«Алашорда туралы: біздің бұдан бұрынғы жолдаған №2265 хабарымызға қосарымыз мынау. 7 желтоқсан күні Әлихан Бөкейханов Москваға – Сталинге жолығуға жүріп кетті. Агентуралық ақпараттарға қарағанда Бөкейхановтың Москвада қалып, Ұлттар жөніндегі халық комиссариятында қызметке қалғысы келеді. Әлихан Бөкейхановтың жолға шығуына және Міржақып Дулатовтың түрмеден шығуына байланысты Дулатов келіп түскен Ахмет Байтұрсынвтың үйінде бас қосты...Әңгіме кезінде Бөкейханов өткенді еске алумен болды, бүгінгі күннің мәселесіне тоқталмады... Бөкейханов: Қазақ жер комитетінің «мамандары» Яновский мен Энгельдгардтың қазақтарды жерге орналастыру жоспары өмірі іске асырылмайтын жоба, кейінгі кезде кеңес өкіметінде қызмет ететін алашордашылар баспасөзде естелік жаза бастапты, саяси іске араласпаймын деп қолхат бергемін, сондықтан да ашық пікір білдіре алмаймын – деп кекете сөйлегенінен басқа саяси мәселе көтерген жоқ» – деп Москваны алдын-ала құлақтандырып қойған. Міржақып Дулатовтың баспасөзге орналасу қажеттігі сол отырыста мақұлданыпты. Ахмет Бірімжанов, А.Кенжин, К.Тоқтыбаев бас қосқан дастарханның әңгімесі Каширинге қалай жеткені жұмбақ емес, соны кімнің жеткізгені жұмбақ.
Бұдан кейін Әлихан Бөкейханов 1926 жылы жер мәселесі туралы кеңес беру мақсатында Қызылордаға келеді. Бұл оның Қазақ жерін соңғы рет басуы еді. Соны да көп көргендей болған кеңес қызметкері Сарымолдаев Өлкелік партия комитетінің бақылау комиссиясына:
«Бірде Дивеев екеуміз көшеде келе жатып Әлихан Бөкейхановпен бір күймеде отырған Нұрмақов пен Сәдуақасовты көріп қалдық. Оны силайтындары сондай, тіпті Нұрмақов Бөкейхановтың тізесіне отырып алыпты. Осы бір көріністе тұрған ештеңе жоқ болса да, маған сондай жеккөрінішті әсер етті...» – деп «әшкереледі».
Осындай күйбең тіршіліктен саяси астар іздеген қазақ қайраткерлерінің саяси күрес мәдениетін қандай дәрежеде меңгергеніне таң қаласың. Абайдың «күлме, күлсең – ыза болғаннан күл» – дейтін сөзі еріксіз еске түседі. Біз де күлген болайық. Бірақ сол күлкінің астарында өз әріптестері, азамат Смағұл Сәдуақасов пен Нығымет Нұрмақовтың, Сұлтанбек Қожановтың талқыға түскен тағдыры бар екенін естен шығармасаңыздар екен деп тілеймін.
Астыртын жіберілген тыңшылардың мәліметіне сүйенген ОГПУ-дің орынбасары Ольшанский 1928 жылы 28 қазан күні ҚазССР-нің халық комиссарының орынбасарына: Семей уезіндегі байларды тәргілеу науқанына кедергі келтіріп, белсенді түрде қарсылық жасауға қатысқаны жүшін Мемлекеттік жоспарлау комитетінің коллегия мүшесі Халел Ғаббасовтың 1926 жылғы ҚК58 бабының 13 тармағымен айыпталып, тұтқындалғанын хабарлаймыз – деген қатынас жолдайды. Жол үстінде тұтқындалған Халел Ахметжанұлы Ғаббасов Қызылорда қаласына әкелінеді. 1928 жылы 10 қараша күні тергеуші Ольшанский Қылмысты істер кодексінің 58 бабының 13,17 тармақтары бойынша айып тағып, жауапқа тартқан. Сол ұйғарым бойынша ОГПУ-дің Қазақстан бойынша өкілдері Саенко мен Петровтан Ғаббасовты тұтқынға алу туралы келісім сұраған. 15 қараша күні ресми түрде түрмеге қамалған. Әр сөзі – аса маңызды тарихи оқиғалардың астарын ашып беретін Халаел Ғаббасовтың жауабын назарларыңызға толық ұсынуды жөн көрдік.
«Анкета:
1. Мекеменің аты және атқаратын қызметі — Мемлекеттік Жоспарлау мекемесінің финанс-экономика секциясының меңгерушісі.
2. Әкесінің, өзінің аты-жөні — Халел Ғаббасов Ахмеджанұлы.
3. Жасы — 40 жаста (1888 жылы туған).
4. Ұлты— қазақ.
5. Қандай елге, қай руға жатады — руым тобықты.
6. Бұрынғы шыққан тегі мен дәрежесі — малшы семьясынан шыққан.
7. Мекен-жайы (өмірінің көбін өткізген жері) – Шаған болысы Семей уезі Семей губерниясы.
8. Тұрағы (қазіргі)— Қызылорда.
9. Семьялық жағдайы, өзінің қарамағына қарайтын семья мүшелері, еңбекке жарамдысы қанша, жарамсызы қанша — әйелім, балаларым бар. (Екеу — біреуі 12 жаста, екіншісі 2-де), 14 жасар інім бар.
10. Білім дәрежесі — 1915 жылы Москва университетінің физика-математика факультетін бітірдім.
11. Мамандығы _—
12. Қай тілде сөйлеп, жаза, оқи аласыз — орыс және қазақ тілдерінде.
13. Февраль Революциясына дейін немен шұғылдадыңыз (Егер қызмет істесеңіз — қайда және қандай қызметте болдыңыз)— Революцияға дейін Семейдегі ұсақ кредит мекемелерінде істедім. Революциядан кейін 1918 жылдың қаңтарына дейін Губревкомның төрағас, облыстық жер бөлімінің төрағасы, облыстық қазақ бөлімінің төрағасыміндетін атқардым.Қазір сауда және кооперация жүйесі бойынша Қазақ мемлекеттік жоспарлау комитетінің президиум мүшесімін.
14. Революцияға дейін меншігіңіздегі қозғалмайтын қандай байлығыңыз болды (оның қайда болғанын көрсетіңіз) – Қызметкер болдым. Қозғалмайтын байлығым (бұл – арада — үй, завод т. Б. Айтылып отыр — авт.) болған жоқ.
15. Қазіргі дүние-мүліктеріңіз — ақсақ тоқтым да жоқ.
16. Партияға қатысыңыз және қай жылдан мүшесіз – мүше емеспін.
17. Басқа партияда мүше болдыңыз ба, қанша уақыт болдыңыз және одан шығу себебініз — «Алаш» партиясын құруға қатыстым.
18. Қандай да бір кәсіптік одаққа мүше болдыңыз ба және қашаннан— …… (Анық танылмады — авт.) да мүше болдым, қазір де мүшемін.
19. Империалистік соғысқа қатыстыңыз ба — Жоқ.
20. Азамат соғысына қатыстыңыз ба — Жоқ.
21. Сотталдыңыз ба — Жоқ. Тек 1919 жылы атаман Анненковтың азап вагонында екі күн қамаққа алындым. Не үшін екенін білмеймін.Мені большевик деп айыптады, бірақ мен большевик болған емеспін.
22. Адресіңіз — Қызылорда, Советтер үйі, I.
Бұл сұрақтарға жауапты Х.Ғаббасов өз қолымен жазған.
Тергеу ісінде Халел Ғаббасовқа жоғарыда көрсетілгеніндей:«қарулы көтеріліс ұйымдастыру үшін қасақана ауылына барды» дегеннен басқа айып тағылмаған. Осының өзі-ақ ОГПУ қызметкерлерінің қаншама заңсыздыққа барып, шындықты белінен басқанын көрсетеді. Оны бұдан әрі біз де қазбалап жатпаймыз. Сұрақ-жауаптар үнемі қайталанып отырғандықтан да біз де қайталауға ұрынбас үшін тергеу барысындағы сұрақ-жауаптарды барынша қысқа әрі нақты, «айыпталушының» ой жүйесіне нұқсан келтірмей қысқаша мазұндап беруге тырысамыз.
Жауап: Менің ата-анам мал шаруашылығымен айналысты. Семей губерниясының Шаған болысында олардың әуеліде дәулетті жеке шаруашылығы болды, кейіннен тәркіленіп, кедейге айналды. Арғы ата-тегім – татар, ұста болған . Осыдан 200 жыл бұрын Шаған болысына көшіп келген. Ғаббасовтарды тобықты руына қарайтын адамдар төлеңгіт есебінде кірме етіп алған. Төлеңгіт – бұл қоғамдық жік, сұлтандар мен төрелердің қызметшісі ретінде қалыптасқан. Менің ата-бабам сондай кірме дәрежесінде өмір сүрді.1898 жылы Семей қаласындағы мектепке алындым. 1901 жылы гимназияның 1 сыныбына түсіп, оны 1909 жылы көктемде бітіріп шықтым. Ата-ана тарапынан қаржылай көмек алғамын жоқ, гимназия директорының ұсынуымен губернатор тағайындайтын қазақ балаларына берілетін стипендияны алып тұрдым. Гимназияны бітіргеннен кейін оқуды жалғастыруға қаражатым болмағандықтан да Семей уезінің Сейсен болысында оқытушылық еттім. 1912 жылы күзде Мәскеуге барып, алғашында Мәскеу университетінің заң факультетінде, содан кейін физика-математика факультетінде оқыдым. Ауысуымның себебі, заң факультетіне түскендіктен де жалпы заңгер атаулыға күдіктене қарайтын губернатор: революционерлердің ықпалында кетеді деген қауіппен мені стипендиядан айырды. Бұл негізсіз де емес еді. Сол жылдары Жақып Ақбаев революциялық қозғалыстарға белсене қатысып жүрген. Сонымен қатар Мәскеуде балаларды оқуға дайындаумен де шұғылдандым. Ауысқаннан кейін қазақ балаларына берілетін стипендияға ие болдым. Айтпақшы, 1914 жылы муровшылар мен толстойшылардың шеруіне қатысқаным үшін университеттен шығарылдым да, 1914 жылы кұзде қайтадан түсіп, оны 1919 жылы бітірдім. Ақпан төңкерісіне дейін Семей қаласында кредит саласында істедім.
Содан кейін қазақ бөлімі мені Губерниялық қазақ комитетінің төрағасының орынбасары (төрағасы Р.Марсеков), кейін жер басқармасының бастығы етіп сайлады. Осы екі аралықта мен Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ құрылтайына Семейден өкіл боп қатыстым, сол құрылтайда «Алаштың» кеңес мүшесі болып сайландым. Құрылтайда мен ұлт мәселесі жөніндегі және тағы бір комиссияның, атын ұмыттым (әдейі «ұмытып» отыр, ұлттық жасақ жөніндегі комиссияның мүшесі болды және оның Ережесін жазды – Т.Ж.), мүшесі болдым. Құрылтайда «Алашорда» үкіметін жариялаудың мерзімі туралы екіұдай пікір таласы болды. Х.Досмұхамедов дереу автономия жариялауды, діни мүфтият құруды талап етті. Мен үкіметті орыс шаруаларының саяси жағдайы анықталған соң жариялау туралы ұсынысты қолдадым. Семейден Ермеков және тағы бір адам (атын ұмыттым) болды. Шамамен 1918 жылдың ақпанының соңында, наурыздың басында Семейде партияда жоқ жұмысшы-шаруа кеңесі құрылып, мен тең төрағалыққа сайландым. Тағы бір қазақ сайланды, оның атын ұмыттым. 1918 жылдан бастап барлық ұлттық бөлімшелер жойылды, соның ішінде қазақтарға ерекше қысым көрсетілді. Бөкейхановқа Семейге келу қауіпті еді, ол Орынбор маңында жасырынып жүрген болатын. Бұл жөнінде орталық үкіметке шағым түсірдік. Мәскеумен, Сталин жолдаспен тікелей байланысқа шығып, қазақ автономиясын құру туралы сөйлестік. Онда мен жергілікті совдептердің қысымын айта отырып, кеңес өкіметі жариялаған ұлттардың өзін өзі анықтау және басқару туралы үндеуін тездетіп жүзеге асыруды талап еттім. Ол пікірімді мен 14 баптан тұратын, негізінен қазақ мекемелерін қалпына келтіру, кеңестің құрамындағы автономия құру, қазақ қайраткерлерін түрмеден шығару туралы болды. Сталин жолдас бұл ұсынысты қолдады. Ол: автономия жариялау үшін шұғыл түрде құрылтай шақыруды ұсынды. Орынбордағы Бүкілқазақ құрылтайы кеңес өкіметінің ұлт саясатына сай келетіні, облыстық кеңеске ұлт еркіндігі мен автономия құруға дайындық жасау, тұтқындағыларды босату туралы пәрмен беретінін айтты. Қалған мәселелерді Мәскеуде жүрген Халел Досмұхамедовке тапсыруды ұсынды. Осы байланыстан кейін Бөкейханов, Омаров, Марсеков, Ермеков, Сәрсенов Биахмет, мен – Ғаббасов және Байтұрсынов пен Дулатов қатысқан «Алашорда» мәжілісінде Сталинге: кеңес өкіметін сөзсіз мойындайтынымыз, орталықтағы біздің мүддемізді Х.Досмұхамедов қорғайтыны туралы мәлімдеме жолдадық. Мен Сталинмен сөйлескеннен кейін облыстық кеңестің төрағасы Шугаев тура байланысқа шақырылды. Олардың не деп сөйлескенін білмеймін. Бұдан кейін облыстық кеңес бізге деген көзқарасын өзгертіп, тұтқындағылардың біразын босатты. Алайда құрылтайды шақыру ісін қолға алмады. Екі арадағы қатынасымыз тағы да бұзыла бастады. Қазақ қызметкерлеріне тағы да қысым көрсетіле бастады. Автономия мәселесін түбегейлі шешу үшін Семей облысы қазақтарының құрылтайын шақыру үшін рұқсат алуға мәжбүр болдық. Өкілдерді әр болысқа барып жүріп, жергілікті жерден тікелей сайладық. Құрылтай мамыр айының басында шақырылды. Автономия мәселесі және кеңес өкіметінің бұл туралы саясаты бірауыздан мақұлданды. Сонымен қатар қатаң талаптар да қойылды.Менің кеңес өкіметі туралы көзқарсым осылай қалыптасты және Сталинмен арадағы тікелей байланысымның мазмұны осындай.
Құрылтай кезінде бір тосын жағдай болды. Құрылтай өтіп жатқан жерге Қазақ комитетінің бұрынғы мүшесі Құлжанов келіп оған сөз беруді талап етті. Құрылтай төрағасы Поштаев оған рұхсат бермеген соң Құлжанов сыртқа шығып кетті де бір топ қызыл армия солдаттарын ертіп келіп, егерде өзіне сөз бермесе құрылтайды күшпен тас-талқан етіп таратып жіберетіндігін мәлімдеді. Бәрібір құрылтай Құлжановтың талабын орындаудан бас тартты, тиісті қаулы шығарып жұмысын аяқтады. Бұдан кейін құрылтай жетекшілерінің тұтқындалғаны туралы хабар естілісімен біразымыз бас сауғалауға мәжбүр болдық. Мен, Сәрсенов, Ермеков, Қозыбағаров, Марсеков және басқаларымыз Шыңғыстауға барып жасырындық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Омаров тағы басқа да 20-30 адам бұл кезде сонда болатын. 1918 жылдың көкек не наурыз айында Тоқтамысов Омбы қаласынан Семейге келді. Ол Семей қаласындағы кеңес өкіметіне қарсы астыртын жұмыс жасап жатқан 2 топтың бар екенін, олардың арасында өзара байланыс жоқ екенін, олардың біреуі – қаражүзділер, екіншісі социалистер екенін айтты. Ол Қазақ комитетімен байланыс жасады. Облыстық кеңеспен біздің ара қатынасымыз шиеленіскеннен соң Тоқтамысов арқылы ұлттық автономияны мойындайтын астыртын ұйымның біреуімен байланыс орнаттық. Тоқтамысов ешқандай ұйымның мүшесі емес болатын. Сондықтан да біз әскери кеңес құрдық, Кеңестің төрағалығына – Марсеков, мүшелігіне Сәрсенов пен Әлімбеков сайланды. Әлімбеков бұл кезде Облсовдептің әскери бөлімінің мүшесі еді. Жасырынып жүрген кезімізде ұйыммен еш байланысымыз болған жоқ. Сондықтан да қалада қалып, ашық жүрген Әлімбековтің не істегенінен хабарым болған жоқ. Семейге оралған соң ғана қалада атаман Сидоров бастатқан казактардың билігі орнағанын білдік. Қаражүзділермен қызмет істесуден бас тартып, өзара келісім жүргізіп, біздегі қарудың күшімен өкіметті қолға алу үшін социалистік бағыттағы жасырын топтың қайда екендігі туралы Тоқтамысовтан сұрастырдық. Облыстық Жер басқармасы қайтадан құрылды, Марсеков төрағалыққа, мен орынбасарлыққа сайландым. Бұдан арғы біздің жұмысымыз мынаған бағытталды: қазақтың халық (билер) сотының жұмысын жандандыру, шет елге кетіп жатқан босқындарға тосқауыл жасау, переселендердің үстемдігін жою. Шілде-қазан айларында Бөкейханов, Ермеков және Сәрсенов Сібір үкіметімен, содан кейін автономияны қолдайтын болғандықтан да Самарадағы Құрылтайшылар мәжілісімен келісім жүргізуге аттанды. Соңғысымен Алашорда үкіметін мойындау, жер, Ақмола, Семей губернияларын қазақ республикасының құрамына беру мәселесін қолдайтыны туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сұрақ: Сінді қазіргі саяси ұстанымыңыз қандай?
Жауар: Менің саяси ұстанымым 1925 жылы 30 қараша күні Семей губкомының хатшысына берілген мәлімдемеде толықтай көрсетілген. Онда: кеңес өкіметінің қазіргі ұлт, мәдениет, экономикалық жалпы саясаты мені қанағаттандыратыны, пролетариаттың, оның ішінде қазақ пролетариатының диктатуралық жүйесін мойындайтындығым айтылған. Жлпы мен ұлтшыл емеспін, қазақ ұлтының өзге ұлтқа өктемдігін қаламаймын.
Сұрақ: Ауылдың таптық жіктелуін мойындайсыз ба?
Жауап: Мойындаймын. Қазақстанда еп.ація жоқ, бірақта ол индустрияландыру саясатын жүзеге еп. барысында кеңестік жүйемен қоса қалыптасады.
Сұрақ: Сіз өнеркәсіпті бір орталықтан басқару жүйесіне қалай қарайсыз?
Жауап: Жалпы принциптерін мойындаймын, бұл әбден мүмкін, тіпті қажет те. Сәдуақасовтың „Бодьшевиктегі” ұстанған позициясын мүлдем қостамаймын. Мен – жоспарлау мекемесінің маманымын, сондықтан да кеңес одағының көмегінсіз Қазақстанның өз бетінше даму мүмкін емес.
Сұрақ: Кеңес өкіметінің жер саясатына көзқарасыңыз қандай?
Жауап:Қоныс аударушылардың қозғалысы жергілікті халықты ығыстырушылыққа жол бермеуі тиіс.Аралас қоныстанған аудандарда жергілікті халықты отырықшыландыру шараларын ұйымдастыру қажет. Қазақстанға жаппай қоныс аударушыларды қанағаттандыратындай мүмкіндік бар еп. есептемеймін. Егерде қажеттілік туа галса, онда отарланудың азабын барынша қатты сезінген қазақ ұлтының мүддесін қанағаттандыру керек еп. есептеймін. Жер мәселесінің дәл қазір Қазақстанда қалай шешіліп жатқанын білмеймін.ү
Сұрақ: Жоғары оқу орындарындағы жастарды тәрбиелеу барысындағы Қазақстандағы халыққа білім беру саясатына қалай қарайсыз?
Жауап: Қазіргі таңда еп. құрылысын, әсіресе, ауылды льпа мектептердегі жеделдетіп оқытуды қолдға аолу керек. Ұлттық тіліндегі оқулықтар мен, маман педагогикалық кадрлардың жоқтығы анық сезіледі. Ұлт тілінде оқитын орта және жоғары оқу орындары қажет. Ал жоғары оқу орындарындағы сабақтардың қазақ тілінде жүргізілмеуінің себебін, бұл мәселені шешуге тиісті еп. жасалмай отыр еп. есептеймін.
Сұрақ: Кеңес өкіметінің Қазақстандағы шикізатты өндіруді шешу жөніндегі дайындалып жатқан саясатына қалай қарайсыз?
Жауап: Толықтай қосыламын.
Сұрақ: „1917-1919 жылдар арасындағы „Алашорда” қозғалысы контрреволюциялық роль атқарды еп. ойлайсыз ба?
Жауап: „Алашорданы” контрреволюциялық емес, еп. революциялық қозғалыс еп. есептемеймін.
Сұрақ: 1916 жылғы қазақтардың көтерілісіне сіздің қатысыңыз қандай және оған қалай қарайсыз?
Жауап: Өзгелер сияқты мен де орынсыз қантөгісті болдырмау үшін көтеріліске қарсы болдым. Казактар сияқты қазақтардан да дербес жасақ құруды ұсындым.
Сұрақ: Колчак үкіметі құлағаннан кейінгі сіздің коммунистік партияға деген көзқарасыңыз қандай болды?
Жауап: Менің көзқарасымды былай пайымдауға болады. 20 не 21 жылы көктемде Семейде қазақ қызметкерлерінің мәжілісі шақырылып, ұжымдық құрамда партияға өту қажеттігі талқыланды. Оның бастр себебі, ол кезде Семейдің Қазақстанға қосылуы барысында сібірлік және қазақстандық ұйымның арасында еп. тартыс льп жатты. Бұл таласта қазақ қызметкерлері ешқандай да роль атқарған жоқ. Ұжымдық тұрғыда өтуді ұсынған Жақып Ақбаев болатын. Маған да: өтпесең көп нәрсені жоғалтасың – еп. кеңес берді.
Сұрақ: Сіз Алаш шаруашылық кооперациясы одағына қалай қатыстыңыз?
Жауап: Бұл одақтың қалай құрылғанын білмеймін. Оман Қозбағаров, Тоқтағұлов, Есіргепов шақырылды. Мен жедел ұйымдастыру бөлімінің бастығының орнына қабылдандым.
Сұрақ: Сіз байларды тәргілеу науқанына қалай қарайсыз?
Жауап: Дұрыс қараймын. Құр сөз болмас үшін бұл науқанның алдын-ала дайындық жұмыстары жөніндегі комиссияға қатысқанымды еп.ац кетейін. Сол комиссияның төрағалығына – мен, мүшелері, мемлекеттік жоспарлау комиетінен Сириус, жер комитетінен Шубернер және ИКП-дан Баһрам бекітілді. Бізге тәргілеудің мөлшерін анықтау үшін 36 сағат қана уақыт берді. Біз, ірі қараға шаққанда 10 бастан артық малы барларды тәргілеуге болады – деген мөлшерді ұсындық».
Осымен 10 қараша күнгі тергеу аяқталған. Сұрақ-жауаптар сырттай қарағанда еп.а бір мәймөңкелеу жағдайда өткендей көрінгенімен, мұндағы айтылған әр сөз бен көрсетілген льпа астарында кесек-кесек оқиғалар жатқан болатын. Халел Ғаббасовтың берген әр жауабынан осы уақытқа дейін тарихшылар таба алмай, не түсіндіре алмай, не түсінбей жүрген жайлардың аңысы аңғарылады. Мысалы, 1918 жылғы еп.аці туралы Сталинмен телеграф арқылы тікелей байланыс тұсындағы тарихи оқиғаның мән-жайы, еп.-салдары, психолгиялық шиеленіс өзінің толық бағасын алған жоқ. Егерде тура сол кезде Сталиннен бұйрық алынбағанда, онда Бөкейханов бастатқан ұлт көсемдерінің біразының құрбандыққа ұшырауы әбден мүмкін болатын. Сондай-ақ, осы льпан кейін шұғыл шақырылған құрылтай мен „Алашорда” үкіметінің құрылуы да отан тарихындағы льп аударарлық маңызды дерек. Ал Ольшаньскийдің әр сұрағы – Халел Ғаббасовты ату жазасына алып келген сот үкімімен пара-пар.
14 қараша күні екінші рет жауапқа тартылған. Тергеуші Ольшанский арадағы үш күннің ішінде Х.Ғаббасовтың жауабын да, оның өмірбаянын да тексеріп, қалайда қапысын табудың амалын ойластырған. Бұрынғы жауаптардың „кем-кетігін толтыру үшін де” сұрақты байларды тәргілеу науқанынан емес, әріден еп., сыналап қоюының себебі де сол.
«Жауап: Революциялық қозғалысқа гимназияның 5 сыныбында оқып жүргенде, яғни, 1905 жылдан қатыса бастадым. Семей гимназиясында Бишебиев (?) ұйымдастырған үйірме болды. Менің көзқарасыма әсет еткен 1905 жылғы оқиға. Гимназиядағы үйірмеге Солодовников жеиекшілік етті, 1905 жылы қазақнда Солодовников шәкіттерді жиып, баяндама жасады. Соның ықпалымен қазақ шәкірттерінің үйірмесі құқрылып, 1908 жылға дейін жұмыс істеді. Оған Мақсұт Бекмембетов жетекшілік етті, ол түрмеге қамалған соң Қосмағамбетов басқарды. Үйірмеге саяси қуғын көргендер келіп тұратын. Саяси әдебиеттер тарататын, бірнеше рет қазақ тұрғындарының арасында қазақ жері менұлт мүддесін оқалы шапанға айырбастаған болыстар туралы сөз де сөйледі. Ол үйірмеге революциялық әрекеттері үшін Омбыдан жер аударылып келген Жақып Ақбаев та қатысты. Мен онымен кездесуге барып тұрдым. Үйірме жұмыс орныма айнналды. Сол жэылы мен Выборг үндеуіне қатысқаны үшін түрмеге қамалғып, Семейге мерзімді кесімін өтеу үшін келген Бөкейхановпен таныстым. Мен оған өз еркіммен бардым. Ол түрмеден босаған барлық шәкірттер онымен кездесуге барды. Ол біздің дайындығымыздың төмендігіне реніш білдіріп, саяси әдебиеттерді оқуға кеңес берді. Бөкейхановпен келесі кездесуім 1912 жылы өтті. Онда ол Петроградта еді, Ақбағевті сонда шақыртты, ал мен студент едім. Бөкейханов Мемлекеттік думаға қазақ халқының өкілін жібермеу туралы 1908 жылғы 6 маусым күнгі заңның күшін жоятын қарсылық құжаттарын дайындау үстінде болатын. Бөкейханов студенттерге Петроград архивтеріндегі құжаттарды жинастырып, жүйеге келтіруді тапсырды. Менің Бөкейхановпен ұзақ мерзім бірге жұмыс істеуімнің сәті түскендігінің себебі осындай.
Сұрақ: Ұлттық қозғалыстың болашақ көсемінің кадет партиясына мүше болуын қалай түсіндіруге болады?
Жауап: Немен түсіндіруге болатынынн білмеймін. 1917 жылғы Бүкілқазақстандық құрылтайда да оның бұл әрекетіне барлығы қарсы шықты. Содан кейінн кадет партиясынан шығатыны туралы мәлімдеме жасады.
Менің айтқан сөздерім дұрыс жазылды. (Ғаббасов. Қолы)».
Бұл сұрақ-жауаптан 1905-1911 жылдар арасындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының іс-әрекеттерінен нақты мәлімет аламыз. Патшаға жолданған Қарқаралы петициясының қыр еліне ықпалы, жастардың күреске тартылу жолдары, сондай-ақ Ресей империясында ұлт ретінде өмір сүру құқығынан айырылып, тізімнен сызылып тасталған қазақ халқының азаматтық ожданы үшін күрескен алаш қозғалысының іс-әрекетінен және оған нақты кімдердің қатысқанынан мағлұмат береді.
Халел Ғаббасовты қосымша тергеу хаттамасы. 21 қараша, 1928 жыл.
Сұрақ: Сіздердің топтарыңызда Қазақ жерінің кодексін жасап шығарудың қажеттігі туралы сөз қозғалды ма?
Жауап: Бұл тақырыпта ешкіммен әңгімелеспедім, тіпті естігемін де жоқ. Омаров бұл жөнінде ештеңе деген емес. Қайталап айтамын, Омаров бұл туралы бір сөз де айқан емес.
Сұрақ:Сізге Семей қаласында Мұхтар Жалелетдинов (?) жолықты ма?
Жауап: Жолыққан емес, мен оны өте сирек көретінмін.
Сұрақ: Алаш аудандық одақтастығының жұмысымен қырға жиі шығып тұрдыңыз ба?
Жауап: Нақты айта алмаймын. 1924 жылдың не шілде, не тамыз айында шықтым.
Сұрақ: Алаш аудандық одақтастығының сайлауы алдында сіз қайда болдыңыз?
Жауап: 1924 жылы өз ауылымда демалыста болдым.
Сұрақ: Аудандық одақтың құрылтайын дайындауға қатыстыңыз ба?
Жауап: Қатысқамын жоқ. Мен 1925 жылғы жиналысқа шақырылушы есебінде қатыстым және ол жұмыстан еп.а. Одақ жиналысын басқарма мүшесі Қозыбағаров жүргізді.
Сұрақ: 1925-1926 жылғы науқан кезінде (қандай науқан - ?. Зады бұл Семей губерниясының шекарасы анықталып, Қазақстанға түбегейлі қосылуы туралы Сібір ревкомымен арадағы айтыс туралы болса керек – Т.Ж.) қайда болдыңыз?
Жауап: 1925 жылдың басына дейін Семейде болдым. Науқанға өз басым қатысқамын жоқ.
Сұраұқ: Талас-тартыс тұсында Омбыдан ешкім кеді ме?
Жауап: Жоқ, ешкім келмеді.
(Бұдан кейінгі таспаға жазылып алынған еп. сөздер өшіп кетіпті. Әңгіме Ә.Бөкейхановқа көмек есебінде жиналған қаржы мәселесі төңірегінде сияқты. Ол туралы өзге „айыпкерлердің” берген жауабында мәліметтер бар – Т.Ж).
…Жауап: Оған (Бөкейхановқа – Т.Ж.) ешқандай қаржылай көмек көрсетілген жоқ. Өйткені барлығы еп.ац кеткен болатын. Ол өзін өте нашар сезінетін, сондықтан да еп.ац барып емделуіне еп. жасау туралы ұсыныс айтылды. Егерде біз ойламаған жерден көмек ұсынсақ, оның мұны қалай қабылдайтыны белгісіз екендігі жөнінде Дулатов, не Қадырбаев ескерткен еді. Оның Қызылордаға ауысуы туралы әңгіме еп. емес.
Сұрақ: Бөкейханов Мәскеуде тұрғанда оған қандай да бір көмек көрсетілді ме?
Жауап: Мен 1924 жылы өз қаражатымнан жүз теңге жібердім.
Достарыңызбен бөлісу: |