Мазмұны бет Кіріспе Ι- кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудитінің теориялық әдістемелік негізі


«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы



бет2/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#138644
1   2   3   4   5   6   7

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы.




Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

ауытқу

сомасы

%

1

Сатудан түскен табыс ( мың теңге)

843629

2345052

1501423

1,8

2

Қысқа мерзімді активтер(мың теңге)

14209519

1195433

-13014086

-0,9

3

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны (мың теңге)

3985656

4196972

211316

0,05

4

Еңбек ақы мөлшері

166537,1

599789,0

433251,9

2,6

5

Ұзақ мерзімді активтер( мың теңге)

4225290

4168794

-38056496

-9,0

6

Қор қайтарымдылығы (1/3),теңге

0,2

0,5

0,3

1,5

7

Қор сыйымдылығы (3/1) теңге

4,7

1,8

-2,9

-0,6

8

өндірігһлген өнімнің өзіндік құны, мың теңге

563443

1630434

1067021

1,8

9

Жалпы пайда

280176

714588

434412

1,5

10

Кезең шығындары, мың теңге

296390

1022733

726343

2,4

11

Қорлар

294342

256332

-38010

0,1

12

Дебиторлық берешек

13886833

863282

-13023551

0,9

«Оңтүстік Жарық Транзит » жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің сатудан түскен ттабысы жыл басында 843629 мың теңге, жыл соңында 2345052 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 1501423 мың теңге жоғарылады. Қысқа мерзімді активтері жыл басында 14209519 мың теңге, жыл аяғында 1195433 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 13014086 мың теңгеге азайды. Негізгі құралдар 2005 жыл 3985656 мың теңге,2006 жыл 4196972 мың теңге өткен жылмен салыстырғанда 211316 мың теңгеге көбейді. Осымен жалпы пайдаға келетін болсақ 2005 жыл 280176 мың теңге,2006 жылы 714588 мың теңгеге ие болды. Өткен жылмен салыстырғанда 434412 мың теңгеге жоғарлаған, кәсіпорын қызметінің экономикалық тұрақтылығы бұл көрсеткіштердің тұрақты өсуін қажет етеді.


Кесте-2


«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң мүлік және қаржы қорларының құрамы мен құрылымын талдау.




Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқуы

1

Мүлік құны

184 34809

5364227

-13070582

2

Иммобилдік қор

4225290

4168794

-56496

3

Мүлік құны%

0,2

0,7

0,5

4

Мобилдік қор

14209519

1195433

-13014086

5

Мүлік құны%

0,7

0,2

-0,5

2

Меншікті капитал

4355439

4057861

-297578

3

Қаржылық капитал%

0,2

0,3

-0,1

4

Тартылған капитал

14079370

1306367

-12773003

5

Қаржылық капитал%

0,7

0,2

-0,5

Кестеде көрсеткендей кәсінорынның мүлік құны 13070582 мың теңгеге төмендеді. Берілген кәсіпорындарда мұндай төмендеу иммобильдік және мобильдік қордың төмендеудің әсерінен пайда болады. Мобильдік қордың төмендеуі серіктестің қызметіне кері әсерін тигізеді. Мобильдік қордың- 13014086 мың теңге үлес салмағы 0,5 пайызға төмендеді. Иммобильдік қордың үлестік қатынасы 0,5 орынға төмендеуі қаржы нәтижесінде кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл үшін жаңа құрал жабдықтарды енгізу шараларды қолға алу қажет. Меншікті капиталдың үлес салмағы 0,1 пайызға төмендеді. Айтылып отырған кәсіпорынның өзіндік капиталдың кемуі баәқалған. Тартылған капитал 12773003 мың теңгеге азайды. Үлес салмағы 0,5 пайызға төмендеді.


Кесте-3
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдау.

(«Оңтүстік Жарық Транзит » ЖШС-ң )





Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқу

Σ

%

Σ

%

Σ

%

1

Негізгі құралдардың бастапқы құны

4322400

100

4374837

100

52437

-

2

Негізгі құралдардың тозуы

97219

0,3

206074

0,4

108855

0,1

3

Негізгі құралдардың қалдық құны

4225181

0,7

4168763

0,6

-56418

-0,1

4

Тозу коэффициенті(2/1)




0,02




0,04




0,02

5

Жарамдылық коэффициенті(3/1)




0,97




0,95




-0,02

6

Нақты құн(3/баланс)




0,2




0,7




0,5

7

баланс

18434809




5364227




-13070582



Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдауда негізгі құралдардың нақты коэффициентінің кәсіпорын үшін ұтымды мәні 0,5-тен кем емес, ал негізгі құралдардың жарамдылық және тозу коэффициенті 0,5-тен кем емес болуы қажет. Біздің талдау бойынша жарамдылық коэффициенті жыл басында 0,7 жыл аяғында 0,6 мәнді көрсетті. Ал тщзу кщэффициенті 2005 жылы 0,3-ке 2006 жылы 0,4-ке ие болды.





    1. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң есепті ұымдастыру мен есеп саясаты.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңға және қаржылық есептілік халықаралық стандарттқа сәйкес есеп саясаты мен шоттар жұмыс жоспары құрастырылды.

Есеп саясаты – деп ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ішкі ережелер жүйесін айтады.

«Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есеп саясатын жүзеге асыру үшін:


  1. құрылған ұйымдар мен кәсіпорындар активтері мен міндеттемелері меншік иелері, қатысушылар мен инвесторлар, басқа да ұйымдардың активтері мен міндеттемелері тізімі жеке көрсетіледі. Ресми тіркелген ұйымның шаруашылық қызмет ешкімге де тәуелді емес және дербес жүргізілетіндігін түсінген жөн.

  2. Ұйымдар өз жұмысын ары қарай құрақты бағытта жалғастыра береді, бұлар ұйымды жоймайды, немесе өз қызметін қысқартпайды

  3. Таңдап алынып жасалған есеп саясатын бір жылдан бастап келесі жылдарда сабақтастық түрде қолдана береді.

  4. Ақшаның түсуі,немесе түспеуіне қарамастан шаруашылық қызметінің фактілері орын алған осы есепті кезеңге жатқызылып есептелінеді.

Есеп саясатын мына төмендегі талаптарды қанағаттандыруы қажет;

  1. Ұйымдардың шаруашылық өміріндегі орын алған барлық фактілерді бухгалтерлік есепке толығымен тіркеу.

  • Табыстар мен активтерге қарағанда пассивтерді көбейту жолдарын қадағалау және орынсыз шығындарды болдырмау жолдарын қадағалау(сақтық принципі)

  • әрбір айдың бірінші жұлдызына жасалынатын синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айнылыс пен қалдық сомалардың сай келушілігін, сондай-ақө бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерінің синтетикалық бас шоттардағы қалдық пен бірдей болуышылығын қадағалау(сәйкестік принципі)

Есеп саясатын нақтылы іске асырып, мұның өзін тәжірибеде басшылыққа алу үшін осы ұйымның орналасқан мекен-жайы бойынша қызмет атқаратын салық органымен мүмкін болатын айырмашылықтарда, есеп жүйесіндегі аздаған өзгерістерді және бұларды реттеудің жолдарын келістіруі қажет.

Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үшін мына төмендегідей кезеңдік шараларды орындау қажеттігін туындайды.(кезеңдік принципі)



  • есеп саясатының мақсатын,міндетін,қажеттілігін, шешімін және аналитикалық көрсеткіштер тізімін, бухгалтерлік есеп көрсету,есеп саясаты өрісінде шешім қабылдауға қажетті құжаттарды дайындау т.б.шараларды белгілеп іске асыру үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссияның құрамына тек бухгалтерлік қызмет атқарушылар ғана емес, өндірістің технологиясын жақсы білетін, қаржыландыру мен қаржы қызметін атқарушы тәжірибелі,мамандар құқықтық қызмет бөлімі және басқада бөлімдердің кәсіби деңгейі жоғары мамандары қатынастырылады. Қажет деп танылған жағдайда басқада мамандырылған сыртқы ұйымдардың мамандары да шақырылды.

  • Есеп сеясатына тән қажетті құжаттар, басқа да қабылданған шешімдер мен нормативтік құжаттар, есеп саясаты өрісіндегі объектілер тізімі, сондай-ақ шешілетін мәселелердің кезеңдік жолдары мен сабақтастығы анықталады.

  • Есеп жүргізудегі қолданылатын әдістер мен ережелер және таңдалып алынған есеп саясатының әдістерін арнайы өкілетті органдармен келісу және бұл органдарға ресми түрде хабарлаудың тәртібі бекітіледі.

Есеп саясаты жөніндегі мәлімеььер мен ақпарат негізінен қаржы есебінің маңыздылығын түсіну үшін «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қажет. Ұймдардағы есеп саясатын қалыптастыру үрдісінің негізгі мақсаты қаржы есебінің элементтері мен әдістерінің негізін ашып көрсету және салық есебі мен басқарушы есеп көрсеткіштерінің қаржылық қорытындыға әсер етушілігін тұжырымдау болып табылады. Іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп жүргізу өрісінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының негізгі элементтері төмендегі объектілер қалыптасады:

Негізгі құралдарды бағалау, қайта бағалау және тозу әдістері.

Мұнда бүтіндей тозып, жарамсыз болған негізгі құралдары қайта бағалау мен есептен шығару жөнінде қолданылатын әдістер ішінен осы ұйымға тән ыңғайлы әдісті таңдап, тәжірибеде қолдану жолы анықталады. Бухгалтерлік есеп мәліметі бойынша бастапқы құнын түгелімен өндіріске, қызмет көрсетуге жұмсап тауысқан, әйткеніменде әлі де пайдалану мүмкіндігі бар негізгі құралдарды қайта бағалау, немесе бұларды айырбастау үшін қолданылатын әдісті ашып көрсету қажет. Бағаланған негізгі құралдар сомасы тозу соманы және салық салу базасының сомасына көбейтеді. Құны жағынан түгелімен тозуға ұшыраған негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалау ушін;



  • Ағымдағы бағамен бағалау:

  • Бұларды жою жөніндегі бағалау әдістерінің бірі көрсетіледі;

Негізгі құралдарды қайта бағалап, кіріске алу үшін индекстік және тікелей бағалау әдістерінің бірі қолданылады. Қайта бағалаудың нәтижесінде құны көбейген негізгі құралдардың сомасы баланстың актив жағындағы соманы көбей тіп, мүліктер құны нақтылы мүмкіндікке қарай жаңадан бағаланады. Осылайша құны жоғарылаған негізгі құралдар қайтадан тозуға ұшырайды да, есепті кезеңдегі шығындар сомасы да көбейеді.

Негізгі құралдар объектінің құнын төмендетіп бағалаудың нәтижесінде есепті кезеңдегі шығындар сомасы азайтылып валюта баланс сомасы да азаяды. Мұның өзі салық салушылық базаға да әсер етеді.

Жалпы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептеу әдістері:


  • Бір қалыпты түзу сызықты

  • өндірістік

  • бастапқы құнын шапшаңдатып есептен шығару

  • құнын төмендетіп қалдықтау және куммулятивті әдістерден қалыптасады.

Негізгі құралдардың тозуын есептеуге арналған әдістердің қандай да болмасын есепті кезең шығарғандарын көбейтуге арналған әдістердің қандайы болмасын есепті кезең шығындарын көбейтуге(өндірістік және кезеңдік шығындар) және табыс көлемін азайту үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу резервтерін жасау есебінің әдісі,негізінен екі жолмен;



  • жөндеу жұмысы аяқталғанға дейінгі жұмсалған шығындар «болашақ кезең шығындары» шотында жинақталып,жөндеу жұмысы аяқталған соң, жинақталған мұндай шығындар жалпы шығындар есебін жүргізуші шоттарға аударылып жазылады, екінші әдәс бойынша негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындары өнімнің өзіндік құнына (тауарлар,жұмыстар,қызметтер) және кезеңдік шығындар құрамына тікелей жазылады.

Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындары резервінің қалдық самасы,осы есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге көшіру нәтижесінде жалпы шығындар сомасын көбейтіп, осы жылдағы таза табыс сомасы, басқада жылдардағы жасалған резерв сомасының есебінен азайатындығын білген жөн.

Материалдық емес активтер және бұлардың амортизациясы.

Метериалдық емес активтер және бұларды пайдалану мерзімі нақтылы объектілер бойынша тиісті нормативтік құжаттар мен осы объектілер мазмұнын жетік білетін мамандардың қатысуымен анықталады. Егер материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін нақтылы анықтау мүмкіндік болмаған жағдайда тиісті нормативтік құжаттарға сай 10 жыл мерзім белгіленеді. Материалдық емес объектілер өрісін амортизация есептеу екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады:



  • түзу сызықты бір қалыпты

  • өндірілген өнімдер көлеміне пропорционалды түрде амортизация есептеу әдіс.

Инвестицияларды бағалау әдістері мен есебі.

Бұл тарау бойынша есеп саясатын жасау үшін инвестиіцияларды бағалау:



  1. Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау үшін инвестицияларды ағымды құнымен бағалау құнды қағаздар нарығының бағасына сай тұрақты түрде инвестициялар құнын балансты реттеп отыруға негізделген.

Баланс бойынша қысқа мерзімді инвестициялар құнын реттеу кезеңінде ұйымдардың табысы мен шығындар көлеміне әсер етеді. Инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнынан ең төменгі бағамен бағалау зиянды тіркеуге негізделген. Ал құнды қағаздар курсының жоғарылауы нәтижесінде түскен табыс есепке алынбайды. Мұндай табыс инвестициялар сату кезінде ағымдағы құнның сатып алу құнынан артық болған жағдайда ғана шығындар мен табыстардың өзгеруіне әсер етеді.

  1. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау әдісі, бұларды сатып алу бағасымен және сату мен ағымдағы құнның ең төменгі дәрежесімен бағаланады. Инвестицияларды қайта бағалау әдісі мен бағалау ксепте тұрған инвестициялар құнын ағымдағы құнға келтіру мақөсатында әр кезеңде құны өзгеріске түскен жекелеген инвестициялық объектілер бойынша бағалау жүргізуге негізделген.

Тауарлы – материалдық қорларды бағалау әдістері

Іс-тәжірибеде қолданылып келе бухгалтерлік есеп ережелері мен принциптеріне қарай ұцымдар, тауарлық-материалдық құндылыұтарды бағалауына және қайта бағалауына екі әдістерді қолдануына болады.

Қорларды орташа өлшенген құнмен, ФИФО әдістерімен бағаланады.

Қорларды орташа өлшенген құнымен бағалау құндылықтардың орта бағасын есептеу арқылы сатуға түскен немесе сатуға түсетін құндылықтардың құны шығарылады. Орта құнмен бағалау барлық құндылықтар құнын, бұлардың санына бөлу әдісімен шығарылады. Фифо әдісі бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың бірінші тобының түскені бірінші сатылады немесе бұрында түскен қорлар ерте сатылады.

Сонымен қатар тауарларды бөлшек саудада бағалау үшін есепке алынған тауарларды,бұларды сатуға дейін нақтылы сатып алуға жұмсалган шығындар сомасымен есептей тұрады.

Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Өндірістік шығындар және өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін таңдап қолдану ұйымдардың технологиялық және ұйымдық құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Мұндағы әдістер өндірістік өзіндік құнды қалыптастыру мен калькуляциялау жүйесіндегі сабақтастық әрекеттерді және қолданбалы принциптерді сипаттауға арналған.

өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің көп тараған әдістеріне:


  • Процесстік

  • тапсырыстық

  • нормативтік әдістер жатады.

өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін төмендегі:

  • тікелей есептеу

  • коэффициенттік

  • аралас

  • нормативтік

  • шығындарды сомалау әдістерін қолданады

Жанама шығындарды бөліп тарату әдістеріне

  • еңбек шығындарына қарай пропорционалды бөлу

  • тікелей шығындарға қарай пропорционалды бөлу

  • өндірістік жұмысшылардың жұмсалған адам-сағатының санына қарай пропорционалды бөлу

  • бақа да әдістер жатады.

Аяқталмаған өндірісті бағалау әдістеріне

  • шығындардың тікелей баптары боынша

  • материалды шығындар құны бойынша

  • өндірістік өзіндік құнының нормативтік сомасы бойынша

  • шартты бірлік әдісі бойынша

  • басқа да әдістерді қолдануға болады.

Процестік әдіс деп шығындарды бір текті өнімдерге таратып бөлу жүйесін айтады. Көптеген өндірісті өңдеу процессінің бірнеше баптарына жатқызылған шығындарды таратуда осы әдіске жатады.

Тапсырыстық әдіс деп технологиялық мақсатқа жұмсалған мтериалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және өндірістік шығындарды нақтылы өндірілген өнімдер сомасы мен теңестіруді айтады.

Нормативтік әдіс деп жұмсалған шығындарды жіберілген материалдарды жоспарлау және нормалау жұмыстарын айтады. Нормалар негізінде шығындар жоспатлау ұйымдардың алға қойған мақсатын шешуге әсер етеді.

Жартылай фабрикатты әдіспен өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау арқылы аяқталмаған өнімдердің бағасы әрбір өнім өндіру баптар бойынша шығарылады. Жартылай фабрикатты әдіс бойынша өнім өндіруге әрбір өңдеу баптары бойынша жартылай фабрикаттардың сандық өлшемін щығаруға болады.

өндірілген өнімдердің бір өлшемін калькуляциялау әдістері өнімнің өзіндік құнын есептеу әдістемесін қолдану арқылы ажыратылады. Әрбір калькуляциялау әдісі өнімнің бір өлшемінің бағасын есептеп шығару жолының күрделігіне және алынған нәтиженің нақтылық дәрежесіне байланысты.

Өндірілген өнімнің бір өлшемін тікелей есептец әдісі арқылы шығару үшін жұмсалған шығындарды өндірілген өнімнің натурал санына бөледі.

Коэффициенттік әдіс бойынша өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын шығару үшін арнайы коэффициенттер мен бөліп тарту жөніндегі базалық есмептеу қолданылады.

Аралас әдіс нормативтік калькуляция есептеу және нормадан ауытқудың айырма есебін шығаруға негізделген.

Шығындарды сомалау әдісі арқылы өндірілген өнімншң өзіндік құнын шығару үшін жекелеген калькуляциялық нәтижелердің сомаларын деталдау,узелдеу, стадиялау бойынша анықтайды.

Жанама шығындар бөліп тарату әдісі есептелген калькуляциялардың нақтылығын және бөлінетін жанама шығындардың калькуляциялау объектілеріне тікелей жақын байланысыт екендігін қамтамасыз етуге арналған. Жанама шығындарды нақты және дұрыс тарату үшін, бөліп таратудың алғашқы базасы қабылданады. Сондай-ақ қабылданған тарату базасы өндірістік үрдістің типіне және шығарылатын өнімдердің түрлеріне байланысты болаы.

Аяқталмаған өндіріс көлемін бағалау әдісін қолдану арқылы өндірістік типті, есеп жүргізу әрекеттерінің жеңіл жолдарын, еңбек шығындарын қысқарту және оперативтік жедел ақпараттар алуға, сондайөақ жалпы жұмсалған шығындар көлеміндегі аяқталмаған өндірістің дәрежесі мен көлемін анықтауға болады.

Жоғарыда айтылған өндірістік шығындарды өз объектілеріне қарай бөліп тарату және өндірілген өнімдердің бір өлшемінің калькуляциясын шығару жөніндегі қолданбалы әр түрлі әдістер есеп саясатын қалыптастыру үрдісін жасау үшін таңдалып анықталады.



Алашақтар мен берешектер қарыздарының есебі

Есептің осы объектілеріне төмендегі ерекше әдістер қолданылуы мүмкін:



  • күмәнді қарыздар резервін қалыптасу әдісі;

  • сату, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлеміне қарай есеп;

  • шоттар төлеудің төлеу мерзімі бойынша есеп айырысудың пайыздық әдісі.

Сату, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлеміне қарай пайыздық әдіс, негізінен берешекткердің өткен кезеңдеріндегі қарыздарын және сенімсіз қарыздардың үлес салмағын анықтап, талдау арқылы шығарылады. Өткен жылдарда орын алған жағдайлардан туындаған қарыздар сомасын талдаудың нәтижесінде есепті осы бойынша күмәнді қарыздар резерві жасалынады. Шоттарды төлеудің төлеу мерзімі бойынша есеп айырысу үшін күмәнді қарыздардың болашақтағы болжамды пайызы есептелініп, қарыз сомаларының түрлерін топтастыруға болады, классификациялық және жекелеген берешектер мен алашақтар категорияларына жатқызып, қарыздарды төлеу дәрежесі анықталады.

Еңбек ақы төлекдің есебі.

Есептің осы объектісі бойынша еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйесі, есептелген еңбек ақымен есеп айырысудың әдісі, еңбекті ұйымдастырудың жолдары мен түрлері еңбек жағдайынан туындайтын ауытқушылық факторлары, тоқтап қалу, және өндірістік ақау болдырмау шаралары, сыйақы төлеу, қосымша еңбек ақы есептеудің тәртібі, жеңілдік сағаттар, еңбек демалысы бойынша есеп айырысу, еңбек уақытынан артық кеткен уақытқа еңбек ақы есептеу, жәрдем ақы т.б. факторлар көрсетіліп, есеп саясатының осы объектіге тән әдістері таңдалады.

Сонымен қатар еңбек ақы есебін шоттар мне субшоттар жүргізу, қолданбалы жұмысшы шоттар тізімі, еңбек демалысына ақы төлеу резервін жасау және еңбек ақы бойынша есеп айырысу құжаттарын сақтау т.б. шаралар есеп саясатында көрсетілуі керек.

Ақшаның есебі

Ақшаның есебін жүргізуді төмендегідей әдістері бойынша қолданылады:



  • кассалық операцияларды жүргізудің тәртібі:

  • шетелдік валюта түріндегі ақшалар еғсебін жүргізудің тәртібі:

  • дүкендерге ақша есебін жүргізу:

  • дербес баланс жасамайтын сату орындарындағы:

  • филиалдардағы ақша қозғалысының есебін жүргізу тәртібі:

  • кассадағы қалдық ақшаны түгендеу мерзімі,мұның әдістері есеп саясатына жазылады.

Табыстар мен шығыстар

Бухгалтерлік есептің осы объектілері: алдағы кезеңде негізгі қызметтен түсетін табыстар және негізгі қызметке жатпайтын қызметтен түсетін табыстардың көлемі көрсетіледі. Шоттар жұмыс жоспарындағы табыстар мен шығыстар есебін жүргізудің тәртібі, сондай-ақ жалпы және әкімшілік шығындарының құрамы мен бұлардың жекелеген баптары, дайын өнімдерін сату жөніндегі шығындардың құрамы мен баптарын қамтиды.



«Оңтустік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есеп жүргізу саясатын қалыптастыру.

Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру және пайдалану кезінде есеп жүргізудің мынандай қағидаттарын ұстану керек:



  1. Есептеу.

Кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте қабылдаады және олардың түсуіне немесе пайда болуына қарай (ақша қаражатының алынуы немесе төленуі негізінде емес) қаржы есептерінде көрсетіледі.

  1. Толассыз қызмет.

Субъект толассыз жұмыс істейтін, яғни таяу болашақта жұмыс істей беретін субъек ретінде қарастырылады. Оның қызметін тоқтату немесе оның көлемін едәуір мөлшерде қысқарту пиғылы да, оның қажеттігі де жоқ деп болжам жасалады.

  1. Түсініктілік.

Қаржы есептерінде беріліп отырған ақпарат оны пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

  1. Мәнділік,

Қаржы ақпараты оны пайдаланушылар шешімдер қабылдау барысында олардың қажеттерін қанағаттандыру үшін елеулі болуы және шаруашылық қызметінің оқиғаларына баға беруде оларға көмектесуі тиіс.

  1. Маңыздылық.

Есеп жүргізудің саясаты, егер маңызды ақпараттың ескерілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі қаржы есептемесін пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, оны қаржы есептерінде ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.

  1. Сенімділік.

Ақпаратты елеулі қате немесе бұрмалау болмаса және пайдаланушылар оған сенімді болса, ол сенімді болып табылады.

  1. Бейтараптық.

Қаржы есептемесінде беріліп отырған ақпарат сенімді болуы үшін бұрмалаудан аулақ болуы тиіс.

  1. Сақтық.

Активтер мен табыстың асыра бағалануы, ал міндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауы үшін белгісіздік жағдайында баға беру үшін қажетті шешімдер қабылдау кезінде сақ болған жөн.

  1. Тиянақтылық.

Сенімділік қамтамасыз ету мақсатында қаржы есептерінде ақпарат толық болуы және жұмсалған барлық шығындарды бейнелеуі тиіс.

  1. Салыстырмалық.

Қаржы ақпаратты пайдалы әрі мазмұнды болуы болуы үшін ол бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуы тиіс. Оны пайдаланушылар қаржы есептемесін әзірлеу кезінде пайдаланылатын есеп жүргізу саясаты, осы саясаттағы барлық өзгерістер және осы өзгерістердің нәтижелері туралы хабарданып отыруы тиіс.

  1. Дәйектілік.

Субъект таңдап алған есеп жүргізу саясатын ол бір есеп беру кезеңінен екіншісіне дейін дәйекті түрде қолданылады.

  1. Әділетті әрі тура көрініс.

Қаржы есептері оны пайдаланушыларға субъектінің қаржы жағдайы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы әділетті әрі тура көріністі бейнелеуі тиіс.

Шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, қызмет нәтижелерін және басқаларын көрсетудің балама тәсілдерін теріске шығармайтын бухгалтерлік есепке алыдың стандарттары есеп жүргізу саясатын ұалыптастырудың базасы болып табылады.

Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру әр стандартта ұсынылатын тәсілдердің бірін таңдаумен, субъект қызметінің жағдайларын басшылыққа ала отырып, оларды негіздеумен және бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржы есептемесін тапсыру үшін оларды негіз ретінде қабылдаумен тұжырымдалады.Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру маңызды да жауапты рәсім болып табылады. Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру үшін жауапкершілі субъект басшысына жүктеледі.

Есеп жүргізу саясатының ашып көрсетілуі – бұл субъект есеп кезеңінде қолданған және оның қаржы екептемелерінде дайындалуға және тапсыпруға ықпал етеді. Есеп жүргізу саясатының қалыптастыру үшін жауапкершілік субъект басшысына жүктеледі. Есеп жүргізу саясаты қаржы есептеріне берілетін түсініктеме жазба хатта бірінші болып ашып көрсетілу тиіс.

Есеп жүргізу саясатын жүргізу кезінде қаржы есептерінің сыртқы пайдаланушылары үшін ашылатын ақпаратын маңыздылығы шарттарын басшылыққа алу керек.

Есеп беру кезеңдерінде есеп жүргізу саясатында өзгерістер болса, оларды себептерін көрсету отырып ашу керек. Ал егер бұл өзгерістер елеулі қаржы және материалдық зардаптарға душар етсе, онда ашып көрсету кезінде осындай өзгерістердің зардаптарына баға беру керек.



Қаржы есептерін әзірлеп тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме.

1) Осы тұжырымдамалық негіздеме оны пайдаланушылар үшін қаржы есептемелерін әзірлеу мен тапсырудың негізінде жатқан ұғымдарды айқындайды. Бұл негіздеменің мақсаты:



  1. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын дамытып, оларды қайта қарауда бухгалтерлік есепке алу мен қаржы есептемелері жүйесін зерттеуші ҚР бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясына;

  2. бухгалтерлік есеп стандартты пайдалануда қаржы есептемелерін әзірлейтін адамдарға;

  3. аудиторлардың қаржы есептемесінің стандарттарға сәйкестігі жайында пікір түйіндеуіне;

  4. қаржы есептемесіндегі ақпараттарды талдауда қаржы есептемесін пайдаланушыларға жәрдемдесу болып табылады.

2) Бұл тұжырымдамалық негіздеме стандарт болып табылмайды, және сондықтан қандай да бір даулы мәселеге баға беру немесе оны түсіндіру үшін оның айқындамаларын қамтымайды. Бұл тұжырымдамалық негіздемеге бірде бір ереже бухгалтерлік есепке алудың жекелеген стандартын жоққа шығармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет