Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



бет10/18
Дата09.06.2016
өлшемі5.86 Mb.
#124120
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

2.1.4.3. Жолдар мен көлік


Көлік саны мен жолаушылар легі

2010 және 2014 жылдар аралығында Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдау мен қаланың автокөлік парктерінің қарқынды өсуі байқалды.



2.1.4.3.1. Сурет. Алматы қаласындағы жолаушы тасымалдау мен автокөлік парктерінің қарқыны7

Дерек көзі: «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы; Алматы қаласы Статистика департаменті; Жолаушылар көлігі басқармасының деректері; жұмыс тобының талдамасы

Есепті кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау 20%-ға, яғни орташа жылдық өсудің 5% деңгейіне (CAGR) қатысты жылына 10,5-тен 12,6 млрд. жолаушыға өсті. Қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалдаудың орташа жылдық өсімі - 7%, жеке көлік 4% құрады.

Жеке көліктегі жолаушылар тасымалының ұлғаюының негізгі себебі жеке көліктің санының жыл сайын өсуі (4%) болып табылады. Ол 18% ұлғайып, 2014 жылы көліктің 796 мың бірлік деңгейіне жетті, ал жыл сайынғы негізде қалаға келетін маятникті көліктің саны (10%) өсті.

Нәтижесінде қаладағы автопарктердің өсуінен жолдардағы көлік тығыздығының жыл сайын ұлғаюы (2%) болады. Берілген көрсеткіштер бойынша Алматы салыстырылып отырған қалалардың көрсеткіштеріне жетті немесе одан асты.

2.1.4.3.2. Сурет. Жолдардағы көлік тығыздығының талдауы

Дерек көзі: Жолаушылар көлігі басқармасы; қаланың статистикалық агенттігі

Жолдардағы көліктер тығыздығының ұлғаюы қаладағы халықтардың өсуімен бір мезгілде жүрді. Сондықтан Алматының халқын көлікпен қамтамасыз ету деңгейі 2010-2014 жылдары сәл алға шығып, 1000 тұрғынға 350 автокөліктен тиді. Аталған деңгей Будапешт және Куала-Лумпур секілді қалалардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Қозғалыстың орташа жылдамдығы

Көлік жүйесінің тиімді жүргізілуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жоспарының деректеріне сәйкес Алматы қаласындағы қозғалыстың ағымдағы орташа жылдамдығы кептеліс кезінде 19 км/сағатты құрайды. Бұл салыстырылып отырған қалалардан төмен.



2.1.4.3.3. Сурет. Кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы


Дерек көзі: «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы; Көлік холдингі; қалалардың статистикалық агенттіктері

Жұмыс тобының талдауына сәйкес көлік санының жылына 4% өсуінен (ағымдағы жол инфрақұрылымдарының құрылыс қарқынына қатысты) келесі 5-7 жылда қозғалыстың орташа жылдамдығының 20% төмендеуі күтіледі. Көрсетілген болжамдарды ескере отырып, 2020 жылға қарай қозғалыс жылдамдығы 15 км/сағатқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан қалаға көлік тығыздығын төмендетуге бағытталған шараларды қарастыру қажет.



Қоғамдық көлік

Соңғы жылдары қала қазірдің өзінде көрнекті нәтижеге ие көлік инфрақұрылымдарын дамытудың бірқатар жобаларын іске асырды. Төменде 2010-2014 жылдардағы қоғамдық көліктегі маңызды инвестициялық жобалар ұсынылды:



  • Метрополитеннің бірінші желісінің негізгі бөлігінің құрылысын аяқтау;

  • Компримирленген газбен жұмыс істейтін 600 автобусты сатып алу;

  • 195 замауи және энерготиімді троллейбустарды сатып алу;

  • Компримирленген газбен жұмыс жасайтын 400 таксиді сатып алу;

  • 3 коммуналды автобус паркінің құрылысы;

  • Моторсыз көлікке арналған инфрақұрылымды ішінара жаңғырту мен қайта жасау.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру қоғамдық көлік қызметінің, соның ішінде жасалған инвестициялар бағыттарының сапасын жақсартуға мүмкіндік берді:

  • Метрополитен құрылысы – жылына 68 млн. жолаушы/км.;

  • Компримирленген газбен жұмыс істейтін автобустарды сатып алу – жылына 1 млрд. жолаушы/ км.;

  • Заманауи және энерготиімді троллейбустарды сатып алу – жылына 190 млн. жолаушы/км.;

  • Компримирленген газбен жұмыс істейтін таксилерді сатып алу – жылына 80 млн. жолаушы/км.

Жаңғырту бойынша жобалардың нәтижесінде қоғамдық көлік паркінің мөлшері 13% ұлғайды, төменгі эмиссия деңгейі бар көліктің үлесі 2014 жылы 50% құрады. Сонымен қатар, жалпы жолаушылар тасымалдаудағы қоғамдық көліктің үлесі 7% өсті (2010 жыл 25%-дан 2014 жылы 32%-ға дейін). Дегенмен, аталған көрсеткіш салыстырылып отырған қалалардың көрсеткішінен төмен: Москва – 66%, Варшава – 49%, Торонто – 46%.
2.1.4.3.1 кесте. Қоғамдық көлік автопаркінің құрылымы




Өлшем бірлік

2010

2011

2012

2013

2014

Қоғамдық көліктің саны

бірлік

1 564

1 606

1 697

1 610

1 740

оның ішінде:



















Автобустар

бірлік

1 327

1 460

1 535

1 347

1 501

Троллейбустар

бірлік

191

113

136

239

215

Трамвайлар

бірлік

46

26

19

17

17

Метрополитен

бірлік

-

7

7

7

7

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті

Қоғамдық көлік жобаларының инвестициялық тартымдылығы

Көлік жүйесін әрі қарай дамыту және жоспарланған жобаларды іске асыру мақсатында жеке инвесторларды тарту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуін талап етеді. Жеке инвесторлар үшін саланың тартымдылығын көтеру шараларының бірі жобалардың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық көліктегі ағымдағы тарифтер салыстырылып отырған қалалардың деңгейіне қатысты төменгі деңгейде және көп мәрте қолдануға болатын билеттерді ынталандыру тетіктеріне мүлдем жоламайды:

2.1.4.3.4. Сурет. Қоғамдық көліктегі жол жүрудің тарифтері

Дерек көзі: қалалардың статистикалық агенттіктері; қалалардың көлік басқармаларының сайттары, Алматы қаласы Статистика департаменті

Жоғарыда аталған салыстырулардан шыға отырып, көлік шығынының үлесі Алматының үй шаруашылығындағы шығындардың жалпы құрылымында 7% құрайды. Онда салыстырылып отырған қалалардың бұл көрсеткіші өңірде 9,8% немесе Алматы қаласы бойынша 40% жоғары.

Субсидиялаудың болмауы және тарифтер деңгейінің төмендеуі жеке инвесторлар үшін қоғамдық көлік жобаларының тартымдылығын төмендетеді.



Билет беру жүйесі

Қоғамдық көлік нысандары (600 автобус, трамвай, троллейбус, және метрополитен) валидаторларды және жол жүру ақысын жинаудың басқа құрылғыларын қолданады. Қоғамдық көліктің басқа нысандарында жол жүру ақысын жинауды кондукторлар жүргізеді.

Қоғамдық көлік жұмысының ағымдағы сызбасы кезінде жолаушыларды билетпен қамтамасыз етудің төмен болу мәселесі анықталып отыр. Аталған құбылыстың бағасы өзгермелі, бірақ жеке бағалар бойынша билеттенбеген жолаушылардың үлесі билеттер санынан 3 есе асып түседі. Аталған жағдай жолаушыларды тасымалдауды дұрыс бағалауға және бюджетке түсетін сомманы шектеуге мүмкіндік бермейді.

2015 жылдың соңына қарай, электронды билеттендіру жүйесін енгізу жоспарлануда. Аталған жоба қоғамдық көліктегі ақша айналымын бекітуге және көлеңкелі ақша айналымының деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаның құны 2,3 млрд. теңгені құрайды.



Көліктік модельдеу

Қаланың көлік жүйесін жақсарту бойынша іс-шараларды өткізуді бағалау және жолдардың тығыздылық деңгейін төмендету мақсатында көлік қозғалысын кешенді зерттеуді өткізу қажет. Аталған бағалау көлікті модельдеу бағдарламасымен жүргізіледі.

Тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынып, кейін Көлік холдингіне тапсырылды. 2015 жылғы қазандағы жағдай бойынша көлік моделі толық деңгейде іске қосылмады, әлі іске қосылу үдерісінде тұр. 2016 жылы көліктердің келу модельденуі мен транспорттардың келу көрсеткіштерін есептеу үшін бағдарламаларды пайдалану жоспарлануда.
Велокөлік
Ірі қалаларда велосипед көлігін дамыту жол жүктемесін төмендету және тұрақты көлік түрлерін дамыту бойынша кең таралған шара болып табылады. Велокөлікті дамыту процесінде негізгі фактор велосипед инфрақұрылымының бар болуы (веложолдар, велотұрақтар және велосипедті жалға беру) маңызды болып саналады.

Алматы қаласының орталық бөлігіндегі веложолдардың жалпы ұзындығы 2,5 км құрайды. Бұдан басқа, веложолдар Момышұлы көшесінің бойында (10,8 км), Рысқұлов даңғылы (2,7 км), Ақын Сара көшесі (2,7 км) және Үлкен Алматы каналының (5,2 км) бойындағы жолдарда бар. Веложолдардың бұл саны (23,9 км) қазіргі кездегі қала аумағы (682 км2) үшін көп емес және веложолдармен қамту деңгейінен төмен екенін көрсетеді.



Сурет 2.1.4.3.5. Веложолдардың жалпы ұзындығы және қамтылуы

Дерек көзі: баспасөз шолуы, сарапшылармен сұхбат

Велосипед инфрақұрылымының басқа да маңызды құрамдас бөлігі велотұрақтардың бар болуы болып есептеледі. Қаланың аумағында велотұрақтар әкімдік, бизнес құрылымдары және қоғамдық ұйымдардың күшімен орнатылады.

2014 жылы қаланың аумағында жалпы сыйымдылығы 700-900 орын болатын шамамен 120 велотұрақ орналасты. Велотұрақтардың бұл саны велокөлікті дамытуды шектейді, өйткені қаланың көлемінде велокөлікті дамытудың ағымдағы жоспары кезінде жеткіліксіз болып табылады, бұл салыстырмалы түрде басқа қалалардағы велотұрақтармен қамту дейңгейін қарау кезінде байқалады.



Сурет 2.1.4.3.6. Велотұрақтардың саны және қамтылуы

Дерек көзі: қалалар муниципалитеттерінің сайттары, сарапшылармен сұхбат

Велокөлікті дамытудағы үшінші фактор велосипедті жалға беру жүйесін дамыту болып саналады. Қалада біріккен велосипедті жалға беру жүйесіне қосылмаған жалға беру пункттері жұмыс істеуде. 2014 жылы қалада 30 велосипедке арналған велосипедті жалға берудің 2 стансасын орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Велокөлікті одан әрі насихаттау үшін қаланың ішінде ауқымды тұйық желіні құруға мүмкіндік беретін, велосипедті жалға беру стансасының қажетті мөлшерін қалыптастыру қажет.

Велосипедті жалға берудің дамыған желісінің мысалы ретінде Будапешт пен Мәскеуді атап өтуге болады, ол жерлерде тиісінше 100 және 300 велосипедті жалға беру стансалары жұмыс істеп тұр. Ауқымды желілерді қалыптастыру велосипедті жалға берудің қызығушылығын арттырады.

Велокөлікті дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жалпы жолаушылар ағысында велокөліктің қомақты үлесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сурет 2.1.4.3.7 Жолаушылар ағынында велокөліктің үлесі

Дерек көзі: баспасөз шолуы, муниципалитеттердің сайттары, сарапшылармен сұхбат



Тұрақтар

2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында төмендегідей тұрақтарды ұйымдастыруға рұқсат берілген:



  • сыйымдылығы 3 200 машина орны бар, 190 көшелік тұрақтар. 2015 жылғы маусымдағы жағдаймен жұмыс істеп тұрған тұрақтар саны шамаман 80 құрайды, қалған тұрақ аймақтары ұйымдастыру процесінде болған;

  • 4 компания басқаратын 6 алаңдық үлгідегі тұрақ.

Жоғарыда аталған тұрақ аймақтарынан басқа қалада сондай-ақ ақыны «өз еркімен» жүргізетін шамамен 70 тұрақ аймағы жұмыс істейді8.

Нәтижесінде ресми тіркелген тұрақ орындарының саны шамамен 3000 (қалалық автопарктің 0,3% қамтылуы), салыстырып отырған қалалардағы көрсеткіштерден анағұрлым төмен.



Сурет 2.1.4.3.8 Көшедегі тұрақ орындарының саны

Дерек көзі: Еуропаның тұрақ қауымдастығы, қалалардың көлік департаменттері

Тұраққа төлемді операторлар алады, күндізгі уақытта 100 теңгеге дейін барады. Бұл ретте, тұрақ аймақтарының баға саясатында тұрақ аймағының орналасқан жеріне қатысты тұрақ тарифін саралау жоқ. Төлемді саралау жүйесі салыстырып отырған қалаларда кең таралған тәжірибе болып есептеледі, ол жерлерде тұрақ аймағының орналасқан жеріне қатысты ең төмен және ең жоғары тариф арасындағы айырмашылық 3 есеге дейін құрауы мүмкін.

Сурет 2.1.4.3.9 Көшелік үлгідегі тұрақ үшін төлем

Дерек көзі: Еуропаның тұрақ ассоциациясы, қалалардың көлік департаменттері

Тұрақ аймақтарының қызметі нәтижесінде қаланың бюджетіне 2014 жылы 7 млн. теңге түскен (тұрақ аймақтары операторларының бір бөлігі бюджетке аударым жүргізбеген), бұл салыстырып отырған қалалардағы бюджеттік кіріс деңгейінен 25 есеге аз. Осылайша, қала көлік секторындағы жобаларды қаржыландыру үшін қосымша кіріс көзін қамтамасыз ету мүмкіндігін жіберіп отыр.

Сурет 2.1.4.3.10 Ақылы тұрақтардан түсетін кіріс

Дерек көзі: Еуропаның тұрақ ассоциациясы, қалалардың көлік департаменттері

Қазіргі уақытта бар тұрақ орындарының саны және әрекет ету жолы кезінде бюджетке түсетін кіріс жылына 300 млн. теңгеден артпайды, бұл бір тұрақ орнынан 731 мың теңгемен тең болады. Ірі еуропа қалаларындағы орташа кірістен 30% төмен2.

Қала билігінің шешімімен бірыңғай операторды анықтағанға және төлемді алу тетігін әзірлегенге дейін тұрақтардан ақы алу тоқтатылды.



Күшті жақтары:

- салыстырмалы түрде дамыған көлік инфрақұрылымы.


Әлсіз жақтары:

- қоғамдық көлік қызметтерінің төменгі сапасы (бағыттардың жүйесіздігі, жылжымалы құрам мен жүргізушілердің жетіспеуі, сондай-ақ Жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерін бұзу);

- көлік тығындары және қалаға сырттан кіретін көлік санының көптігі.

Мүмкіндіктер:

- қалаға кіретін негізгі бағыттарда автовокзалдар мен автостансалар салу;

- көлік бағыты карта/сызбаларын орнату, дәл сол уақытқа режиміндегі қоғамдық көліктің кестесі бар электрондық ақпараттық табло, бейне бақылау камераларын орнату.

Қауіп-қатерлер:

- Алматы қаласында ластаушы заттардың, мысалы шаң, көміртек тотығы, тотық және азот тотығы, фенол, формальдегид сияқты заттар шығарындыларының шекті жол берілетін нормасының айтарлықтай өсуі ауру түрлерінің артуына және экологиялық ахуалдың нашарлауына ықпал етеді;

- көлік санының артуы.

Түйткілді мәселелер:

- тұрақ орындарын ұйымдастырудағы пысықталмаған нормативтік құқықтық база.



Автожолдар

Ұзындығы және қамтылуы

Қаланың жол қоры толығымен муниципалитеттің меншігінде. 2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында жол қоры орташа есеппен жылына 0,3%-ға өсті және 1%-ға артты (жаңадан қосылған аумақтарды есептемегенде).




Кесте 2.1.4.3.2 Алматы қаласының жол қорының ұзындығы




Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Автожолдардың ұзындығы

км

1 700

1 714

2 299

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі

%

37

41

43

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті

Автожолдардың ұзындығын арттыру бойынша ағымдағы шараларға қарамастан, Алматы автожолдармен қамту дейңгейі және қала аумағындағы автожолдардың тығыздығы бойынша салыстырып отырған қалалардан артта қалады.



Сурет 2.1.4.3.11 Автожолдардың тығыздығы және жол жабындыларымен қамту

Дерек көзі: баспасөзге шолу, жұмыс тобының талдауы



Жол төсенішінің сапасы

Қолда бар мәліметтер бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдай- дағы автомобиль жолдары 37%-дан 43%-ға дейін өскен. Бұл ретте, анағұрлым толық мағлұмат беретін, қаладағы автожолдардың ұзындығы, қамтылуы және жағдайына нақты түгендеу жүргізу тек қана 2016 жылдың ортасына қарай аяқталады.

Автожолдар қорының жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын жаңадан жолдар салынады және бұрыннан бар жолдар жөндеуден өтеді. 2012 - 2014 жылдар аралығында жаңадан 32,4 км жол салынған, 26 км болатын магистралды көше созылған, 6,5 км жол күрделі жөндеуден өткен, 517,4 км жолға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ, жөндеу жұмыстарының бірыңғай тізілімі және қаланың аумағындағы жолдардың картасы жоқ екені байқалады.

Кесте 2.1.4.3.3. Автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының көлемі




Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Салу

км

22,9

7,9

1,6

Магистралды көшелерді созу

км

12,0

13,6

-

Күрделі жөндеу

км

1,4

1,8

3,2

Орташа және ағымдағы жөндеу

км

224,0

155,6

137,8

Дерек көзі: Алматы қаласының Автомобиль жолдары басқармасы

Көлік жолайрықтары және жаяу жүргіншілердің өтпе жолдары

2010-2014 жылдары кезеңінде көлікті өткізу қабілетін арттыру және қала магистралдарындағы көлік жүктемесін төмендету мақсатында 7 көлік жолайрығы және жаяу жүргіншілердің 70 өтпе жолы салынды.

2014 жылы қалада дүниежүзіне танымал урбанист Ян Гейлдің Алматы аумағының орталық бөлігін жайластыру жөніндегі жобасы таныстырылды, жаяу жүргіншілер аймағының құрылысын қоса алғанда. Қазіргі кезде Алматы қаласының Бас жоспарына ұсыныстар біріктірілуде.

Күшті жақтары:

- жол желілерін кеңейту, көпірлер салу, көшелерді созу және түрлі деңгейдегі көлік жолайрықтарын салу арқылы жылдамдығы жоғары қала көшелері мен қалалық маңызы бар магистралдардың бірыңғай жүйесін құруға негізделген көше-жол желілерін дамыту;



Әлсіз жақтары:

- автокөлік инфрақұрылымының едәуір бөлігі нормативтік мерзімнен артық пайдаланылуда, басқалары да сол мерзімге жақын, осыған байланысты көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдай нашарлайды.



Мүмкіндіктер:

- мемлекеттік - жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту

- озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттарды енгізу.

Қауіп-қатерлер:

- пайдаланылып жүрген автожолдардың техникалық жағынан төмен өлшемдері, жолдардағы апат және өлім жағдайларының көп болуы, қалалық маңызы бар автомобиль жолдары дамуының төмен деңгейі.



Түйткілді мәселелер:

Жолайрықтарын салуда түйткілді мәселе құрылыстан тиімділікті анықтау болып табылады. Тиімділікті есептеуде көлік ағысын модельдеу бағдарламасының болмауы қиындатады. Нәтижесінде көлік жолайрықтары салынған учаскелердегі өткізу қабілетін жақсарту бойынша мәліметтер жоқ. Жұмысқа көлік моделін 2016 жылы енгізу кезінде қаланың жолайрықтары бар учаскелеріндегі өткізу қабілетін жақсарту нәтижелеріне талдау жасау үшін базасы (дерекқоры) болады.



2.1.5. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Алматы қаласының инженерлік инфрақұрылымы энергетикалық кешенінен, сумен қамту және суды ағызу жүйелерінен, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықтан тұрады .



Электр энергетикасы

Алматы қаласы бойынша электр энергиясының нарығы - «АлЭС» АҚ энергия көздерінен алынатын электр қуатынан және Жамбыл ГРЭС-і және Павлодар-Экібастұз ГРЭС-і энергия торабынан (шамамен 30%) сатып алынатын электр қуаты есебінен құралады.

Электр қуатын импорттаудың едәуір үлесі барын және экономиканың және тұрғындар санының өсуі есебінен бұдан әрі оны тұтынудың артуын да ескере отырып, өңірлік жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын қысқартуға ерекше көңіл бөлу керек.

Энергия сыйымдылығының көрсеткішін азайту үшін энергия тиімділігін салыстырып отырған қалалар деңгейіне дейін (5-6%) арттыру қажет.

Қаланы орталықтандырылған электрмен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайды.

Қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесі тозығы жеткен және шығынды көп әкелетін деңгеймен сипатталады. Республикалық құрылымда Алматы қаласы электр желілерінің тозуының көрсеткіші, Алматы және Павлодар облыстарынан кейін, жоғары деңгейде болып есептеледі.

Қалалық электр желілерінің тозуының көрсеткіші жүйені ауқымды көлемде жаңғырту қажет екенін көрсетіп отыр. Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі соңғы 5 жылда едәуір артты. Аталған кезеңде жалпы сомасы 18 млрд. астам теңгеге 500 километрдей электр желісі қайта жаңғыртылды. Электрмен жабдықтаудың жаңғыртылған желілерінің үлесі 15,3% -ды құрайды. Бұл электр желілеріндегі шығын деңгейін төмендетуге алып келді (2012 жылғы 17%-дан 2014 жылғы 15%-ға), инфрақұрылымның қатты тозуына қарамастан (2012-2014 жылдары 70%). Сонымен бірге, шығын деңгейі салыстырып отырған қалалардан (Мәскеу, Варшава) 5%-ға жоғары.

Сурет 2.1.5.1. Электр желілерінің көрсеткіштері

1 ВЛ-6-10 кВ, ВЛ-0,38 кВ, КЛ-6-10 кВ, КЛ-0,38 кВ бойынша орташа мәні

Дерек көзі: Энергетика және КШ басқармасы

Электр энергиясын тұтынудың құрылысы, негізгі тұтынушы өнәркәсіп кәсіпорындары – 33%, жеке тұлғалар – 29%, бюджеттік ұйымдар – 13% және өзге де тұтынушылар – 25% екенін көрсетіп отыр.



Сурет 2.1.5.2. Электр энергиясын тұтыну

Дерек көзі: Энергетика және КШ басқармасы



1-3 ЖЭО-ның техникалық жабдықтарына жасалған талдау 1-ЖЭО және 3-ЖЭО жабдықтары өз ресурсын пайдалануды аяқтауға жақын қалғанын және жаңғырту қажет екенін көрсетті:

- 1960-72 жылдары іске қосылған 1-ЖЭО-ның барлық 6 қазандығы және 3 турбинаның 2-і 200 000 Вт. астам өнім өндірген;

- 1980-81 жылдары іске қосылған 2-ЖЭО-ның 6 турбинасының 2-і 200 000 Вт. астам өнім өндірген;

- 1962-65 жылдары іске қосылған 3-ЖЭО-ның барлық 6 қазандығы және 4 турбинасы 200 000 Вт. астам өнім өндірген.

2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын дамытудың Шеберлік жоспарына сәйкес 2015 жылы 1-ЖЭО-ның 1 турбинасының жұмысын тоқтатып, жабдығын ауыстыру жоспарланған, ол орындалмады.

Кесте № 2.1.5.1. Электр энергиясын өндіру, мың кВт/сағ.

Энергия көзі

2012

2013

2014

1- ЖЭО

433 425

386 554

383 778

2- ЖЭО

2 549140

2 555 682

2 603 154

3- ЖЭО

1 028 898

1 087 296

1 052 923

Каскад ГЭС

209 578

190 274

157 368

Қапшағай ГЭС-і

1 090242

1 008 608

838 433

«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы

5 311 283

5 228 414

5 035 656

Дерек көзі: Энергетика және КШ басқармасы

Жылумен жабдықтау

Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесі қаланың инженерлік инфрақұрылымының ең күрделі жүйесі болып есептеледі. Қаладағы жылуды өндіретін негізгі көз көмір болып отыр. Мысалы, 1 - ЖЭО-да көмірдің үлесі 23%-ға жетеді, 2- ЖЭО-да – 100%, ал 3- ЖЭО-да – 99%. Жалпы, 2014 жылғы мәлімет бойынша қатты және сұйық отыннан жылу өндіру 70%-ды құрайды.



Сурет 2.1.5.3. ЖЭО және қазандықтарда қатты және сұйық отыннан жылу өндіру

1 Включает 30 объектов здравоохранения и 63 образования присоединенных территорй

2 Категория относится к «ветхому строению».

Дерек көзі: Энергетика және КШ басқармасы

«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС балансында 72 қазандық бар: оның 64-і газбен жабдықталған, ал 8-і қатты және сұйық отынды қолданады (оның 6-уы бойынша газдандыру жұмыстары жүргізілуде). Бұл ретте, қосылған аумақтардағы кенттерді қоса алғанда, қалада білім және денсаулық сақтау объектілерінің 93 автономиялық қазандығы орналасқан (денсаулық сақтау саласының 30 объектісі және білім беру саласының 63 объектісі), оның 52%-ы қатты және сұйық отын есебінен жылытылады.

Жалпы көлемнен жылу энергиясының 98% (5 579 602 Гкал, 2014 жыл) ең ірі энергия көздері «АлЭС» АҚ кіретін 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және БЖК-дан өндіріледі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша жылу желісінің жалпы ұзындығы 1150 километрді құрайды. 2006 - 2014 жылдардың аралығында 125,2 километр жылу желісі қайта жаңғыртылды.

Қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуі қалыпты деңгейде, біртіндеп артуда (2010 жылы 74%, 2012 жылы 77% және 2014 жылы 77%). Бұл ретте, мәліметтерге орталықтандырылған жылуы жоқ және кішігірім автономиялы қазандықтар жұмыс істеп тұрған, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Қазіргі кезде Наурызбай ауданы аумағындағы автономиялық қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңғыртудың жоспары пысықталуда.

Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі төменгі деңгейде, ол жылу желілерінің тозуын арттыруға алып келеді. Өз кезегінде тозу деңгейінің жоғары болуы мыналарға алып келеді:

- желілердің апатының өсуі жылына 3%-ға;

- жоғары шығын деңгейіне (27%), бұл көрсеткіш салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары.
Сурет 2.1.5.4. Жылу желілерінің көрсеткіштері

Дерек көзі: Энергетика және КШ басқармасы

Егер 2012 жылы жылу желілеріндегі бүліну жағдайлары шамамен 2185 рет тіркелсе, 2014 жылы - 2484 жағдай. Бұл жылу желілерінің тозуы 62%-дан 65%-ға дейін артуымен байланысты. Шығын деңгейі 1%-ға ғана төмендеп, бұл салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары деңгейде тұр. Бұл ретте, осы көрсеткіш республика бойынша Қарағанды облысынан кейін, ең жоғары деңгейде қалып отыр.

Кесте 2.1.5.2. Жылу энергиясын өндіру

Энергия көзі

2012

2013

2014

1- ЖЭО

1 791 822

1 416 061

1 316 824

2- ЖЭО

2 205 413

2 515 473

3 215 565

3- ЖЭО

101 766

87 774

104 067

БЖК

1 433 040

940 205

943 146

«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы

5 532 041

4 959 513

5 579 602

Дерек көзі: Энергетика және КШ басқармасы

Сумен жыбдықтау және су бұру

Алматы қаласы 4 негізгі су көзінен алынатын сумен қамтамасыз етіледі: Үлкен және Кіші Алматы өзендері (сүзгілі тазалау стансаларында тазартылып) және Алматы мен Талғардың жерасты су алатын жерлерінен су алынады.

Су құбырымен қамтамасыз етілуі деңгейі әлемдік деңгейге сәйкес келеді (Наурызбай ауданын қоспағанда). Алматы қаласының су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі (Наурызбай ауданын қоспағанда) 2010 ж. 92% , 2012 - 2014 жж. 95% құрады (жылына мөлшерімен 1%-ға өсу).

Алайда. Бұл мәліметтерге су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі 15% болатын, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Сумен жабдықтаудың аудандағы жүйесі ауыз су қажеттілігі үшін кіші өзендердің (Қарғалы, Ақсай және олардың сағасы) шикі суын, сондай-ақ құмы бар терең емес ұңғымаларды пайдаланады. Судың сапасы ГОСТ талаптарына сәйкес келе бермейді. Аудандағы қолданылып жүрген су тарататын желіні тұрғындар, құрылыстың СНжЕ талаптарын сақтамай өз бетімен салған.

Күрделі жөндеу жұмыстарын арттыру сумен жабдықтау инфрақұрылымындағы апаттарды, тозуды және шығындарды азайтуға ықпал етеді. Соңғы 4 жылда күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі 2 есеге дейін артты 2010 жылы 0,5%-дан 2014 жылы 1,1%-ға дейін. Соның арқасында жыл сайын апаттардың саны 5%-ға қысқарды.

Бұған қарамастан, шығын деңгейі салыстырып отырған қалалардан едәуір жоғары. Мысалы, 2012 жылы тозу деңгейі 71%, ал сумен жабдықтаудағы шығындар 30% құраған. Бұл көрсеткіштер 2014 жылы тиісінше 67% және 26%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығындардың негізгі көздері абоненттік желілерде (40%), иесіз желілерде (20%) және суды есептей алмау (20-40%) болғанын көрсетіп отыр.

Ағымдағы желілерді ауыстыру қадамын сақтау кезінде (1,1%) желілердің тозуы және шығыны мәселелері, келесі 60 жыл бойы сақталатын болады және мақсатты деңгейге (50% шығын) 2030 жылдарға қарай қол жеткізіледі.

Сурет 2.1.5.5. Сумен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері

Дерек көзі: ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері

Суды пайдалану 2010-2014 жылдары орташа есеппен 3%-ға қысқарған және 2014 жылы 130,2 млн. куб. м. құраған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ірі су пайдаланушы болып тұрғын үй қоры мен тамақтану қызметін көрсететін кәсіпорындар (63,05 млн. куб.м) есептеледі, электрмен жабдықтау, су және бу беру және ауамен үрлеуге (кондиционирования) негізделген кәсіпорындар (49,4 млн. куб. м), қайта өңдеумен өнәркәсібі (4,2 млн. куб. м).

Сонымен қатар, есептеуіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, ол суды үнемді пайдалануға көмектеседі. Ортақ суды есептейтін құралмен қамтылу деңгейі 71% немесе қажетті 7132 бірліктің 5076-сы. Жеке есептеуіш құралмен жабдықталуы 75,2% құрайды. Қосымша 94,9 мың құрал орнату керек.

Жалпықалалық кәріз қаладан келетін, маңайындағы демалыс аймақтарынан, бірқатар кенттерден және Талғар мен Қаскелең қалаларынан келетін сарқын суды қабылдау, ағызу және тазалауды жүзеге асырады. Суды ағызу жүйелерімен қамту деңгейі қарқынды түрде өсуде: жыл сайын 7%-ға. Бұл ретте, егер Алматы қаласында 2014 жылы қамту деңгейі 72% болса, Еуропаның Будапешт, Мәскеу және Варшава сияқты қалаларында бұл көрсеткіш 95-99% құрайды. Алайда, бұл көрсеткішке қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Наурызбай ауданындағы су ағызатын құбырдың ұзындығы 8,9 км (басқа аудандардағы жалпы ұзындықтың 6% ) құрайды.

Коммуналдық меншіктегі кәріз желілерінің ұзындығы 1 399,2 км құрайды. Жалпы ұзындығы – 1525 км. Алматы қаласында күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі салыстырып отырған қалалар деңгейінен төмен. 2012 жылы ол 0,3% құрап, 2014 жылы 0,9%-ға дейін өсті. Күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі тозған желілердің өсуін жаппайды, ол тозу деңгейінің артуын жылсайын 2%-ға арттырады. Алматыда бұл деңгей 2010 жылы 57% тең болған, 2012 жылы 59%-ға артты және 2014 жылы 63%-ға жетті. Жалпы тозу деңгейі салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары деңгейде тұр. Жоғаырда мазмұндалғандардан күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі жеткіліксіз екенін байқауға болады.

Күрделі жөндеудің ағымдағы үлесін сақтау кезінде 20 жылдан кейін тозу деңгейі 90 %-ды құрайтын болады, ол келешекте апатты жағдайларға әкеліп, су ағызатын желілердің үлкен бөлігінің істен шығуына алып келеді.

Сурет 2.1.5.6. Су бұру желілердің көрсеткіштері

Дерек көзі: ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері

Статистикалық деректер бойынша 2014 жылдың басына өткізілген судың жалпы көлемінен, билогиялық жолмен толық тазартылғаны 95,2% сарқынды су, ол 126,9 млн. куб. м. құрайды. Салалық басқарманың мәліметтері бойынша тазартылатын кәріздік сарқын судың пайызы 100% құрайды.

Газбен жабдықтау

Қалада газды таратумен айналысатын 6 кәсіпорын бар , оның ішіндегі ең ірісі «ҚазТрансГаз - Алматы» ЖШС.

Қала тұрғындарының газды тұтынуы 431,5 млн. куб. метрді құрады немесе қаладағы газды тұтынудың жалпы көлемінің 33,2%, өндірістік қажеттілктерге 820,6 млн. куб. м (63,2%) газ пайдаланылған.

Алматыдағы газбен қамтылудың деңгейі өте жоғары, тіпті халықаралық деңгей үшін де. Газбен қамтудың көрсеткіші 2010 жылы 92%-дан 2012 жылы 96%-ға және 2014 жылы 97%-ға артты, соның ішінде жеке үйлер бойынша 95%, көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 100%, бұл салыстырып отырған қалалардан 20 және одан да көп пайызға жоғары. Бұл ретте, факті бойынша жеке тұрғын үйлердің тек 65%-ы газға қосылған. Шамамен 31 мың үй газ жабдығын сатып алуға қаражаттың болмауы және оны орнату жұмыстарына ақы төлей алмауы себебінен, оның құны бағалау бойынша 300 мың теңгені құрайды, газ құбырына қосылмаған. Бұл ретте, газға қосылмаған үйлер қатты отын (көмір) есебінен жылытылып, ауаны ластауда. Тұрғын үй қорына атмосфералық жалпы шығарындылардың 4% (10,5 мың тонна) тиесілі.



Сурет 2.1.5.7. Газбаен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері

Дерек көзі: Энергетика және ТКШ басқармасының мәліметтері

Алматы қаласы бойынша табиғи газды орташа сағаттық тұтынуы 180 мың текше метр/сағатты құрайды, қысқы кезеңдегі қарбалас сағаттарда – 250-260 текше метр/сағат.

Табиғи газдың шығындары 2013 жылғы 49,9 млн. текше метрмен салыстырғанда 43,1 млн. текше метр (берілген газға 3,3%) құрады.

Қаланың тұтынушылары табиғи газбен бірге сығымдалған газды пайдаланады. 2013 жылы тұрғындарға осы отынның 102 тоннасы босатылды, 2014 жылы 45 тонна. 55,9% төмендеуі тұтынушылардың табиғи газды пайдалануына көшуіне және сығымдалған газды пайдаланушы үйлердің санының азаюына байланысты болып отыр.

Сығымдалған газдың жер астындағы газ қоймаларының (орамдық және аулалық) сыйымдылығы 2014 жылдың соңында 16 тоннаны құрады.

2015 жылдың басында қаладағы көше газ желілерінің ұзындығы 4,9 мың км. құрады. Жылдық өсу (2014 жылы 2013 жылдағымен салыстырғанда ) 5% құрады. Әуезов және Бостандық аудандарындағы газ желілері өте ұзын болып табылады. Орамішілік (ішкіаулалық) желілер 2013 жылмен салыстырғанда 120,6 километрге ұлғайды және 3161,4 километрді құрады.

2014 жылы инженерлік-коммуникациялық газ инфрақұрылымының тозуының деңгейі 37%-ды құрады, мұның өзі өткен кезеңнің осындай көрсеткішінен 1%-ға төмен.

2014 жылы 60 км газ желілері қайта жаңғыртылды.

Алматы қаласының газ жеткізу жүйесінің қуатын ұлғайту мақсатында 2015 жылы айналып өтетін газ құбырын тарта отырып, ГРС-2-нің қуатын сыртқа шығару жоспарлануда. Бүгінгі күні Алматы қаласын газбен жабдықтау саласындағы өзекті мәселе қала төңірегінде газ шеңберін жасау болып табылады. Осы шаралар табиғи газды пайдалана отырып, тұрғын үйлерді және тұруға арналмаған нысандарды газбен жабдықтауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.


2.1.5.3 кесте. 2010-2014 жылдардағы Алматы қаласы жылу және бу құбыры жүйесінің ұзындығы


Көрсеткіштері

2012

2013

2014

Екіқұбырлы шамадағы желілердің ұзындығы,км

1 275,8

1 271,6

1150,0

Оның ішінде ауыстырылғаны, км

22,3

21,7

21,8

Дерек көзі: Алматы қаласындағы статистика департаментінің мәліметтері
2.1.5.4 кесте. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығының негізгі даму көрсеткіші

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімді тұрғындардыңүлесі

%

95,1

95,09

95,12

суды әкету қызметіне қолжетімді тұрғындардың үлесі

%

64

68

72

жаңартылған желілердің жалпы ұзындықтағы үлесі













жылумен жабдықтау

%

2

2

2

сумен жабдықтау

%

6

6

6

суды әкету

%

10

10

10

газбен жабдықтау

%

-

-

-

электрмен жабдықтау

%

10

9

11

Ішкі өңірлік өнімнің қуат сыйымдылығы көрсеткіші

т.н.э.

-

0,32

0,32

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметтері
Басым жақтары:
- тұрақты отын-энергетика секторы;

- дамыған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым;



Әлсіз жақтары:
- электр, жылу, сумен жабдықтау, отын-энергетикалық секторындағы негізгі құралдардың басым бөлігінің жоғары деңгейде тозуы;

- инженерлік жүйенің 60% жуығы ұзақ мерзім бойына пайдаланылған (25 жылдан астам).



Қауіп-қауіптер:
- инженерлік инфрақұрылымның 70% (ЖЭС, аралық станция, магистральді жүйе, қазандық) өзінің пайдалану ресурсын сарқыған, сол себепті апаттық жағдайларға, атап айтқанда электр жүйелерінде, жылу, су және газ жүйелерінің жиі істен шығуына алып келуі мүмкін.

Мәселелер:

- желілерде тиісінше шығындардың орын алуы

- қосылған аумақтарда инфрақұрылымдық жүйелер ауқымының жетіспеушілігі.


Арнайы мақсаттағы жерлер

1 205,1

1,71

Басқа да аумақтар

6 575,5

9,35

Барлығы

70 340,0

100,00

Дерек көзі: Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы

2.1.6. Экология және жер ресурстары




2.1.6.1. Атмосфера жағдайы

Алматы Қазақстанның ауаның ластану деңгейі көп жылдар бойы жоғары болып келетін қалаларының қатарына жатады. Ластанудың ең жоғарғы көрсеткіші жердің табиғи және климаттық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қоршаған ортаға антропогендік әсерімен байланысты.



2.1.6.1.1 кесте. Қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын пайдалану бойынша негізгі көрсеткіштер





Өлш.

бірл.

2012

2013

2014

Стационарлық көздерден тарайтын зиянды заттардың белгіленген шығарындылар деңгейін төмендету (2009 жылмен салыстырғанда)

%

180,5

168,2

165,09

Атмосфераға стационарлы көздерден тарайтын зиянды заттар шығарындылары

мың. тонн

12,1

12,4

43,51

Су обьектілеріне сарқынды суларды ағызу

тонн

Шығарыл-майды

Шығарыл-майды

Шығарыл-майды

Қоршаған орта эмиссиясынан жергілікті бюджет кірісіне алынған қаржы мен экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың ара-қатынасы

%

33,5

52,9

56,4

Орманды молықтыру және орман өсіру аумағы

мың га

0,1983

0,1983

0,1983

Жер телімдерін саудаға ұсыну (конкурстарда, аукциондарда)

Аукциондар саны

1

1

1

Дерек көзі: «2014 жылдың алдын ала мәліметтері» Алматы қаласы Статистика департаментінің 2015 жылғы статистикалық жинағы; Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы



Атмосфераны ластау деңгейі мен көздеріне мониторинг
Атмосфера ластануының мониторингін «Қазгидромет» РМК «Алматы қаласы Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы» ЕМК қала шегіндегі 16 пунктте жүргізеді. Өлшеулі заттар, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, фенол және формальдегидтің концентрациялары өлшенеді. Атмосфералық ауаның зиянды заттармен ластануы олардың концентрациясын ШЖК-мен салыстыру арқылы бағаланады (в мг/м3, мкг/м3).

Сонымен қатар ластану деңгейі әлемдік тәжірибеде қалыптасқандай абсолюттік емес, шартты көрсеткіштермен өлшенеді (мкг/м3, ppm).

Ауаны ластануына ағымдағы мониторинг жүргізу PM2.5 және PM10 компонеттерін өлшеуді көздемейді, бұл ретте аталған компоненттер онкологиялық аурулардың пайда болуына әсер етеді.

Атмосфераны ластаудың негізгі көздеріне мына топтар жатады:



  • Көлік;

  • Энергетикалық кәсіпорындар;

  • Жеке тұрғын үйлер.

Бұл ретте ластау көздері бойынша ауаны ластаушы заттар шығарындыларының мөлшеріне мониторинг жыл сайын тек стационарлық көздерде ғана жүргізіледі. Автокөліктерден және жеке тұрғын үйлерден тарайтын шығарындылар көлемі есептелмейді және олар бойынша статистикалық мәліметтер жинақталмайды.

Нәтижесінде, атмосфералық ауа ластануына ағымдағы мониторинг деңгейі Алматы қаласындағы ауаның ластану көздері мен деңгейінің нақты көріністерін бере алмайтығын атап өтуге болады.
2010-2014 жылдардағы

Алматы қаласы атмосферасының ластану динамикасы

2010-2014 жылдар аралығындағы шығарындылар көздері бойынша атмосферасының ластану динамикасы төмендегідей болады.



2.1.6.1.1 сурет. Атмосфераның ластану көздерінің түрлерін бағалау өлшемдері, мың тонна

Дерек көзі: Алматы қаласының 2009-2018 жылдарға арналған қоршаған ортаның ластануын төмендетудің кешенді бағдарламасы, Алматы қаласы әкімдігінің 2011-2015 жылдарға арналған экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспары және жұмыс тобының талдауы


2010-2014 жылдар кезеңінде ластанудың орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 7% құрайды. Алдын ала бағалау бойынша 2014 жылы жалпы ластанудың жалпы көлемі 285 мың тоннаны құрады, оның ішінде 23111 мың. тонна (81%) көлікке, 3712мың тонна энергетикаға, 17 мың тонна басқа да көздерге тиесілі, оның ішінде жеке тұрғын үй қорының 111 мың тоннасын қоса алғанда. 2010-2014 жылдары жеке тұрғын үйлерді газбен жабдықтауға байланысты атмосфераның ластануы деңгейін төмендету тиімділігі, басқа да көздерден (өнеркәсіп орындары) тарайтын ластаушы заттар көлемінің артуы салдарынан байқалмады.

Көліктерден тарайтын ластану көлемінің артуы қаладағы автокөліктер санының жыл сайын 5% көбеюіне (2010-14 жылдар аралығында 660 мыңнан 750 мыңға дейін артуы) және автопарктегі көліктердің біртіндеп тозуымен (пайдаланылуы 7 жылдан асып кеткен көліктер 80%10 құрайды) байланысты. Энергетикадан ластанудың 2014 жылы 37 мың тоннаға дейін артуы қала аумағына 2-ЖЭО-ның қосылуымен байланысты (2014 жылы 2-ЖЭО-дан шыққан нақты шығарынды көлемі 33 мың тоннаны құрады).

Атмосфералық ауаға тараған ластаушы заттардың жалпы көлемінен стационарлық көздерден шыққаны 84,1% газ тәрізді және сұйық заттар, ал 15,9% қатты заттар құрады.

Атмосфераны ластау компоненттеріне талдау

Ластаушы заттар түрлері бойынша атмосфераны ластау құрылымы шығарындылар көздеріне шаққанда төмендегідей болады.



2.1.6.1.2 кесте. Атмосфераны ластау көздері түрлерін бағамдау өлшемі





Көлік

Энергетика

Тұрғын үй

Басқа да көздер

Барлығы:

Көміртегі оксиді (CO)

202,812

1,063

768

3,787

208,430

Азот диоксиді (NO2)

25,019

8,403

109

1,941

35,472

Күкірт диоксиді (SO2)

2,583

19,310

1,408

369

23,671

Формальдегид (CH2O)

186

.

0




186

Қатты бөлшектер (PM10)




6,009

8,128

368

14,505

Басқа да заттар




2,000




286

2,286

Барлығы:

230,601

36,785

10,413

6,751

284,550

Көміртегі оксидінің (CO), азот диоксидінің (NOx) және формальдегидтің (CH2O) негізгі көздері көліктер; күкірт диоксиді – энергетика; қатты бөлшектер – энергетика және тұрғын үй.


ШЖК-ге байланысты салыстыру және өзгеру динамикасы

Атмосфералық ауа ластануының деңгейін бағамдау үшін жылына ауа сапасының үш көрсеткіші пайдаланылады:



  • Атмосфера ластануының индексі (АЛИ) – атмосфера ластануының жиынтық индексі. Оның өлшеуі үшін ауадағы ластану заттарының ШЖК-ге бөлінген орташа концентрациясы пайдаланылады.

  • Стандартты индекс (СИ)– ШЖК - ға бөлінген концентрациялық қоспа.

  • Көбірек қайталанулар (КҚ) %-ға шаққанда – ШЖК-ге бөлінген қоспалардың өлшенуі.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейі төрт стандартты көрсеткіш СИ, КҚ және АЛИ бойынша жүзеге асырылады (4 қосымша).

Егер АЛИ, СИ и КҚ түрлі градиацияға қосылса, ауаны ластау деңгейі АЛИ бойынша бағаланады.

2014 жылы Алматы қаласының атмосфералық ауасы жоғары деңгейде ластанумен сипатталады. Ластану деңгейі 10,0-ге тең АЛИ мәнімен анықталды (жоғарғы деңгей), азот диоксидінің концентрациясы бойынша КҚ - 88,8 %-ға тең (өте жоғарғы деңгей) және СИ - 11,8-ге тең (өте жоғарғы деңгей).

Жалпы қала бойынша формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы 3,7 ШЖК құраса, азот диоксидінің – 1,9 ШЖК, басқа ластаушы заттардың құрамы ШЖК-ден аспаған (1.2 кесте).



Азот диоксидінің ең жоғарғы бір жолғы концентрациясы 11,8 ШЖК, күкірт диоксиді – 4,0 ШЖК, көміртегі оксидін - 3,6 ШЖК, азот оксидін - 2,5 ШЖК, басқа заттар - 2,4 ШЖК, фенол - 1,3 ШЖК, формальдегид - 1,1 ШЖК-ні құрады.


2.1.6.1.3 кесте. Алматы қаласының 2014 жылғы атмосфералық ауасының ластану сипаттамасы


Қоспа

Орташа концентрация (gс.с.)

Жоғарғы мөлшерлі концентрация (gм.р.)

ИЗА

мг/м3

Шектен шығу еселігі ПДКс.с.

мг/м3

Шектен шығу еселігі

ПДКм.р.

Өлшеулі заттар

0,139

0,9

1,2

2,4

0,93

Өлшеулі бөлшектер (РМ-10)

0,012




0,614







Күкірт диоксиді

0,036

0,7

1,998

4,0

0,72

Көміртегі оксиді

1,4

0,5

18,1

3,6

0,51

Азот диоксиді

0,077

1,9

1,00

11,8

2,33

Азот оксиді

0,014

0,2

1,00

2,5

0,23

Фенол

0,001

0,4

0,013

1,3

0,30

Формальдегид

0,011

3,7

0,038

1,1

5,51

Атмосфералық ауаның ластануы соңғы жылдары бірқалыпты, дегенмен әлі де жоғары болып табылады.

2008-2013 жылдары атмосфералық ластанудың индексі (АЛИ5)11 13,3-тен 11,8 дейін төмендеген (2014: 10,0 Индекстің төмендеуінің негізгі себебі ИЛА5 атмосфера ластануын төмендеті бойынша іс-шаралардың жүргізілуі. 2014 жылдан бастап АЛИ 5 есебі 5 стационарлы және 11 автоматтандырылған бекеттерінде жүргізіліп келеді.

Ластану деңгейінің жалпы төмендеуі жағдайында 2014 жылы формальдегидтің және азот диоксидінің орташа концентрациясы ШЖК нормасынан тиісінше 3,7 және 1,9 есе артқан.
2.1.6.1.2 сурет. Құрамдас бөлшектері бойынша АЛИ5 динамикасы

Дерек көзі: «Казгидромет» РГП


Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жалпы төмендеуі қаланың басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Осы бағыт бойынша 2010 по 2014 жылдары төмендегідей жобалар жүзеге асырылды:



  • 1-ЖЭО қайта жабдықталып, шамамен 85% қазандық маусымдық немесе жыл бойы табиғи газбен жұмыс істеуге ауыстырылды;

  • Жеке секторларды газбен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда;

  • 6 көлік жолайрығының құрылысы аяқталды, жолдар ұзартылып, жаңа жолдар салынды;

  • Таза экологиялық көліктердің жалпы үлесі 50% жетті;

  • Атокөліктерден шығатын улы газдар мен түтін нормасын тексеру үшін 13 экологиялық бекет ұйымдастырылды. 2014 жылы 45 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

  • Метрополитеннің 1-желісі пайдалануға берілді;

  • Қала шегіндегі жанармай құю стансаларында сатылатын жанармайдың сапасына моиторинг үнемі жүргізіліп тұрады.

  • Қаланың жасыл қорын сақтау жұмыстары жалғастырылуда: қаланың аумағында 2014 жылы шамамен 28 мың түп ағаш түрлері отырғызылды.

Сонымен қатар бағдарлама аясында жоспарланған, бірақ жайлап жүзеге асырылып келе жатқан жоспарлар да баршылық:

  • Метрополитеннің 2-желісін іске қосу;

  • Өнеркәсіп кәсіпорындарын қала сыртына шығару;

  • ҮАААЖ авто жолының аяқтау (бұл мәселе Алматы қаласы әкімдігінің құзыретінде емес және ҚР Үкіметі деңгейінде қаралуы керек);

  • 60% коммуналдық көлікті газға ауыстыру.

Қорыта айтқанда, талдау сараптамасының қорытындысы бойынша Алматы қаласының АЛИ5 деңгейінің төмендеуі, Алматы қаласының атмосферасының ластануы (2,6-дан 6,6 дейін) өскен, ШЖК деңгейі (күкірт диоксиді):
2.1.6.1.3 кесте. Атмосфера ластануының салыстырмалы талдауы

Дерек көзі: қалалық статистикалық есеп, жұмыс тобының талдауы

Берілген көрсеткіштерге қарап, Алматы қаласының атмосфералық ластану деңгейін айту қиын. Сәйкесінше, атмосфералық ластануды бағалауда экологиялық жағдай жасау қиын. Сондықтан атмосфералық ластануды жоюда лайықты өзгертулер қажет.

2.1.6.2. Қатты тұрмыстық қалдықтар

Қазіргі таңда ҚР Экологиялық кодексіне сәйке Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару мәселесі қадағаланады, ол барлық коммуналдық қалдықтардың 95% құрайды. Алматы қаласында Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру ережесі (2009 жылы бекітілген) болғанына қарамастан қауіпті, құрылыс, ірі көлемді қалдықтарды жинау, шығару және сақтау мәселесін шешу Алматы қаласында, жалпы елімізде де тиісті деңгейде емес.

Жалпы коммуналдық қалдықтар көлемі жылына 670 мың тоннаны құрайды және ол Алматы облысы аумағында орналасқан полигондарға шығарылады.

Қала тұрғындарының саны осы қарқынмен өсе берсе 2020 жылдарға қарай ҚТҚ-ның көлемі жылына 900 мың тоннаға дейін өсуі мүмкін.


2.1.6.2.1 сурет. Қатты тұрмыстық қалдықтардың болжамды өсуі

Дерек көзі: «Қазақстандағы қоқыс өңдеуді жаңартуға қажетті инвестицияның бағалауы» COWI консалтинг жобасы

Коммуналдық қалдықтардың жан басына шаққандағы ағымдағы көлемі жылына 400 кг құрайды, салыстырылып отырған қалалардың көп бөлігінен қалдық деңгейі төмен.

2.1.6.2.2 сурет. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жан басына шаққандағы көлемі

Дерек көзі: қалалар бойынша экологиялық және статистикалық есептер, жұмыс тобының сараптамасы

Қала бойынша 2014 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен жинауды 32 қоқыс шығарушы кәсіпорын жүзеге асырды. Қала бойынша тұрмыстық қалдықтарды жинауда 70% қызметті «Тәртіп» АҚ көрсетеді.

Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар қалдық түрлеріне қарай бөлектеп жиналмайды. Қалдықтарды жинау қайталама шикізаттың негізгі үш түрі бойынша жүргізіледі: пластик, шыны және қағаз. Бірқатар себептерге байланысты (қайталама шикізат нарығы дамуының төмендігі, халықты жұмылдырудың төменгі деңгейі, экономикалық ынталандырудың жоқтығы және техникамен әлсіз жабдықталуы) бұл жоба белгісіз бір мерзімге дейін тоқталды.

Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтардың құрылымы 75%-ға қалдық пайдалануға мүмкіндік береді, оның ішінде тамақ қалдықтарының қоса алғанда (25%), қағаз (14%), пластик (16%), шыны (12%), ағаш (4%) және металдар (3%) құрайды.
2.1.6.2.3 кесте. ҚТҚ морфологиялық құрылымы

Дерек көзі: қалалар бойынша экологиялық есептер, жұмыс тобының сараптамасы

Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар өңдейтін ірі кәсіпорын болмағандықтан, ҚТҚ Алматы облысы аумағындағы полигонға тасылады. Қарасай ауданында (қаладан 35 км қашықтықта) орналасқан полигон күніне 1200-1500 тонна қалдықтарды қабылдайды, ал қалған 400-500 тоннасы облыс аумағындағы шағын полигондарға тасылады.

Қалдықтарды жинау ашық тәсілде аз мөлшердегі қолмен сұрыптау арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда қалдықтардың жыл сайынғы қордаланған және жинақталған көлемін бағамдау іске асырылмай отыр. Дегенмен, Қарасай ауданында орналасқан полигондағы қалдықтардың көлеміне баға берсек 10 млн. тоннаны құрайды, ал қалдықтар көлемінің артуы 80%-дан асып түскен.

Қоқыс полигондарында қалдықтардың жиналып қалу себебі, қайталама өңдейтін ірі орындардың болмауы болып табылады. Өңдеудің ағымдағы деңгейі қадағаланбайды, бірақ сарапшылардың пікірінше 5-6 % аспайды, өнімдерді қайтадан пайдалану үшін (қағаз, пластик және т.б.) ұйымдастырылмаған қолмен сұрыптау жүзеге асырылады.
2.1.6.2.1 кесте. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі





Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлеміндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің үлесі

%

5,5

6,0

5,0

Дерек көзі: сарапшылармен сұхбат, жұмыс тобының сараптамасы
2.1.6.2.4 сурет. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің үлесі

Дерек көзі: қалалар бойынша экологиялық есептер, жұмыс тобының сараптамасы



2.1.6.2.5 сурет. Қалдықтарды кәдеге жарату түрлері

Дерек көзі: қалалар бойынша экологиялық есептер, жұмыс тобының сараптамасы


Бүгінгі таңда қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу зауыттарының құрылыстарын салу жоспарда бар:

Басым жақтары:

- Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға азаматтық қоғамның аса мүдделілігі.



Әлсіз жақтары:

- көптеген жылдар бойы ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы;

- қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің болмауы.

Қауіп - қатер:

- Алматы қаласы ауасының көліктердің көбеюі мен құрылыстардың тығыздығынан, соның ішінде тау-әуе ағынының транзит аймағы болып табылатын қаланың оңтүстік бөлігінің жоғары деңгейде ластануы.



Мәселелер:

- коммуналдық қалдықтарды жекелеп жинауда тұрғындарды экономикалық ынталандырудың жоқтығы;

- екінші шикізат нарығының аса дамымауы;

- екінші материалдық ресурстарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу көлемінің мемлекеттік статистикалық есебінің жоқтығы;

- жасыл қор көлемін арттыруға жер ресурстарының болмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет