Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



бет5/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Түскен шағымдар бірқатар жағдайларда өтініштерді мемлекеттік органдармен қарау мерзімін созуын, азаматтықты тіркеу, алу және жоғалту рәсімдерін іске асыру үшін құжаттарды алу тетіктерін қысқарту қажеттілігін куәландырады.

Уәкіл балалар құқығының бұзылуына қатысты шағымдарға ерекше назармен қарайды. Есептік кезеңде осындай 32 шағым түсті (2,4%). Шағымданушылар алимент мөлшерін өндіру және белгілеу туралы сот шешімдерін орындамау, медициналық көмек көрсету, әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тұрғын-үй мәселелері бойынша мәселе көтереді.

Балаларды асырауға алимент өндіру күрделі проблема болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге осы мәселе бойынша түсетін шағымдар саны да осыны айғақтайды. Неке-отбасы заңнамасына сәйкес балаларды асырау ата-аналардың міндеті болып табылады.

Алайда, көптеген жағдайда ата-аналары айырылысқан кезде балалар оларды асырау бойынша барлық ауыртпалықты көтеретін аналарымен бірге қалады.

Соттардың алимент өндіріп беру туралы шешімдерінің орындалмауына қатысты шағымдарды қарауы барлық жағдайда оң шешімін таппайды. Бұл жағдай әртүрлі себептерге байланысты болып келеді. Кейбір жағдайларда борышкерлер жұмыс орнын не тұрғылықты жерін ауыстыра отырып, жалақы көлемін әдейі төмендете отырып алимент төлеуден қасақана жалтарады, басқа жағдайларда сот орындаушыларының сапасыз жұмысы себеп болады.

Б. (31.01.07 кіріс № 103/03), Р. (10.05.07 кіріс № 452/03), Ж. (14.05.07 кіріс № 4457/03), Ж. (04.07.07 кіріс № 641/03) өтініштерін қарау соттардың алимент өндіріп беру туралы шешімдерінің орындалмауы сот орындаушыларының әрекетсіздігіне байланысты екендігін көрсетті. Борышкерге іздеу салу, өндіріп алушы мен борышкердің қандай да бір келісімге келуі секілді соттардың шешімдерінің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұзарту элементтері сот орындаушыларының белсенділігіне байланысты. Жоғарыда аталған істер бойынша соттардың шешімдерін орындау кезінде бұзушылықтарға жол бергені үшін, сондай-ақ әрекетсіздігі үшін Алматы облыстық Сот әкімшісінің бұйрығымен сот орындаушысы Ж. сөгіс жарияланды, Шығыс Қазақстан облыстық Сот әкімшісінің бұйрығымен сот орындаушысы М. қызметінен босатылды, Павлодар облыстық Сот әкімшісінің бұйрығымен сот орындаушысы К. тәртіптік жазаға тартылды.

Баланың тұрғылықты жерін анықтау мәселесіне қатысты өтініш М. өтініші болып табылады (06.08.07 кіріс № 755/03). Соттың шешімімен өтініш берушінің баласының оның ажырасып кеткен әкесімен бірге тұратын тұрғылықты жері анықталды. Өтініш иесі соттардың шешімдерімен келіспейді, алайда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аталған өтініштің өндіріске және қарастыруға қабылданбауына байланысты соттардың әрекеттері мен шешімдеріне құзыреті жоқ.

Осылайша, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен шағымдарды талдау олардың санының аздығын және әртүрлі сипаттағы өтініштер болып табылатындығын көрсетеді. Өтініштердің көпшілігі, өткен жылдардағыдай, алимент өндіріп алу мәселесіне қатысты. Алиментті қасақана төлемеуші балалардың әкелері өз балаларын ұстау бойынша елдің заңнамасында көзделген міндеттерін орындамайды. Кәмелетке томағандар ісі жөніндегі комиссияның балаларды асырау және тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарға немесе кәмілетке толмағандардың өзге де заңды өкілдеріне ақпал ету шараларын қолдану бойынша қызметін белсендіру қажет.

Денсаулық сақтау құқығы азаматтар үшін аса маңызды құқықтардың бірі болып табылады. Адам құқықтары жніндегі уәкілге келіп түскен өтініштердің жалпы санының 2% құрайтын өтініштер денсаулық сақтау саласында адам құқықтарының бұзылуы жиі кездесетін жағдай екендігін куәландырады.

Өтініштердің көптеген бөлігі көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына, дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының шешімімен келіспеуге, соның ішінде денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға қатысты болып келеді.

Мысалы, Уәкілеге Л. (24.08.07 кіріс № 824/03) Жетіқара аудандық ауруханасы дәрігерлерінің әрекеттеріне шағымы келіп түсті. Аталған өтініш бойынша құзыретті мемлекеттік органға сауал жолданды. Іс бақылауда тұр.

Алматы қалалық жұқпалы аурулар жөніндегі клиникалық балалар ауруханасы дәрігерлерінің әрекеттері мен дөрекілігіне А. шағым (03.08.07 кіріс № 746/03) жасады. Оның бес жасар қызының емделуі барасында дәрігерлер ата-анасының рұқсатынсыз пункция жүргізген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сауалы бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде «ҚР азаматтардың денсаулықтарын сақтау туралы» Заң нормаларының бұзылуы фактісі анықталды, пункция ата-аналарға хабарлаусыз және жазбаша келісімінсіз жасалған. Кінәлі адамдарға әкімшілік жаза қолдану туралы ұсынысы бар материал аурухана басшылығына жолданды. Бұған қоса, өтініш иесінің қызы стационарлық емделу үшін Педиатрия және балаар хирургиясы ғылыми орталығының консультативтік-диагностикалық ауруханасына жіберілді.

Б. Текелі қалалық ауруханасы дәрігерлерінің немқұрайдылығы мен қате қойылған диагнозы нәтижесінде оның баласына тиісті медициналық көмек көрсетілмегендігіне, бұл баланың өліміне алып келгендігіне шағымданады (16.11.07 кіріс № 1124/03).

Қылмыстық істің мән-жайын тексеру нәтижелері бойынша емдеуші дәрігер Ш. ҚР-сі ҚК-нің 114-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа тапсырылды. Алматы қаласындағы көшпелі сот процесінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Сот медицинасы орталық зертханасы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларынан жауап алу нәтижесінде сотталушы Ш. кінәсі туралы материалдарда даулы сәттер туындады.

Қосымша тергеу жұмыстарын жұргізу қажеттілігіне, сондай-ақ сарапшылардың шешіміне жаңа сұрақтар қою отырып кешенді сот-медициналық сараптама тағайындауға байланысты Текелі қалалық сотының 2006 жылғы 18 қазандағы қаулысымен қылмыстық іс қосымша тексеруге жіберілді.

2006 жылғы 1 желтоқсанда тергеу органы ҚР ҚІЖК-нің 50-бабы 1 тармағының 8-тармақшасы негізінде іс тоқтатылды және іс кешенді сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Алматы қаласына жолданды. 2007 жылдың сәуір айында Текелі ҚІІБ ТБ қаулысымен Ш. қатысты қылмысты іс «дәлелденбеуіне байланысты» тоқтатылды.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының 2007 жылғы 2 ақпандағы қорытындысына сәйкес жүргізілген ем диагнозға сәйкес келмейді, дер кезінде қойылған диагноз кезінде өлім қаупі төмен болуы мүмкін.

Осыған байланысты, жаңа мән-жайларды ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сот сараптамасы орталығының қорытындысын назарға ала отырып, Ұлттық орталық Б. қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыру туралы өтінішпен Бас прокуратуға жүгінді.

Зейнеткер Г. кентте мамандандырылған дәрігер-психиатрдың жоқтығына, сондай-ақ Степногорск қалалық ауруханасында, оның пікірі бойынша, өзінің 67 жастағы қарт адам болуына байланысты оны емдеуден бас тартылғандына шағымданған өтініші (05.11.07 кіріс № 1021/03) келіп түсті.

Денсаулыққа тигізген зиянға өтемақы төлемеу мәселесі өзекті болып табылады.

Мысалы, ТМД елдерінен, әсіресе Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағында еңбек еткен, жұмыста зақым алған және мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарынан өтініштер келіп жатады. Көптеген кәсіпорындардың мұрагерлік құқығы белгіленбегендіктен жойылуы себепті өтініш иелері денсаулықтарына келтірілген зиян үшін ақшалай өтемақыларын ала алмайды. Капитализация схемасына сәйкес келтірілген залалға тағайындалған сомаға белгіленген мерзімде өтініш білдіре алмаған шағымданушылар да кездеседі. Бұл мәселе К. өтінішінде (19.03.2007 кіріс № 259/03) көтеріледі. Өтініш иесіне түсінік берілді.

Субъективтік сипаттағы және өтініш иесінің тексеру кезінде расталмаған пікірлеріне ғана негізделген өтініштер бар. Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Г. (26.01.07 кіріс № 1171/03-77(2), 29.03.07 кіріс № 13/03-77-293(5) бірнеше рет жүгінді. Өтініштің мазмұны бойынша, өтініш иесі әйелінің өлімі Саумалкөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің емдеуге немқұрайды қарағандығы және Астана қаласындағы Республикалық ауруханаға емделуге жолдама беруден бас тартқандығы себеп болды деп есептейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, тексеру барысында комиссия емделуші Г. Айыртау орталық аудандық ауруханасында және емханасында қаралған және емделген уақытта медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда кемшіліктер болғандығын анықтаған. Алайда Г. емдеу дер кезінде, толығымен жүргізілген. Сонымен бірге, облыстық ауруханада қойылған диагноз бойынша Г. жағдайының ауырлығы ескеріле отырып, оған облыстық ауруханада емдеу көрсетілген.

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша шағымдарға жасалған талдау кейбір медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін атқаруға немқұрайды қарайтындығын, емделушілерді дер кезінде және толық тексеру бойынша шаралар қабылдамайтындығын көрсетеді. Медицина қызметкерлерін жіберілген қателіктері үшін жауапкершілікке тарту сирек кездесетін оқиға. Осыған байланысты, медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсібилігін тұрақты түрде арттыру үшін қажетті жағдай жасау, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына бақылауды арттыру қажет.

Өтініштердің жалпы санының 1,8 % пенитенциарлық мекемелердің әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне шағымдануды құрайды.

Солардың бірі П. інісі К. мүддесінде ҚАЖК Жамбыл облысы бойынша басқармасының ЖД-158/4 түзеу мекемесі әкімшілігінің інісің жеке басын анықтайтын құжаттарын рәсімдеу бойынша әрекетсіздігіне шағымданған өтініші (03.10.07 кіріс № 928/02). ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалына берген жауаптары бойынша, құжаттандыру бойынша барлық тиісті шаралар қабылданған.

Есептік кезеңде жазбаша өтініштердің жалпы санының 1% құраған өтініштер бір пенитенциарлық мекемеден екіншісіне ауыстыру мәселесіне қатысты болып келеді.

Мысалы, Н. сотталған баласы, ҚАЖК Алматы облысы бойынша басқармасының ЛА-155/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. мүддесіндегі оны тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруға ықпал етуді сұрайтын өтініші (14.09.07 кіріс № 884/02). Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен және ҚР Бас прокуратурасынан сотталушы тұрғылықты жері бойынша ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша басқармасының ЗК-169/5 мекемесіне ауыстырылғандығы туралы жауаптар келді.

Осындай сипаттағы өтініштердің қатарында Е. сотталған баласы, ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша басқармасының ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. мүддесіндегі өтінішін (27.08.07 кіріс № 831/02) атап көрсетуге болады. Өтініште баласын тұрғылықты жері бойынша ҚАЖК Алматы облысы бойынша басқармасының ЛА-155/8 мекемесіне ауыстыруға ықпал етуді сұрайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалына ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің берген жауабында сотталушы Е. жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған мекемеге ауыстырудан бас тартылғандығы, сонымен бірге оның ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының ОВ-156/6 мекемесіне жолданғандығы туралы хабарланған.

Шартты мерзімінен бұрын босату мәселесіне қатысты шағымдар саны аз санатта қалып отыр (0,7%).

ҚАЖК Қарағанды облысы бойынша басқармасының АК-159/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Т. өтінішін (12.09.07 кіріс № 873/02) мысалға келтіруге болады. Хатта өтініш иесінің шартты мерзімінен бұрын босату туралы ұсынысынан түзеу мекемелеріндегі жазаның орындалуын бақылау жөніндегі мамандандырылған прокурордың заңсыз бас тартқандығы жазылады. ҚР Бас покуратурасның Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалына берген жауабында 2007 жылғы 21 қарашада сотталушы Т. шартты мерзімінен бұрын босату туралы түзеу мекемесі әкімшілігінің ұсынымы Шахтинск қалалық сотына енгізілген.

Осыған ұқсас өтініш сотталушы Қ. өтініші (07.09.07 кіріс № 857/03), онда Қ. 2007 жылғы 1 тамыздағы оны шартты мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан сот шемімен келіспейтіндігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 18-тармағына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот әрекеттері мен шешімдеріне байланысты шағымдарды қарамайтындықтан, Қ. өтініші өндіріске қабылданбады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 109-бабы 5-тармағында белгіленген негіз бойынша мекеме әкімшілігінің кешірім жасау туралы ұсынымымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияға өтініш білдіруге кеңес берілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге азаматтардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты азаптау, күш қолдану, басқа да қатыгез немесе адамгершілік ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолданылатындығына шағымданған өтініштері көптеп келіп түседі.

Көптеген жағдайларда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтарының бұзылуына жүргізген жұмыстарының нәтижесінде олар қайта қалпына келтірілді.

Соның бір мысалы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы Оңтүстік Қазақстан филиалының ҚАЖК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ИЧ-167/3 және ИЧ-167/9 мекемелерінде ұсталатын сотталушылардың мүддесіндегі өтініші (05.06.07 кіріс № 531/02) болып табылады. Хатта аталған мекемелерде сотталушылардың құқықтарының, оларды ұстау жағдайларының көптеген бұзушылықтары, оларда ұсталатын адамдарға қатысты қатыгез іс-әрекеттер, олардың адамгершілік ар-намысын қорлау фактілері анықталғандығы баяндалады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы нәтижесінде құзыретті органдар сотталушылардың адамгершілік қарым-қатынас құқықтарын қайта қалпына келтіру және заңды бұзуға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.

Осы санаттағы өтініштер қатарынан құзыретті органдардың тексеруі барысында дәлелденбеген тергелушілер мен сотталушыларға қарсы азаптаулар мен басқа да адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттердің қолданылатындығы туралы шағымдарды қамтитын өтініштерді бөліп көрсетуге болады.

Осындай сипаттағы хаттарға ҚАЖК Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/1 мекемесінде ұсталатын Ж. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оған қарсы күш, қорлау және қысым қоданылатындығы туралы (26.01.07 кіріс № 73/02), А. ҚАЖК Ақмола облысы бойынша басқармасының ЕЦ-166/26 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылар тобының мүддесіндегі оларға аталған мекеме қызметкерлері тарапынан қатыгез, адамгершілік ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолданылатындығына шағымданған (15.06.07 кіріс № 564/02) өтініштері жатады. Сонымен бірге Р. ҚАЖК Ақмола облысы бойынша басқармасының ЕЦ-166/26 мекемесінде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан сотталған баласы Р. мүддесіндегі өтінішін атап көрсетуге болады (15.06.07 кіріс № 565/02). Хатта оның баласына қатысты аталған түзеу мекемесі қызметкерлерінің азаптау, адамгершілік ар-намысты қорлау іс-әрекеттерін пайдаланатындығына шағымданады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тиісті сауалына орай ҚР Бас прокуратурасынан алынған мәліметке сәйкес, өтініш иелері мүдделерін қорғап хат жазған сотталушылар тобы ұстау режимін қасақана бұзушылар болып табылады және түзеу мекемелері қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдар түзеу мекемелеріндегі қалыпты жағдайды тұрақсыздандыру, сотталушыларды ұстаудың заңмен белгіленген тәртібін бұзу мақсаттарында жолданғандығы анықталды.

Есеп дайындалып жатқан сәтте Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты азаптау, зорлық көрсету, басқа да қатыгез немесе адамгершілік ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер қолданылатындығына байланысты шағымдар болды: Р. (31.10.07 кіріс № 999/02) ҚАЖК Қостанай облысы бойынша басқармасының УК-161/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан күйеуі Р. мүддесінде аталған мекеме қызметкерлері тарапынан күйеуіне қатысты қатыгез, құқыққа қарсы әрекеттер қолданылатындығына, нәтижесінде оның дене мүшелеріне зақымдар келтірілгендігіне шағымданады. Өтініште шағымданушы мен адвокаттың сотталушымен кездестіру туралы бірнеше рет берген өтініштерін мекеме әкімшілігі қанағаттандырмағаны көрсетілген. Кейінірек Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Астана қаласындағы «Қазақстан адам құқықтары және заңның сақтауы жөніндегі халықаралық бюросы» АҚ филиалы директорының Р. мүддесіндегі хаты (19.11.07 кіріс № 1063/02) келіп түсті, онда 2007 жылғы қарашаның 7-нен 8-не қараған түні сотталушы Р. қайтыс болғандығы туралы мәлімет, сондай-ақ сотталушының өліміне қатысты тергеу жүргізуге және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға ықпал етуді сұраған өтініш қамтылған.

Осы топтағы келесі өтініш Ә. күйеуі Ю. мүддесіндегі ҚАЖК Астана қаласы бойынша басқармасының ЕЦ-166/10 мекемесі қызметкерлерінің оның күйеуін жүйелі түрде ұрып-соғатындығы және қорлайтындығы туралы, нәтижесінде оның өз-өзіне қол жұмсағандығы туралы өтініші (09.11.07 кіріс № 1042/02) болып табылады.

Қазіргі уақытта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелеріндегі сотталушылардың құқықтары мен заңның бұзылуын анықтау және жоюға құзыретті мемлекеттік органдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарының сақталуы жағдайын жоғары құқықты мәдениет жөніндегі шараларды қоғамдық бақылау жөнінде іс-шаралармен бірге жүйелі түрде өткізіп отырумен жақсартуға болады.

Орталық атқарушы органдардағы әкімшілік ету мәселесіне қатысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілге 23 өтініш (1,7%) келіп түсті. Шағымданушылар өз өтініштерінде орталық атқарушы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттерімен, министрліктер әзірлеген нормативтік-құқықтық актілермен келіспейтіндіктерін көрсетеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Ә. Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің мүгедектігі бойынша тегін емделу квотасын беруден бас тартқандығы туралы өтініші (16.11.07 кіріс № 1057/03).

Б. өз өтінішінде (05.11.07 кіріс № 1029/03) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші басшысының оны жеке қабылдаудан бірнеше ай бойына бас тартып келе жатқандығын, сондай-ақ министрліктің азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесін сақтамайтындығын көрсетеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Ж. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс берушіге қатысты қабылданған әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы ақпаратты ұсынбауы туралы өтініші келіп түсті (05.10.07 кіріс № 931/03). Уәкілдің мекемесі өтініште көрсетілген фактілерге тексеру жүргізді, құзыретті органдарға сауалдар жолдады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өтініш иесіне жұмыс берушіге қатысты қабылданған әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы хабарланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызылорда облысы аумағында бұрын қолданыстағы жергілікті уақытты ауысрыту және уақытты 1 сағатқа алға жылжытуды енгізу туралы қаулысымен келіспеу мәселесі бойынша Әйтеке би кентінің тұрғыны А. өтініш білдірді (16.01.07 кіріс № 59/03).

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өтініш иелерінің мүгедектік топтарын белгілеу немесе қайта қарауға ықпал етуді, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға көмек көрсетуді сұрайтын мүгедектер құқықтарына байланысты мәселелер бойынша шағымдары жиі келіп түседі (1,4 %).

Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге М. әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау органдары қызметкерлеріне шағымданған және мүгедек баласына жәрдемақы алуға ықпал етуді сұраған өтініші (02.08.07 кіріс № 741/03) келіп түсті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Теміртау қаласында тұратын 1-топ мүгедектері мен олардың ата-аналарының ұжымдық өтініші келіп түсті (10.08.07 кіріс № 773/03).

Өтініш иелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы К. іс-әрекеттеріне шағымданады және оның кінәсінен оңалту бағдарламалары бойынша ақшалай жәрдемақы ала алмай жүргендігін хабарлайды. Сонымен бірге олардың қалалық және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттеріне жолдаған өтініштерінің жауапсыз қалуына шағымданады. Хатта мекенжайы көрсетілмегендіктен, ол қажеттілігі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.

З. күйеуінің 3-топтағы мүгедектігін 2-топқа ауыстыруды қайта қарау туралы өтініш білдірді (10.09.07 кіріс № 868/03). Бұл мәселе Уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, өтініш тиесілігі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.

П. өтініші (09.02.07 кіріс № 135/03) мүгедектік тобын белгілеуге ықпал етуді сұрайды. Бұл мәселе Уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, өтініш тиесілігі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.

К. (25.03.07 кіріс № 283/03), Б. (30.03.07 кіріс № 302/03) өтініштері де осындай сипатта.

Сонымен қатар мүгедектерден тұрғын үй құқықтарын іске асыру (Д. (19.03.07 кіріс № 262/03), зейнеткерлік мәселелері бойынша (Ә. (25.03.07 кіріс № 279/03) өтініштер келіп түсті.

ТМД елдерінен мүгедектердің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мүгедектік бойынша жәрдемақы алу мәселелері көтерілген өтініштерінің саны артты. Есептік кезеңде Алтай өлкесінің (Б. мүддесіндегі (02.01.07 кіріс № 14/03) және Свердлов облысының (К. мүддесіндегі (11.03.07 кіріс № 217/03) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінен осындай екі өтініш келіп түсті.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясының Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі ҚР азаматы болып табылатын, Свердловск облысы аумағында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан және мүгедектігі бойынша жәрдемақы алмаған К. мүддесінде мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы бойынша түсінік беруді және зейнеақы алу тәртібі бойынша қажетті рәсімдердің жүзеге асырылуын сұрайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге С. мүгедектер К. пен К. мүдделеріне қатысты өтініші (05.07.07 кіріс № 645/03) келіп түсті. Өтініш иесі мүгедектердің жер учаскесіне құқықтарын ресімдеуге кедергі келтіріп отырған жер комитеті қызметкерінің заңсыз әрекеттерін көрсетеді. Сонымен бірге олар өрттен зардап шеккендерге арналған материалдық көмекті ала алмай отыр.

Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды қолдайды. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қарашадағы Заңымен бекітілген Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабына сәйкес, мемлекет әркімнің өзі және отбасының жеткілікті тамақтануын, киімі мен баспанасын қамтитын, жеткілікті тұрмыс деңгейінде өмір сүру және тұрмыс жағдайын үнемі жақсарту құқығын таниды.

Бас Ассамблеяның 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447 ұсынымында жария етілген Мүгедектердің құқықтары туралы декларацияның 7-тармағына сәйкес, мүгедектер экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз етуге және өмірдің қанағаттанарлық деңгейіне құқылы.

Ұлттық орталықтың Павлодар облысы әкімдігіне жолдаған сауалы бойынша өтініш иелеріне материалдық көмек көрсетілді және әкімдік оларға жер учаскесін беру үшін материалдар жинау жұмысын бастады.

Мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселесіне мемлекет ерекше назар аударуы қажет.

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ақпарат алу құқығын іске асыруға байланысты өтініштер келіп түсті (1,1 %). Көптеген жағдайда өтініш берушілер түрлі сипаттағы анықтамалар мен куәліктер алуға ықпал етуді сұрайды.

Азаматша К. Целиноград облысы Сілеті ауданы Қарабұлақ кеңшарының таратылуы туралы анықтама алуға жәрдемдесуді сұрап өтініш білдірді (18.07.07 кіріс № 683/03). «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес өтініш қажеттілігі бойынша басқа мемлекеттік органға жолданды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге С. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің И. қатысты қозғалған қылмыстық іс фактісі бойынша ақпарат ұсынбауына шағымданған өтініші келіп түсті (27.08.07 №828/03). Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша, С. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізген тексеру барысы туралы ақпарат жолданды.

Шет мемлекеттер омбудсмендерінің азаматтар мүдделеріндегі өтініштері де жиі келіп түседі.

Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Краснояр өлкесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің М. мүддесіндегі (17.07.07 кіріс № 670/03) соғыс жыдарынағы өтініш иесінің еңбек өтілін растайтын мұрағат жазбасын алуға ықпал етуді сұрайтын, Алтай өңіріндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ч. мүддесіндегі (19.02.07 кіріс № 166/03) Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің зейнетақы ресімдеу үшін Ч. бұрынғы жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама ұсынбауына шағымданған, Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл В.П. Лукиннің Т. мүддесіндегі (10.05.07 кіріс № 450/03) сотқа талап арыз беру үшін қажетті құжаттар алуға ықпал етуді сұраған, Самара облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Х. мүддесіндегі (23.07.07 кіріс № 702/03) қажетті құжаттар алуға ықпал етуді сұраған өтініштері келіп түсті. Жүргізілген жұмыстар нәтіижесінде сұралған құжаттар алынды және өтініш білдірушілерге жолданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің ақпаратты еркін алу және тарату құқығы және мемлекеттік органның, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттарды, шешімдер мен ақпарат көздерін таныстыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету міндеттері бекітілген. Конституцияның аталған ережелерін сақтау және қорғау қоғамның тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен дамуының құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ар-ождан және діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті (1,4 %). Ар-ождан бостандығы мәселесі бойынша өтініштер саны 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 71-ден 19-ға дейін айтарлықтай азайды. Өтініш берушілер арасында Саентология шіркеуінің, «Евангелие христиан-баптистері шіркеулерінің халықаралық одағы» ЕХБШ ҰО-ның, Иегова куәгерлерінің діни орталығының өкілдері бар.

З. (22.12.06 кіріс № 13/02), Ж. (26.12.06 кіріс № 1312/02), П. (03.01.07 кіріс № 3/02), С. 08.01.07 кіріс № 20/02) өтініштерінде 2006 жылғы 15 қыркүйектегі «Городская неделя» газетінде жарияланған Павлодар облысының ішкі саясат департаменті директоры орынбасарының сұхбатында өтініш білдірушілердің діни сезімін қорлауына шағым мазмұндалған. Авторлар өз өтініштерінде З. айналысатын лауазымға сәйкес еместігі туралы, заңнамада көзделген жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау мәселелерін көтерген. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тұжырымдамасын назарға ала отырып, бұл өтініштер іс жүргізуге қабылданбады.

Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің төрағасы Г. діни бірлестіктің атынан және оның мүшелерінің тапсырмасы бойынша «Кришнаны тану қоғамы»діни бірлестігіне тиесілі жер учаскелерін және саяжай құрылыстарын алу туралы Қарасай аудандық сотының шешіміне шағымы түсті. Хаттың авторы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтардың соттың іс-әрекеті мен шешіміне арызды қару бойыншв өкілеттерінің жоқтығы туралы хабардар етілді.

Уәкілге Тараз қаласының мұсылман әйелдерінің ұжымдық өтініші (02.09.07 кіріс № 842/03) түсті, онда өтініш берушілердің қыздары оқитын орта білім беру орнының директоры Тараз қаласының Ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы Әбдімомынованың тапсырмасын орындау үшін мұсылман-қыздарға хиджаб-орамал киюге кедергі келтіріп, олардың үлгерімін жасанды

төмендетуге ниетті түрде ықпал жасауда. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы нәтижесінде алынған ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің ақпараты бойынша өтініш авторлардың діни сенім белгісі және дінге қатысы бойынша олардың балаларын кемсіту туралы пайымы расталмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет