2.1.2.2. Денсаулық сақтау
Соңғы 3 жыл ішінде озық әлемдік тәжірибеге сәйкес жүргізілген түрлендіру нәтижесінде қаланың денсаулық сақтау жүйесінде біршама ілгерілеу орын алды:
-
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамытуға баса назар аударылады. Бұл ретте мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек дамуда;
-
Ауруларды ерте кезеңінде анықтау үшін алдын ала скринингтік зерттеулер жүргізіледі (шамамен 12 скрининг түрі);
-
Медициналық қызметтердің қолжетімділігі артуда және бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілуде.
Аталған түрлендіру әлемдік денсаулық сақтауды дамыту үрдістеріне сәйкес жүргізіледі және оң нәтиже көрсетіп отыр. Мысалы, 2012-2014 жж. кезеңінде:
-
Өмір сүру ұзақтығы 3 жылға жоғарылады
-
Бала және ана өлімі 1,5 және сәйкесінше 4 есе қысқарды;
-
Жалпы ауру мен өлім жыл сайын сәйкесінше 9 және 6 пайызға азайып келеді.
Алматы қаласында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2012-2014 жылдар кезеңінде 72,8 жастан 74 жасқа дейін артқан және дамыған елдермен салыстырғанда жоғары қарқынмен өсіп келеді. Алматы қаласының көрсеткіші елдегі орташа 71 жасты құрайды және дамыған қалалардың деңгейіне жақындаған. Аталған айырмашылықты алдағы 10 жыл ішінде жоюға болады, алайда өткен жылдардағы жылдам қарқынды өсіміне байланысты болашақта өмір сүру ұзақтығының өсуінің баяулауы да мүмкін.
2.1.2.2.1 сурет. Өмір сүру ұзақтығы
Дерек көзі: Дүниежүзілік Банк, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері
Алматы қаласындағы халықтың науқастану деңгейі 2012-2014 жж. барлық топтар бойынша оң серпін көрсетті, жыл сайын көрсеткіш шамамен орта есеппен 9% қысқарған. Қан айналымы және зәр шығару жүйесінің аурулары тобында біршама азаю байқалады, мұнда көрсеткіштер сәйкесінше 12 және 16 пайызға азайған.
2.1.2.2.2 сурет. Науқастану деңгейі
Дерек көзі: Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы; жұмыс тобының талдауы
Бұл ретте кең таралған топтар бойынша науқастану көрсеткіші ел бойынша орташа деңгейден артық болып отыр, әсіресе тыныс алу мүшелерінің аурулары - 40%, қан айналымы жүйесі - 45%, ас қорыту мүшелері - 30%. Тыныс алу және қан айналымы мүшелерінің аурулары бойынша жоғары деңгей қаладағы қолайсыз экологиялық ахуалды және қауіп-қатер факторларының белсенділігін білдіреді (дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, алкоголь пайдалану және спортпен шұғылданудың шектеулі болуы).
Халықтың тұмаумен және басқа да тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен ауруы жағдайларының да азаюын айтып кетуге болады, бұл денсаулық сақтау мекемелерінде, сонымен бірге азаматтардың оқу және жұмыс жасау орындарында жүргізілетін халықты вакцинациялау жұмыстарының белсенді түрде жүргізілуімен байланысты.
Әлеуметтік аурулар серпіні де жақсарып келеді. Мысалы, туберкулездің белсенді түрлері бойынша ауру жағдайы 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 12% азайды және 100 мың адамға есептегенде 56 адамды құрады. 15-49 жас аралығындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы 0,2-0,6% шегінде 2012 жылғы 0,44%-дан, 2014 жылы 0,33% дейін төмендеген (№2.1.2.2.2 кесте).
Қалада маскүнемдік пен нашақорлық секілді ауруларды азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2013 жылы «алкоголь пайдалану салдарынан бұзылу» диагнозы қойылған адамдар саны бойынша көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 25% қысқарған және 31 мың адамды құраған. Психобелсенді заттарды қолдану салдарынан бұзылу диагнозы қойылған адамдар саны бойынша көрсеткіш 2014 жылы 24% азайып, 39 мың адамды құраған (2.1.2.2.2 кесте).
2.1.2.2.3 сурет. Негізгі өлім себептерінің сыныптары бойынша қайтыс болғандар
Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті; жұмыс тобының талдауы
2012-2014 жылдары жалпы өлім деңгейі орта есеппен жыл сайын 6 пайызға төмендеген. Өлімнің негізгі себептері бойынша көрсеткіштер деңгейі (қан айналымы және тыныс алу мүшелерінің аурулары себебінен өлім) Алматы қаласында Варшава мен Берлин секілді дамыған қалалардың деңгейінен төмен болып отыр. Аталған серпін Алматы қаласындағы халықтың орташа жасы салыстырып отырған қалалармен салыстырғанда 6-9 жасқа төмен болуымен байланысты болуы мүмкін (2014 жылы Алматы қаласында халықтың орташа жасы 37 болған, Берлинде – 43, Варшавада – 46 жасты құраған). Зейнеткерлердің үлесі біршама төмен болып отыр.
2012-2014 жылдардағы өлім деңгейі:
-
қан айналымы жүйесі ауруларынан 100 мың халыққа есептегенде 339,8-ден 161 жағдайға дейін төмендеген;
-
онкологиялық аурулардан 100 мың халыққа есептегенде 124,7-ден 109 жағдайға дейін төмендеген;
-
туберкулезден 100 мың халыққа есептегенде 7,9-дан 5,2 жағдайға дейін төмендеген.
Бұл жағдайда жаңа түзілімдер, «жазатайым жағдайлар, улану мен жарақаттану» және ас қорыту мүшелерінің аурулары себептері бойынша өлім деңгейі әлемнің барынша дамыған қалаларының көрсеткіштерінен артық болып отыр; соңғысының жыл сайын 6%-ға өсу динамикасы байқалады. Тыныс алу мүшелерінің ауруларына байланысты өлім көрсеткіштері де жоғарылап отыр, орташа жылдық өсу көрсеткіші 11% құрайды (2.1.2.2.3 кесте).
Халықтың ауру және өлім динамикасын төмендетуге ықпал ететін факторлардың бірі аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша жұмыстарды жандандыру болып табылады. Жыл сайын қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтау бойынша тексерулермен 200 мыңға жуық адам қамтылған, сүт бездері ісігі мен жатыр мойны ісігінің алдындағы ауруларды анықтауға тексерулермен 96 мың әйел адам, туберкулезді анықтауға тексерулермен – 787 мың адам қамтылған. 2014 жылы алдын ала тексерулермен 403 мың бала мен жасөспірім қамтылған. 2012 жылмен салыстырғанда балаларды қамту 26% жоғарылаған. 2012 жылдан бері әр түрлі ісік ауруарын анықтауға тұрақты профилактикалық тексерулер жүргізіледі. 2014 жылдың қорытындысы бойынша әр түрлі халық топтарында 4 млн. астам алдын ала тексерулер жүргізілген.
Стационарды алмастыратын технологиялардың дамуы да оң әсерін тигізді, бұл жұмысы мен оқуын тоқтатқысы келмейтін адамдарды емдеудің қолайлы түрі болып табылады. Мысалы, күндізгі стационарларда халықтың төсек орындарымен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға 2012 жылы 6,1-ден 2014 жылы 7,1 дейін артқан. Күндізгі стационарда емделгендердің жалпы саны 52 мың адамнан 64 мың адамға дейін көбейген.
Ана мен бала өлімі көрсеткіштері де біршама жақсарған. Сәбилер мен аналар өлімі көрсеткіштері бойынша айырмашылық дамыған қалалармен салыстырғанда 5 және сәйкесінше 2 есе азайған және елдегі орта деңгейден төмен болып отыр. Аталған оң серпін келесі шараларға байланысты болады:
-
Ана мен баланы қорғаумен айналысатын барлық қызметтердің жұмысын талдау, бағалау және қатаң мониторинг жасау;
-
Мамандарды жүйелі даярлауды ұйымдастыру және инновациялық медициналық технологиялардың білім беру орталықтарын құру;
-
Дәлелді медицина негізінде акушерлік және перинаталдық медициналық көмек стандарттары мен хаттамаларын өңдеу.
Қарастырылып отырған кезеңде сәби өлімі көрсеткіші 1 мың жаңа туған сәбиге есептегенде 16-дан 8 дейін азайды, алайда, бұл көрсеткіш салыстырылып отырған қалалар деңгейінен әлі де болса жоғары болып отыр. Бала өлімі (0-5 жас аралығында) 2012-2014 жылдары 1 мың тірі туылғандарға есептегенде 11,3-тен 7,7 дейін 1,5 есе азайды.
Ана өлімі көрсеткіштері жыл сайын 35%-ға азайып, 2010 жылы 28-ден 2012 жылы 100 мың тірі туылғандарға есептегенде 18,2 және сәйкесінше 2014 жылы 5 адамға дейін азайды. Барынша дамыған қалалармен салыстырғанда маңызды өрлеу байқалады.
2.1.2.2.4 сурет. Ана мен бала өлімі көрсеткіштері
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті; Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы
Дәрігерлермен қамтылу деңгейі мемлекет бойынша орташа көрсеткіштер екі есе жоғары және Шығыс Еуропа қалалары деңгейімен салыстыруға келеді. Төсек орындарымен қамтамасыз етілудің 10 мың адамға есептегенде 72 орыннан 55 орынға дейін кемуі жалпы дәрігерлік тәжірибе ұстанымы бойынша қызмет ететін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің енгізілуімен байланысты болды, ол ауруханаға жатқызу мен стационар жүктемелерін төмендетуге мүмкіндік береді.
2.1.2.2.5 сурет. Дәрігерлермен және төсек-орындармен қамтылу
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Емханалар жүктемесінің 2011-2014 жылдары орта есеппен жыл сайын 6% төмендеуіне қарамастан бүгінгі таңда жоспарлы қуатты нақты пайдалану амбулаториялық-емхана ұйымдарының жоспарлы қуатынан 8,6 пайызға артық болып отыр.
Жүктеме жетіспеушілік байқалып отырған аудандарға жаңа емханалар салу есебінен төмендейді деп күтілуде (Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Әуезов, Жетісу аудандары). Қуаттардың қалдық жетіспеушілігін қала емханаларының жұмысының тиімділігін арттыру және жеке қызмет көрсетуді ынталандыру есебінен толықтыру ұсынылады.
2.1.2.2.6 сурет. Емханалар мен аурухана жатын орындарының жүктеме
көрсеткіштері
Д
ерек көзі: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы; жұмыс тобының талдауы
2.1.2.2.1 кесте. Өмір сүру ұзақтығы
Көрсеткіш атауы
|
2012 жылғы
|
2013 жылғы
|
2014 жылғы
|
Өмір сүру ұзақтығы, жыл
|
72,8
|
73,7
|
74,7
|
2.1.2.2.2 кесте. Халықтың науқастануы
Көрсеткіш атауы
|
2012 жылғы
|
2013 жылғы
|
2014 жылғы*
|
Халықтың жекелеген ауру түрлерімен науқастануы:
|
|
|
|
Тұмау және тыныс алу жолдарының өткір жұқпалы ауруы, оқиғалар саны, мың
|
1002,3
|
895
|
|
Белсенді туберкулезбен ауыру, 100 мың адамға оқиғалар саны
|
63,5
|
55,9
|
|
Есепте тұрған туберкулезбен ауыратын адамдар саны
|
1323
|
1230
|
|
Маскүнемдік және нашақорлық аурулары бойынша есепте тұрғандар саны, адам
|
|
|
|
Психобелсенді заттарды, опиодтер мен есірткі заттарын қолдану салдарынан бұзылу
|
50867
|
38659
|
|
Алкогольді пайдалану салдарынан бұзылу
|
41953
|
31313
|
|
15-49 жас аралығындағы жас тобында адамның иммунитет жетіспеушілігі вирусының таралуы, 0,2-0,6% шегінде, %
|
0,438
|
0,477
|
0,333
|
*барлық көрсеткіштер бойынша мәліметтер 2015 жылдың тамыз-қыркүйегінде күтіледі.
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті мәліметтері
2.1.2.2.3 кесте. Жалпы өлім көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2012 жылғы
|
2013 жылғы
|
2014 жылғы
|
Онкологиялық аурулардан өлім, 100 мың тұрғынға шаққандағы оқиғалар саны
|
125
|
118
|
109
|
Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім, 100 мың тұрғынға шаққандағы оқиғалар саны
|
339,8
|
231,8
|
161,0
|
Туберкулезден өлім, 100 мың тұрғынға шаққандағы оқиғалар саны
|
7,9
|
5,8
|
5,2
|
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті, Алматы қаласы ІІД мәліметтері
2.1.2.2.4 кесте. Ана мен бала өлімі көрсеткіштері, адам
Атауы/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Бала өлімі (0 - 5 жас аралығында), 1 мың өмірге тірі келгендер санынан оқиғалар саны
|
11,3
|
10,5
|
7,7
|
Ана өлімі, 100 мың өмірге тірі келгендер санынан оқиғалар саны
|
18,2
|
10,2
|
4,8
|
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметтері
2.1.2.2.5 кесте. Амбулаториялық-емханалық мекемелер жүктемесі
Көрсеткіштер
|
2012
|
2013
|
2014
|
Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жоспарлы қуаты (ауысымына келушілер саны),10 мың тұрғынға
|
112,4*
|
119,5*
|
116,6
|
Жоспарлы қуатты нақты пайдалану, %
|
127
|
110,3
|
125,0
|
Бір тұрғынның бір жыл ішіндегі келуі
|
7,0
|
6,8
|
7,7
|
*республикалық мекемелермен
Дерек көзі: Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері
Күшті жақтары:
- медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру үшін барлық жағдайлардың болуы;
- медициналық білім беру ұйымдарының және республикалық бейінді орталықардың болуы;
- мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарының заманауи медициналық жабдықтармен жоғары деңгейде жарақтандырылуы.
Әлсіз жақтары:
- емханалардың көпшілігінің жоғары жүктемелілігі;
-алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету ұйымдарының технологиялық медициналық жабдықтармен жеткіліксіз жарақтандырылу деңгейі;
- дәрігерлердің және орта медициналық білімі бар мамандардың тапшылығы.
Мүмкіндіктер:
- қаланың медицина саласындағы қалалық денсаулық сақтау жүйесінің өркендеуін ынталандыратын, дамыған бәсекелестік орта;
- медицина ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыру үшін пайдаланылатын халыққа ақылы қызметтер көрсетуден алынатын өсе түскен кірістер.
Қауіп-қатерлер:
-отандық медициналық жоғары оқу орындары және колледждері түлектерінің даярлығының төмен деңгейі.
Түйткілді мәселелер:
-медициналық кадрлардың тұрақтамаушылығы;
-қала халқы санының өсуінің жоғары қарқыны;
- медициналық қызметтердің сапасының жеткіліксіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |