Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



бет3/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

2007 жылы Уәкілге өкілетті билік органдары депутаттарынан азаматтар құқықтарының мүдделері, сонымен қатар өз құқықтарын қорғауға 3 өтініш түсті. ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты И. Чиркалин Б. және оның сотталған ұлы Б. (11.01.07 кіріс № 34/02) мүддесінде жолданды, ол хатында сот шешімімен келіспеушілік білдірді. Жеке азаматтардың азаматша Т. психиартиялық ауруханаға орналастыруға ниет білдіретініне шағыммен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш. Мырзахметов жолданды (18.10.07 кіріс № 1586/02-974(3)). Осы екі хат іс жүргізуге қабылданған жоқ, себебі онда көтерілген мәселелерді қарау Уәкілдің құзырына жатпайды.

Сондай ақ есептік кезеңде Орал қаласы мәслихатының депутаты Қ. аталған жергілікті өкілетті органның сессияларының шешімдерімен келіспейтіні туралы хаты келіп түсті, ол хат Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінде қаралуда.

Есептік кезеңде үкіметтік емес ұйымдардан 31 хат келіп түсті. Хат жолдаған ҮЕҰ арасында ең көп хат Қазақстандық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросынан (14 хат), «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінен, автокөлік қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінен (2) келіп түсті.

Хаттарда жиі көтеретін мәселелер жергілікті атқарушы және өкілетті органдарына әкімшілік ету, тұрғын үй, жер құқықтары, құқық қорғау органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігі, пенитенциарлық мекемелердің әкімшілігіне қатысты, сот шешімдерімен келіспеу мәселелері.

Есептік кезеңде Уәкілге барлығы 3468 адам жолданды.

2007 жылы хаттар субъектілері туралы толық ақпарат мына кестеде көрсетіледі.



Хаттар түрі

Барлығы

Жеке

1073

Олардың ішінде әйелдер

546

Олардың ішінде ерлер

527

Ұжымдық

110




Олардың астында қолдар саны

1912

Хат жібергендер:







Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары

3

ҮЕҰ

31

өзге ұйымдар

51

Шет елдерден хаттар

94

Ауызша қабылдау

398




Олардың ішінде аумақтардан

40

Барлығы Уәкілге жолдаған азаматтардың саны

3468


Хаттардың субъектілері туралы ақпарат
Сот шешімдеріне келіспеушілік туралы хаттардың нақты саны аздап кеміді (2006 жылы 363-тен 2007 жылы 336-ға дейін). Сонымен бірге, 2007 жылы түскен жазбаша хаттардың көлемі жалпы азайса да, осы санаттағы хаттардың үлесі 2006 жылы 18,74% есептік кезеңдегі жазбаша хаттардың жалпы санынан 26,1% дейін өсті.

Көлемі бойынша екінші орында құқық қорғау органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдар тобы, жазбаша хаттардың 22 % құрайды.

Есептік кезеңде тұрғын үй құқықтары мәселелері бойынша хаттар санының өсу үрдісі жалғасты (2005 - 6,9%, 2006 - 7,22%, 2007- 14,8%). Әдеттегідей, хаттардың көпшілігі жергілікті атқарушы органдарына әкімшілік ету (11,2%), әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнетақы мәселелеріне қатысты (8%).

Одан басқа, өткен жылмен салыстырғанда жер құқықтары (2006 жылы 1,44%-дан 2007 жылы 4,6%-ға дейін), жеке тұлғалармен қарым қатынас (2006 жылы 1,49%-дан 2007 жылы 4,2%-ға дейін), тіркеу, азаматтықты алу, тұрғылықты орналасу түріне, құжаттандыру (2006 жылы 1,7%-дан 2007 жылы 3,1%-ға дейін) мәселелері бойынша хаттар, сот органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі туралы шағымдар саны (2006 жылы 2,37%-дан 2007 жылы 4,8%-ға дейін) көбейді.

Діни сенім бостандығы мәселелері бойынша хаттар саны екі еседен артық кеміді (2006 жылы 3,66%-дан 2007 жылы 1,4% -ға дейін).

Сот шешімдерінің орындалмауы туралы (2006 жылы 3,66%-дан 2007 жылы 3,7%-ға дейін), ұлттық белгілері бойынша кемсіту туралы хаттардың үлесі бұрынғы деңгейде сақталып отыр (2006 жылы 0,25%-дан 2007 жылы 0,31%-ға дейін).

Келген хаттардың сипатындағы маңызды өзгерістер келесі кестеде келтіріледі.

Жазбаша өтініштерде көтерілетін мәселелер сипатының жалпы көрінісі мына кестеде көрсетіледі.


Жазбаша өтініштерде көтерілген мәселелер сипаттамасы


Мәселелердің өзіндік ерекшелігі

Саны

Пайыздық қатынасы

Сот шешімімен келіспеуі туралы

336

26,1

Құқық қорғау органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне арналған шағымдар

283

22

Тұрғын үй мәселелері

191

14,8

Жергілікті атқарушы және өкілетті органдарына әкімшілік ету мәселелері

144

11,2

Сот органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі туралы шағымдар

62

4,8

Әртүрлі негіздермен әлеуметтік қамтамасыз ету

60

4,6

Жер құқықтары

60

4,6

Еңбек құқықтары

58

4,5

Жеке тұлғалармен өзара қарым қатынас мәселелері

54

4,2

Басқалары

48

3,7

Cот шешімдерінің орындалмауы

45

3,5

Үкіметтің қатысы жоқ заңды мекемелердің әрекеттеріне шағымдар

45

3,5

Зейнетақы тағайындау және төлеу мәселесі

44

3,4

Тіркеу, азаматтықты алу, тұрғылықты орналасу түріне, азаматтың жеке тұлғалылығын растайтын құжаттар мәселелері

40

3,1

Бала құқығы

32

2,4

Денсаулық сақтау құқығы

26

2,0

Пенитенциярлық жүйе мекемелері әкімшіліктерінің әрекеттері мен әрекетсіздігі

24

1,8

Орталық атқару органдарына әкімшілік ету мәселелері

23

1,7

Мүгедектер құқығы

19

1,4

Дін тұту құқығы

19

1,4

Қинау, зорлық зомбылық, адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін басқа да қорлықтар мен жазалау

16

1,2

Ақпарат алу құқығы

14

1,1

Бір пенитенциарлық мекемеден екіншіге ауыстыру

13

1,0

Жаппай құғын сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша

12

0,9

Оралмандар құқықтары

12

0,9

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығы

9

0,7

Білім алу құқығы

8

0,6

Пенитенциярлық жүйе мекемелері әкімшіліктерінің әрекеттері мен әрекетсіздігі

7

0,5

Кәсіпкерлер құқығы

7

0,5

Әйелдер құқығы

5

0,39

Тұтынушылар құқықтары

4

0,31

Жеке меншік құқығы

4

0,31

Ұлттық белгі бойынша кемсіту

4

0,31

Басқа мемлекеттік органдарға тапсыру туралы өтініштер бар хаттар

3

0,23

Жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке және отбасы құпиясы, қадір қасиетін қорғау құқығы

3

0,23

Қолайлы қоршаған ортаға құқық

2

0,16

Кәсіби заңгерлік көмек алу құқығы

2

0,16

Қарулы Күштердегі жарғылық емес қатынастар

2

0,16

Бірлестіктер, жиналыстар еркіндігіне құқықтар

2

0,16

Жүйке ауруына байланысты кемсіту

2

0,16

Шет елдерде Қазақстан азаматтарының құқықтарын бұзу

1

0,08

Кешірім жасау туралы өтініш

1

0,08

Мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы

1

0,08

Сайлану және сайлау құқығы

1

0,08

Мемлекеттік қызметке қол жеткізу құқығы

-

-

Жеке салымдар және жинақтар, хат алмасу, телефонмен сөйлесулер, почта және телеграф хабарламалары құпиялылығына құқықтар

-

-

Сөз бен шығармашылық бостандығы

-

-

Еркін жүру құқығы

-

-

Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар

1

0,08

Түсетін өтініштердің біраз бөлігін құқық қорғау органдарының әрекетіне және әрекетсіздігіне қатысты шағымдар құрайды (22%). Тексеру процесі ҚР ІЖЖК қатаң реттелгеніне қарамастан, қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын бұзу жиі кездеседі.

Хат авторларының басым көпшілігі, тергеудегі қамауға алынғандар болсын, бас бостандығынан айыруға сотталғандар болсын, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ҚР ҚК 24-бабын бұзатынын көрсетеді. Бұл бапқа сәйкес прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар істі жеткілікті дұрыс шешуге қажет және жеткілікті жағдайларды жан жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда қарастырылған барлық шараларды қолдануы қажет.

Ж. ақшалай қаражаттың ұрлануы бойынша тергеу жүргізу жөніндегі құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне шағымы осыған мысал ретінде келтіруге болады. Уәкілдің ҚР Бас прокуратурасына сұратуы бойынша осы істің мән жайын тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде қылмыстық тергеу органы тергеу жұмыстарын жүргізгенде істің мән жайын жан жақты, объективті зерттеуді қамтамасыз етпегені анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс Астана қаласы ІІД тергеу басқармасына тергеу жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Сарыарқа ауданы ІІБ анықтау бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды. Д. да хатының сипаты осындай (21.11.07 кіріс № 1146/02-1074(2)). Хатта өтініш беруші Қостанай ауданы ішкі істер органының оның ұлы Д. қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартуына келіспеушілік білдіреді. Бұл ретте, шағымданушы тергеу жұмыстарын жүргізу және ұлының қаза болуына әкеп соққан себепті анықтау мақсатында құзырлы мемлекеттік органдарға бірнеше рет жолданғанын көрсетеді. Бірақ Д. қаза табуы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу органдары бірнеше рет тоқтатқан. Есеп дайындау сәтінде хат бойынша іс жүргізілуде.

Шағымданушылар өздерінің хаттарында заңсыз тінту, тінту кезінде заттарды заңсыз тәркілеу, алдын ала тергеу кезінде сарсаңға салып немқұрайлық таныту фактілеріне жиі шағымданады.

Т. оның үйіне заңсыз кірген Шымкент қаласының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымы (25.05.07 кіріс № 495/02) осыған мысал ретінде келтіруге болады. Бұдан кейін, Т. айтуы бойынша ақша мен құжаттар жоғалған. Тексеру нәтижесінде құқықтардың бұзылуы анықталмады.

А. өзінің хатында (29.11.07 кіріс № 1098/02) тергеу бөлімшесінің қызметкері заттық дәлелдеме - өлтірілген қызының жолдас қызы жазған жазбашаны жоғалтқанына шағымданады, оны шағымданушы Талдықорған қаласының ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісіне жан жақты және объективті тергеу жұмыстары жүргізіледі деген үмітпен берген. Өтініш берушінің пікірінше, осы жазбаның мазмұны оның қызының өліміне кінәлі адамдардың жеке басын анықтау кезінде және оларға кінә тағуға маңызды және сөзсіз дәлелдеме болуы мүмкін. Есеп дайындау сәтінде хат бойынша іс жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз және негізсіз күш қолдануына шағымдар үлкен топты құрайды.

Уәкіл атына Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Карағанды облыстық филиалының директорынан З. мүддесін білдірген хат келді (29.11.07 кіріс № 1102/02). Шағымның мазмұнынына келсек, З. Қарағанды облысы ІІД қызметкері Р. тергеу жұмыстарын жүргізудегі әрекетсіздігіне келіспейтінін білдіреді, ол шағымданушының айтуы бойынша, полиция майоры М. оған 2 топ мүгедектікке әкеп соққан дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді әдейі созып келеді. Есепті дайындау сәтінде хат бойынша іс жүргізілуде.

Өтініш берушілер тергеу жүргізу барысында азаптау фактілерін көрсететін шағымдардың саны жоғары болып қалады. Әдеттей, сот шешімімен келіспейтін, пенитенциарлық мекемеде ұсталатын адамдардың шағымдарының 1/3 бөлігі сотқа дейінгі тергеу сатысында дене және психикалық зорлық жасау туралы ақпаратты қамтиды. Көбінесе азаптаулар ұсталған адамға немесе оның жақындарына қатысты күш қолданылып психикалық қысым жасаумен, өрескелдікпен, қорлаумен, қорқытумен бірге пайдаланылады. Күш қолдану және психикалық әсер ету фактілерін дәлелдеу өте киын.

С. хаты (29.11.07 кіріс № 1102/02) осындай сипатта, ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының УК-161/1 мекемесінде қамауда ұсталады. Өз хатында шағымданушы Рудный қаласы ҚІБ мен КПБ полиция қызметкерлері тарапынан тергеу барысында оған қатысты психологиялық қысым көрсетілді, оның нәтижесінде ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша заңсыз айып тағылғанын айтады. Осы шағым бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ҚР Бас прокуратурасына сауал жіберді. Тексеру нәтижесі бойынша шағымданушының дәлелдемелері объективті түрде расталмады.

Сотқа дейінгі тергеу сатысында дене және психикалық зорлық туралы ақпарат М. (06.11.06 кіріс № 1087/02), С. (12.12.06 кіріс № 1258/02), П. (26.12.06 кіріс № 1317/02), Ж. (26.01.07 кіріс № 73/02), С. (02.02.07 кіріс № 883/02-109(3) және басқалардың хаттарында бар.

Осы санаттағы хаттарды талдау ахуалдың нашар екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Азаптауды тексерудің тәуелсіз тетіктерінің жоқтығы осындай жағдайдағы себептердің бірі болады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері жасайтын азаптаулар мен басқа да қылмыстарға қарсы тиімді күрес жүргізу құқық қорғау органдарының беделін көтеруде, оларға қоғамның сенімін қайтару үшін қажетті құрал болып табылады.

Азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері Уәкіл қызметінің басым бағыттарының бірі болып сақталады.

Олардың ішінде ең көп арыздар тұрғын үй мәселелері бойынша (14,8%), олар: мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу, тұрғын үйді иесіз ретінде коммуналдық меншікке беру туралы шешіммен, тұрғын үй мәселелері бойынша сот шешімдерімен келіспеу.

Тұрғын үйдің болуы адамның қоғамда тиісті күн көру жағдайының бірі болады. Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы және Халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы пакт әр адамның өзінің және оның отбасының денсаулығы мен күн көріс деңгейін, тамақты, киімді, үйін қоса алғанда, ұстап тұруға және күн көріс жағдайын үнемі жақсартуға қажетті өмір деңгейіне құқығы бар деген норманы қамтиды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстанда азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін жағдай жасалуда. Заңда көрсетілген тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санаттарына қол жетімді бағамен заңда белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беріледі. Әркімнің халықаралық құқықтық актілер негізінде бекітілген тұрғын үйге конституциялық құқықтары азаматтардың үйге қажеттілік мәселесін шешу үшін үй салуға немесе сатып алуға белсенді істерін көздейді. Бірақ табысы аз адамдар ипотеканы пайдалана алмайды, азаматтардың көпшілігі үшін несие беру шарттары қолайлы емес. Одан басқа, азаматтар құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт жасаған кезде, өкінішке орай, пәтер алатынына сенімді бола алмайды.

Ипотека бойынша немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға қаражаты жоқ көптеген шағымданушылар комиссиялардың қабылдаған теріс шешімдерімен келіспейді.

Осылайша, Уәкілдің атына Қ. хат келіп түсті (05.03.07 кіріс № 212/03), онда өтініш беруші мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған пәтерлерді бөлу комиссиясының пәтер беруден бас тарту туралы шешіміне келіспеушілік білдіреді. Шағымның мазмұны мен қоса берілген материалдарға келгенде, өтініш беруші Алматы қаласының соттарына жүгінген, олар тұрғын үй бөлу комиссиясының шешімін орынды деп таныған.

Осыған байланысты өтінішті Уәкіл мекемесі өндіріске қабылдамады.

Осындай жағдайларда тұрғын үй мәселесін жергілікті және республикалық бағдарламалар аясында шешу тұрғын үй құқығын іске асырудың аса маңызды құралы болады. Мәселе, бәрінен бұрын, азаматтардың жекелеген санаттарына тегін үй беру, сондай ақ үй алуға арнайы жәрдемақылар беруде.

Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан меншікке үй алғанға дейін уақытша тұрғын алаңдарында тұру мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты әлеуметтік үйлерді салу мәселесі өзекті болып отыр, олар мемлекеттік меншігінде бола тұра халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарының уақытша тұратын жері болар еді.

Кейде өтініш берушілер тұрғын үй заңнамасы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөлу жергілікті атқарушы органдардың құзырында екенін ескермейді. Бұл ретте кейбір қоғамдық ұйымдар да осындай қорытындылар жасайды, олар Уәкілге кейбір азаматтарға үй алуға көмек көрсету немесе өздерінің ойынша, заңсыз деген сот шешімдеріне әсер етуді сұрайды.

Мысалы Уәкілдің атына Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директорынан Жамбыл облысы Мерке ауылының тұрғындары Б., Н., П., Ш., Т., Н. мүддесін білдірген хат келді (29.01.07 кіріс № 96/03). Осы азаматтар сот шешімімен үйден шығарылған, хаттың авторы осы шешіммен келіспейтінін білдіреді.

Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі комиссияның директорының хатынан «Нұрлан» АҚ Мерке ауылының аталған тұрғындарының үйлеріне меншік құқығын тұрғындарға айтпастан «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Мерке филиалында тіркеп алған.

Сонымен бірге, хат мәселесі бойынша сот шешімі қабылданғандықтан, өтініш берушілерге прокуратура органдарына жүгіну, сондай-ақ даулы мәселені сотқа өздері дербес шағымдану ұсынылды.

Ш. (10.08.07 кіріс № 767/03), Державин қаласы тұрғындарының (03.08.07 кіріс № 747/03), С. (07.08.07 кіріс № 277/03-758 (2) өтініштері де осындай сипатқа ие.

Уәкілге Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға жәрдемдесуді өтінген көп балалы ана А. (25.09.07 кіріс № 902/03) жүгінді. Бұл орайда өтініш беруші хатында тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын, бірақ отбасының материалдық жағдайының ауырлығынан ақшасы таусылып, үйсіз қалу қаупі барын хабарлады. Осы өтініш бойынша Қызылорда облысының әкімдігіне сауал жіберілді. Олардан өтініш берушіге кезек тәртібімен тұрғын үй берілуі мүмкіндігі туралы хабар келді.

Дегенмен, әкімдіктің өтініш берушіні тұрғын үй-жайға уақытша орналастыру туралы мәселені қарауға мүмкіндігі бар, өйткені өтініш беруші оларға жүгінген сәтте бірден үйді меншігіне беруді сұраған жоқ. Ол тұрақты тұрғын үй алғанға дейін уақытта тұруға жәрдемдесуді өтінді.

Аулаларында тұрғын үйлердің немесе офис ғимараттарының құрылысы жүріп жатқан үйлердегі тұрғындардан қатты шу, шаң мен батпақ жағдайында тұруға мәжбүр екендігіне байланысты шағымданған ұжымдық өтініштер көп келуде. Салынып жатқан объектілер тұрғындардың демалатын орындарында салынып, олардың балаларымен қыдыруына орындар мен балалар алаңқайын қалдырмайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына И. (06.02.07 кіріс № 119/03) хат келді. Үйіне жақын алаңқайдағы жарылыс жұмыстарының нәтижесінде оның үйіне зақым келіп, яғни сызаттар түсті деп есептейді. ҚР Бас прокуратурасы мен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ақпаратына сәйкес хат иесіне жүргізілген жарылыс жұмыстары мен көпқабатты тұрғын үйдің жанындағы құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен негізділігі туралы түсінік берілді. Дегенмен, Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ақпараты бойынша салынып жатқан объектіде шу деңгейінің жоғары болғаны анықталып, «Ю.» ЖШС-ға санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықты жою туралы санитарлық ұйғарым берілді.

Үйлерінің жанында басқа объектінің құрылысы жүргізілетіндіктеріне келіспейтіндіктерін білдірген Теміртау қаласы тұрғындарының (17.07.07 кіріс № 687) ұжымдық өтініштері осындай сипатқа ие. Тексеру нәтижесінде заңнаманың нормаларын бұзушылық анықталған жоқ.

Республиканың қалыптасу кезеңінде халықтың тұрақты тұратын жерлерінің ағылып кетуіне және ауылдық әрі қалалық елді мекендерде көптеген үйлер иелерінсіз қалуына байланысты, жергілікті әкімшілік басшылары халықты тығыз орналастыру шараларын қабылдады. Тұрғындар жинақылықты қамтамасыз ету және жылыту шығындары мен коммуналдық қызметтерге ақының азаюы үшін бос тұрған үйлерге көшті.

Алыстағы қалалар мен кенттерде бірнеше жылдар бойы (5-8 жыл) иесіз қалған тұрғын үйлер ашық болып отыр. Өйткені қазіргі кезде бұрынғы үй иелері қайтып оралып, бос тұрған үйлерге кірген, оған жөндеу жұмыстарын жүргізген әрі оларды босатуға мәжбүр болған адамдардың жағдайы жыларман күйде. Мұның барлығы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бос тұрған үйлер мен тұрғын үйлерді анықтап, есепке қою шараларын қабылдамауына байланысты болып отыр. Осындай бірнеше шағымдар Солтүстік Қазақстан облысы Володар селолық округінен келіп түсті.

Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Б. (26.01.07 кіріс № 79/03) тұрғын үй құқықтарын бұзғанына шағымданған хат келді. Арыз иесі ұсынған ақпаратта 1999 жылы Володар селолық округі әкімінің шешімімен пәтер ұстаушыларды жинақтау жүргізіліп, арыз иесі өзінің меншік құығындағы тұрғын үйден басқа тұрғын үйге көшірілгендігі келтірілген. Қазіргі кезде кейбір тұрғын үйлердің меншік иелері келіп, қолдарындағы құқық белгілейтін құжаттарымен олардың үйіне орналасқандарды талап арызбен сотқа берген немесе сатқан, ал село әкімі көшірген тұрғындар олардан шығуға мәжбүр.

Арыздың авторы оқиғаның Володар селолық округі әкімінің заңсыз іс-әрекетінің және село әкімінің заңсыз шешімдерінің күшін жоюға шешім қабылдамаған аудандық әкімдіктің әрекетсіздігінің нәтижесінде туындағанын жазады, яғни «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес оның тұрғын үйді бөлуге құқығы жоқ.

Ең соңында Саумалкөл ауылының тұрғындары баспанасыз қалды. Оларға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үй күтілмегендіктен, бұзылған әрі тұруға жарамсыз. Ересектерден басқа, олардың балалары да қиналуда.

Б. (27.11.07 кіріс № 1088/03), Б. (0.11.07 кіріс № 1019/03), З. (08.08.07 кіріс № 761/03) хаттары да осындай сипатта.

Бұрынғысыша арыз иелері Адам құқықтары жөніндегі уәкілді пәтер бөлу кезінде басқа мемлекеттік органның шешім қабылдау процесіне әсере ете алады деп есептейтіндіктерінен, Уәкілді жергілікті атқарушы органдарына күшпен қысым жасау құралы ретінде пайдалануға тырысуда.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға жәрдемдесуді өтінген А. (22.12.07 кіріс № 1289/03) Уәкілге жүгінді. Бұл ретте өтініш иесі Атырау облысы әкімдігінің оны тұрғын үй алуға кезекке қоюдан бас тартқанын хабарлайды. Әкімдігін ұсынған ақпараттан өтініш иесінің жұмыс орны бойынша ауруханада тұрғын үй алу кезегінде тұрғаны жазылған.

Бюджеттік саладағы қызметкерлерге тұрғын үйді әкімдік бөледі және пәтерлер бөлу үшін мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестірумен айналысатын Департаментерге жіберіледі. Осыған байланысты, әлеуметтік тұрғын үйді Денсаулық сақтау департаментіне берген кезде ол тізім бойынша бөлінеді, онда өтініш беруші 5 нөмірмен қатысып отырады.

Басқа адамдардың алаяқтық іс-әрекетінің нәтижесінде өзінің үйінен айрылған азаматтардың өтініші бойынша істерді қарауды және тергеу жүргізуді құқық қорғау органдары созып жіберген кезде, олардың істің өтініш берушінің мүддесіне емес басқа тараптардың пайдасына шешілуіне мүдделі деген күдік туады.

Сонымен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Алматы қаласының тұрғыны С. (14.02.07 кіріс № 151/03) өтініші келіп түсті, қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ.

Өтінішіне қарағанда оның меншік құқығына жататын тұрғын үй жасанды құжаттың негізінде Н. сатылып кеткен. Өтініш беруші бұл уақытта шетелде жұмыста болған, ол үйін сату туралы ойламаған, заңсыз мәмілеге қарсы тұру мүмкіндігі болмаған.

Өтініш берушінің айтуынша, Алматы қаласының ІІД қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша іс жүргізуді созып келеді және тергеу жүргізудің толық және объективті болуын қамтамасыз еткізгісі келмейді. Н. және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде пәтерді тыйым салудан шығарған өтініш беруші өзінің жеке заттарынан және жиһазынан айрылып қалған, пәтер қазір сатуға қойылған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша пәтер өтініш берушінің баласының жазбаша сенімхатының негізінде сатылған.

Осы санаттағы өтініштерге жүргізілген талдаулардың нәтижесі тұрғын үйлерін жақсартуды қажет ететін азаматтарды, мемлекеттік тарапынан мемлекеттік қолдау мәселесі оған бас назар аударуды қажет ететінін көрсетіп отыр. Тұрғын үйге кезекке тұрудың көбейіп кетуі мәселесін шешетін тиімді шаралар қабылдау қажет.

Ипотекалық несиелендірудің қатысушы азаматтарын санын арттыру мақсатында жекелеген азаматтарды несие алу үшін бастапқы жарнасын және/немесе пайыздық ставкасын төлеу сияқты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны әзірлеу жөнінде мәселені қарастыруды ұсынамыз.

Тұрғын үйлерін жақсартуды қажет ететін азаматтарды мемлекеттік қолдау аз қамтылған отбасыларын үй сатып алуға субсидиялар беру арқылы арттыру; бала туған (бала асырап алған) жағдайларда үй сатып алуға немесе үй салуға кететін шығындардың бір бөлігін өтеу арқылы; жеке тұрғын үй салуға құрылыс материалын (бірінші кезекте ауылдық жерлерде) бөлу арқылы; аз қамтылған отбасыларына жалға алу шарты бойынша тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жай беру арқылы мүмкін болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет