылы 11-15 маусымда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкері Брюссель қаласындағы (Бельгия) Еуропалық Одақ органдарының, Еуропа Кеңесінің Адам және мекемелердің құқықтары жөніндегі Еуропа сотының (Страсбург қаласы, Франция) қызмет тәртібімен таныстыруды қамтитын Еуропалық Одаққа келушілердің бағдарламасына қатысты.

Білім беру бағдарламаларына қатысу Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, сондай-ақ шетелдік құқық қорғау ұйымдарымен пікір алмасуға ықпал етеді.

Ақпарат алмасуға ықпал ететін ынтымақтастықтың маңызды бағыты отырыстарға, конференцияларға, семинарларға қатысу, сондай-ақ кәсіптік қоғамдастықтарға мүшелік болып табылады.

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері ЮНИСЕФ-тің Халықаралық консультанты Джон Доннахьюдің қатысуымен ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің ынтымақтастығының 2005-2009 жылдарға арналған ел бағдарламасын орта мерзімді шолу шеңберінде ЮНИСЕФ қызметін талқылау жөніндегі отырысқа қатысты.

БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мен ҚР Конституциялық Кеңесінің ірі ағартушылық іс-шарасы – Қазақстан Республикасы Конституциясы Күніне арналған V Тамыз оқылымы ұйымдастырылды. Оған ЕҚЫҰ, БҰҰ БЖКБ, ЮНИСЕФ өкілдері қатысты.

Түрлі елдердің құқық қорғау институттарымен өзара іс-қимылдың негізгі нысандарының бірі олардың халықаралық кәсіптік ұйымдардың қызметіне қатысуы болып табылады. Мұндай ұйымдарда ірі ауқымды зертетулер мен жобаларды өткізу үшін бір немесе тіпті бірнеше мекемелердің шеңберінде өтпейтін, күш-жігерді біріктіруді, қаржылай қаражатты және тұтас ғылыми ұжымдардың қатысуын талап ететін едуір мүмкіндіктер бар.

2007 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тәуелсіз, саяси емес, демократиялық және кәсіпқой ұйым болып табылатын Омбудсмендердің Азиялық қауымдастығына кіруге өтінім берді. Қауымдастықтың негізгі мақсаты:



  • омбудсмен қызметі туралы тұжырымдаманы жылжыту және олардың Азияда дамуына жәрдемдесу;

  • омбудсменнің функцияларында кәсіпқой дағдыларды дамыту;

  • адам құқықтарын қорғау саласында оқып-үйренуге және зертеулер жүргізуге жәрдемдесу;

  • өңірлік омбудсмендер институты үшін оқу және білім беру бағдарламары бойынша қаржылай қаражат ұсыну;

  • омбудсмен институты туралы ақпаратты және зертеу деректерін жинау, сақтау, тарату;

  • омбудсменге өңірлік омбудсмендер арасындағы ақпаратпен және тәжірибемен жәрдемдесу;

  • азия елдеріндегі омбудсмендердің мерзімді кеңестерін жоспарлау және ұйымдастыру;

  • қауымдастықтың жоғарыда аталған міндеттерін жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелерді қарату.

Қазіргі кезде 13 ел осы қауымдастықтың мүшесі болып табылады. Олардың ішінде Әзірбайжан, Корея, Жапония, Пәкістан, ҚХР, Индия, Гонг Конг, Индонезия, Иран, Қырғызстан және басқалары бар.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықтың түрлі нысандары халықаралық құқық қорғау стандарттарына сәйкес адам құқықтарын қорғауға қатысты күрделі мәселелерді жемісті талқылауға, адам құқықтары жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеуге, осы саладағы шетелдік тәжірибені зерделеуге және пайдалануға ықпал етеді.



    1. Жобалау қызметі

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жұмыс істегеннен бастап, халықаралық серіктестіктермен бірлескен іс-қимыл мен жобалар саласы едәуір кеңейді, ал соңғы үш жылда ынтымақтастық мүлдем жаңа деңгейге көтеріліп, қызметтегі басым салалардың біріне айналды. Түрлі қатысушылар тартылған жобалар шеңберіндегі серіктестік сол немесе өзге проблеманы шешу үшін қосымша иедяларды табуға, мүмкіндіктер мен ресурстарға мүмкіндік береді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тұрақты серіктесі БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) болып қалады. Есептік кезең ішінде 2006 жылы қаңтарда басталған Қазақстанда балалар омбудсмені институтын құруды көтермелеу, сондай-ақ Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау стандарттарын әзірлеу бойынша «Қазақстанда балалар омбудсмені институтын құру» жобасын іске асыру жалғастырылды.

11-15 желтоқсанда Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын сақтау мониторингі бойынша жаттықтырушыларға арналған семинар ұйымдастырылды. Жаттықтырушылар ретінде Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қорынан сарапшылар және Ұлыбритания Баланың құқықтары жөніндегі Альянстың Ұлттық үйлестірушісі шақырылды. Осы семинарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің бас сарапшысы қатысты.

Осы оқу семинарының қорытындысы бойынша балардың құқықтарын сақтау мониторингі, олардан келіп түскен шағымдарды қарау және балаға кешенді қолдау көрсету мақсатында басқа органдардың қарауына беру бойынга жаттықтырушыларға арналған басшылық әзірленді. Қазіргі кезде басшылық пысықталуда.

2007 жылғы 13 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері балалардың құқықтары жөніндегі коммуникациялық жоспарды әзірлеу бойынша Алматы қаласындағы жұмыс кездесуіне қатысты. Коммуникациялық жоспарды Қазақстан баспасөз клубы әзірлейтін болады. АҚУ мекемесі балалардың құқықтары жөніндегі плакаттар мен жадынамалар басылымының жобасын ұсынды.

Есептік кезеңде жобаның шеңберінде балалардың құқықтары туралы негізгі құжат ретінде Баланың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы мақсатты аудиториялардың ішінде хабардар болуды арттыруға бағытталған Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі коммуникациялық жоспар әзірленді, коммуникациялық жоспар 2 жылға әзірленді және басты жұмыс бағыты болып табылатын жалпы, сондай-ақ жекелеген құқықтар бойынша баланың құқықтары туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған коммуникациялық іс-шараларды қамтиды:


  1. Баланың отбасында өсу құқығы (балалардың негізгі санаты – ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар);

  2. Баланың өмір сүруге және дамуға құқығы (негізгі назар – мүмкіндігі шектеулі балаларға);

  3. Баланы қорлықтан қорғану құқығы (негізгі назар – балалар трафигі және оған ұласатын жыныстық пайдалану).

Осы коммуникациялық бағдарламаның мақсаты Баланың құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы мақсатты аудиториялар арасында хабардар болуды арттыру жолымен балалық шақ проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару және кемсітушіліктен, зорлықтан, пайдаланудан, қатыгездікпен қараудан және олар туралы қамқорлықтың жоғынан балаларды қорғайтын байсалды ортаны қалыптастыру болып табылады.

Коммуникациялық жоспарды іске асыру үшін қазіргі кезде ақпараттық өнімдерді – баланың құқықтары туралы буклеттерді, плакаттарды, мультипликациялық роликтерді әзірлеу жүзеге асырылады.

Жоба бойынша пилоттық өңірлер Қарағанды және Шымкент қалаларында балалармен жұмыс істейтін мақсатты аудиторияларға арналған оқу семинарларын өткізді. Оған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлері шақырылды. Мәселен, «Қарағанды» облыстық қоғамдық балалар қоры мен ҚР-дағы ЮНИСЕФ өкілдігі ұйымдастырған «ҚР-да Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл жүйесін құру» жобасы бойынша балалармен жұмыс істейтін мамандардың хабардар болуын және біліктілігін арттыру жөніндегі ақпараттық оқу семинарына Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері қатысты (29.05.2007 , Қарағанды қ.).

Бұдан басқа, мамандандырылған аудиториялар – жастар мен кәсіпқой журналистер үшін бірқатар семинарлар өткізілді.

2007 жылғы 10-11 қазанда Степногор қаласында «Болашақ» дарынды балаларға арналған облыстық пансионаттың базасында «Миру нужен Я, мне нужна семья» тақырыбында жас журналистерге арналған семинар-практикум өтті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің бас сарапшысы қатысушылар алдында «Қазақстандағы блалардың құқықтарын сақтау мониторингі» тақырыбында сөз сөйледі. Семинар шеңберінде қатысушыларға жасөспірімдер үйін, балалар үйін, ментальды бұзушылықтары бар балаларға арналған мектеп-интернатты, «Болашақ» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты аралауға мүмкіндік болды.

2007 жылғы 12-13 қазанда Қарағанды қаласында кәсіби журналистерге арналған «Баланың отбасында өсу құқығы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара мақсаты журналистердің сауалттылығын артыру, оларды ата-анасының қамқорлығынан айырылған және қосымша жағдайға мұқтаж балалар туралы және бас пен электронды БАҚ арқылы олардың мүддесін қорғау туралы ақпаратты таратуға тарту мақсатын көздейді. Семинар барысында Қарағанды қаласындағы қатысушылар балалар үйін, жасөспірімдер үйін, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектеп-интернатты және қорғаншы отбасыларын аралады.

Жобаның нәтижелерін аралық бағалау және қосымша бірлескен іс-шаралар өткізу мақсатында 2007 жылғы 4 қазанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі А.Зуевпен, «Білім беру және балалардың құқықтарын сақтау» бағдараламасының жетекшісі Т.Адерихинамен кездесуі болды.

2007 жылғы 16-18 қазан аралығында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы пилоттық жұмыс үлгісімен танысты. Шымкент қаласында осы жобаны іске асырумен «Сана сезім» Әйелдер бастамасының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі айналысады. Осы ұйымда телефонмен және ауызша консультация беру арқылы азаматтармен жұмыс жоғары деңгейде өтеді. Азаматтармен тек заңгер ғана емес, психолог та, әлеуметтік педогог та жұмыс істейді. Балалардың мүддесі үшін ересек адамдар не баланың өзі сенім телефонымен консультация ала алады, оның жұмыс істейтінлігі туралы жергілікті БАҚ арқылы халықтың назарына үнемі жеткізіледі. Қолдау сұрап, қосымша көмек алу қажет болған жағдайда, ересек адамның не баланың Орталықтағы маманнан тікелей консультация алуға мүмкіндігі бар. Барлық мәселелер қорғаншылық пен қамқоршылық, ішк істер бөлімінің, прокуратура және басқа да жергілікті органдардың мамендары тартыла отырып шешіледі. Бұдан басқа, балалардың өздерімен және олардың ата-аналарымен жұмыс белсенді өткізіледі.

2007 жылғы 8 қарашада Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ұйымдастырған «Балалық шақты қорғау: ҚР-нда Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл жүйесін құру шарттары, ресурстары және перспективалары» жобасы бойынша Сарапшылық Кеңестің отырысы өтті. Отырыстың жұмысына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы мен қызметкері қатысты.

Осы отырыстың жұмысына Қарағанды, Алматы, Шымкент және Өскемен қалаларында ендіру жүзеге асырылатын барлық пилоттық үлгілер ұсынылды. Барлық үлгілер ойдағыдай іске асуда, дегенмен балалардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай үлгісі айқындалған жоқ.

Жобаны іске асыру 2008 жылдың сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

Бірлескен іс- қимылдың нәтижелі мысалы ретінде 2006 жылдан бастап іске асырылатын және Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы мен (БҰҰ БЖКБ) жоба болып табылады.

Жобаның шеңберінде Қазақстанның алты өңірінде (Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында) босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтай отырып, ахуал мониторингі, сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары және Алматы қалалары мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Босқындардың құқықтарын сақтау: ұлттық заңнама және халықаралық стандарттар» тақырыбында тренингтер өткізілді. Тренингке қатысушылар баспана институтының туындау тарихымен, оны ұсынудың құқықтық мәселелерін реттейтін халықаралық құжаттармен таныстырылды. Тренинг барысында босқын мәртебесін қосу, адып тастау және тоқату сияқты құқықтық мәртебенің қырлары, сондай-ақ босқындарға қатысты шығрамау қағидаттары және ұзақ мерзімді шешімдер өзектендірілді; әрбір тақырыпқа практикалық тақырыптар, рольдермен ахуалдық есептер пайдаланылды.

Мониторинг барысында облыстық көші-қон комитетінің басқарма және облыстың ІІД көші-қон полициясы, облыстық прокуратура қызметкерлерімен, тікелей босқындармен және оралмандармен, сондай-ақ босқындар мен оралмандарға көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдармен, атап айтқанда Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының облыстық филиалымен, ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы комитетінің филиалымен, «Вайнах» ұлттық-мәдени орталығымен, «Отандастар» АҚ-мен кездесулер өтті. Кездесулер ұйымдар ұсынған материалдарды жинаумен, қызметкерлер мен басшылықтан сұхбат алумен (дыбыс жазу құрылғысын қолдана отырып), сондай-ақ мемлекет орган қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін ақындау мәніне соңғыларынан сауалнама жүргізумен ұласты.

Жобаны іске асыру кезеңінде жүргізілген іс-шаралардың қорытындылары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бес ақпараттық бюллетенінде жария етілді.

Жобаның маңызды нәтижесі плакаттар (бес мыңнан астам), ақпараттық брошюралар (32 мыңнан астам) таратуды және Дүниежүзілік босқындар күніне орайластырылған «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналарында теледидар роликтерін көрсетуді қамтитын босқындардың құқықтары туралы ақпараттық науқан болды.

Жобаның қорытындысы «Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандардың құқықтары сақтау туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасы болды.

Жобалау қызметі шеңберінде жұмыстың негізгі нәтижесі өңірлерде бастамаларды дамыту, әлеуметтік серіктестік, ұсынылатын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жақсарту жөніндегі ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Есептік кезең ішінде Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиямен (Венеция комиссиясымен) бірлесіп, 71-ші пленарлық отырыста бекітілген Қазақстанда омбудсмен мекемесін реформалау мүмкіндігі туралы қорытындысын талқылау бойынша конференцияны ұйымдастыру жөніндеі жобамен жұмыс басталды.

Бұдан басқа, Братиславадағы БҰҰ ДБ Өңірлік Орталығының қолдауымен ТМД елдері омбудсмендерінің бірқатар мекемелерінде имплементацияланатын адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың тиімділігін бағалау бойынша БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлескен жобаны талқылау басталды.



Бүгінгі таңда адамның құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды іске асыруға бағытталған жобалардың мәні зор.

Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар түрлі салаларда танымал халықаралық сарапшылардың әлеуметін пайдалануға мүмкіндік береді, халықаралық нормаларды іске асырудың халықаралық тәжірибесінің материалдарына қол жеткізуді жеңілдетеді.

Жұмыс жылдарында жинақталған кәсіби әлеует Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне бірлескен жобаларды сапалы деңгейде іске асыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірлескен жобаларды орындау нәтижелері бойынша алға жылжуды атай отырып, ынтымақтастық саласында үздіксіз жалғастыруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету қажет.

3-бөлім. Ұсыныстар
Балалардың құқықтары
Соңғы жылдары Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау және жылжыту бойынша орнықты саясат жүргізуде. Ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың үнемі ұлғаюы, технологиясы жоғары балалардың медициналық, білім беру мекемелерінің ашылуы осыны куәландырады.

Баланың отбасында өсу құқықтарын сақтау саласында Қазақстанға отбасы құндылықтарының жүйесін, отбасы институтын дамыту қажет. Дегенмен, бала асырап алу жүйесін және баланы отбасына орналастырудың басқа да нысандарын жетілдіру жұмыстарын жалғастырған маңызды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін әзірлеу, Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы мәселені қарау маңызды болып табылады.

Соттардың алименттерді өндіру туралы шешімдерін орындау жөніндегі сот орындаушыларының жұмысын жетілдірудің мәні зор. Дегенмен, өз балаларын асырап-бағу бойынша ата-аналар арасынла олардың констиуциялық құқықтары туралы жұмыс жүргізу, мұндай ата-аналарға қатысты жазалау жүйесін енгізу қажет. Балаларын ата-анасының біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасыны ақапараттық және білімдік, материалдық қолдауды күшейту керек.

Балалардың еңбекке құқықтарын бұзу, атап айтқанда балалар еңбегін пайдалану фактілерін құқық қорғау органдары қандай да бір акция, рейд жүргізген уақытта анықтайды. Осындай тексерулер жүйелі сипатта болуға тиіс. Бағдарламалық құжаттарды және ондағы ережелерді іске асырудың тиімді тетіктерін бекіту жолымен балалар еңбегінің ең нашар нысандарымен қарсы күрес бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет.

Балалардың ең жақсы құқықтарын қамтамасыз ету саласында Қазақстан ювеналды әділет жөніндегі бағдарламалық құжатты әзірлеуді бастай отырып, дұрыс бағыт таңдады. Балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыщ етуге бағдарланға жүйе, ұзақ уақыт бойы осындай жүйе қолданылатын елдердің тәжірибесі көрсеткендей, балалардың құқықтарын қорғау мәселелрін өте оңтайлы шеше алады. Ювеналды әділет туралы заң қабылдау, Қазақстанның бүкіл аумағында ювеналды соттар практикасын кеңейту қажет.

Балалардың құқықтарын тиімді қорғаудың негізгі элементтерінің бірі халықты олардың құқықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы хабардар болуы болып табылады. Осыған байланысты баланың құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттар турады халықты хабардар ету, соның ішінде 2007 жылы 19 маусымда БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеттің Қазақстанға берген Қорытынды ұсынымдарын тарату жұмыстарын күшейтудің мәні зор.
Әйелдердің құқықтары
Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және жыныс белгісі бойынша кемсітушілікті жою мәселелері Қазақстан мүшесі болып табылатын БҰҰ-ның және ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіне тұрақты қойылған. Осы ұйымдар әзірлеген көпжақты халықаралық шарттар, қарарлар, ұсынымдар мен басқа да бағдарламалық сипаттағы құжаттар әйелдердің жағдайын жақсарту және гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша ұлттық үкіметтер үшін міндеттемелер кешенін қамтиды.

Кемсітушіліктің айқын да жасырын нысандары әлі де сақталатын күрделі салаларда – экономикалық және саяси салаларда әйелдердің жағдайы мәселелеріне басым көңіл бөлінуге тиіс.

Шешім қабылдау деңгейінде билік басында көзге көрініп тұрған әйелдердің аздығы олардың әділ де әлеуметтік қоғам құруға, елде реформа жүргізуге қатысу мүмкіндігін төмендетеді. Әйелдерді экономикалық және әлеуметтік даму саласындағы проблемалар толғандырады, сондықтан әйелдердің барлық салаларда шешім қабылдау процесіне тең негізде және тең сапада қатысуы әділ әрі қажет.

Жақын арада гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды «Қазақстан Республикасындағы ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтары және тең мұмкіндіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық туралы» заңдарды қабылдау қажет.

Отбасында зорлықтың таралу ауқымын объективті бағалау қажеттігі әйелдерге қатысты зорлықты көрсететін статистканы қалыптастыруға тәсілдерді айқындау қажеттігін туындатты.

Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою – адам құқықтарын қорғау саласындағы басым міндеттер ғана емес, адамдар саудасының ауқымын азайтуға ықпал ететін тұтқалы элемент.



Әйелдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру, олардың қоғамдық өндіріске және ақысы төленетін еңбекке қатысуына жағдай жасау мәселелері өзекті болып табылмақ. Осыған байланысты негізгі күш-жігерді жұмыссыз әйелдердің ахуалын жеңілдетуге және еңбек саласында кемсітушілікке жол бермеу мақсатында заңнаманы сақтауға бағыттау қажет.

Азаматтардың өздері іске асыру, сондай-ақ саясатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қатынастарын қосқанда, тіршілік әрекеттің барлық салаларында жыныстардың теңдігін қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет.

Жыныстардың теңдігі проблемасына кешенді амалдар үкіметтік емес ұйымдар және біліктілігі жоғары сарапшыларды жұмылдыруды талап етеді. Қоғамның әлеуметтік пробелмаларын іс жүзінде шешуде ынтымақтастық бағыттарының бірі басым әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мүмкіндігін кеңінен пайдалану болып табылады.

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастығының гендерлік проблемаларды шешу үшін мәні зор.


Қарт адамдардың құқықтары
Қарт адамдардың лайықты өмір сүру деңгейіне құқықтарын толық сақтау және қорғау, олардың проблемаларын тезірек шешу тұрғысында Қазақстан Республикасының геронтологиялық жоспарын (Қартаю проблемалары жөніндегі жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын) әзірлеу қажет. Жоспарда экономикалық мәселелерді шешудің, денсаулықты қорғау мен қалпына келтірудің, сапалы медициналық көмек көрсетудің, егде жастағы адамдарға арналған әлеуметтік қызметтер құрудың, егде жастағы адамдарды қазіргі зандағы өмір сүру жағдайларына бейімдейтін орталықтарды ұйымдастырудың, зейнеткерлердің мәдениетке және қоғамдық өмірге қол жеткізудің нақты шаралары қамтылады. Қартаю проблемалары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары өңірлер мен мемлекеттің жалпы қызметінің негізгі бағыттарын қамтитын егде жастағы адамдарға қатысты әлеуметтік саясаттың стратегиялық даму құралы болуға тиіс.

Қартаю проблемалары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында егде жастағы адамдардың лайықты денсаулық деңгейі мен көңіл-күйін қолдауға, осы осал топқа жататын адамдардың ағзасындағы жас және физиологиялық өзгерістерді ескеретін қарт адамдардың ауруларын зерделеуге және оларды емдеу әдістері мен құралдарын әзірлеуге бағытталған іс-шаралар әзірлеу мен өткізу жөніндегі геронтологиялық орталықтарды құру көзделуге тиіс. Мұндай орталықтардың қызметі жас ауруларының туындау жағдайларының алдын алу мен азайту жолдарын және тәсілдерін әзірлеуге, егде жастағы адамдардың өмір сүру ұзақтығы мен сапаын арттыруға бағытталуға тиіс.

1982 жылы Қартаю проблемалары жөніндегі дүниежүзілік ассамблея бекіткен Қартаю проблемалары жөніндегі халықаралық (Вена) іс-қимыл жоспарына Қазақстанның қосылуы және еліміздің 1991 жылы 16 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 46/91 қарарымен қабылданған Егде адамдарға қатысты БҰҰ қағидаттарын толық сақтау бойынша жұмыстаржы жалғастыру керек.

Зейнеткерлердің лайықты және тұрақты өмір сүруі үшін коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде егде адамдар үшін жеңілдіктер мен преференциялардың болуын болжайтын тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласында мемлекеттік салмақты саясатының, сондай-ақ жүріп-тұру шектелген адамдарға сыртқы әлемнен тыс қалдырмайтын инфрақұрылымдар құрудың мәні зор.

Осыған байланысты, зейнеткерлердің дәрменсіз күйі, олардың қоғамнан оқшау тұруы тереңдей түседі, кейде туыстары мен жақындарының тарапынан салғырт, немқұрайдылық көзқарастар да болып жатады, мемлекетке Қазақстан халқының арасында қарттық проблемасына жұртышылықтың назарын аудару мақсаты болып табылатын үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тару, газеттер мен журналдарда тиісті мазмұндағы материалдар жариялау, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізу арқылы егде жастағы адамдарға құрметпен және сыйластықпен қарауды тудыру шараларын қабылдау керек.

Зейнеткерлердің құқықтық қорғалу дәрежесін қамтамасыз ету үшін осы тұрғыда арнайы нормалар болмағандықтан, отбасындағы зорлықтан қарттарды қорғау мәселесін реттеу тұрғысында заңнаманы жетілдіру қажет. Зорлық қылмыстық жазаланатын әрекет белгісі ретінде көрінгенде ғана, осы проблемаға назар аударылады. Ауырлататын мән-жайлардың бірі ретінде – жәбірленушінің белгілі бір жасқа толу фактісін қылмыстық заңнамаға енгізу дұрыс болар еді.


Мүгедектердің құқықтары
Мүгедектік – әрбір қоғамға шешуге туралы келетін маңызды әлеуметтік проблема.

Мүгедектердің басым көпшілігінің толыққанды тіршілік әрекеті олардың әлеуметтік қажеттіліктеріне, соның ішінде оңалту және әлеуметтік қызмет көрсету саласында тұрі көмек пен қызмет түрлерін, көмекші құралдар мен заттарды, материалдық және өзге де қолдауды ұсынбай мүмкін емес.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының қабылдануы арқылы елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы құқықтық базаның негізі қаланды. Мүгедектеге қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясатында мүгедектіктің алдын алу, әлеуметтік қорғау, соның ішінде мүгедектерді оңалту, сондай-ақ мүгедектерді қоғамға кіріктіру басым деп танылды.

Дегенмен, мүгедектердің жағдайы өте күрделі болып отыр.

Мүгедектердің проблемасын кешенді түрде шешу үшін Мүгедектердің құқықтарын қорғау және оларды қоғамға кіріктіру жөніндегі ұлттық бағдарлманы әзірлеу және қабылдау қажет.

Құлағы нашар еститін адамдардың ақпаратқа қол жетімділік құқығын қамтамасыз ету мақсатында теледидарларда субтитрі және сурдоаудармасы бар бағдарламалардың санын көбейтуге шаралар қабылданды.

Денсаулық сақтау саласында мүгедектікті болдырма және алдын алу қызметі басымдық ретінде саналады.

Бұдан басқа, мүгедектердің проблемаларына қатысты мәселелерді қарауға олардың қоғамдық ұйымдарын белсендірек тарту керек.

Мүгедектердің басқа да азаматтар сияқты құқықтары мен міндеттері бар азаматтар екенін хабарлай отырып, мүгедектердің проблемасына және мүгедектерге қатысты саясатқа қатысты ақпараттық науқандарды ұйымдастырып, қолдау қажет.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасаудағы маңызды қадам Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау болып табылады.


Пенитенциарлық мекемелердегі адамдардың құқықтары
Мемлекет Басшысының Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіге және Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттамаларға қол қоюы мемлекет үшін маңызды оқиға болып табылатыны күмәнсіз.

Осыған байланысты бас бостандығынан айыру орындарының мониторингі үшін базаны кеңейтуді қамтамасыз ететіндіктен оларды тезірек ратификациялаған маңызды.

Пенитенциарлық жүйе реформасын кадрмен қамтамасыз ету мәселелері оның маңызды құрамы ретінде бағалануға тиіс. Қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырумен және маоральдық-психологиялық денсаулығын жақсартумен қатар адамның құқықтары мен бостандықтарын адамдарды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ететін тетіктерді жасау қажет.

Бас бостандығынан айырылған адамдар үшін сыртқы әлеммен жақсы байланысты қолдап отыру өте маңызды. Ең алдымен, қамауда отырған адамға өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен және достарымен қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік беру қажет. Алайда, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдардың осы құқығы жиі бұзылады. Атап айтқанда, сотталған адам қамалғанға дейін тұрған аумақтың облысында жазасын өтеуді көздейтін ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабын Әділетмині Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сақтамау фактілері туралы сөз болып отыр.

Бұл орайда қамауда отырғанның сөйлесуге құқығы бекітілген және қайта әлеуметтендіру құрамы ретінде қарастырылатын Қамауда отырғандармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық ережелерінің 37, 79 және 92-тармақтары бұзылуда. Осыған байланысты осындай байланысқа кез келген шектеу бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар қауіпсіздігің тек өлшемді мүдделерімен негізделуге тиіс.

Шартты-мерзімінен бұрын босату әрқашанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тәртіпті қолдау үшін ынталандырушы фактор болған. Алайда, соңғы кезде осы мәселе бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түсетін өтініштердің саны көбейе түсті.

Осыған байланысты қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарына, соттарға түрмедегілерге шартты-мерзімінен бұрын босатудан негізсіз бас тарту фактілерінің жолын кесуге шаралар қабылдау қажет.
Психикалық ауытқудан зардап шегуші адамдардың құқықтары
Халыққа психикалық көмек көрсетуге ресурстар бөлу көбінесе жеткілікті көлемде жүзеге асырылмайды. Оның салдары психикалық жағынан денсаулығында проблемасы бар адамдарға көңілдің бөлінбеуі және оларды кемсіту болып табылады.

Психиатриялық көмекті қаржыландыру оларға аса мұқтаж адамдар үшін ресурстар мен жеңілдіктерді қатысты көлемде бөлуді қамтамасыз ететін әділ және барабар сипатта болуға тиіс.

Психикалық проблемалары бар адамдарға жанама әсері аз қажетті дәрі-дәрмектерге қол жеткізуге кепілдік беру қажет.

Психиатриялық мекемелерде персоналдың жетіспейтіндігін ескере отырып, психиатриялық көмек көрсететін ұйымдардың жаңа қызметкерлерді таңдауына және тиісті ынталандырулар әзірлеу арқылы персоналды сақтауға ықпал ететін шаралар қабылдау қажет.

Психикалық ауытқудан зардап шегуші адамдарға қарқынды көмек көрсетуге және қолдауға жиі жаупакершілік көтеретін және өздері де көбінесе қолдауды қажет ететін отбасылардың эмоцианалдық, экономикалық және білім алу қажеттіліктеріне ерекше назар аудару керек.

Бұдан басқа, еріксіз госпитальдандыру туралы істерді қарау тәртібінің сақталуына бақылауды күшейту керек.

Психикалық денсаулықты нығайту психикалық проблемасы бар адамдарды және оларды күтіп-бағатын адамдарды қосқанда, барлық халықтың өмір сапасы мен психикалық саулығының деңгейін арттырады. Психикалық денсаулықты нығайтудың тиімді жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру жалпы қоғамның психикалық саулығының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдарының қызметінде адамның құқықтары
Құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты және адамның құқықтарын сақтауға кепілдік беретін бақылау тетіктерін жетілдіру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуында маңызды міндет болып табылады.

Осы мақсаттарда азаматтық қоғамның полиция учаскелеріне мониторинг жүргізуі үшін құқықтық негіз жасау қажет, ол полиция учаскелерінде ұсталғандарды азаптау немесе теріс көзқарас оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді.

Азаптауды қолдану фактілері туралы шағымдарды тексеру жөніндегі жұмыс тобын құру мақсатқа сай болып, оның құрамына тек қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері ғана емес, сонымен бірге күш құрылымдарын қосқанда, мүдделі мемлекеттік ведомстволар енуге тиіс.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасайтын азаматтардың құқықтарын бұзуға, азаптауға, қатыгездікпен қарауға және жеке басына қатысты заңға қарсы әрекеттерге жазылған шағымдардан оларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ететін тетіктерді құру қажеттігі туындайды. Осыған байланысты демократиялық мемлекеттердің практикасына сәйкес көрсетілген құрылымдарда бірін-бірі толықтыратын заңдылықтың және адамның құқықтарының сақталуын ведомствоаралық, сот, парламенттік (депутаттық) және қоғамдық бақылаудың қосалқы тетіктерін жетілдіру талап етіледі.

Құқық қорғау органдарының адам құқықтарын бұзудағы негізгі себептердің бірі қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің төмендігі болып отыр. Нашар кәсіпқойлық кадр саясаты және персоналды оқыту саласында шешілмеген проблемалар кешенінің нәтижесі болып табылады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мақсатында кейіннен мүмкіндігінше өңірлерді қамти отырып, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың оқу жүйесі арқылы құқық қорғау органдары қызметкрелерінің біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жалғастыру керек.


Адам құқықтары саласында үкіметтік емес сектордың жұмысы
Мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға ІІІ азаматтық форумның аясында әзірленген ұсынымдарды, Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының ережелерін орындауды қамтамасыз ету қажет.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес секторды қаржыландыру арқылы ауылдық жерлерде ҮЕҰ қызметін қолдауды нығайтуға және кеңейтуге күш салу керек.

Үкіметтік емес ұйымдарға консультациялық және әдістемелік қолдау көрсеткен маңызды. Үкіметтік емес ұйымдарды консультациялық қолдау үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін түсіндіруді; оларға үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты дамыту бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс істеу әдістері, бағыттары, отандық және шетелдік грант берушілер туралы ақпарат, елде жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер мен өзге де ақпараттар беруді ұйғарады.

Әлеуметтік типтегі мекемелерде адамның құқықтарын сақтау мониторингін жүзеге асыру тұрғысында облыстардың, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің жанында ҮЕҰ кеңестерінің қызметін кеңейткен мақсатқа сай болады.

Осындай жобалардың қаржыландырылуын ынталандыратын жағдай жасау мақсатында ҮЕҰ жүргізетін әлеуметтік жобаларды іске асыруға отандық бизнесмендерді тарту жұмыстарын жалғастыру қажет.

Мұның барлығы азаматтық секторға адамның құқықтары мен бостандықтарының құндылықтарын қоғамдық санаға және әлеуметтік практикаға белсенді енгізуге мүмкіндік береді. Сол арқылы қоғамның, бизнестің және биліктің жемісті сұхбаты үшін қолайлы айқын орта қалыпастыруға ықпал етеді.


Ағартушылық және білім беру қызметі
Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі іс-қимыл жоспарында бірінші кезең (2005-2007 жылдар) аяқталғанда Жоспардың шеңберінде жүзеге асырылған шараларға баға беру және Біріккен Ұлттар Ұйымының Мекемеаралық үйлестіру комитетіне бағалау туралы ұлттық баяндаман ұсыну көзделген. Мұндай баға оқу орындарында оқу бағдарламасы, оқу әдебиеттерін жетілдіру және толықтыру, оқытушылар құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру, материалдық-техникалық базасын жақсарту сияқты бірқатар облыстарда қол жеткен ілгерілеушілікті ескеруге тиіс.

Адамның құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғау мен калпына келтірудің қолданыстағы және қол жетімді тәсілдері туралы ақпаратқа халықтың қол жетімділігін арттыру мақсатында халық арасында газеттер мен журналдарда таныстыру мақалаларын жариялау, теледидар мен радиоэфирлерде құқық қорғау ұйымдарының өкілдерімен интерактивті бағдарламалар шығару арқылы тыңдаушылар мен көрермендер өздерін қызықтыраты сұрақтарға білікті жауап алатындай түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Құзыретті мемлекеттік органдардың жанынан азаматтарға денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында олардың құқықтары түсіндірілетін тұрақты тегін тренингтер мен семинарлардың өткізілуін ұйымдастыру халықтың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сақтауға және қалпына келтіруге байланысты мәселелерін сауатты шеше білуін арттыруға ықпал етеді.



Құқық қорғау тұрғысында осы ұсыныстарды іске асыру мемлекеттік билік өкілдеріне тәртіптік ықпал көрсетеді, азаматтарда белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру және Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатысты мәселелерде бастамашылық көрсете білу және хабардар болу арқылы мемлекеттік әкімшілік ету сапасына қолайлы түрде әсер етеді.


Адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ратификацияланған құқық қорғау шарттарын имплементациялау бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жалғастыру қажет. Демократиялық қайта құруларды жалғастыру, халықаралық тетіктерді пайдалана отырып, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін тізу және жетілдіру, мониторингтің ашықтығы ішкі құқық қорғау стандарттарын нығайтуға қызмет етуге тиіс.

Халықаралық құқық қорғау стандарттарын ескеруге ықпал ететін негізгі құралдар негізгі құқық қорғау конвенциялары бойынша ұлттық жоспарлы құжаттар болып табылады. Халықаралық шарттарды іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу қажеттігі БҰҰ-ның кейбір шарттық Комитеттерінің ұсынымдарында көрсетілген.

Министрліктерде, ведомстволарда халықаралық шарттардың имплементациялануына жауапты адамдар тобын белгілеу осы жүйені жүйелендіруге, сондай-ақ мемлекеттердің ел есептерін ұсыну және БҰҰ-ның шарттық органдарының ұсынымдарын іске асыру бойынша міндеттемелерді тиімді орындауына ықпал ететін болады.

Адам құқықтары саласында халықаралық-құқықтық міндеттемелерді іске асыру, халықаралық нормалардың үлкен тиімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздестіру мәселелері бойынша БҰҰ ұйымдарымен сұхбаттасу мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажет.

Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша оң тәжірибесін шетелде таратуға күш-жігерімізді жалғастыру керек.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс
Қазақстанда болып жатқан демократиялық процестер мен өзгерістерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына демкоратиялық қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатын адам құқықтарын қорғау мәселелерін жария етуге көп көңіл бөлуі қажет.

БАҚ-та адамның құқықтарын нақты бұзу фактілерін, омбудсмен мекемесі, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар өткізетін құқық қорғау іс-шаралары туралы хабарламаларды жариялау практикасын жалғастыру қажет. БАҚ Уәкіл үшін адам құқықтарын бұзу туралы ақпараттың маңызды көзі болуға тиіс.

Мемлекеттік органдарға журналистердің құқық қорғау тақырыбындағы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауы қажет.


Қорытынды
2007 жыл Қазақстанда демократиялық реформалар мен адамның және азаматтың құқықтық мәрбесін дамыту бастамашылығымен өтті.

Өткен жылдың қорытындылары туралы айтқанда, бірінші кезекте, елді одан әрі демократияландыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңын қабылдаудың маңызыдылығын атап өту қажет.

Аталған конституциялық түзетулердің шеңберінде адамның өмір сүруге ажырамас іргелі құқығының дәрежесін айқындаудың өлшемдік негізі сапалы өзгерістерге ұшырады. Өлім жазасы түрінде жаза тағайындау негіздемелерінің ауқымы - құқық тұрғысында адамды өмірінен айырудың рұқсат етілген жалғыз нысаны - төменге дейін шектелді. Мемлекетке адамдардың қаза болуымен ұштасқан террористік қылмыстарды, сондай-ақ соғыс уақытында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазалаудың жоғары шарасын қолдану мүмкіндігін қалдырды. Ал сотталушыға рақымшылық жасау туралы өтініш беру құқығы беріледі. Осы арқылы Қазақстан Республикасында қылмыстық саясатты ізгілендірудің жоғары дәрежесі сызып көрсетіледі.

Құқық шектейтін бұлтартпау шараларының бірі қамауға алуға санкция беру құқығын сотқа беру адамның еркін сұруіне және жеке басына қол сұғылмау құқығын негізсіз бұзуды алдын алу мақсатын көздейді. Көрсетілген шара бас бостандығынан айыру түрінде бұлтартпау шарасын таңдау кезінде тергеушілер мен прокурорлардың жауапкершілігін күшейтуге, сот билігінің беделі мен тәуелсіздігін арттыруға, адамның еркін сүруіне констиуциялық құқығының сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Азаматтық және саяси құқықтары турады халықаралық пактіге және Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттамаларға қол қойды. Қазақстан көрсетілген халықаралық шарттарға қосылу арқылы келесі жылы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды ұйғарып отыр.

Билік пен азаматтық қоғамның сындарлы ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы мемлекеттік саясаттың тұтқалы элементтерінің бірі болды. Бұған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық палатаны құру, ІІІ Азаматтық форумды жүргізу болып табылады.

Әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру мақсатында «Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Осы арқылы мемлекет Басшысы барлық мемлекеттік органдар жүйесінде жұмыс істеу тиімділінің арттыру, барлық атқарушы билік деңгейлері арасында өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық тетігін жақсарту, мемлекеттік қызметке аса дарынды, бастамашыл және кәсіби кадрларды тару үшін қолайлы жағдай жасау, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тетігін жетілдіру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік әкімшілік етуді жоғары халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келтіру қажеттігін мақсат етті.

Орталық атқарушы органдардағы әкімшілік реформа шеңберінде оны саяси басшылық арасында ауыстырылуына қарамастан орталық атқарушы органның үздіксіз жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін жауапты хатшы лауазымы енгізілді. Тұтқалы мемлекеттік органдардың жұмысындағы тұрақтылық республикалық даму жоспарларын іске асыру қарқынын тездетуге, сапалы мемлекеттік қызмет алуда адамның құқықтарын сақтау деңгейін арттыруға қызмет етеді.

Жалпы былтырғы жыл мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістермен және реформалармен, адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің өзгерісімен және адамның өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіруімен сипатталады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі кең ауқымдағы мәселелерді шешуге тартылды. Алдағы жыл мекеме ұсынатын қызметтерге белсенді сұраныстың сақталуын білдіреді.

2007 жылы үлеске қатысушылардың, Халықаралық Кришнаны тану қоғамы діни общинаның құқықтарымен байланысты проблемалардың күрделілігі күн тәртібінде биліктің қоғам алдында айқын болуы мен есеп беру және бірлесіп алдын ала талқылау құралдары мен ресімдерін әзірлеу және ахуалдардың мониторингісі қажеттігін тақырып қып қойды.

Азаматтар жиі ұшырайтын күрделі проблемалардың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты одан әрі арттыруда, сондай-ақ атқарушы билік органдарының қызметін парламенттік бақылау нысандарын дамытуда және іске асыруда көрінеді.

Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан қосылған халықаралық құқық қорғау шарттарын имплементациялаудың белгілі бір стратегиясын әзірлеу қажет.

Алдағы жылы мемлекеттік органдардың халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға көңіл бөлетін боламыз. Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі халықтың және ең алдымен, өз құқықтарын тиімді түрде талап етуі үшін әлеуметтік осал топтың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша мақсатты жұмыстарды жалғастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет