Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет



бет2/5
Дата01.06.2016
өлшемі364 Kb.
#106588
1   2   3   4   5

Бекмұхамбетов Е.Ж.: Егер де кімде-кім сапалы білім алам десе, бізде мотивациялық механизмдер бар. Біз жақсы студенттерді марапаттау керек деп есептейміз. 3 курстан бастап үздік білім көрсеткен, университеттің ғылыми-қоғамдық жүмыстарына белсене араласқан, сондай-ак әлеуметтік жағдайы төмен ақылы бөлімде оқитын студенттерге университет төлемнің 25% және 50% жеңілдіктер жасайды. Бұдан басқа грантта және ақылы бөлімде оқитын барлық студенттер үшін Марат Оспанов атындағы стипендия және ректор стипендия түрінде марапаттау жүйесі енгізілді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен мемлекеттік білім гранттарын беру ережесіне сай ақылы бөлімде оқитын студенттер жылына екі рет - қысқы және жазғы сессияның нәтижесі бойынша вакантты білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады.

Т: Оқуга түсу үшін қандай құжаттар қажет?

Бекмұхамбетов Е.Ж.: Біздің университетке түсу үшін ректордың атына өтінішпен бірге жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3x4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса), сондай- ақ төлқұжаттың көшірмесін қоса береді. Талапкер жоғары оқу орнына қабылдау кезінде 10-25 тамыз аралығында қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды тапсырады.

Т: Қай факулътет үздік немесе сәнді болып сананады?

Бекмүхамбетов Е.Ж.: Өтініштердің көп бөлігі негізінен «Жалпы медицина» мамандығына, оның ішінде тек қана гранттағылардан емес, сондай-ақ ақылы негізде оқығысы келетін талапкерлерден қабылданады. Оларды практикалық медицина қызықтырады, оқуды аяқтағасын олар хирургтар, терапевттер, акушер-гинекологтар, неврологтар, кардиохирургтар және басқа мамандықтарда жұмыс жасағысы келеді. Бірақ та айта кету керек, 5 жыл бұрын біз денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен жалпы денсаулықпен айналысатын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша кадрларды дайындауды бастадык. Белгілі болғандай, қазіргі заманда аурудың алдын алу мен денсаулық сақтау менеджменті медицинаның маңызды саласы болып саналады. Сондықтан бұл мамандықтың иегерлерінің қызметтері мен жетістіктері зор болмақ.

Т: Сіздерде әскери кафедра бар ма?

Бекмүхамбетов Е.Ж.: Біздің университетте жоғары оқу орындары аралық әскери кафедра жүмыс істейді, бұл жерде «Жалпы медицина» факультетінің және басқа да оқу орындарының студентгері білім алады. Университетті бітіргесін оларға алғашқы офицерлік әскери атақ беріледі. Қалған студенттер оқу мерзімінде жыл сайын әскери бөлімге оқу орнынан анықтама бергенде әскери қызметтен босатылады.

Т: Және соңғы сұрақ. Өзін медицинага арнаймын деген талапкерлерге қандай тілек айтар едіңіз?

Бекмүхамбетов Е.Ж.: Әлемде адам баласына қажет неше түрлі қызықты, кажетті және пайдалы кәсіптер бар. Дәрігер кәсібі барлық қоғамда ерекше орын алады. Дәрігер - бұл кәсіп емес, өмір сүру салты болып табылады. Егерде бір адам басқа адамның өмірін құтқарып қалса, ол туралы БАҚ жазады, марапаттайды, батыр санайды. Дәрігер үшін адамның өмірін құтқару күнделікті ауыр жұмыс, ал дәрігердің қатесі адам өмірімен бағаланады. Сондықтан, дәрігер болу үшін оқуға күш салу, медициналық оқу орнына түскеннен бастап сабақты жақсы оқу, жаңа нәрсені тану, оқу бағдарламасынан бөлек коп білу қажет. Бірақ та шын дәрігер - медицинаны терең оқып- білген емес, өзінің адам алдындагы борышын сезетін адам. Бірақ та жұмысы ауыр болғанымен, дәрігер әрқашанда өзін және өзініһ бақытын ісіне толық беруге дайын болуы керек екенін есінен шығармағаны жөн.

Сұхбаттасқан Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ.

//Сыр бойы.- 17 мамыр.- 14 б.

8
Раушан ШУЛЕМБАЕВА,



Дельный совет для вуза
Казахский экономический университет им. Т. Рыскулова первым среди частных вузов страны организовал Внешний академический консультационный совет, в состав которого вошли ученые с мировым именем.

Среди них такие известные экономисты-практики, как Роберт Д. Блэквилл (США), Санджая Бару (Индия), Джон Дойч (США), Сергей Караганов (Россия), Марина Карчава (Грузия), Жан-Франсуа Ришар (Люксембург), Джим Томсон (США), Игорь Юргенс (Россия). 15 мая совет провел в Алматы свое первое заседание.

Опираясь на богатый практический опыт работы в международных вузах, эксперты вели разговор о дальнейшей стратегии развития КазЭУ и путях оптимизации учебного процесса в университете. Ведь одной из главных целей совета, говорит ректор КазЭУ доктор экономических наук профессор Серик Святов, является обеспечение конкурентоспособности и повышение престижа вуза на отечественном и международном рынках образовательных услуг.

– Президент страны Н. А. Назарбаев перед Министерством образования и науки поставил новые задачи по повышению эффективности отечественного образования, – напомнил ректор. – Поэтому важнейшим направлением для нашего вуза является переход к автономности в рамках внутренней стратегии, формирования учебных программ, вопросах повышения качества знаний, квалификации, привлечения опытного профессорско-преподавательского состава. В контексте происходящих реформ мы нацелены на преобразование КазЭУ в университет новой формации, отвечающий современным требованиям и запросам обучающихся и работодателей.

Председатель Внешнего академического консультационного совета Роберт Блэквилл в свою очередь отметил, что все члены образованного совета с удовольствием откликнулись на приглашение принять участие в его работе. Для них такой опыт важен особенно в преддверии предстоящего ребрендинга вуза.

– Мы искренне заинтересованы, чтобы наши знания и опыт оказались полезными в достижении амбициозных задач, которые стоят перед КазЭУ, также искренне желаем высшему образованию Казахстана мировых успехов, – продолжил Р. Блэквилл. – Мир стремительно меняется, и университеты всего мира должны успевать за происходящими изменениями. В Казахстане это прекрасно понимают, и мы готовы помочь КазЭУ внедрять необходимые изменения, чтобы стать признанным лидером экономического образования.

На заседании совета речь также шла о дальнейшем преобразовании КазЭУ в прогрессивный экономический вуз, о конкретных мерах по реализации академической свободы. К примеру, решением совета директоров КазЭУ и на основе анализа деятельности ведущих западных университетов в вузе утверждена новая организационная структура, которая позволит ускорить процесс вывода на рынок эксклюзивных образовательных услуг и повысить эффективность операционных процессов. Факультеты вуза преобразованы в школы (Школа экономики и управления, Школа финансов и учета, Школа прикладных наук). «Мы только сохранили факультет «Международные образовательные программы», поскольку он является нашей основной площадкой для реализации обучения на английском языке и программ двойного диплома», – добавил С. Святов.

Кроме этого, КазЭУ первым среди вузов Казахстана создал факультет базовой подготовки, студенты которого два года будут изучать общеобязательные дисциплины, а специализация будет осуществляться с пятого семестра. Это стало новым подходом к образовательному процессу, что дает студенту больше времени и возможностей для определения последующей специализации. Магистратура и докторантура PhD вошли в состав Высшей школы послевузовских программ. Выделение в отдельный блок этих программ связано с их более прикладным характером, построением обучения на основе бизнес-кейсов и примеров из реальной практики.


9

Это также позволяет приглашать на программы послевузовского уровня бизнес-тренеров и действующих консультантов-практиков.

Для развития научных изысканий в КазЭУ также организован Институт экономических исследований, который будет участвовать в грантовых научных проектах, сотрудничать с консалтинговыми компаниями, организовывать студенческую науку. В планах и создание бизнес-инкубатора.

Все эти изменения, без сомнения, будут способствовать росту персональной ответственности каждого сотрудника и повышению роли преподавателей в принятии управленческих решений. Таким образом вуз делает конкретный шаг в сторону реализации академической свободы как фундаментального принципа университетской жизни.

Организация менеджмента на новых принципах, соответствующих реформированию национального высшего образования Казахстана, и внедрение новых подходов в образовании на основе лучшей мировой практики позволят, как подчеркнули члены консультационного совета, обеспечить академическую, исследовательскую и финансовую свободы. Ведь конечная цель преобразований – повысить ответственность вуза за результаты своей работы, а это качество знаний и востребованность выпускников на рынке труда.

Справка «КП»:

Роберт Д. Блэквилл – научный руководитель по внешней политике США фонда Генри Киссинджера при Совете по международным отношениям, профессор Гарварда.

Санджая Бару – директор по геоэкономике и стратегии Международного института стратегических исследований (Индия), доктор PhD по экономике.

Джон Дойч – почетный профессор Массачусетского технологического института (США). В течение долгих лет занимал государственные и академические должности. Доктор PhD в области физической химии, имеет ученые степени Колледжа Амхёрст, Университета Лоуэлл и Северо-Восточного университета.

Сергей Караганов – декан факультета мировой экономики и мировой политики Национального исследовательского университета – Высшей школы экономики (Россия), доктор исторических наук.

Марина Карчава – проректор Свободного университета Грузии и Аграрного университета Грузии. Магистр математики, имеет сертификат Гарвардской бизнес-школы.

Жан-Франсуа Ришар (Люксембург) – вице-президент Всемирного банка по Европе (1998–2005). Имеет степень бакалавра и магистра экономики университета Экс-Марсель, степень доктора наук университета Люксембурга и степень MBA Гарвардской бизнес-школы.

Джим Томсон (США) – почетный президент «Корпорации РАНД» и профессор Высшей школы Парди «Корпорации РАНД». Имеет степень бакалавра по физике университета Нью-Гэмпшир, степень магистра и доктора наук по физике Университета Пурдью, степени доктора университетов Пурдью, Пеппердайн и Нью-Гэмпшир.

Игорь Юргенс – президент Всероссийского союза страховщиков, председатель правления Института современного развития, профессор Высшей школы экономики.

//Казахстанская правда.-2014.-20 мая.- С.5

10

Марат МОЛДАХМЕТОВ,Қазақстан-Ресей университетінің президенті, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор.



Қазақстан-Ресей университеті

ортақ болашақ пен бір мүдделер тоғысының дәнекері

«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» деп өнеге қалдырған екен ұлы Абай.

Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі екендігін бәріміз мойындаймыз. Қазақстан Республикасы Орталық Азия елдерінің ішінен ең бірінші болып Еуропалық жоғары білім аймағына еніп, Болон процесіне қосылды. Қазақстанның жоғары мектебі білімнің әлемдік биігіне жетуге талпынатын елдердің алдыңғы қатарына еніп отыр. Өйткені, халқымыз қашанда оқу-білімге құштар болған. Еліміздің білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы да осы үшін түзіл­ген, әлемдік білім кеңістігіне кірігу үдерісі күннен-күнге артып келеді. Қазіргі заманғы халықаралық ынтымақтастықтың ең маңызды саласы да осы болып тұр. Білімнің өркендеуі – елдің өркендеуінің алғышарты бола бермек.

Қазақстан – экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие ынтымақтастықтың әртүрлі одақтар мен ұйымдарға мүше мемлекет. Иә, Отанымыз шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде беделі биік тұр.

Әсіресе, Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қаты­настар алтын арқауын үзген емес. Бүгінгі таңда ол қарым-қатынастарымыз тереңдеп, Еуразиялық экономикалық одаққа ұласқалы отыр.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде биылғы жылдың 28 сәуірінде Еуразиялық экономикалық одақ идеясынан – еуразиялық интеграцияның жаңа перспективаларына қатысты сөйлеген сөзінде былай деген болатын: «Жиырма жыл бұрын, ММУ қабырғасында мен алғаш рет жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяны ұсындым. Оның тұжырымдамасы біздің елдеріміздің барлық азаматтарына бірдей жақын және түсінікті шындыққа негізделді. Ортақ тарих, өзара экономикалық тартымдылық, мәдениеттердің тығыз өзара байланысы мен адамдардың жақындасуға ұмтылысы біздің халықтарымызға көпқырлы мемлекетаралық байланыстардың жаңа үлгісін құруға мүмкіндік береді. Мен Еуразиялық Одақ тек еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары мен әр қатысушы елдің прагматикалық мүмкіндіктерін есепке алғанда ғана мүмкін деген ұстанымда болып келдім және соның берік жақтаушысы болып қала беремін. Бұл бастама қазір Еуразиялық интеграция деп аталып жүрген жаңа тарихи үдеріс үшін қадам басар нүктеге айналды».

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы «Российская газетада» жарияланған «Ғасырларға ұласқан достық» атты мақаласында: «…1998 жылы қол қойылып, ХХІ ғасырға бағдарланған Мәңгілік достық және одақтастық туралы тарихи декларация іс жүзінде жүзеге асты.

…Ғылыми білім беру, сол сияқты, гуманитарлық мәселелер жөніндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдар аясы кеңеюде», деді.

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Сондай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді ету мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының айқын көрінісі ретінде елордада – Қазақстан-Ресей университеті қалыптасты. Бұл білім ордасы 1998 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттері қол қойған «Мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияның» негізінде құрылғанын айта кетейін. Бұл декларацияда «Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ортақ оқу орындарын – Қазақ-Орыс университетін және Орыс-Қазақ университетін, сонымен қатар, гимназияларын құрады» деп нақты көрсетіп, әрі екі ел Президенттерінің ортақ мәлімдемесінде

«Қазақстан мен Ресей мемлекеттері екі ел азаматтарының, қоғамдық ұйымдарының арасындағы барлық қарым-қатынастарды қолдайды, мәдениет, білім, ғылым саласында бірлесе еңбек атқаруға, ортақ ақпараттық кеңістіктің кеңеюіне мүмкіндік жасайды», деген байлам жасалған.

2001 жылы Ресейдің Білім министрлігі мен Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің арасында Қазақстан-Ресей университетінің білім қызметі туралы келісімге қол қойылды. Елордада университеттің әлемдік талапқа сай, заманауи оқу кешені салынды. 2003 жылы 10 маусымда университеттің жаңа ғимаратының тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

11

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып: «Қашықтықтан оқыту – бұл студенттердің белгілі бір білім саласындағы атақты мамандардың дәрістерін тыңдауы мен сол білімді алуына мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазақстан-Ресей университетінің Қазіргі заманғы гуманитарлық академиямен (Мәскеу қ., Ресей) және Кембридж университетімен байланысы жастардың білім алуына, электронды кітапханаларды пайдалануына шектеусіз мүмкіндік береді, яғни академия ХХI ғасырға мамандар даярлауда. Сонымен бірге, қашықтықтан оқытуды ауыл жастарына пайдаланудың да маңызы өте зор», деп жоғары баға берді. Университет маман даярлауда бай білім, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетін ұтымды пайдаланып, олардың әлемдік білім кеңістігіне кірігуіне, іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеулердің дамуы мен оның нәтижелері еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінде жүзеге асырылуына жағдай жасап келеді. ҚРУ сапа менеджментінің сыртқы аудит процедурасын табысты өтіп, нәтижесінде МС ИСО 9001:2008 СМС талаптарына сай сертификатқа ие болды, ал 2012 жылы СМС-тың ресертификациясынан өтті. Университет студенттерді бакалавриат бойынша 15 мамандыққа, магистратура бойынша 4 мамандыққа даярлайды.



Бүгінде Қазақстан-Ресей университеті – ақпараттық-коммуникациялық білім технологияларын және электронды оқытуды (е-learning) жүзеге асырып отырған, заманауи білім беру мекемесі.

Қазіргі таңда әлем бойынша білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық тех­нологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда, әлемдік тәжірибеде орын алып отырған қашықтықтан білім берудің елімізде жүзеге асуын қамтамасыз етіп отырған бірегей оқу ордаларының алдыңғы қатарлысы әрі ең алғашқысы – Қазақстан-Ресей университеті болып отыр. Қазақстан-Ресей университеті «Лицей-Колледж-ЖОО» жүйесі бойынша үздіксіз оқытатын кәсіби білім саласын жүзеге асырып отырған «Қазақстан-Ресей университеті», «Инновациялық технологиялар колледжі» және «А.З.Молдахметов атындағы лицей» сияқты дербес заңды тұлға­лардан тұратын оқу-әдістемелік кешен.

Бүгінгі таңда, ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда білім-ғылымды, тек төрт қабырғаға шектеу дұрыс болмайды. Бұрыннан қалыптасқан түсінік бойынша «жақсы жоғары оқу ордасы» немесе «сапалы білім» дегендеріміз тек қана аудитория, ұстаз, лектор ұғымдарымен ғана байланыстырылуы бүгінгі күні жетістік емес.

АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам талапкерлерді қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан теле-радио арқылы курстар өткізеді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктерін классикалық оқыту түрімен салыстырғанда оның артықшылықтары басымырақ екеніне көз жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің оқыту уақытына, орнына тәуелсіз болуының икемділігі, жеке адамның үздіксіз және үзіліссіз білімін жетілдіруге мүмкіндігі, оқу құралдарына, ақпараттық білімге қол жеткізу, оны әрдайым әрі жедел жаңарту және ең бастысы үлкен-үлкен аудиториялар, жатақханалар, жолақысы мен соларға байланысты туындайтын шығындарды қысқарту, оқыту жүйесінде жаңа, соны технологияларды пайдалану, талапкерлердің әлеуметтік құқығының теңдігі, т.б. бойынша қиындықтар қысқарады.

Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру ұйымдарында білім алушылардың және про­фессор-оқытушылар құрамының икемділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, білім беру сапасын арттыру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мамандарды үш деңгейде даярлау «бакалавр» – «магистр» – «доктор» біртұтас кредиттік оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі. Сөз басында айтқан болон процесіне қосылу еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасауға әкелді.

Қазақстан-Ресей университетінде үздіксіз білім беру жүйесі жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық құралдар негізінде жүзеге асып отыр. Біздің оқытушылар оқытудың ұйымдастырушылық түрі ретінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары, эссе, портфолио, дөңгелек үстелдер, т.б. қолданады. Ал Қазақстан-Ресей университетінде атқарылып жатқан тәрбие жұмыстары жастардың қоғамдық жұмыстарға етене араласуына, олардың қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуына, физиологиялық және рухани, интеллектуалды дамуына қажетті жағдай жасауға негізделген. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда негізінен 5 бағытқа басымдық беріп отырмыз. Ол біріншіден, студенттік ортада мемлекеттік тілді және этносаясатты жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жандандырып, әртүрлі этнос арасында ұлтаралық келісімге, мәдениет пен салт-дәстүрге құрметпен қарауды, ұлттар арасында алауыздық болдырмауды қалыптастыру; екіншіден, студенттерді діни сауаттылыққа тәрбиелеу. Олардың әртүрлі діни ағымдарға кіріп кетуіне жол бермеу. Сонымен қатар, студенттердің арасында кереғар саяси идеялардың таралуының алдын алып, Елбасы Жолдауындағы қуатты Қазақстан идеясын іске асырып, насихаттау жұмыстарын жүйелі жүргізу; үшіншіден, студенттердің бойында іскерлік белсенділікті, кәсіби білім алу мен еңбек саласында тиімді дағдылар мен негізгі ұстанымдарды бекіту; төртіншіден, студенттердің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, шығармашылық және спорт салаларындағы жетістіктерін қолдау, оны әрі қарай дамыту және саламатты өмір салтын берік ұстауға баулу; бесіншіден, жастар арасында қылмысты болдырмау және оларды қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу, т.б.

Университетімізде студенттер арасында өзін өзі басқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер жасалып отыр. Оқу орнында «Жастар ісі комитеті» құрылып, студенттермен белсене жұмыс атқаруда. Оқу орнынан қалалық және аудандық жастар мәслихаттарына 3 студент депутаттықа өтіп, елдік іске жұмыс жасауда. Сол секілді «Жас Отан» жастар қанаты, «Жастар ісі комитеті», «Жастар саясаты мәселелері басқармасы», өзге де ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста. Талантты студенттер қалалық және республикалық білім сайыстарына, спорттық іс-шараларға жиі қатысып тұрады. Биыл біздің студенттер «Армысың, әз Наурыз» қалалық байқауында Астана қаласы бойынша II орынды иеленді.

Ел руханиятына аса қажет болып отырған «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының елордада тұңғыш рет біздің оқу орнында ашылды. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында іске кіріскен бұл орталықтың үлкен мәдени ошаққа айналдыру көзделген еді. Қазір мақсат орындалды деуге болады. Орталық қазақ руханиятының ортақ қазынасына айналды. Астана қаласы оқу ордалары мен қала жұртшылығының қызығушылығын туғызған кез келген іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған емес.

«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы ұйытқы бола алған «Абайтану курсы», «Ұлылар мекеніне саяхат», «Абай биігі – ұлт биігі», «Әнді сүйсең менше сүй» бағдарламалары Астана үшін де, ел руханияты үшін де, аса қажет бастамаға айналып отыр. «Абай нұры» өнерлі жастар клубы жұмысы да ұлт руханиятына арналған. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап, бүгінге дейін «Астана ақшамы» газетінің «Абай нұры» айдарына орталықтың негізгі қорынан 71 құнды мақалалар дайындалды, қазақ радиосынан күн сайын «Абай нұры» хабары беріліп тұрады. Абай шығармашылығына байланысты 63 ғылыми-танымдық семинар сабақтары мен абай­танушылардың қатысуымен әдеби-ғылыми кездесулер өтті. 1942 жылы М.Әуезов бастап кеткен Абайтану курсын 70 жылдан кейін қайтадан жаңғырттық. 27 оқытушы Абайтану курсын өткізіп келеді.

Биыл екінші жыл «Ұлылар мекеніне саяхат» жүзеге асты. Астаналық жас абайтанушылар, өнерлі жастар, Абай шығармашылығының жүлдегерлері, БАҚ өкілдері мен қаламгерлерден құралған 94 адамды Семей жеріне ұлылар мекеніне танымдық саяхат жасап қайтты. Елордадағы жалғыз орталық Семейдегі мемлекеттік Абай мұражайымен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Алдағы уақытта қазақ руханиятының мәңгілік брендіне айналған Абай туралы Абайтану курсын оқытып, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру ісіне Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау болып жатса құба-құп.

Қазақстанда колледж студенттерінің шамамен 57 пайызы ақылы негізде білім алады. Бұл ретте кәсіптік-техникалық біліммен қамту бойынша теңгерімсіздік байқалатын тәрізді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтар колледждерінде 4 мың ғана орын болса, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының колледждерінде 7 мың орын жетпейтідігін Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов атап айтқан болатын. Бұл да ойлануға тұратын мәселе. Жалпы, жекеменшік оқу орындарының ең басты жетістігі төленетін ақының төмендігі дер едім. Әрине, білім сапасы бойынша халықтың алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары болумен де өлшенуі керек екенін жоққа шығармаймын.

Қазақта «Туыс атадан, көрші Алладан», деген жақсы мақал бар. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы ізгі ниетті қарым-қатынасымызды қашанда бағалап келдік және бағалай береміз. Қарым-қатынасымыз өзара бай тарихымызға негізделген және сан мәрте уақыт сынынан өткен. Соның ішінде, Қазақстан-Ресей университеті Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты екі ел достығының дәнекеріне айналып отыр десем, артық айтқандық болмас. Біз оны білім беру ісімен ұштастырып отырмыз.

//Егемен Қазақстан.-2014.- 20 мамыр.- 5 б.


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет