Әкім аппаратының атқаратын қызметтері:
Тұрғын үй қатынастары мәселелерін үйлестіреді.
Аудан әкімі аппараты бөлімдерінің, Әуезов ауданының әкімінің кеңесшілері мен бас инспекторларының өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппараты бөлімдері мен қалалық құрылымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін орындауына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты, Әуезов ауданын мемлекеттік басқару органдарының еңбек, атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды ұйымдастырады.
Әкім орынбасарларының атқаратын қызметтері:
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қаланың азаматтық қорғанысы, жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен, таксимен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, Алматы қаласындағы метрополитеннің қызмет ететін желілерін пайдалану, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, оның ішінде әкімдіктердің жанынан арнайы құрылған ведомствоаралық комиссиялар арқылы құқық бұзушылықтар профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қиымылын ұйымдастыру, еңбек және жұмыспен қамту, сонымен қатар метро құрылысы мәселелерін үйлестіреді.
Көлік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қоғамдық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңнаманың, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, әділеттікті жүзеге асыру, халықаралық ынтымақтастық саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен келісілген түрде қызмет етуді және өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.
Мыналардың қызметіне басшылық етеді:
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Достарыңызбен бөлісу: |