Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты


Қойылған мақсаттарға жету жолдары



бет15/18
Дата09.06.2016
өлшемі5.86 Mb.
#124120
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Аймақтық еңбек нарығы мен экономикасының дамуының қажеттілігіне сәйкес кадрларды дайындау;

  • Кәсіпорын - жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында әріптестікті дамыту (қосып оқыту) ;

  • Еңбек ресурстарына сұранысты түсіндіру үшін колледж оқу жоспарын құруда әлеуетті жұмыс берушілерді тарту;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жанынан дайындау, қайта дайындау, біліктілігін көтеру және кадрларды сертификаттау үйлестіру оқу орталықтарымен бірге ғылыми-білім беру-өндірістік кластерін құру;

  • Зейнетақы аударымдары арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыруды растайтын мониторинг.


Сапалы денсаулық сақтау

Алматы орташа өмір сүру ұзақтығы орташа еуропалық стандартқа сәйкес келетін қалаға айналуы тиіс. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін привентивтік диагностиканы (скринингті) кеңінен тарату және салауатты өмір салты, сондай-ақ сапалы медицинаға қолжетімділікті арттыру есебінен өмір сүру ұзақтығын ұзартуға екпін беретін кешенді бағдарлама әзірленді.

Қалалық биліктің күш-жігері пациенттер үшін кері байланыс тетіктерін (электрондық портал, колл-орталықтар, сенім телефондары) енгізу жолымен медициналық қызметтердің сапасын бақылауға бағытталады. Барлық емдеу үдерістерін стандарттаудың негізінде басқару жүйесі жаңғыртылатын болады.

Сонымен бірге дуальды білім беру жүйесін енгізу арқылы медбикелер қызметінің сапасын жақсарту жоспарланып отыр. Мысалға, қалалық медицина колледжі мен медбикелік күтім ауруханасын біріктіру жүзеге асырылады.

Қаланың білім беру саласындағы тағы бір басымдық емдеудің жоғары технологиялық әдістерін арттыру болады.

Дәрігер мамандығының беделін арттыру маңызды бағытқа айналады. Бұл үшін жұмыс сапасын жеке бағалау, отбасылық жатақханаларды салу арқылы медициналық қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу сияқты дәрігерлерді көтермелеудің түрлі тетіктері енгізіледі.

Ауруларды ерте диагностикалау үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) дамытуға, сонымен ірге МСАК пен вертикальді қызметтердің (туберкулез, онкология, АИТВ/ЖИТС) интеграциялануына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Денсаулық сақтау жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Жұмыс беруші, мемлекет және жұмыс жасайтын адамның өзі денсаулық үшін жауапкершілікті өзара бөлісуі тиіс. Осылайша, ортақ жауапкершілік қағидасы іске асырылады.

Геронтология және паллиативтік көмекті дамыту бағдарламалары енгізіледі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және диспансерлік науқастарға арналған бірыңғай оңалту орталығын құру жобасы іске асырылады.

Ана өлімінің және босандыруға көмек көрсетудің барлық ұйымдарында акушерлік асқынулардың ерекше жағдайларының құпия аудитін дамыту қолға алынады. Экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді ерте кезеңнен қамту және диспансерік бақылау қамтамасыз етіледі.

Бюджеттен тыс қаражаттарды тарту мақсатында күш-жігер мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін дамытуға бағытталатын болады.

Көрсетілетін қызметтердің ашықтығын жақсарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық есептерін қоғамдық бақылау үшін жариялау тәжірибесі жалғасады.



2020 жылға қарай ана өлімі көрсеткіштері 100 мың тірі туылғандарға есептегенде 4-ке дейін, бала өлімі – 1000 мың тірі туылғандарға есептегенде 6,7-ге дейін, онкологиядан өлім-жітім – 10 мың онконауқастарға есептегенде 100-ге дейін төмендеуі тиіс.
Мақсат 3.3.1.4. Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орын.

1

Тірі босанған 100 мың жағдайында аналардың өлімін азайту

бір.

-

-

4,5

4,4

4,3

4,2

4,0

ДБ

2

Тірі туған 1000 жағдайында нәресте өлімін азайту

бір.

-

-

7,2

7,0

6,9

6,8

6,7

ДБ

3

Тұрғынның 100 мың жағдайында қайта пайда болған қатерлі ісіктен өлімді азайту

бір.

99,93

99,98

109,7

109,6

106,0

103,0

100,0

ДБ

4

15-49 жас тобындағы адамдардың иммуножетіспеушілік вирусының таралуын 0,2-0,6 %

%

0,39

0,41

0,52

0,60

0,81

1,0

1,3

ДБ

* Аралық ақпарат
Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін барлық ұйымдарда акушерлік асқынудың өте қиын жағдайын және ана өлімін құпия тексерістер жүргізу;

  • Жыныстан тыс дерті бар аяғы ауыр әйелдердің диспансерлік бақылауға ерте қамтылуын қамтамасыз ету;

  • Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

  • Дәрігер мамандығына қызығушылықты арттыру;

  • Жиі қоныстанған аудандардағы жаңа емханаларды іске қосу;

  • Әртүрлі пішіндегі төсектерді қайта бөлуді жүйелеу;

  • Күту уақытын азайту мақсатында бірыңғай ақпарттық кеңістікті құру;

  • Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту;

  • Медициналық тәжірибеде емдеу және диагноз қоюдың жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу;

  • Жалпы қолжетімді колл-орталықтарын және интернет-порталды құру арқылы емделушілерге кері байланыс қызметін көрсету сапасының ашықтығын жоғарлату;

  • Геронтологияны және паллиативтік көмекті дамыту, егде жастағы әлсіз және коморбиттік емделушілерді қарауға мамандандырылған бағдарламаларды енгізу;

  • Созылмалы ауруы бар емделушілерді белсенді амбулаториялық қамтитын арнайы бағдарламасын енгізу;

  • Денсаулық сақтау мекемелерінде корпоративті басқаруды енгізу үшін жеке медицинаны дамыту;

  • Мемлекеттік ауруханаларды басқаруда жеке сектормен келісім-шартты пайдаланып МЖС механизмін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіру;

  • Әлеуметтік, медициналық сақтандыру жағдайында бәсекелестік есебінен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігін жоғарлату үшін медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаларына ауысу.


Сапалы әлеуметтік қызметтер, оның ішінде халықтың осал топтары үшін сапалы әлеуметтік қызметтер

Қаламызды әрі қарай дамыту мақсаттарына қол жеткізу жаңа әлеуметтік саясаттың сапасы мен тиімділігіне байланысты.

Жұмсыссыздық деңгейін 5%-ға дейін қысқарту еңбек нарығын дамыту мен қала халқын әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарына айналады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады. Жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру үшін күш-жігер жұмыссыздарды еңбек нарығында барынша сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыруға бағытталатын болады.

Тұрмысы төмен адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету атаулы әлеуметтік көмекке және тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту жолымен халықтың табысы деңгейін арттыруға негізделеді. Алдағы 5 жылда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жүйелі түрде көтеріліп, ал атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күн көріс деңгейінің 60%-ға дейін жеткізіледі.

Бұл ретте мемлекеттен берілетін көмекке мұқтаж адамдарды тек жәрдемақы алушылар рөлімен ғана шектеуге болмайды. Көмек сандық мөлшерде ғана емес, сонымен бірге қаланың көмекке мұқтаж тұрғындарының барынша өзін-өзі танытуы (самореализация) және әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасаудан көрінуі тиіс.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды 100%-дық қамту бйынша шаралар қабылданады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз қалалық ортаны құру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары жалғасын табады.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қызмет азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін болады (тұрмысы төмен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне Жеңіс Күнінің қарсаңында материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға, ҰОС жылдары, Ауғанстанда және Чернобыль АЭС апаты кезінде қайтыс болған адамдардың жесірлері мен отбасыларына бір жолғы материалдық көмек көрсету және т.б.).


Мақсат 3.3.1.5.Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және еңбек нарығын дамыту




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауап. орынд.

1

Жұмыссыздық деңгейі

%

5,5

2-тоқсанға

5,6


5,3

5,2

5,2

5,1

5,0

ЖҚӘББ

2

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өтініш бергендер арасындағы жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

%

69,6

қаңтар-қыркүйек

77


79

80

81

83

85

ЖҚӘББ

3

Мақсатты топтарға өтініш бергендер арасындағы тұрақты жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі

%

29,1

55

64,5

65,0

65,5

66,0

66,5

ЖҚӘББ

4

Заңды тұлғалар тартқан шетел жұмысшы күшінің құрамындағы білікті мамандардың меншікті салмағы (шетел жұмысшы күшін тарту квотасы бойынша)

%

96,2

қаңтар-қыркүйек

97


90,0

90,0

90,0

90,0

90,0

ЖҚӘББ

болжам


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар арқылы уақытша жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету;

  • Еңбек нарығында аса талап етілген мамандықтар бойынша жұмыссыздардың білікітілігін арттыру және қайта даярлау жолымен жұмыспен қамту деңгейін жоғарлату;

  • Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және кәсіби білім алуға бағыттау;

  • «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде инвестжобаларды жүзеге асыру кезінде жаңадан құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

  • Қала әкімдігінің веб-сайты арқылы қала тұрғындарына қызмет көрсету;

  • Әлеуметтік-еңбек саласындағы өндірістік жарақаттар алу және даулы жағдайларға жол бермеу бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар жүргізу;

  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аса маңызды мәселелерін шешу бойынша ҮЕҰ белсенді өзара әрекеттесу;

  • Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жұмыс берушілермен семинарлар өткізу.


Мақсат 3.3.1.6. Жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орын.

1

Өндiрiстiк жарақаттану

деңгейi

(1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi).

%

0,18

0,16

0,15

0,15

0,14

0,14

0,14

МЕКИБ

2

Еңбек заңнамасымен жойылған бұзушылықтардың үлесi, анықталған бұзушылықтардың жалпы санының %

%

87

85,6

88,8

92,0

94,8

95,0

96,0

МЕКИБ


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Әлеуметтік серіктестікті дамыту және ірі және орта кәсіпорындар арасында ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен 100% қамту;

  • Әлеуметтік-еңбек саласындағы өндірістік жарақаттарды және даулы жағдайларға жол бермеу бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар жүргізу;

  • Заңнамалық базаны жетілдіру және Халықаралық еңбек ұйымының қауіпсіздік стандарттарын енгізу;

  • Кәсіпорындардағы қатерлерді бақылау және бағалау, анықтап табу жүйесін жасау;

  • Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әлеуметтік, медициналық және зейнетақылық сақтандыруды жетілдіру;

  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижелерін енгізу;

  • Жұмыс берушіге ескертусіз кәсіпорындардағы қауіпсіздікті инспекциялау;

  • Заң бұзушылыққа жауапкершілікті күшейту;

  • Еңбек жағдайларын жақсарту және озық тәжірибелерді тарату бойынша корпоративтік бағдарламаларды көтермелеу;

  • Қауіпсіздік бойынша білімді тексеру және оқыту қызметін көрсетуші ұйымдардың құрылуына жағдай жасау.


Мақсат 3.3.1.7. Кедейлік деңгейін төмендету




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015*

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орын.

1

Атаулы әлеуметтік қызмет алушыларының еңбекке жарамды үлесі

%

32,9

30,7

29,0

28,5

28,0

27,0

26,0

ЖҚӘББ

* Аралық ақпарат

Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Тұрмысы төмен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін беру;

  • Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы беру;

  • Тұрғын үй мәселесінде көмек беру;

  • Жергілікті өкілді органдардың шешімімен мұқтаж азаматтарға жеке дәрежелі әлеуметтік көмек беру (жергілікті деңгейде аз қамтылған азаматтарға бір жолғы ақшалай жәрдем, Жеңіс күні қарсаңына ОСҚ және ОСМ ақшалай жәрдем, ҰОС теңдей қатысушыларға бір жолғы ақшалай жәрдем, ҰОС, Ауғаныстандағы, Чернобыль АЭС-і апатындағы уақытында және тағы басқа жылдағы жесір әйелдер мен отбасыларға).


Мақсат 3.3.1.8. Мұқтаж халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орын.

1

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылғандардың үлес салмағы (көмекке мұқтаждардың жалпы санындағы)

%

96,1

96,1

98,0

98,5

99,0

99,5

100,0

ЖҚӘББ

2

Жеке сектордың субъектілері ұсынған арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар)

%

3,5

3,3

4,3

4,8

5,2

5,5

5,6

ЖҚӘББ


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Балалар психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет беру;

  • Оңалту орталығы және медициналық-әлеуметтік мекемелердің жалпы үлгісінде қарт адамдарға, мүгедектерге соның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет, үйге әлеуметтік көмек беру;

  • Психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) психикалық-неврологиялық ауруға шалдыққан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет беру;

  • Нақты тұратын жері жоқ адамдарға әлеуметтік бейімделу;

  • Мүгедектерге және мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық емдеумен қамсыздандыру, жеке оңалту бағдарламасымен (ЖОБ) сәйкес арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамсыздандыру, мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету, қызмет алушы мүгедектерді тасымалдайтын жеке көмекшілерге және кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге көлік қызметтерін беру;

  • Мұқтаж мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдарымен қамсыздандыру, бірінші топтағы мүгедектердің қозғалысындағы қиыншылықтарға түскен жеке көмекшілеріне әлеуметтік қызмет беру, есту қабілеті жөнінен мүгедектерге (ЖОБ-на) сәйкес мүгедектерді ыммен сөйлейтін маманымен қамсыздандыру;

  • Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орналастыру.


3.3.2. Мәдениет және спорт нысандарына қолжетімділік
Мәдениетті дамыту

Ұлттық тарихи-мәдени мұраның өнер саласындағы заманауи трендтермен үйлесімділігі қаланың мәдени келбетін айқындаушы рөл атқарады. Қаланың сәулетінде, оның келбетін қалыптастыруда ұлттық нақыш ескерілетін болады.

Мұражайларды дамытуға, қаланың жаңа Тарих мұражайын және Заманауи өнер мұражайының құрылысына едәуір көңіл бөлінетін болады.

Осы саладағы қызметкерлерді кәсіптік оқыту мен олардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Алматы қаласының мұражай қорларының электрондық базасын құру маңызды міндет болып табылады.

Қаланың билік органдарының күш-жігері қаланың жаңа келбетін және кітапханаларының форматын қалыптастыруға бағытталады. Олар шығармашылық үйірмелер мен коворкинг-орталықтар құру, сондай-ақ IТ-технологияларды кеңінен пайдалану есебінен ғылыми және шығармашылық даму орталықтарына түрлендірілетін болады.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларға баратын қала тұрғындарының санын арттыру қолға алынады. Ең үздік әлемдік ұжымдардың түрақты негізде гастрольдері ұйымдастырылып, басқа елдердің мәдениет мекемелерімен тәжірибе алмасу жүзеге асырылады. Жыл сайын қаланың мәдени және тарихи өзіндік болмысын көрсететін және қаланың «ерекше белгісіне» айналатын бірнеше брэндтік іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған (мысалы, «Рио-де-Жанейродағы карнавал», «Венециядағы биеннале» және т.б.).



Қаланы дамытудағы басты ұстанымдарының бірі ең перспективалық секторлардың нүктелік дамуын нысаналы қолдауы болып көрінуі – экономикалық өсудің локомотивтері. Сондықтан экономикалық өсудің локомитевтерінің ажырамас бөлігінің бірі мәдениет болып табылады және ерекше назар туризмге бөлінеді:

  • мәдени-ағарту мекемесі желісінің жаңарту және кеңейту қолдауына;

  • мәдениет саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

  • Отандық мәдениетті көпшілікке таныту – қаланың брендін дүние жүзіне танымал ету;

  • қала аумағында орналасқан республикалық мекемелеріне және мәдениет кәсіпорындарына үйлестіру жұмыстары есебінен нәтижелі жұмыстарды арттыру.


Мақсат 3.3.2.1. Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және өнер саласын дамыту




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орын.

1

Мәдениет ұйымдардың келушілеріінің орташа саны 1000 адам































  • кітапханалар

адам

219,4

219,4

219,8

220,2

220,6

221

221,4

МБ




  • театрлар

адам

284,9

285,1

285,2

285,3

285,4

285,5

285,6

МБ




  • концерт мекемелері

адам

303,3

303,5

303,7

303,9

304,1

304,3

304,5

МБ




  • мұражайлар

адам

189,9

190,2

190,3

190,4

190,5

190,6

190,7

МБ


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Алматы қаласының мәдениетін дамытудың Тұжырымдамасын дайындау;

  • Мәдени мекемелері жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту;

  • Жылжымайтын ескерткіштердің пайдаланушылары мен иегерлерін күзет міндеттемелерінің қорытындысы;

  • Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жасау, тарихи және мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сондай-ақ монументалды ескерткіштерді орнату;

  • Ведомствалық бағынысты мекемелердің театралдық және музыкалық өнерін қызмет көрсету есебінен қолдау;

  • Өнер саласындағы табыстарын көрсету мақсатында әртүрлі мектептердің, өнер ұжымдарының қатысуымен фестивальдар мен конкурстар ұйымдастыру;

  • Мұражайлар мен кітапханаларды әйгілі ету мақсатында кешенді іс-шаралар өткізу;

  • Мәдениет және рекрутинг саласындағы жас мамандардың біліктілігін арттыру;

  • «Боралдай сақ қорғаны» археологиялық паркін дамыту;

  • Бұрынғы Верный қорғаны аумағындағы «Мыңжылдық Алматы» тарихи паркі мақсатында тарихи аймақ құру;

  • Кітапхана қорын сандық формат жолымен кітапхана желісін жаңғырту;

  • Тарихи-мәдени Алматы мұрасын және Жетісу өңірін «Алматы Энциклопедиясы» порталы арқылы Алматы қаласының мәдени контентін арттыру, дүниежүзілік қоғамдастыққа қаланы ұсыну;

  • Бизнес пен басқарушылық қолдаумен, ынтымақтастық дамуының шығармашылық интеллигенцияның және бизнестің арасындағы өнер мен мәдениетті даму жолымен ынталандыру;

  • Қаланың дүниежүзіне танымал брендін жасау;

  • қаланың мәдени және тарихи өзіндік болмысын көрсететін және қаланың «ерекше белгісіне» айналатын бірнеше брэндтік іс-шараларды ұйымдастыру (мысалы, «Рио-де-Жанейродағы карнавал», «Венециядағы биеннале» және т.б.).



Спортты дамыту

Алматы еліміздің спорт және спорттық туризм орталығы болып табылады. Қаланың билік органдарының күш-жігері еліміздің спорттық астанасы ретіндегі қаланың мәртебесін сақтап қалуға бағытталады. Бұл бағыттағы маңызды басымдық «28-ші 2017 жылғы Қысқы Дүниежүзілік Студенттер ойындарын» ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша өткізу болып табылады.

Бұл ретте, қысқы Универсиада шеңберінде салынған спорттық нысандар Алматы қаласының спорттық инфрақұрылымына белсенді түрде ықпалдастырылатын болады. Қала тұрғындары үшін бұл нысандардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалар және бұқаралық спорт орталықтарын ұйымдастыру үшін кешенді шаралар қабылданады.

Бұқаралық спортты дамыту жұмыстың маңызды бағытына айналады. Бұл үшін жаңа спорт және ойын алаңдарын белсенді түрде салу, спорттық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде жеке меншік қаражаттарды тарту (МЖС) арқылы дамыту жалғасады.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жалғасады. Халықтың барлық топтарының арасында спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артады.

Бұдан басқа, дене шынықтыру мен спортты дамытудың басым бағыттарының бірі жоғары жетістіктер спорты үшін спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу болады.



Мұның барлығы 2020 жылға қарай спортпен тұрақты түрде шұғылданатын қала тұрғындарының деңгейін 30% жеткізуге мүмкіндік береді, бұл Батыс Еуропа елдерінің нормаларына сәйкес келеді.
Мақсат 3.3.2.2. Бұқаралық спортты дамыту




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орын.

1

Денешынықтыру және спортпен шұғылданатындарды қамту

%

26,3

27,5

28,0

28,5

29,0

29,5

30,0

ДШСБ

2

Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан 7 жастан 18 жасқа дейінгілердің балалар мен жасөспірімдік спорт мектептерінде, спорт клубтарында дене тәрбиесімен айналысатындарын қамту

%

8,0

8,5

8,7

9,0

9,2

9,5

10,0

ДШСБ


Қойылған мақсатқа жету жолдары


  • 2017 жылы 28-қысқы Дүниежүзілік студенттік ойындарды өткізу;

  • Дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдайлар жасау (қосымша спорт және ойын алаңдарын салу, соның ішінде футбол және баскетбол бойынша, веложолдар салу);

  • Жаңа спорт нысандары мен ғимараттарын салу және жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңғырту;

  • Қалың бұқараның барлық топтары арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын бұқаралық спорт пен дене шынықтыру, сауықтыру шараларының санын көбейту;

  • Оқушылар мен оқу орындарындағы студенттердің арасында нашақорлықтың, шылым шегудің және т.б. алдын алуға бағытталған қалалық спорт шараларын өткізу;

  • Дәстүрлі бұқаралық спорт шараларын ұйымдастыру және өткізу: велошеру, жеңіл атлетикалық кросс, акциялар, фестивальдер, спартакиадалар

  • Тұрмысы төмен отбасылардың балалары және мүгедектер үшін спортпен айналысуға жағдайлар жасау;

  • МЖС тетіктері аясындағы жұмыстарды күшейту.


Тілдерді дамыту

Алматының заманауи, халықаралық кеңістікке интеграцияланған мегаполис ретінде қалыптасуы үшін Елбасының «Тілдердің үш тұғырлығы» бірегей мәдени жобасын іске асыру ләзім. Яғни мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, орыс тілін – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілін жаһандық экономикаға табысты интеграциялану құралы ретінде тұрғындардың терең меңгеруін жүйелі түре іске асыру жұмыстары жалғастырылады.

Тіл саясатын іске асыру Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қызмет етуін үйлесімді түрде қамтамасыз ететін болады.

Осыны ескере отырып, қалалық бюджеттің шегінде қазақ тілінде оқытатын бала бақшалар мен мектептердің санын арттыру, мемлекеттік тілді еркін және қол жетімді меңгеру үшін жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұдан басқа, білім беру мекемелерінде жүйелі түрде мынадай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған: жергіліктіемесұлт балаларының арасында мемлекеттік тілді білуге қалалық конкурс, орыс тілінде білім беретін мектептерде апта сайын «Қазақ тілінің күндерін» өткізу және т.б.

Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілінің, сонымен бірге Қазақстан халқының басқа тілдерінің жалпы мәдени функцияларын сақтау бойынша шаралар қабылданады.

Қала тұрғындары үшін ағылшын тілін терең меңгеру маңызды болып табылады, себебі Алматы ірі қаржы орталығы және халықаралық туризм мен бизнес үшін ашық әрі тартымды болуы тиіс.

Сонымен, тілдерді дамытудың басым бағыттары:

- Мемлекеттік тілді үйренудің қолжетімділігін арттыру және қолдану аясын кеңейту;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгергендердің үлесін арттыру.
Мақсат 3.3.2.3. Ұлттың тұрақты дамуы үшін мемлекеттілікті, халық бірлігін және қоғамның топтасуын нығайту




Нысаналы

индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау.

орынд.

1


Мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі

%

72

75

78

81

84

87

90

ТДМҚБ

2


Ағылшын тілін меңгерген

ересектердің үлесі

%

14

15

16

17

18

19

20

ТДМҚБ

3


Үш тілді меңгерген ересектердің үлесі

%

8

10

12

14

16

18

20

ТДМҚБ


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Білім беру кабинеттеріне қазақ тілін үйренуге арналған инновациялық-техникалық құралдарды орнату;

  • Қазақ және ағылшын тілдерін үйрететін оқытушыларды тарту мақсатындағы конкурстар өткізу;

  • Ағылшын тілі курстарының тұрғындар үшін қолжетімділігін ұлғайту;

  • Оқытушыларға арналған қарқынды курстарды, өздігімен оқу курстарын ұлғайту;


3.4. Экономикалық тұрақты қала
Бүгінгі таңда Алматы Қазақстанның ірі экономикалық орталығы. Тұрақсыз экономикалық жағдайға қарамастан мегаполис бизнес-бастамалар үшін келешегі мол инвестициялық алаң болып қала береді.

Бүгінгі күннің өзінде еліміздің көлемінде Алматы елдегі ЖІӨ 20,9%-ын, барлық салық және салықтық емес түсімнің 32%-ын, барлық сауда операцияларының 41%-ын, еліміздегі жұмыс жасайтын халықтың шамамен 15%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. Қаланың үлесіне бөлшек және көтерме сауда тауар айналымының барлық депозиттер көлемі мен несиелерінің 40% тиесілі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының жан басына шаққандағы тиесілі жалпы өңірлік өнім 29 мың АҚШ долларын құрады. Бұл Орталық және Шығыс Еуропаның астаналары мен ірі қалаларының деңгейі. Жыл сайын адамдардың өмір сүру сапасының көрсеткіші жақсаруда, әсіресе, адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды.

Орталық Азия өңірінің ірі және барынша дамыған мегаполисі бола отырып, Алматы халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен ірі компаниялар өкілдерінің орналасқан орталығына айналды. Халықаралық ынтымақтастық үшін Еуразиялық экономикалық одақ және дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық үшін едәуір мүмкіндік беріліп отыр.

Халықаралық зерттеулердің көрсеткеніндей, бүгінгі таңда планетаның тұрғындарының жартысы қалаларда тұрады. 2030 жылға таяу қала халқының үлесі 60% немесе 5 млрд. адамды құрайды. Қала – әлемдік экономикалық өсудің және өнімділіктің негізгі двигателі. Нақ осы қалалар ірі ресурстарды тұтынушылар және ауаға бөлініп шығатын газдардың көздері болып табылады. Сондықтан планета тұрғындары көпшілігінің әл-ауқаты қалалардың дамуына байланысты болады.

Ғаламдық контексті және дамудың қазіргі заманғы тенденцияларын ескерсек Алматының негізгі міндеті – қалалықтар үшін өмір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болып алдағы уақытта да қала беру. Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында алға қойған 2050 жылға таяу әлемнің айрықша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі ауқымды мақсаттарына қол жеткізудің өзекті факторы болуы тиіс.

Жалпы 2020 жылға дейін Алматы негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң серпінді сақтайды (ІӨӨ, бюджет кірістері, сауда, халықтың жұмыспен қамтылуы, депозиттер және кредиттер мөлшері) және ел экономикасына елеулі үлесін қамтамасыз етуді жалғастырады.

Өсудің локомотивтері болып дәстүрлі салалар болады, атап айтсақ өндіріс, шағын және орта бизнес, азық-түлік секторы, сауда және жаңа туризм, көлік және логистика, инновация секілді жаңа перспективалар.


Мақсат. 3.4.1.1. Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету



Нысаналы индикаторлар

Бірл. өлш.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орынд.




2

3







4

5

6

7

8

9

1

Жалпы өңірлік өнімнің физикалық көлемінің индексі

%

107,2

102,5

102,5

104,0

104,0

104,5

105,0

ЭБЖБ

2

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ


мың теңге/ адам.

5250,0

5217,0

5696,3

6244,8

6879,1

7591,7

7889,7

ЭБЖБ

3

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны



%

118,1

115,0

104,0

105,0

107,0

106,5

106,0

ЭБЖБ

* болжам

Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Көтерме және бөлшек сауда көлемін ұлғайту;

  • Қала инфрақұрылымын, оның ішінде туристік және инновациялық құрамдарды дамыту.


3.4.1. Дәстүрлі секторлардың тұрақты өсуі
3.4.1.1. Өнеркәсіп
Өнеркәсіп дамуында қосылған құн салығы жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өндірістерді құруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстандық қамту үлесі 80%-ға дейін артады.

Еңбек өнімділігінің өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін технологиялар трансферті есебінен кәсіпорындардың инновациялық құрамдас бөліктерін арттыру, түбегейлі жаңа, экологиялық жағынан таза өндірістерді құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілетін болады. Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі қызмет ететін кәсіпорындар санының 15%-на дейін артуы тиіс.

Индустриялық-инновациялық дамудың негізгі өсу резервтерінің ірі Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ болып табылады. Индустриялық аймақта 430 млрд. теңге инвестициялардың жалпы көлемімен, сонымен бірге 12 мың жұмыс орнын құрумен және 174 млрд. теңгеге өнімдерді шығарудың болжамды көлемімен 53 жаңа заманауи өндірістерді орналастыру және іске қосу қарастырылады. Индустриялық аймақтың кәсіпорындары машина жасау, тамақ, құрылыс, фармацевтика, химия, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын болады. Болашақта тартылған инвестициялардың есебінен жекеменшік индустриялық аймақтарды дамыту жоспарланып отыр.


Мақсат 3.4.2.1. Өнеркәсіптің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және энерготиімділікті арттыру




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орынд.

1

Өңдеуші өнеркәсіп өнімі шығарылы-мының нақты көлемінің

индексі


%

100,0

103,3 қаңтар-қыркүйек

101,0

102,0

103,0

104,0

105,0

КИИДБ

2

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

мың АҚШ доллары/адам




13,3 қаңтар-маусым

30,3

31,2

32,2

33,2

34,1

КИИДБ

3

Аймақ бойынша жалпы экспорттың шикізаттық емес тауарлардың экспорты көлемінің үлесі

%




9,3 қаңтар-тамыз

9

11

13

8

10

КИИДБ

4

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі

%

-

-

3,9

3,78

4,25

4,25

4,25

ЭКШБ

5

Аймақтық ішкі өнім энергия сыйымдылығы

МБТ

мың АҚШ доллары 2000 жыл



0,32

0,313

0,307

0,30

0,294

0,287

0,313

ЭКШБ


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өндірістерді құру;

  • Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесін және технологиялар трансфертін арттыру;

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан аймақтарды жаңғырту, көне өнімдерді жаңа экологиялық таза өнімдерге ауыстыру;

  • Қосылған құны жоғары өнім өндіруге арналған нысандарды пайдалануға беру;

  • Алматы қаласының Индустриалды аймағында 403 млрд. теңгеге 12 мың жұмыс орындарын құру арқылы 53 жаңа заманауи өндірістерді орналастыру, жылына 174 млрд. теңгенің өнімдерін шығару және жылдық 19 млрд. теңге салық жинау;

  • АҚ «ҰБФ «Самрұқ-Қазына», АҚ «ҰК «Астана ЭКСПО-2017» құрамына енетін Ұлттық компанияларды сатып алуда олардың үлесін көбейту және жергілікті мазмұндағы товарларды жеткізу бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарды, шарттар мен келісім шарттарды жасау және созу.

  • Оффтэйк келісімді жасауда ірі жүйеқұрушы кәсіпорындар айналасында ықпал көрсету арқылы аралас өнеркәсіптерді құру үшін қолданыстағы шағын және орта кәсіпорындар шығаратын өнімдер тізбесін көбейту және қалыптастыру бойынша қаланың ірі жүйеқұрушы кәсіпорындарымен жұмыс жүргізу.

  • Энергия тиімділігін көтеру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шешімдерді орындау;

  • Дәстүрлі емес, жаңартылатын және қосалқы қуатқорларды дамыту және пайдалану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет