Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет6/15
Дата15.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#136590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Темір ҚҰСАЙЫН,

Халықаралық жобалардың бәсі биік

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Батыс Қазақстан филиалы ғылым мен білім саласында халықаралық байланыстарды нығайтуға бастамашы болып келеді. Атап айтқанда, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен (КазИИТУ) Ресейдің көршілес Самара, Саратов және Орынбор губерниялары арасында инновациялық жетістіктерді оқу үрдісіне пайдалану, ғарыш саласының сан қырлы иірімдері және бәсекеге қабілетті мамандар әзірлеу жөнінде қол жеткен ортақ жетістіктер жеткілікті.

Бұдан үш жыл бұрын Еуразиялық өзен аралығы деген тақырыппен өмірге келген халықаралық жобалардың болашағына алғашқыда секеммен қараушылар аз болған жоқ. Әйтсе де қазіргі күні халықаралық қоғамдық қозғалыс көршілес аймақтар арасындағы ғылым мен білімнің дамуына әжептәуір септігін тигізе бастағанын бәрі де көріп, біліп отыр. Еуразиялық өзен аралығы халықаралық бағдарламасы бүгінде ғылым мен білім саласында халықаралық байланыстарды жалаң қарастырмай, Елбасы жолдауларымен және Үкімет шешімдерімен байланыстырылып отырады, дейді аталған ғылым-білім кешенінің басшысы Ақсерік Әйтімов.

Ия, интеграциялық қарым-қатынастар шеңберінде Орал қаласына Еуразиялық іскерлік кеңесі, Ресейдегі тауар өндірушілер одағы және Ресейдің инженерлік академиясының жетекшілері жиі ат ізін сала бастады. Оның орталығы мен басты базасы жоғарыда айтылғандай, КазИИТУ ғылым-білім кешені болып отыр. Екі ел ғалымдарының бүгінгі басты ұстанымы ғылым, білім және тәжірибе атты академиялық оралымдықтың басты үш бағытына арқа сүйейді. Мысалдарға жүгінсек, отандық іргелі ғылым мен білімнің о бастағы пайғамбарлары Д.Менделеев пен М.Ломоносов саналатын болса, осы ғылыми жаналықтарды өмірге тәжірибеге тұңғыш рет енгізген Владимир Вернадский де осал тұлға емес. Ол Қазақстандағы Көкше өңірінде ұзақ жылдар бойы ғылыми жұ­мыстармен айналысқан. Сондықтан да В.Вернадский қазақ топырағында ғылымның дәні өсіп-өнуіне де өз үлесін қосты десек тарихи шындықтан алшақ кетпейміз. Бүгінде тарихи тұлғаның рухы ғылым саласындағы халықаралық байланыстардың тереңдеуіне игі әсерін тигізіп жатқаны да басы ашық ақиқат. Халықаралық байланыстар шеңберінде ғұламаның туғанына 150 жыл толуы Оралда аталып өтуінің де терең мәні бар екені анық. Бұл шараны ұйымдастыруда Ұлттық инже­нерлік академияның Батыс Қазақстан облысындағы филиалы іскерлік пен кәсіби тереңдік үлгісін көрсете білді.

Сондай-ақ, аталмыш бөлімше өңірдегі барлық ғылыми инновациялық үрдістердің негізгі идеялық ұйтқысы және білім беру кластерінің әдістемелік жетекшісі деңгейіне жете алғаны да бөлек бір әңгіменің тақырыбы. Академия филиалының қызметіне Ресей тауар өндірушілер одағының президенті Николай Сосковецтің өзі жоғары баға бергені көп жайды аңғартады. Ал Самара мемлекеттік университетінің ректоры Игорь Носков интеграциялық үрдістер жөніндегі өз ой-пікірін газет тілшісіне былайша жеткізді: – Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасындағы жаңа әріптестіктің жарқын көріністерін байланыстырушы буын ретінде Орал қаласынан тауып отырғаныма қуаныштымын. Ықпалдастық – бүгінгі уақыттың басты қажеттілігі. Оған аталған мемлекет басшылары жоғары мән беріп отырғаны екі елдің ғылыми элитасын қуантады. Әсіресе, бүгінде Кеден одағының тиімді екені айқын. Мұндай байланыстың пайдасын Кеңес одағының күпісінен шыққан Ресей мен Қазақстан тұрғындары өзгелерге қарағанда жақсырақ, тереңірек түсінеді деп ойлаймын. Әсіресе, ежелден көршілес елдер арасында энергетика мен өнеркәсіпке, ауылшаруашылық саласына және Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты ортақ жобаларды бірлесіп ойластырудың тиімділігі мол. Тек оған мемлекеттер арасындағы ғылыми әлеует пен білім ресурстарын жанашыр көзқараспен жұмылдыра білуге тиіспіз. Қазақстанның батыс өңірінде осындай келешегі кемел іске ұйтқы болып жүрген әріптесіміз Ақсерік Әйтімовтің осы бағыттағы қадамдары мен ізденістерін жоғары бағалаймын. Ия, бүгінде Еуразиялық өзен аралығы жаңа жобалар мен игі ізденістерге толы.

//Егемен Қазақстан.- 2013.- 24 мамыр.- 5 б.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
Пайдасы көп орталық

Қаладағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Қазақстан-Америка агроинновация орталығы ашылды. Осынау салтанатқа қала әкімі Айбек Кәрімов, Шәкәрім атындағы СМУ ректоры Шәріпбек Әмірбеков, америкалық серіктестік тарапынан доктор PhD Тревис Мэддок қатысты.

Бұндай орталықтар ел экономикасының өркендеуіне үлестерін қоспақ. Орталықтың ашылуындағы мақсат ауыл шаруашылығы ғылымы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, сонымен қоса Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарындағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге сапалы консуль­тациялық және әдістемелік көмек беру беру болып табылады.

Орталықтың құрамына азық-түлік қауіпсіздігі, ветеринарлық- диагностикалық препараттарды жасау, жем сапасын бағалау, эмбриондарды трансплантациялау және жасанды ұрықтандыру зертханалары кіреді.

Орталықтың ашылуына Шәкәрім атындағы СМУ мен Солтүстік Дакота университеттері (АҚШ) бастамашы болды. 2012 жылдың қараша айында АҚШ университетінің өкілдері Шәкәрім атындағы СМУ-ға келіп, орталықтың жай-жапсарын талқылаған болатын. Ал, 2013 жылдың сәуірінде Солтүстік Дакота университетінде екі университет өзара қарым-қатынастар туралы меморандумға қол қойылды.

Солтүстік Дакота штаты АҚШ-тағы алдыңғы қатардағы аграрлық орталық болып есептеледі. Америкалық шаруа қожалықтары иелерінің тәжірибелерімен бөлісуі жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер береді, ал ол Қазақстанның аграрлық секторының жаңғыртылуына игі әсер етпек.


//Егемен Қазақстан.- 2013.- 24 мамыр.-6 б.

Гульнар Балакаева, директор Республиканского института повышения квалификации руководящих и научно-педагогических работников системы образования РК
Учеба педагогов – на благо народа

Новая система повышения квалификации учителей и преподавателей вносит значительный вклад в формирование интеллектуального капитала нашей страны.

Профессиональная «платформа», аккумулирующая и распространяющая опыт совершенствования педагогических кадров, – так можно кратко охарактеризовать наш институт, который находится на переднем крае реализации Государственной программы развития образования на 2011–2020 годы.Повышение квалификации педагогов осуществляется по нескольким направлениям. Для учителей проводится обучение по совместной программе Кембриджского университета с АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы». Впервые на системной основе реализуется программа для преподавателей педагогических специальностей вузов. А также ведется обучение по проекту e-learning для школьных учителей и системных администраторов.

Развитие инновационных технологий – один из приоритетов деятельности Республиканского института: начата разработка собственной онлайн-системы дистанционного обучения (СДО). В ее основе лежат принципы доступности образования в соответствии с мировыми методологиями N-Learning и U-Learning. СДО будет полностью поддерживать мобильные устройства нового поколения. Разработаны модули дистрибуции цифрового учебного контента и система тестирования знаний, связанные по принципам Smart Learning.

Преобладание интерактивного компонента в структуре образовательного процесса РИПК СО позволяет повысить эффективность обучения слушателей.

Отдельно стоит остановиться на проблемах технического и профессионального образования. Как известно, казахстанский рынок труда в первую очередь нуждается в рабочих кадрах. В связи с этим наш институт совместно с ведущими колледжами Алматы начал разработку учебных программ, содействует в организации стажировок, производственной практики обучаемых. Более того, поскольку дуальное обучение строится на основе профессиональных стандартов, то в наши планы входит их разработка совместно с работодателями и организациями системы технического и профессионального образования (ТиПО) по отдельным специальностям. Для этого создана рабочая группа, утвержден план работ на текущий год, заключены меморандумы с колледжами, налаживается международное сотрудничество с ведущими зарубежными организациями профессионального и технического образования. РИПК СО активно взаимодействует с ведущими зарубежными университетами и международными организациями. Залог успешного развития любой идеи – грамотно разработанная стратегия ее продвижения. Такой стала новая программа повышения квалификации преподавателей педагогических специальностей вузов, инициированная МОН РК в 2012 году. Важным ее направлением можно уверенно назвать повышение квалификации слушателей на базе зарубежных университетов.

Реализовано обучение в Великобритании (Newcastle University), Японии (Tsukuba University) и Германии (International Academy of Management and Technology). 55 слушателей из 12 вузов получили уникальную возможность «погрузиться» в академическую среду зарубежных университетов, повысить квалификацию, увидеть новые грани своего профессионального роста и усилить мотивацию для самосовершенствования.

Кратко охарактеризую примеры из британской, японской и германской систем образования, каждая из которых имеет свою специфику.Обучающая программа в Великобритании Enhancing Learning and Teaching in Higher Education (ELTHE) выстраивалась в несколько этапов. Вначале – предварительный отбор посредством Skype-сессий (с каждым участником было проведено интервью, каждому было предложено выразить свои профессиональные интересы и ожидания). Затем – предварительное обучение слушателей на базе РИПК СО модераторами, ознакомление со структурой программы, тренинги на платформе BlackBoard, дистанционные занятия. Наконец, обучение на базе университета Ньюкасла.



Слушатели подчеркивают, что две недели онлайн-обучения РИПК СО дали им возможность полностью освоить модули программы, изучить материалы и выстроить свою образовательную траекторию. Затем в зарубежном университете слушатели принимали участие в различных сессиях: профессиональное развитие личности и план действий, развитие профессиональных навыков педагога, обучение студентов, эмоциональный интеллект, принципы и практика преподавания в малых группах, использование критического мышления, оценивание результатов, онлайн-обучение, подготовка лекционного материала и интерактивных лекций, навыки академического письма. Единогласно и высоко оценили участники программы ее высокую практическую значимость. Им были продемонстрированы различные техники ведения занятий (Problem-Solving, Application, Question-Asking и другие).Все слушатели отметили возможность пользования всеми ресурсами одной из крупнейших и знаменитых библиотек академической Англии – библиотеки Робинсона, а также сессию, посвященную навыкам академического письма, что весьма актуально для профессионального развития преподавателя.

Обучение казахстанских преподавателей в Германии осуществлялось при сотрудничестве с Международной академией управления и технологий INTAMT e.V. как образовательного учреждения повышения квалификации. В стажировке приняли участие 17 преподавателей из десяти вузов Казахстана. Программа дала возможность посетить ведущие вузы и организации образования Германии: Методический центр развития высшего образования, Вестфальский университет прикладных наук, Центр трансферта технологий Рурского университета Бохума (RUBITEC) и другие. Стажировка позволила ознакомиться с организацией учебного процесса, техническим оснащением, лабораториями, методиками и технологиями обучения. В Германии особое внимание уделяется проектному и практико-ориентированному обучению, внедрению инновационных методов в образовательный процесс, программно-инструментальным средствам систем дистанционного обучения, креативным методам в работе преподавателя. В Японии курсы по повышению квалификации преподавателей казахстанских вузов прошли на базе Университета Цукубы. Они ознакомились с научными проектами и достижениями этой страны в области истории, социологии, регионоведения, антропологии, лингвистики и педагогики. Особенно важным мероприятием для преподавателей педагогических специальностей стали стажировки в младшей и средней школах Мейкель и Кукизаки, во время которых группа ознакомилась с особенностями школьного образования в Японии и непосредственно с учениками. Слушатели курса приняли непосредственное участие в проведении урока для учеников 9-го класса старшей школы. Также казахстанские преподаватели посетили Национальный институт по исследованиям образовательной политики при Министерстве образования и науки Японии, космический центр JAXA и Центр робототехники Цукубы, своими глазами увидев связь «наука – образование – инновации». Безусловно, знаковым мероприятием стала организация «круглого стола» с участием студентов Университета Цукубы из стран Средней Азии, во время которого преподаватели обсудили особенности систем образования постсоветских стран и Японии.В период пребывания в Великобритании, Германии и Японии казахстанские преподаватели согласно требованиям программы РИПК СО разрабатывали новые фрагменты своих учебных дисциплин. Результатом стал выпуск ежеквартального периодического издания «Каталог портфолио».По рекомендации РИПК СО преподаватели в стенах родных университетов организуют мастер-классы по распространению полученного опыта и знаний. Так, в Костанайском государственном педагогическом институте был организован семинар по полиязычию. Преподаватели, принимавшие участие в обучении в Великобритании, выступили с темой «Инновационные методы в системе полиязычного образования». В Павлодарском государственном педагогическом институте состоялся семинар «Дуальное образование: опыт, возможности и перспективы», в котором участвовали руководители образовательных организаций, преподаватели вуза, студенты. По итогам работы в Германии, к примеру, в Казахском государственном женском педагогическом университете планируют открыть летние школы – английского языка, компьютерных знаний и другие.Подводя итог, можно с уверенностью сказать, что новая система повышения квалификации, реализуемая по инициативе и всемерной поддержке Министерства образования и науки, очень своевременна и актуальна. Проведение столь важных реформ, затрагивающих важнейшие направления образовательной политики, вносит решающий вклад в прогрессивное развитие нашего государства.

//Казахстанская правда.- 2013.- 24 мая.- С.12

Ирина ИГНАТОВА

Анализ мирового опыта послужит стране
Вышла в свет монография известного ученого-компаративиста Аскарбека Кусаинова «Качество образования в мире и в Казахстане».

Автор представил свою книгу в стенах Академии педагогических наук Казахстана, и это событие вызвало большой интерес в среде ученых, работников образования, докторантов и магистрантов алматинских вузов. Выступившая на презентации профессор Ляйля Мажитова рассказала, что в монографии на основе анализа итогов международных исследований по оценке качества образования PISA, TIMSS, PIRLS за последние 10 лет выявлены не только страны, учащихся которых отличают стабильно высокие показатели в учебе, но и факторы, обеспечивающие их успешность.

Кроме того, проанализированы результаты изучения сотрудниками компаний McKinsey & Company систем школьного образования 25 стран для выявления различия в качестве и динамике развития, а также 20 стран, которые, несмотря на самые разные стартовые позиции, сумели достичь значительных успехов.

На основе проделанной ученым огромной исследовательской работы проведена оценка состояния отечественной образовательной системы и сделаны важные выводы о путях совершенствования качества образования в нашей стране.

Предисловия к книге написали академики Национальной академии наук Копжасар Нарибаев и Едил Ергожин, Герой Труда Казахстана, директор гимназии им. И. Алтынсарина Аягуль Миразова, доктор педагогических наук, профессор Ляйля Мажитова.

Аскарбек Кусаинов – основоположник сравнительной педагогики в нашей стране, доктор педагогических наук, профессор, лауреат Государственной премии РК, иностранный член Российской академии образования, член Исполнительного комитета Всемирного общества по сравнительному образованию. Ученые, пришедшие поздравить коллегу, выразили надежду, что монография послужит стране в таком архиважном деле, как улучшение качества образования.

//Казахстанская правда.- 2013.- 24 мая.- С.12

Сейсен Әмірбекұлы
Сыйлық ғылымға серпін бере ме?
Апта ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі алқалы отырыс өткізгені белгілі. Осы отырыс барысында Елбасы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты тағайындайтындығын мәлімдеді. Ол жыл сайын серпінді ғылыми-зерттеулер жүргізген, инновациялары ендірілген ғалымдарға 7 аталым бойынша берілмек. Мемлекет басшысы алғашқы кезде Мемлекеттік сыйлықтың мөлшері 100 мың доллар болатындығын, ары қарай оның көлемі артатынын жеткізді. Мүмкін, болашақта ол тек сыйақысының көлемі бойынша ғана емес, сондай-ақ маңызы мен мәртебесі бойынша Нобель сыйлығы секілді халықаралық белді марапаттармен теңесуі де мүмкін. Бұл өз алдына жеке әңгіме. Ең бастысы, әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың тағайындалуы Қазақстан ғылымы саласына айтарлықтай серпін, жаңа тыныс беретіні сөзсіз.

Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ, академик:

– Елбасы дер кезінде бастама көтеріп отыр. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, міндетті түрде ғылым саласы мықты болуы керек. Ал ол үшін ынталандыру керек-ақ. 2000 жылы «әл Фараби мұрасы және Әлемдік мәдениет» деген халықаралық конгресс өткен еді. Сол конгресте жиналғандар бірауыздан халықаралық әл-Фараби сыйлығын тағайындау жөнінде шешім қабылдаған. Өкінішке қарай, артынан ұмыт қалды. Бәлкім қаржы табылмаған болар. Енді осы мәселені Елбасы көтеріп, өзі пәрмен беріп жатыр. Жақсылықтың нышаны. Артындағы сыйақысы да қомақты. 100 мың доллар аз ақша емес. Бұл ғылымға үлкен серпін берері хақ. Қолдау керек. Тек әл-Фараби атындағы сыйлық бір мемлекеттің деңгейінде емес, халықаралық шеңберде болса құба-құп.



Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

– Әл-Фараби «екінші Аристотель» деген ат алған, Шығыстың жарық жұлдызы, ғұламасы, ғажайып ғалымы. Оның атында Мемлекеттік сыйлық белгіленіп жатуы, бабамызды құрмет тұтуымыз. Әл-Фараби ғылым саласында талай жаңалық ашқан данышпан ғой. Жалпы, Елбасы соңғы кезде ғылымға көп көңіл бастады. «Білім» деген телеарна ашылды. Осы салаға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөліне бастады. Міне, алдағы уақытта сыйлық тағайындалатыны белгілі болды. Мұның бәрі еліміздің қарыштап дамуына жасалып жатқан оң қадам. Өйткені ғылымы ілгері дамымаған ел ұзаққа бармайтыны анық. Ақиқатын айтар болсақ, бізде ғылым саласында жүрген кейбір топтар жалған ғылыммен айнылысып келді. Бұдан 40-50 жыл бұрын ғылым саласында ашылған жаңалықтардың өңін айналдырып, қайта-қайта ұсынып, грант жеңіп алып, сонымен тоқталды. Жаңа заманға, бүгінгі күнге үн қосатын ғылыммен айналыспады. Бұл да мемлекеттің дамуына айтарлықтай бөгет. Осының бәрін ескерген Елбасы жаңа ұсыныс, тың бастамамен шығып отыр. Мұны тек қолдау керек. Бұл бетбұрыс қазақ ғылымында түпкілікті өзгеріс жасайтыны анық.


//Айқын.-2013.-25 мамыр.- 2 б.


Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық

университетінің ректоры, профессор грарлық сала алға бассын десек


Аграрлық сала алға бассын десек
Жақында Астанадағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Қазақ­стандағы агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық дамуының жаңа жүйелерін қалыптастыру міндеттеріне бағытталған «Инно­вация – АӨК-тің жаңа даму кезеңіне жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Осы білім ордасының негізін қалаған экономика ғылымдарының докторы, профессор М.Гендель­манның 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шарада мерейтой иесі мен оның атқарған қызметі еске алынып қана қоймай, бүгінгі білім-ғы­лым саласының проблемалық түйіндерін қалай тарқатамыз деген тақырыпта келелі ой өрбіді. Иә, тың игеру кезінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарына мамандар дайындау мақсатында құрылған бұл білім ордасының іргетасын қалаған кездегідей білім мен ғылымды және өндірісті бір біріне кіріктіру, осы жүйені заман талабына сай дамыту, жетілдіру мәселелері қазір де өткір тұр. Бұл мәселені шешпей Қазақстанның аграрлық саласы заман талабына сай дами алмайтындығы анық.

Қазір елімізде «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданды. Ғылымды қолдаудың тетіктері жетілдіріліп, ғылыми ізденістерді бюджеттік қаржыландыру біраз көбейді. Мысалы, тек біздің университеттің өзінде былтыр ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үш есеге артты. Мұнан басқа Білім және ғылым министрлігі тарапынан инновациялық үлгідегі мүлдем жаңа жоғары оқу орнын қалыптастыру мақсатында жүйелі шаралар атқарылып жатыр. Осы тұрғыда білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына ерекше көңіл бөлініп, көп тілді білім беру тәжірибеге кеңінен енгізіліп, оқу үрдісіне шетелдік профессорларды тарту белсенді жүргізіле бастады. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қолдау Қазақстандағы жоғары білім жүйесін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Жаңадан құрылып жатқан өндіріс орындарында қазірдің өзінде инновациялар мен озық технологияларға деген сұраныс зор. Шетелдерден әкелініп жатқан құрал-жабдықтар мен техникалар сияқты көптеген ғылыми зерттеулерді оп-оңай сатып әкеле алмаймыз. Осы мәселені түсінуіміз керек.

Аграрлық ғылымның өнімін мысалға алайық. Атап айтатын болсақ, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сұрыптары, мал тұқымдары, агротехнологиялар белгілі бір топырақтық-климаттық аймақтарға бейімделіп шығарылады. Ал, басқа ортада селекциялық әзірлемелер көзделген нәтиже бермейді және уақыт өте келе керісінше тоза бастайды. Бұл жай теория емес, көп жылдық тәжірибемен дәлелденген ақиқат. Сондықтан, басқа елдерден ғылыми зерттеулер әкелетін болсақ, онда оны ең алдымен өзіміздің елдің жағдайларына бейімдеуіміз керек. Бұл селекциялық жұмыстар мен үлкен ғылыми ізденістерді қажет етеді.

Біз аграрлық ғылымның даму көшінен қаншалықты кейін қалып отырғанын түсіну үшін өсімдік шаруашылығындағы селекцияның даму деңгейімен қарастырып көрейік. АҚШ пен Канадада өндірісте пайдаланылатын ауылшаруашылық дақылдарының сұрыптары әр екі-үш жылда жаңартылып, тұқымның сапасы үнемі жақсартылып отырады. Ал осы сұрыптар әр экологиялық аймақтың ерекшеліктері ескерілген мақсатты селекция арқылы жеделдетілген биотехнологиялық әдістермен жасалады. Осылай, америкалық және канадалық бидайдың бәсекеге қабілеттілігі ғылым дамуының деңгейімен алдын ала айқын басымдыққа ие болып отырады.

Бізде дақыл сұрыптарының көбі өндірісте 10-20 жыл, тіпті кейбір түрлері 50 жылдан астам қолданылады. Одан басқа, көптеген жаңа сұрыптар қазіргі заманғы биотехнология әдістерінсіз, классикалық жолмен, «соқыр тәуекелмен» жасалынады. Бұл оның сапасына кері әсерін тигізіп қана қоймай, оны жасап шығару мерзімін екі-үш есеге ұзартып жібереді. Соның салдарынан өнімділік жағынан ұтылған ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер де шығынға батады. Қазірдің өзінде біздің климатқа бейімделген құрғақшылыққа төзімді зәйтүн, ірі бұршақты, жармалық және малазықтық дақылдардың түрлері мүлдем жетіспейді. Аталған жағдай егін шаруашылығының өзекті мәселелерінің бірі – егіс алқабының құрылымын әртараптандыруға кедергі келтіріп отыр. Мұндай мысалдар ауылшаруашылық кешенін ғылыммен қамтудың барлық бағыттарында кездеседі. Бұл ғалымдардың кінәсі емес, олардың қайғысы болып отыр. Осының барлығы ғылымның кезінде, әсіресе, өтпелі кезеңде толыққанды қаржыландырылмауы салдарынан туындаған олқылықтар. Енді мұндай жағдайда не істеуге болады, бұл мәселелерді қалай шеше аламыз?

Біріншіден, өзгерісті аграрлық саладағы ең басты күрделі мәселе – мамандар даярлау мәселесінен бастауымыз керек. Мұндағы қалыптасып отырған келеңсіз жағдайдың басты бір себебі, қазір айтылып жүргендегідей, аграрлық ғылымды ұйымдастыру мен басқару жүйесінің жетілдірілмеуіне ғана қатысты емес. Мұн­дағы ең басты олқылық бізде аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында дұрыс және жүйелі байланыстардың қалыптаспауынан туындап отыр. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары негізінен тек ғылыми жұмыспен айналысса, ал жоғары оқу орындарының ғалымдары көбіне-көп оқытушылық қызметпен айналысады. Әрқайсысы өз алдына жұмыс істейді. Ал бұл дағды сонау кеңестік дәуірден қалыптасып қалған.

Дамыған елдердің тәжірибесінен байқайтынымыз, оларда білім мен ғылым ажырамас біртұтас жүйе. Мұнымен қоса, ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік-эксперименталдық кәсіпорындар университеттердің міндетті құрылымдық элементтері болып табылады. Бұл сапалы мамандар даярлауға, ғылым мен инновациялық жүйенің тиімді де тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызады. Мәселен, АҚШ, Канада мен Англияда ғылыми жұмыстардың бәрі университеттерде шоғырланған және әрбір ғалым оқу ісіне тартылады. Сонымен қоса, студенттер мен магистранттар тәжірибе мен ғылыми білімді ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми зертханаларының базаларында алады.

Бүгінгі аграрлық ғылым мен білімдегі шынайы жағдай қандай? Қазір аграрлық ғылыми-зерттеу институттарында 175 доктор және 484 ғылым кандидаты, ал үш аграрлық жоғары оқу орнында 216 доктор және 693 ғылым кандидаты бар. Сонымен қоса, аграрлық ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылым доктор­ларының орташа жасы – 61 жасты, ал жоғары оқу орындарында 54 жасты құрайды. Осыдан көрініп тұрғанындай, біз әлі де ғылыми күшті толық пайдалана алмай отырмыз. Аграрлық ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми мамандар мүлдем жетіспейді, ал жоғары оқу орындарының ғалымдары ғылымға жеткілікті деңгейде жұмылдырылмаған. Егер біз осы сарынмен әрі қарай кете беретін болсақ, жақын болашақта қолда бар мүмкіндіктердің бәрінен айырылып қаламыз.

Екі жыл бойы аграрлық ҒЗИ мен ЖОО-ның қатысуымен ірі аймақтық ғылыми-білім беру кешендерін ашу туралы еліміздің алдыңғы қатарлы ғалымдарының ұсыныстары шешімін таппай келеді. Бұл мәселе артық қаржыландыруды қажет етпейді және осы арқылы мамандарды даярлау мен ғылым дамуында айтарлықтай жетістіктерге жете аламыз.

Осыған орай, аграрлық ғылым мен білімнің байланысын арттыру қажеттілігін ескере отыра және осы мәселелерді шешу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығын, иә болмаса Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекциясы ғылыми-зерттеу институтын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қосу арқылы осы мәселені іске асыруға мүмкіндік беру туралы ұсыныс жасалды. Мен бұл ұсынылған жүйенің тиімділігіне сенімдімін және біз оны дәлелдейміз.

Елбасы елордада білім мен ғылымды және инновацияны ортақ кластерге жиған Назарбаев Университетін құру арқылы елімізді ғылыммен қамтамасыз етудің жүйесін қалай құру керектігін көрсетті. Біз АӨК-те ғылыми-білім кешендерін құру арқылы осы тәжірибені қайталауымыз қажет.

Екіншіден, біз аграрлық ғылымды өз күшімізбен дамыған елдердің әлемдік деңгейіне енді шығара алмайтынымызды мойындауымыз қажет. Осындай жағдайды кезінде басқа да елдер өткерген. Өткен ғасырдың 40-50 жылдарындағы Мексикадағы бұдан да нашар жағдай анық мысал бола алады. Елде аграрлық ғылым тіпті болмай, импорттық өнімдерге толық тәуелді болған. Соңында бұл мәселені шешуге үлкен қаражат бөлініп, елдің ғалымдарының біріктірілуіне және шетелден ең үздік ғалымдар тартуға жұмсалған. Мексикада, кейін Нобель сыйлығының лауреаты атанған, әлемге әйгілі ғалым, доктор Н.Барлауганың жетекшілігімен ғылыми-білім орталықтары ұйымдастырылып, ол жерге үздік ғалымдар шақырылып, олардың жемісті жұмыс жасауларына барлық жағдай жасалған. Соңында олар ғылымды жаңа деңгейге көтерді. Бір жағынан өндіріске қажетті ғылыми әзірлемелер пайда болса, екінші жағынан отандық ғылыми мектеп қалыптастырылды.

Осындай ғылыми орталықтарды салу арқылы халықаралық ғылым кеңістігіне кіріп, жаңа технологиялар мен инновациялардан хабардар болар едік.

Үшіншіден, отандық әзірлемелерді рынокқа шығарып, АӨК жұмысына шетелдік үздік технологияларды трансферттеу жүйесін жетілдіруіміз қажет. Бұл мәселені трансферт және коммерциялау орталықтарын құру арқылы шеше алмаймыз. Тәжірибе көрсеткендей, өткен 3 жылдың ішінде аталмыш орталықтар аграрлық өнеркәсіптің шаруашылығына ешқандай нақты өзгерістер әкелген жоқ. Осыған орай, бізге мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін қолданып және жеке инвестиция мен шетелдік инвестицияларды тарта отырып, бизнес-инкубаторлар, ғылыми-технологиялық парктер, венчурлік қорлар ретінде АӨК-тегі инновациялық инфрақұрылымдар элементтерінің толық жүйесін құруымыз қажет. Міне, осы жерде бізге бірігіп жұмыс жасап, жоғары оқу орындары мамандармен қамтамасыздандыру көзі ретінде, ал ғылыми-зерттеу институттары ғылыми әзірлемелер көздері ретінде қызмет істеулері қажет. Тек осы жағдайда ғана біз отандық аграрлық ғылымды жаңа деңгейге көтеріп, Елбасының саланы инновациялық дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыра аламыз.

// Егемен Қазақстан .-2013.-31 мамыр.-3 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет