М.К.ЖАЙЛАУОВА, А.Ш. ЖАРЫЛҚАСЫНОВА - Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының ерекшеліктері
Оқушылардың карым-қатынас және мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу мәселелері қазіргі білім берудің, педагогика ғылымының, мәдениеттің көкейтесті мәселелерінің бірі.
Қарым-қатынас - бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үдеріс. Бастауыш мектеп жасы - қарым-қатынасқа үйрету, балалардың тілдік тәжірибесін дамыту үшін қолайлы кезең. Балаларда қарым-қатынас жасау білігі әлі де қалыптасу сатысында болады, коммуникациялар терең емес және практикалық қолданыспен бекітілмейді. Қазіргі қоғам жағдайында бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу көптеген қиындықтарға әкелуде. Жас ерекшелігіне байланысты кіші мектеп жасында қарым-қатынас тәжірибесі әлі жеткіліксіз және бастауыш сынып оқушылары мінез-құлық үлгісіне еруге көп мән береді. Ал ол әрдайым ұнамды бола бермейді. Бұдан бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрету бойынша мұғалімнің арнайы жұмысы қажет екендігін көруге болады.
Қарым-қатынастың жас ерекшелік сипаты бар. Жасы ұлғайған сайын қарым-қатынас жасау мәдениеті артады, өйткені оқушылар тұлғалық өзара әрекет үдерісінде тәжірибе жинақтайды. Қарым-қатынас негізінде жатқан коммуникативті біліктерді дамыту деңгейін анықтау мақсатында 1- сынып және 4-сынып оқушылары арасында диагностикалық зерттеу жүргізілді.
Оқушыларға мінез-құлықтың сан алуан формалары қарастырылған жағдаяттар ұсынылды. Нәтижелер мінез-құлық пен жауаптар мазмұнын сапалық талдау әдісімен анықталды.
«Сен мектепке досыңа көрсету үшін жинап жүрген күнтізбесі бар альбом әкелдің. Күптпеген жерден балалардың біреуі оны қолыңнан тартып алып, бермей қойды. Сен оған не айтасың?» деген сұраққа 1-сынып оқушылары «Маған альбомды қайтар» деп жауап берген. 3-сынып оқушылары «Альбомды берші, мен кейін саған көруге беремін», «Сенің альбомды көргің келетін шығар, сұрасаң, мен саған беремін» деген жауаптар берген. Бұл 3- сыныптың 6 окушысы берген ең ұнамды және дұрыс жауаптар. Қалған оқушылар этикалық ережелер шеңберінде қарым-қатынасты құру біліктерінің қалыптаспағандығын көрсететін жауаптар берген. 1-сынып оқушылары «тартып алуды», «мұғалімге шағым айтуды», «орнына тез қоюды», «қайтаруды өтіну, ал егер қайтармаса, ол жайлы мұғалімге айтуды» ұсынған.
Бастауыш сынып оқушыларының қарым- қатынасының ерекшеліктерін зерттеудің басқа әдісі ретінде бақылауды таңдап алдық. Сабақтар мен њзілістер кезінде қарым-қатынас барысындағы балалардың мінез-құлқына, тілдік құрылымдарды құру және тұлғааралық қарым-қатынас мазмұнына бақылау жүргіздік. Біз 1-сынып оқушыларының этикалық нормаларлы сақтамай-ақ қызығушылықтар негізінде қарым-қатынас жасайтынын байқадық.
Үшінші сынып оқушыларын тұлғааралық байланыстары тұрақты және неғұрлым сан алуан. Олардың қарым-қатынасының әлеуметтік сипаты бар. Ол тапсырмаларды орындауға, бірлескен әрекетке, іскерлік байланысқа негізделген. Дегенмен 3-сынып оқушыларының арасында қарым-қатынаста қиындықтар, сөйлемдердің дұрыс құрылмауы, паразит сөздер мен нормаланбаған лексиканы қолдану байқалды.
Алынған мәліметгерді талдау бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрету бойынша арнайы жұмыс қажет деген болжамды дәлелдеді. Біз бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрететін арнайы бағдарлама қажет деп есептейміз. Онда оқушылар тұлғааралық қарым-қатынастың қажетті деңгейін, коммуникативті мәдениет нормаларын меңгереді.
Коммуникативті мәдениетті, қарым-қатынас мәдениетін меңгеру балаға оңайға түспейді. Бастауыш сынып оқушысына жақсы болуға ұмтылу тән. Сондықтан мәдениетті қарым-қатынас ормалары мен ережелерін меңгеру үшін қолайлысы кезеңді жіберіп алмау қажет.
Тәрбие жұмысының жүйесінде бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрету бойынша арнайы сабақтар жоспарлаған жөн. Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында этикет бойынша арнайы сабақ-практикумдар жүргізу қажеттігі туындап отыр. Бұл сабақтарда оқушылар бірте-бірте қарым-қатынастың ұнамды және қолайлы нормаларында жаттыға алады, өз әрекетін аңдауды жүзеге асыра алады, ең бастысы - адамдар қарым-қатынасының маңызы мен кереметін сезіне алады.
Сабақ-практикумдардың құрылымы өзара логикалық байланысты төмендегі компоненттерден тұрады: диалогтық қарым-қатынас, жаттығу-тренингтер, адамгершілік нормалары мен ережелері тұрғысынан алғанда мінез-құлықтық әрекеттерді алдау, диагностика мен рефлексия, қарым-қатынасқа бағытталған этикалық ойындар.
Қарым-қатынастың түрлі жағдаяттарын ойнап көрсетуге айрықша мән берген жөн. Олар қажетті этикалық сөйлемдерді таңдау біліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Сабақтардың міндеті - этикалық жағдаяттарды талдау білігін дамыту, жіберілген тілдік қателерді ідеу, қарым-қатынас деңгейін, адамдардың эмоционалдық күйін түсіну деңгейін анықтау.
Тәрбиелілік - тұлғаның басқа адамдармен қатынасынан көрінетін кіріктірілген қасиеттері. Сабақтағы ең басты нәрсе - барлық ережелер тұлғаның адамгершілік сапаларының көрінуіне бағытталғанын түсіну.
Сауалнамалар мен тестілік тапсырмаларды пайдаланудың мақсаты - балаларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін тудыру.
Жас ерекшеліктері сабақтардың қызықты формада өткенін, ойын әрекеттерімен байытылғанын талап етеді. Композициялық жағынан ашық және сан алуан болған сайын сабақ тұлғаның эмоционалдық саласына үлкен ықпал жасайды, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік дамуы үшін тиімді болады. Сондықтан әрбір сабақта ойындар өткізу ұсынылады.
Коммуникативті мәдениетті дамыту бойынша сабақтар мазмұнының үлгі жоспары төмендегі кестеде келтірілген.
Кесте 1. Қарым-қатынасқа үйрету бойынша тәрбиелік сабақтар жоспары.
рр/с
|
Сябяктын тякырыбы
|
Тәрбиелік міндеттер
|
Сабақтың мазмұны
|
1
|
Сыпайылық
Ханшайымында конакта
|
Окушыларға сыпайылык ережелерін сактау қажеттілігін түсіндіру, белсенді түрде қолданылатын сыпайы сөз- дердін корын кеңейту
|
Сыпайылык туралы түсінік. Сыпайылык ережелері. Сыпайы сыпайы емес-дөрекі. Сыпапылык жайлы мақал-мәтелдер
|
2
|
Таңқаларлык сөз
«Сәлеметсіз бе?»
|
Белсенді түрде колданылатын этикалык сөздердің қорын кеңейту
|
Сәлемдесудің тарихынан Күннің әр кезенінде сәлемдесу формалары Сыпайы сәлемдесудін ережелері Сәлемдесудін стильдік ережелері Сәлемдесу кезіндегі сұрақтар мен жауаптар. Сәлемдесудін вербалды емес әдістері
|
|
Сені көргеніме куаныштымын
|
Түрлі сәлемдесу сөздерін колдану білігін бекіту, әңгімелесушінің қуанышы мен кайғысына көңіл бөлу
|
Түрлі адамдармен сәлемдесу формалары: туған-туысқандармен, мұғалімдермен, таныстармен, бейтаныс адамдармен. Сәлемдесу барысында әңгімелесушіде сыйластықтың көріну деңгейлері.
|
4
|
Өте кажетгі сөз «Рахмет»
|
Балаларды алғыс сезімін білдіретін сөздсрді колдануға және алғысқа сыпайы жауап беруге үйрету
|
«Рахмет» сөзінің шығу тегі. Сөздін мағыналык мәні Алғыс сөзін білдірудің формалары мен деңгейлері. Алғыс сезімін білдірудің вербалды және вербалды емес тәсілдері: дауыс. тон, мимпка
|
5
|
Жан сөз «кешіріңіз»
|
Балаларға кешірім сұраудың түрлі формаларын және оларға жауап беруді үнрету
|
Кешірім түрлерінің шығу тарихынан Кешірімнің себептері Кешірім сұрауға жауаптар. Кешірім сұрауды айтудың стильдік деңгейлері. Кешірім сұраудың вербалдык және вербалдық емес тәсілдері: тон, дауыс
|
6
|
Адамға катынас
|
Балаларды жағдаяттарға байланысты адамдарға катынастын түрлі формаларын колдана білуге үйрету.
|
Адамдарға сыпайы қатынас ережелері Бір-біріне. туыстарына, таныс және бейтаныстарына қатынастың формалары мен деңгейлері
|
7 '
|
Тілдік этикеттін «сикырлы құпнялары»
|
Окушыларды сыпайы сөздің тұлғалык мәнін түсінуге көмектесу
|
Сыпайы әнгіменің маңызы туралы. Сыпайы сөз және карым-катынас мәдениеті. Тілдік этикет «сиқыры»
|
8
|
Тілдік этикет
бойынша
көнілді
бакылау
жұмысы
|
Жыл бойы откізілген тәрбие жұмысының қорытындысын шығару; окушылардын сыпайы карым-катынас ереже- лерін меңгерудін деңгейін өзіндік бағалау үшін жағдай жасау
|
Тапсырмалар: қарым-қатынастың түрлі жағдаяттарындағы этикеттік кателерді табу. Қалып кеткен сынайы сөздерді кою. Сыпайылыққа берілген тест
|
Этикет бойынша сабақтар арқылы балалар олардың негізінде төзімділік, мейірімділік, қоршаған адамдарға көңіл аудару сияқты адамгершілік ұғымдар мен принциптер жатқан этикалық нормаларды меңгереді. Этикет сабақтары арқылы қалыптасатын бұл адамгершілік ұғымдар - тұлғаның ажырамас сапалары.
//Әлімсақ.-2013.-№4.- 24-25-б.
И баянист, и педагог
В Талдыкоргане завершился республиканский конкурс “Преподаватель XXI века”. В нем принимали участие 38 молодых педагогов по различным дисциплинам из высших учебных заведений страны. Был установлен и возрастной ценз – в конкурсе могли принять участие молодые преподаватели до 40 лет. Корреспондент “КТ” встретился с заведующим кафедрой вычислительной техники и информационных систем Кызылординского государственного университета имени Коркыта ата Куанышем Дауренбековым. В этом престижном конкурсе он занял 1-е место.
– Конкурс проходил в 3 тура, – напоминает молодой ученый. – На первом, предварительном этапе нужно было отослать конкурсной комиссии свои документы и научные работы. Это было обязательным условием и одним из главных критериев конкурсного отбора.
-
Что представили на конкурс вы?
-
Я отослал 2 научные работы. Тема первой звучит так : «Разработка адаптивной интернетсистемы для обучающихся в вузах в условиях кредитной технологии». Эта работа о дополнительных электронных обучающих системах для людей с ограничными возможностями. Вторая научная работа называется «Геоинформатика». Я являюсь участником международродного проекта "Темпус" по геоинформатике, руководит которым профессор Джозеф Стробелмен из Зальцбургского университета (Австрия).
В I туре участники конкурса сдавали тест на знание основ педагогики и психологии из 25 вопросов. Чтобы принять участие в следующем конкурсном этапе, нужно было пройти пороговый уровень, то есть ответить минимум на половину вопросов. II тур состоял из "самопрезентации". Здесь нужно было раскрыть себя как в творческом плане, так и в личностном. Рассказать о своей научной деятельности, инновационных методах работы, представить достижения, как свои, так и студентов, школьников. Презентовать научные работы. И кроме этого, рассказать о своих увлечениях и хобби.
-
ІІІ тур конкурса- стал решающим, самым главным, - продолжает Куаныш. - Нужно было провести открытый урок для студентов, обучающихся по соответствующим специальностям. Время проведения открытого урока - 15 минут. Необходимо было успеть за столь короткий срок объяснить студентам новую тему и провести опрос. Я провёл открытый урок по дисциплине "Операционные системы" для студентов III курса.
-
- Для Вас сложно было преодолеть все этапы на пути к первому месту?
-
Если я скажу, что все проходило очень легко, это будет неправдой,- признается собеседник – Волнение, конечно присутствовало.
-
Во первых, конкурс проходил не в стенах родного вуза. Он проходил на базе Жетысуского государственного университета имени Ильяса Джансугурова. Во-вторых, конкурс оценивало беспристрастное жюри. Это тоже немало значит, ведь нас оценивали ректоры ведущих вузов страны, представители МОН РК.
- Куаныш, а что повлияло на выбор вашей непростой профессии?
-
Я с детства был неравнодушен к технике, и, в частности, к электронно-вычислительным машинам, говоря современным языком, к компьютерам. Поэтому после окончания средней школы вопроса, кем быть, у меня не возникало. В 2000 году я поступил в Кызылординский государственный университет имени Коркыта ата по специальности "Инженер системотехник". После окончания вуза работал сначала программистом, затем начальником центра дистанционного обучения, старшим преподавателем, а сейчас заведую кафедрой. В 2008 году мне присуждена учёная степень кандидата технических наук.
-
Напоследок расскажите о семье, своих увлечениях.
-Мне 31 год. Я женат. Супруга Айжан – тоже педагог, работает учительницей в Кызылординской средней школе №140. У нас растут 2 дочки – Инкар и Айару. Увлекаюсь игрой на баяне.
//Класс Тайм.- 2013.- 15 мая.- С.3
Меруерт Өмірзақова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушысы
Адамады адам еткен – еңбек
Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешқашан күмән тудырмайтын тұжырым. Санасынын үздіксіз дамуы аркасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие бодцы. Нәтижесінде адам табиғатгың жаратылысы бола отырып, онын билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Казіргі заманғы адам табиғатган тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғатты өзгерте алатындай дәрежеге жетгі. Сондай күш-қуат адамда қайдан және қалай пайда болды деген сұраққа бір ғана жауап бар, ол - кұдіретті еңбек.
Адамзат тарихындағы ұлы жеңістердің барлығы да еселі еңбекпен басталады. Төгілген тер, күш- қайраттың арқасында күні кеше ғана тәуелсіздікке ие болған халқымыз бүгін әлем таныған елге айналып отыр.
Карл Маркстен бері келе жатқан «Адамды адам еткен еңбек» деген қағида бар. Ендеше, тәуелсіз еліміздіә әрбір азаматы өзінің және мемлекеттін алға басуы үшін еселі еңбекпен үлес қосуы керек. Бұл — бүгінгі заман талабы.
Баршамызға белгілі, Елбасы 2012 жылдың 10 шілдесінде «Казақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етгі. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді.
Елбасымыздың айтуы бойынша, әлемдегі алпауыт мемлекеттердің дағдарыстың алғашқы толқынына төтеп бере алмауы халықгың мемлекетке масылдығынан туындап отыр. Үндеуінде халықгы мемлекеттен берілетін жәрдемақы мен әлеу- меттік көмектерге арқа сөйемей еңбек етуге шақырады. Расындада, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдін қажеті жоқ, айқын қағида.
XXI ғасыр жаһандық бәсекелестік кезеңінде де адамның адал еңбегі кез келген мемлекетгің қоғамдық және экономикалық дамуының шешуші ұлтгақ факторына айналып, маңызды әлеуметтік капиталы болып қала бермек. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықгы азаматы бола алады. Шын мәнінде де, адал еңбекті биік құндылық деп қабылдамаған жерде, адал еңбек пен сый- құрметке бөленбеген елде іскерлік пен таза бәсекелестікке тірек болатын еңбек мәдениеті қалыптаспайды.
Демек, еліміз бақуатгы, халқымыз еңбекқор болсын десек, еңбек адамына деген құрметті барынша арттару арқылы адал, таза маңдай термен келген еңбекпен байлыкқа кенелуге болады деген сенімді қоғамда қалыптастыруымыз кажет. Еңбек озаттарын насихаттап, баспасөзге жазу, мемлекет және қоғам тарапынан лайықгы бағасын беріп, марапаттап отыру — өркениетті елдердін озык дәстњрі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде мұның маңызы өте зор! Жасөспірімдерге бағыт-бағдар беріп, коғамдық пайдалы еңбекке баулу, салауатгы өмір сүруге тәрбиелеу — бүгінгі күн талабы. Жастарды бойларын жат әдетген сақтандыруға (ішімдік ішпеуге, темекі тартпауға, т.б.) қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор деп білемін.
Бір сөзбен айтканда, еңбек етіп, өзіңді, отбасыңды асырау — өз қолыңда. Тек адал еңбек қана адамды бақытқа бөлейді. Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі. Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге куаныш, бақыт әкеледі. Туып-өскен жеріміздің, еліміздің гүлденуіне қызмет ету — перзенттік парыз. Олай болса, «еңбек пен бақыт—егіз» екенін естен шығармайық!
//Халық.- 2013.- 16 мамыр.- 14 б.
М.ОТАРҰЛЫ.
ҒЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ҒҰМЫР
Кеше Студенттер сарайында философия ғылымының кандидаты, профессор, Әлеуметтік ғылымдар академиясының, Педагогикалық білім беру халықаралық академиясының академигі Мұстафа Матайұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Ұстаздық еткен жалықпас» атты деректі фильмі мен екі томдық «Ұстаздық тұғыры» өмірдеректік, ой-толғамдық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға келген жұртшылық алдымен ұстаздың өмір жолы мен оның замандастары және әріптестерінің құнды пікірлері қамтылған фильмді тамашалады. Мұнан соң дөңгелек үстел басына жиналып, фильм туралы ойларын ортаға салып, ел ағасына деген өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
– Бүгін біз университет өміріндегі есте қалар сәттердің бірі – әріптес ағамыз, профессор Мұстафа Матайұлының «Ұстаздық тұғыры» өмірдеректік, ой-толғамдық кітабының тұсаукесер рәсімінің куәсі болып отырмыз. Бұл шығарма біздің әрқайсымыз үшін берері көп, аса құнды дүние болады деп есептеймін. Өйткені, аталмыш туындыны тек ұстаздық тұғырға ғана емес, адамшылық тұғырға көтерілер жолды сілтейтін тағылымы мол дүние деп білемін. Сондықтан ағамызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына бақ-береке тілеймін,-деді Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ректоры Қылышбай Бисенов.
Еңбек жолын Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болып бастаған М.Матайұлы өзінің саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнаған. Ғалымның жаңа туындыдан өзге әріптесі Қ.Тілеуовпен бірге «Достарым менің достарым» кітабы және «Көзімнің нұры», «Ойлап тұрсам дүние...» атты философиялық хикаяттары туралы еңбектері жарық көріп, оқырмандарының лайықты бағасын алған.
Бүгінде Мұстафа Матаевтың ғылыми-педагогикалық еңбектері ескеріліп, ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбектегі үздік табыстары үшін», Ы.Алтынсарин атындағы және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», сондай-ақ, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Ғалымға 2009 жылы «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл ұстаздың өлшеусіз еңбегінің жемісі.
Шара барысында мерейтойға қатысушылар ұстаздың осы табыстары мен сүйікті кітаптары және әріптестері, достары, замандастарының сыр шерткен мақалалары қойылған «Ұстаздығын үлгі еткен ұлық тұлға» атты көрмесін тамашалады.
//Сыр бойы.-2013.-16 мамыр.- 2 б.
Бауыржан Елеусінов, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының директоры.
Білімі – терең, ақылы – дария
Алаштың анасы болған сұлу Сырдың топырағында сан мыңдаған сүлейлер, топ бастаған шешендер, шынжыр балақ, шұбар төс батырлармен қоса қаламынан даналық төгілген ғалымдар көптеп шыққан. Шайырлар туған шат мекеннің топырағы киелі ме, әлде Алланың жазуы солай ма, әйтеуір, Қазалыдай құтты ордадан шыққандардың арасында ел танымайтыны ілуде біреу шығар... Бәлкім бұл сөзіміз біреуге асылық болар. Дегенмен, Мұстафа Матайұлы жоғарыдағы сөзіміздің анық дәлелі іспетті. Қызыл империяның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған кезде, нақтырақ айтқанда, 1933 жылы дүние есігін ашқан шақалақтың есімін Пайғамбардай ізетті болсын деп Мұстафа деп қойған Матай ақсақал өзі жасай алмаған игі істерді осы бір қарадомалақ жасайтынына нық сенгендей.
Балалық шағы соғыстың қанды қырғынымен тұспа-тұс келген бала Мұстафа жастайынан алғыр әрі зерек болып ер жетеді. Бұғанасы қатып, буыны бекімесе де еңбекке ерте араласуға өмірдің өзі мәжбүрлейді. Сол кездегі қиын жағдайды «Ойлап тұрсам, дүние...» деген ғұмырнамалық кітабында шебер суреттейді. Енді сол кітаптан кішкене үзінді келтірейін: «...Соғыстың соңғы жылдары, байлығы асып-төгіліп жатқан ешкім жоқ. Ежелден әкеден, қалмаса атадан бері өңі оңып, түгі қырылып, жиегі шашақталған кілем рабайда біреуде болады. Соның өзін ауыл қазақтары: – Апырай-ә, Хиуаның қалың кілемі дегені осы ма? – деп алақанымен қайта-қайта сипап отырады. Ондай кілем біздің тұқым-заузатымызға бітпеген. Арқырап, ауылсовет атанып жүргенде Алдаш ағамның жерге төсейтін жалғыз алашасы бар. Соның үстіне құрақ көрпешені тастай салып, жағалай отыра қаламыз. Әкем де, апам да, жеңешем де жайғаса кетеді... «Ауылсоветтің үйі» деген атымыз ғана, әйтпесе қант қасқалдақтың қанындай. Бүгінгінің бор шекері емес, көк мұздай, қатырған тастай. Әкем тістеуігімен қантты жарып отырғанда, алдымызға түскен қиқымын жем терген тауықтай шұқып алып, ауызға атып жіберіп отырамыз...» .
Осы төрт сөйлемнен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы алмағайып заманның аумалы-төкпелі тұрмысын көру қиын емес. Автордың аталмыш жолдарда жүрегінің сандығын айқара ашқаны көзіқарақты оқырманға айтпаса да түсінікті. Қазалы стансасындағы Орынбор темір жолына қарайтын №67 қазақ орта мектебінде білім нәрімен сусындаған Мұстафа ағамыз 1950 жылғы бітіруші түлектер арасындағы жалғыз алтын медаль иегері. Жастайынан тамырын түркіден таратып, санасын сақпен сөйлетіп, ғұмырын ғұннан өргізген арманшыл ауыл баласы ағартушылықты мақсат тұтып, сол уақыттағы дала қазағының қолы жете бермейтін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетіне оқуға қабылданады.
Қол жетпес арман қол бұлғап алдан шығатынына сенімін жоғалтпаған Мұстафа даналардың дара жолын дала данышпандарымен салыстыра жүріп, өзіндік ой түйіп, өмірлік пікір қалыптастырады. Барына базар, жоғына жәрмеңке жасайтын, болмысы болат қазақ баласының ұясында көргені де қайтпас қайсарлық еді. Сөз орайы келгенде тілге тиек еткеніміз дұрыс болар. Үш қария әңгімелесіп отырып кім күшті деген сауалдың төңірегінде дауласып қалыпты. Алғашқы екеуі «бізден баламыз күшті» деп жауап беріпті. Ал соңғысы болса «мен әлі де күштімін» деген екен. Сонда әлгі екеуі оның қуаты кеміп, қауқарының қайтқанын есіне салыпты. Бұл пікірмен келіспеген қушиған шал отын шауып жатқан еңгезердей баласының иығына сүйеніп тұрып: «Балам, сен күштісің бе, әлде мен күштімін бе?» деген екен. Баласы ойланбастан өзінің күштілігін алға тартыпты. Екінші рет сұраған әкесінің сөзіне баласы тағы да сол жауапты ойланбай қайтара салыпты. Сонда әлгі ақсақал баласына кейіген кейіппен заттарын жинап, жолға шыққалы жатқанда, баласы тізесінен құшақтай алып: «Әке, мұның не, мені жалғыз тастап қайда барасың?» деген екен. Ал әкесі болса: «Мен өзімді әлсіз сезінетін жерде өмір сүре алмаймын» деп жауап беріпті. Мән-жайды ұғынған баласы әкесіне: «Әке, сен менен екі рет кім күшті деп сұрағаныңда сенің қолың менің иығымда болып еді. Сол себепті мен өзімді әлемдегі ең күшті адам сезіндім. Ал сен менен жырақтамақ болған шақта өзімнің мүлде дәрменсіздігімді байқадым» деген екен.Мұстафа ағамыздың да ғылым жолында тынбай еңбектенуінің негізгі құпиясы Матай ақсақалдың берген тәрбиесінде жатыр. Рабайдағыны жаза баспай танитын нар қазақтың бірі – Матай ақсақал шығар бәлкім. Ғылымға бой ұсынған тұлғаға көкірек көкжиегін кеңейту қай кезде де оңай болған емес. Ғылым мен білімнің сан сүрлеуінен сүрінбей өткен қазақ халқының оқуға құштар баласына Мұстафа Матайұлының инемен қазған құдығынан қаймықпай қауға салып, шөл қандыруға толық мүмкіндігі бар. Себебі 1955 жылғы дипломдық жұмысының өзінен ғылымда орныққан жүйесі, қалыптасқан қағидасы, айнымас бағыты бар тұлға ретінде танылған. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа табылмаған соң, кейбір ғалымсымақтар ойына келгенін ғылым деп, мансаптың жолында ар-ұятын мансұқ етіп кеткен кезде де жанын шүберекке түйіп, туралықты ту еткен жанның бірі осы Мұстафа ағамыз. Көрнекті ғалым болған соң жазған-сызғандарына пікір жаздыруға алдына келетін жастардың да қарасы өте көп. Көпшілігінің еңбегі "Бозарғанмен шикі емес, қызарғанмен піскен емес" болса да, барлығына байыппен қарап, салмақты пікір білдіріп, сауатты ойлауды адам санасына сіңіріп жібереді. Мұсағаңмен жарты сағат дидарласқан жанның жан-жүйесі бөлекше әсерге бөленері сөзсіз. Сергек көңілмен сенімді сөйлейтін бұл қасиет көпті көрген көсемі, шешіле сөйлейтін шешені мол Сыр топырағынан жұққан десек артық айтқандық емес.Мен тек байырғы бабалар сусындаған суаттың кәусәрімен бүгінгі білім беру жүйесінің өне бойын тұтас суаруға ниет білдіріп, сол үшін бар ғұмырын арнаған жан туралы ғана сөз етіп отырмын. Көк туы көк аспанның бөлшегіндей, сенімі өмірінің өлшеміндей болған айбатты алаш, байрақты қазақ баласының барлығына бірдей жылылық таратуға дайын тұратын, бағы мен бабы келіскен, күлік мінезді, ақсақалдықтың арлы жолына түскен Мұстафа ағам туралы өзімнің байқаған ерекшеліктерім ғана. Ал жұрттың бұл кісі туралы айтар ойы екібастан белгілі. Мәселен, әрбір қадамы, кез келген әрекеті ұлт пайдасына шешіліп, ұрпақ болашағына қызмет етсе деген ұстанымын шәкірттерінің бәрі біледі. Жанға жағымды мінезі мен көпке ұнамды қылығы көп, бейбіт заманның батырына айналған Мұстафа Матайұлы – көк бөрілі байрағын желбіреткен көк түріктің абыз ұрпағы атануға әбден лайықты азамат.Жапан даланы жалғыз жайлаған, бастар ісінің байыбына бойлаған қазақ халқының барлық жақсы қасиеттерін бойына жинаған азамат атаулының эталоны іспетті. Маған ұнайтын тағы бір қасиетін айта кетпесем азамат басыма сын болар. Аға жазу үстеліне бірден отырмайды. Он ойланып, тоқсан толғанып, әбден кемеліне келген, пісіп-жетілген ойды ғана қағазға түсіреді. Бұл сөзімізге «Көзімнің нұры», «Ойлап тұрсам, дүние...», «Ұстаздық тұғыры» кітаптары дәлел бола алады. Қандай пікір білдірсе де сөздің дәмін таңдайына татырып барып, содан кейін ғана байыппен сөйлеуді шебер меңгерген. Тіпті даусының өзінде шынайы ғалымға тән кірпияздық, тазалық, нәзіктік бар. Сосын көп ғалымсымақтарға дерт болып жабысқан көшірме дегеннен бойын аулақ ұстайтыны кейінгі шәкірттеріне өмірлік үлгі боларлықтай. Бұл қасиеттердің ар жағында ғалымның ғылымға деген құрметі, жазуға деген жауапкершілігі жатыр.
Зерттеу еңбектерін оқып отырып еріксіз ескі қағидаларыңды өзіңнен аулақ ұстап, жаңаша ойлауға қалай бет алғаныңды байқамай қаласың. Кітаптарында өзгеше ойлау, бөлекше байлам, тиянақты тұжырым тұнып тұр. Мұндай ғажап болмыс тек кемел ойлы, білімі терең, ақылы дария адамдарға ғана тән дүние. Діттеген мақсатқа, көздеген нысанаға, алға қойған межеге жеткенше шалдығуды білмейтін қазақтың қазанаты – біз білетін Мұсағаң...Азаматтары тақтан, қазаны оттан, шәугімі шоқтан таймаған қазақтың ғылымын тағы бір биікке көтерсем деген мақсаттың жетегінде сексеннің сеңгіріне келгенін байқамай қалған ғалымның өмір бойы іздегені ақиқат қана. Сол үшін қаншама түнді кірпік қақпай қалам мен қағазға қарап, көз майын тауысты десеңізші. "Алма піс, аузыма түс" дегеннен жанын бөлек ұстағаны бүгінгі жеткен жетістігінен байқалып тұр. Әрдайым ойлайтыны ағайынның емес Алаштың қамы.Батыстың пәлсапасынан шығыстың, оның ішінде, қазақтың таным-түсінігін, бітім-болмысын ғылыми тұрғыдан дәйектеп жоғары қоя алады. Ерекше мейірімді, аса қамқор Аллаһ Тағаланың құдіретінің күштілігі - сол адамзат баласын дүние жаратылысын білу арқылы өзіндік танымын қалыптастырсын деп жаратса керек. Бұл бүгінгі философияның негізгі тұжырымы. Ай мен күннің ауысуына қарап бет алған бағытын түзейтін, табиғат заңдылықтарын өмірлік ұстаным еткен есепке жүйрік қазақтың даналығын ұрпағына мұра ете білген Мұсағаң арманы орындалған, Құдай тілеуін берген адам. Ізденістің арты жемісті нәтиже екенін бәріміз білеміз. Қажыр мен қайрат ұштасқан кезде кез келген ғылымның шыңын бағындыруға болады. Алынбас қамал, өтпес асу болған емес. Мен сөз еткен кейіпкер осы қағиданы берік ұстанған ғибратты ғұмыры келер ұрпақ жадында мәңгі сақталатын ерекше жаралған тұлға.
//Айқын.2013.-16 мамыр.- 21 б.
Достарыңызбен бөлісу: |