Мазмұны ғаббасов 2-15 бет. Болғамбаев 16 Бірімжанов Ғазымбек


Х.Досмұхамедов. 28 наурыз, 1934 жыл



бет7/19
Дата25.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#20255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Х.Досмұхамедов. 28 наурыз, 1934 жыл.

Мекенжайым: Воронеж қаласы, Ветеринарная көшесі, 13. Дәрігерлердің анықтамасы қоса тіркеліп отыр”.
Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедовтың тергеудегі беттесуі. 1931-жылдың 15-қыркүйегі.

Х. Досмұхамедовке сұрақ: 1921-22 жылдардағы Ташкентте құрылған сіздердің астырттын ұйымдарыңызға Жаһанша Досмұхамедовтің мүше болғандығын растай аласыз ба және ол бұл ұйымда қандай міндет атқарды?

Жауап: Ешкімде қолхат жазып шақырған жоқ. Ол шешімді Мұхамеджан қабылдады. Оған Тынышбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев, Мырзағазы Есболов, Кәрім Жәленов қатысты. Олар Түркістандағы және Қазақ өлкесіндегі жағдайларды талқылады, соның ішінде Әнуар Пашаның осында келуі мен Бұқарадағы оқиғалар сөз болды. Крондштаттағы көтерліс туралы да хабарланды. Сонымен қатар Орынбордағы Байтұрсынов басқарған ұйым мәселесінен хабарсыз екендігі айтылды. Содан кейін күнделікті тіршіліктің ауыртпашылығына тоқталып, Түркістанда ұйым құру туралы ұсыныс жасалды. Өзара сұрақтар қойып, пікір алыстық. Дінше Әділов: ұлттар туралы Үндеудің (1917 жылғы ма, жоқ 1919 жылғы ма? – Т.Ж.) шартын пайдаланып Тәуелсіз Түркістан Халық Республикасын жариялау туралы ұсыныс айтты. Кеңес соттары жергілікті тұрғындарды барлық жерде қысып жатыр. Сондықтан да жиналыс ашып, еркін-саяси партия құру қажет. Қалалық кеңес үкіметі өзінің саясатын өзгертуге ықпал жасау керек –деді.

Отырыста біз осы мәселелерді талқыладық. Еркін саяси мүмкіндік беретін үйірме құрудың мүмкіндігі туралы алып қашпа сөздер қалада кең таралды. Біз осы мүмкіндікті пайдалануға ұмтылдық, және өзара пікір алысатын ұйым құруға уағдаластық. Айтылған мәселелерді Тынышбаев екеумізге қағазға түсіруді ұсынды. Біз оны Жаһанша Досмұхамедовке көрсеттік. Сіздердің бағдарлама деп жүргендеріңіз осы. Бағдарламаның бір данасын Әділовке беріп, пікірін білдіру үшін және өздерінің ұйымдарының мақстын білдіру үшін оны Байтұрсыновқа жіберуді өтіндік. Аз уақыттын кейін: барлық жағдайды Биахмет Сәсеновтен ұғысыңдар – деп Байтұрсынов Әділов арқылы бізге сәлем айтыпты. Сондай-ақ Байтұрсынов: Сендердің ұйымдарыңды және бағдарламаларыңды, сондай-ақ оған қатысқан мүшелеріңді біз мойындамаймыз – деген сәлем айтыпты. Осы жауаптан кейін біз өзіміздің үйірмеміздің жұмысын кейінге қалдырдық. Тек күнделікті оқиғалар туралы пікір алысып жүрдік. Ақпан айында Түркістандағы жағдай туралы толық баяндалған мәліметті Омаров Уәлихан арқылы Орынборға жолдадық. Жағдайдың қиындап кетуіне байланысты ол мәлімет тиісті жерге жетпей қалды.

Біздің барлық мақсатымыз:Кеңес өкіметі еркін партия құруға, жеке бағыт ұстануға мүмкіндік бере ме, жоқ па, ондай болған жағдайда бұқаралықтар Кеңес өкіметі жағына шыға ма деген мәселені білу еді. Сол мақсатпен Бірімжановты жіберуді ұйғардық. Ол бастартқандықтан да бұл мәселе нәтижесіз қалды. Өтегенов Садықты кімнің жібергені белгісіз . Біз оған күдікпен қарадық. Ақылды, беделді болағандықтан да ... баруға үгіттедік. Біздің басты бағытымыз мынау еді: Қазақстан жағырапиялық жағынан біртұтас мемлекет ретінде басқарылуы тиіс. Барлық жоғарғы лауазымдар сайланып қойылуы керек. Егерде Кеңес өкіметі саяси еркіндік жариялап, еркін партия құруға мүмкіндік берсе, оларға да осы талапты қою керек дестік. Бұл бағдарламаға Тынышбаев екеуміз қандай үлес қоссақ, Жаһанша Досмұхамедовте сондай дәрежеде белсене қатысты. Ұйым құрылымы мен бағытына қарсы болды ма жоқ па, есімде қалмапты. Алайда өзара пікір таласы болғаны анық. Алайда кеңес үкіметінің халық соттары халық ішінен сайланып қойылуы тиіс дестік. Тәуелсіз халық республикасы жарияланады деген лақап рас болса, бұл әбден мүмкін жайт еді.

Жаһанша Досмұхамедовтің жауабы: Халел Досмұхамедовтың сөзінде жалғыз-ақ шындық бар. Ол жоғарыда айтылған келеңсіз отырыс қана. Бірімжановты Бұқараға жіберу туралы сөз болғанда мен ашулана жауап бердім: Жалғыз башқұрт (Валилов –Т.Ж.) жалпақ Түркістанның халқын бостандыққа жеткізе алмайды. Оның үстіне ешқашанда қолына мылтық ұстап көрмеген, сөз сатқан өзбектердің күшімен Түркістанды жаулап ала алмайды. Ол халықты адастырады. Олардың ісі сөзсіз сәтсіздікке ұшырайды. Тек жазықсыз адамдарды құрбандыққа ұшыратады. Сондықтан да олармен байланыс жасаудың да, сол үшін топ құрудың да қажеті жоқ, тек сіздердікі сияқты төтенше мекемелердің назарын аударады – дедім.

Осыдан кейін Халел: «Егер Жаһанша қарсы болса, онда бұл ұйымды құрылмады деп есептеу керек. Оданда бұрынғы «Алашорда» тұсындағы саясатқа көшейік. Қоқан автономиясы кеңес өкіметі жағына шықсын. Оларға саяси қылмысқа саяси айып тағылмасын. Кешірім жасалсын» - деді. Мен: 17-жылдың ортасында қабылданған ескі бағдарламамызды қайтадан жаңғыртуға түбірімен қарсы болдым. ... Мурзин Әзиз бұған қарсы шығып, Тынышбаев екеуің Орынбордағы қазақ құрылтайы қабылдаған Алаш партиясының бағдарламасын қабылдамадыңдар десті. Мен ондай бағдарламның есімде жоқ екенін және орындаудан бас тарататынымды айттым. Алайда жолдастарымның қысымымен жобаны екі-үш күнде жазып бітіріп, «Ақжолға» (газет –Т.Ж.) бердім. Ол жобаны өзгертті ме, жоқ па білмеймін. Ол жоба Бұқараға жіберілді ме, жоқ па, одан да хабарсызбын. Жоба Байтұрсыновқа және басқа адамдарға жіберілді ме одан да хабарсызбын. Ешқандай жауапхат алғаным жоқ, ешқандай мәлімдемеге қол қойғаным жоқ. Заки Валидовтың Ташкентке келгенін білгенім жоқ. Оны менен жасырған болу керек. «Түркістан Халық Республикасын жарияланды» деп түн ортасында мені ұйқыдан тұрғызып айтса да сенбес едім. Бұған кеңес өкіметі де, компартия да келісе қоймайтын. Ташкенттегі қазақ зиялыларының мәжілістеріне қатысқан емеспін. Өйткені мен ол кезде Түркістан атқару комитетінің тапсыруымен Прежевальскіге іссапармен кеткем. Халел Досмұхамедовтің Өтегеновті қалай үгіттеп көндіргені туралы ешқандай мағлұматым жоқ.

Халел Досмұхамедовтің қарсы жауабы: бұл оқиғаның тым ертеректе өтуіне байланысты кейбір жайларды ұмытып, не шатастырып алуым мүмкін. Жаһанша Досмұхамедовтің, жалпы «Алашорданың» батыс бөлімшесінің Заки Валидовқа қарсы екені бұрыннан маған мәлім. Мәселен Заки Валидовтің Бұқараға келуіне байланысты емес, Әнуар Пашаға қатысты еді. Ол туралы Жаһанша Досмұхамедовке мен ештеңе айтқаным жоқ. Оған Қашқынбаев түсіндірген шығар деп ойладым. Түркістан халық республикасын жариялау туралы Ташкентке келген комиссар Орджоникидзе айтты деген сыбыс бар. Біз халықтық республика жариялаудың алғышарттары пісіп-жетілген жоқ деп есептедік. Көп мәселелер бізде қарапайым жолмен шешілді. Сондықтан да Жаһаншаның біраз мәселеден хабарсыз болуы мүмкін.

Жаһанша Досмұхамедовтың қарсы жауабы: Әділов пен «Ақ жолдың» қасында жолықтым. Мұндай мекемелерге мен жолай бермеймін. Оны Бұқараға жұмсады ма, жоқ па, хабарсызбын. Жалпы қазақ зиялыларымен араласуды жаратпаймын. Олардан ешқандай тапсырма алғаным жоқ, өзімде ешкімге тапсырма бергем жоқ. Мұны Халел Досмұхамедовте растай алады. Осыдан кейін қандай да бір ұйымға мүше болуым мүмкін бе?

Халел Досмұхамедовпен қатты сөзге келіп қалғандықтан да, жиырма екінші жылдан бастап, жиырма тоғызыншы жылға дейін ешқандай байланыс жасағам жоқ. Тек бір рет Алматыда аңға шыққан кезде кездесіп қалдым. Орынбордағы ұйым туралы ешкім маған ештеңе айтқан жоқ. Сондықтан да менің жолым олармен бөлінген екен деп ойладым. Сондықтан да Халел Досмұхамедовтың көрсетінділері мен үшін жаңалық болып есептеледі.

Халел Досмұхамедовтың қарсы жауабы: Жаһанша Досмұхамедовтың біздің ұйымымызға қандай ықпалы тигенін ашып айта алмаймын. Өйткені екеуміздің қатты сөзге келісіп қалып, жиырма тоғызыншы жылдың аяғына дейін араласпағанымыз рас.

Сұрақ жауап алған: Попов».


Халел Досмұхамедовтың 31 қыркүйек күнгі жауабының хаттамасы:

«1922 жылдың көктемінде Омаров Уәлихан Ташкенттен Семейге кетті. Біздің Ташкенттегі ұйымымыздың беделі төмен болғандықтан да, сондай-ақ Әнуар Паша мен Заки Валидовпен қандай қарым-қатынас жасауымыз туралы Семейдегі Әлихан Бөкейхановқа Уәлиханов арқылы хат жолдадық. Бұл мәселе туралы Байтұрсынов қанағаттанарлық жауап бермегендіктен де, Бөкейхановты сол кезде өтуге тиісті қазақ зиялыларының мәжілісіне шақыруды көздедік. Жиналыс өтпей қалды, сондықтан да Омаров Уәлиханды пайдаланып Бөкейхановқа хат беріп жібердік. Хаттың мазмұны нақты есімде жоқ. Ұзынырғасы: қалыптасқан жағдайды түсіндіре келіп: біз не істейміз, сіз не айтасыз дегенге саяды. Бөкейхановты өзіміздің көсеміміз санағандықтан да осы хатты жаздық. Біздің ұйымның ішінен тұтқындалғандар туралы мәлімет бердік. Хатқа мен, Жаһанша Досмұхамедов, Тынышбаев үшеуміз қол қойдық. Кейін білгеніміздей хат Бөкейхановқа тапсырылмапты. Ол туралы 24 жылы Орынборда кездескенде айтты. Омаров Уәлихан хаттың мазмұнын білмеуі мүмкін. Өйткені оның ұйымға тікелей қатыс жоқ, тек сенімді, көмек көрсете алатын адамның қатарында болды. Бұл арада басты жауапкершілік Жаһанша Досмұхамедов, Тынышбаев үшеумізде. Жаһаншаның жауапкершілігі Тынышбаев пен менен кем болған жоқ. Қожамқұловты Әділевтің сырттай таныстыруы арқылы білемін. Омаров Уәлихан біздің ұйымға мүше болған жоқ. Ол біздің үйірмені жолбике деп қарады. Менің алдыңғы көрсетіндіме бар қосарым осы (Халел Досмұхамедовтің қолы қойылған)».

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ

1930 жылы 14 қыркүйек күні:

ПП ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің Каз ССР бойынша өкілі Попов, 58/7 58/33 59/3 баптары бойынша айыпталған Мұхамеджан Тынышбаевтің үстінен қозғалған №2370 істі қарап шығып, осы істе тергелетін қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымының мүшесі ретінде 1883 жылы Гурьев округінің Қызылқоға ауданында туған, Алматы қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, шаруадан шыққан, жоғары білімді, мамндығы дәрігер, КазГУ–дің профессоры, партияда жоқ, үйленген, қарамағында асырайтын 5 адамы бар, 1920 жылдан Қазақстанда тұру құқы шектелген, сотталмаған және тергеуде болмаған Халел Досмұхамедовті – астыртын ұйымға белсене қатысқаны үшін, өкімет пен партияның Қазақстанда жүргізген шаралары мен науқандарына бөгет жасау үшін жерге орналастыру, мәдени-ағарту мен оқу орындарындағы, баспасөз мекемелеріндегіқызметкерлерді өз ықпалдарында ұстағаны үшін, Орта Азиядағы басмашылар қозғалысына жетекшілік еткені үшін, сондай ұйымды Қазақстанда құруға ұмтылғаны үшін, көмек алу үшін шет елмен байланыс жасағаны үшін, соның ішінде капиталистік елдерден қару алуға ұмтылғаны үшін, сөйтіп ақырында кеңес өкіметін құлатып, оның орнына буржуазиялық –демократиялық мемлекет орнатпақ болғаны үшін ҚІК –нің 128 бабына сәйкес» Халел Досмұхамедовті, Шынәлі Мұсаевпен, Серікбай Ақаевпен бірге тұтқынға алу туралы қаулы шығарған.

Ерекше назар аударатыны – Әлихан Бөкейхановтың, Халел Досмұхамедовтің, Жаһанша Досмұхамедовтің, Иса Қашқынбаевтің, Кәрім Жәленовтің, Беркінғали Атшыбаевтің Қазақстанда тұруға құқы болмағандығы. Ал бұларға тағылған айыптың бастысының бірі «кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құру үшін Ташкентте бас қосты» деген айып. Сонда олар қайда өмір сүру керек? Не Троцкий сияқты шет елге эмиграцияға аударылуы керек, не қазақ тұрғыны көп Түркістанды таңдауы тиіс болды. Сонда оларға ауада асылып тұрып өмір сүру қажет пе еді?

ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ


1 том 427-443 беттер қарындашпен, ал 444-448 беттер машинкаға басылған.

«15/ХІ-1930 жыл.

Мен өзімнің көрсетінділерімде ертеректе еп. кеткен оқиғаларды қамтитын болғандықтан да, жылдардың реті мен кейбір көріністердің орыны ауысып кетуі мүмкін екенін еп.ац еп.ац.

1919 жылы ақпан төңкерісінен кейін мен Семей губерниясының земство басқармасының мүшесі болып қызмет істедім. Тікелей жер бөлімін басқардым, бадан басқа маған оқу-ағарту саласына жетекшілік ету жүктелді. Бұл әскерилердің – колчаковшылар пен атамановшылардың билеп тұрған кезі болатын. Жазалау отрядтары, зорлық-зомбылық, дала-әскери соты жаппай орын алған еді. Жұмысшылармен, шаруалармен бірге сорлы қазақ елі де майдан даласына тән террорды, езгіні, басынуды бастарынан кешті. Губерниялық, уездік жер басқармаларының мүшелерін, «Алаштың» орталық кеңесін тұтқындау күн өткен сайын жиілей берді. Олардың кейбіреулері әскери-дала сотына беріліп, дарға асылуға дейін жаза қолданылды. «Алашорданың» мүшесі Ақбаев «большевиктердің төңкерісіне көмектесу үшін қару жасырғаны үшін» ату жазасына кесілді. Омбыда келісім жүргізіп жатқан кезінде «Алашорданың» төрағасы Бөкейхановтың өзі де тұтқынға алынды. Жергілікті газеттерде губерниялық жер басқармасының мүшелерін большевиктерге бүйректері бұрады деп әшкерелеп жатты (Семейде шығып тұрған «Речь» газетін қараңыз).

Ақырында он алтыншы жылғы көтеріліс кезінде Жизақ қаласы тұрғындарының бірін қалдырмай қырып-жойғаны үшін «Жизақтық» деп атнып кеткен Колчак диктатурасының әскери министрі Иванов–Ринов тек «Алаш» автономиясы мәселесін көтергені үшін ғана қазақ (сол кездегіше айтсақ қырғыз) зиялыларынынң бірін қалдырмай қырып тастау туралы жобасын ұсынды, ол: ақсақалдарды медальмен, шен –шекпенмен жарылқай отырып та қыр елін билеуге болады – деп ойлады. «Алашорданың» қызметінде де қиыспайтын қайшылықтар толып жатты. Мысалы, сол кезде Колчакқа «Батыс Алашорданы ақсақалы» атағын беру түралы ұсыныс та жасалды. Бұл жөнінде: «Алашорданы» – «Ералашорда» деп атаған Сібір үкіметінің пікірі шындыққа келетін.

Колчактың жданталасы, өлім алдындағы ант мезгілі басталды. Біз, земство қызметкерлері, ұлттық кадрлар осындай от пен судың сынағынан тәжірибе ала отырып қазақ төңкерісі тұсындағы ұстанымдарымызға, Сібірде төңкеріс жасаған эсэршіл чех-словак әскеріне іш тартқан әрекеттерімізге сын көзбен қарауымыз керектігін түсіндік. Террор барған күшейе түсті, бұдан әрі қалада қалу өмірімізге қауіп төндірді. Семейдегі төңкерістен бірнеше күн бұрын далалық әскерлер шегіне қалған жағдайда көзі құртылуға тиісті адамдардың тізімі тұрғындарға таратылды. Тізімнің ішінде біздің де атымыз бар екен-мыс. Сондықтан да мәжілісте: қызыл армия келгенше қырға шығып кету керек, ал Семейдегі төңкеріс басылғаннан кейін қалаға қайтып оралу керек – деп шештік. Бірақ Семейге қайтып келу де қиын болатын. Өйткені: қазан төңкерісіне деген теріс ұстаным, чех-словак эсэрлерінің әскеріне көрсетілген көмек, құрылтай Мәжілісін қолдау (ресей ұлтшылдарының үкіметі – Т.Ж.) «Алашорданың» бетіне шіркеу түсірген болатын. Соған қарамастан: ешкім де Қазақстаннан тыс жерге кетпесін, ешкімде шекара асып шет елге өтпесін, Бөкейхановтан басқаларының барлығы Семейге қайтып келсін – деп ұйғарым жасадық.

Бұл шешімге тоқтам жасатқан: төңкеріс тұсында жинақталған ауыр тәжірибелер мен Колчак пен қаптаған атамандардың кезіндегі террорлық зорлық–зомбылық еді. Сонымен қатар, кеңес өкіметінің халықтардың ерікті құқығы туралы декларациясы, «Алашорданың» кейбір мүшелерінің Москвадағы тікелей келісімдері, «Алашорданы» Семейдегі бөлімі мен Москваның арасындағы тікелей байланыстың нәтижелері де ықпал жасады. Дутовтың бандыларының арасынан екі-үш адамдық шағын топпен қалаға кірдік. Қалаға кірісімен Сібір ревкомының мүшесі жолд. Косаревтің (қазір ОК – тің мүшесі) губерниялық үкіметті құрып, жетекшілік ету үшін Семейге келгенін естідім. «Алашорда» мүшелерінің ішінде жалғыз мен ғана қалада екенмін, сондықтан да жалғыз өзім шұғыл түрде Косарев жолдасқа бардым. Мен оны «Алашорданың» іс –әрекетімен қысқаша таныстырып өттім. Қазіргі жағдайда қабылданған шешім мен өзімнің келу мақсатымды баян еттім. Косарев жұмысшы қазақтармен бірнеше рет бас қосу өткізді де, солардың келісімімен мені губревкомның құрамына енгізді.

Төңкеріс тұсындағы өткен баспалдақтар ұлттық қозғалыстың мүшелеріне өте маңызды әрі құнды тәжірибелер үйретті...

...Осыған байланысты мен өзімнің партияға мүше боп өту туралы көзқарасымды да білдіре кетейін. Жолдастарымыз қырдан қалаға қайтып келген соң мен ВКП –ның қатарына өтуді мәселе етіп қойдым. Қарсы шығып сөйлеген Ғаббасовтың басты дәлелі: қазақ арасында пролетариат жоқ – дегенге сайды. Пікір таласымыз белгілі бір шешімге келуге мүмкіндік бермеді. Маған шұғыл түрде: Семей облысын Кир(Қазақ)реввоенкомның қарамағына беру мәселесін шешу үшін Орынборға іссапарға жүріп кеттім. Орынборда бірден мені: Семей және Ақмола облыстарын Кирвоенревкомы басқармасының құрамына кіргізу туралы мәселені күнтәртібіне енгізу үшін және республиканың құрылғанын жариялайтын декретті дайындау үшін Москваға жіберді.

Москваға барғаннан кейін ревком мүшелері маған республиканың шекарасын анықтау үшін тиісті құжаттарды жинастыруды және ұлттар жөніндегі халық комиссарымен (ол кезде Сталин болатын – Т.Ж.) декреттің жобасын жасауды тапсырды. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мені ВЦИК –тің жанындағы Кирреввоенкомның өкілдігіне уақытша уәкіл етіп қалдырды. Мен Москвада Халел және Жаһанша Досмұхамедовтермен кездестім. Олар менің жаңа саяси бағытыма таңдана қарады, менің солшыл пікірлерімді біраз тыңдап тұрды да, сынауға көшті, біздің пікір алысуымыз ерегеске ұласып кете жаздады.

Ара-арасында жауапты қызметкерлер, әр республикадағы ревкомның мүшелері, солардың ішінде менің тергеуіме тікелей қатысы бар Байтұрсынов, Рысқұлов, Валидов, Москваға келіп-кетіп тұрды. Байтұрсынов Кирвоенкомның мүшесі ретінде келген сайын өкілдікке жиі келіп тұрды. Сирек те болса Валидов те келетін. Бірде маған Байтұрсынов: кеңес өкіметінің саясатына Валидовтің риза емес екенін, мүмкіндігі болса Индиямен байланыс жасағысы келетінін, сол жақта жүріп революциялық қозғалыс ұйымдастырғысы келетінін, тәуелсіздікті қарумен орнатқысы келетінін, мұны кеңес өкіметінің ішінде жүзеге асыруды ойластырып жүргенін айтты. Бұған Рысқұлов та мақұл сияқты көрінеді деді.

Мен бұған үзілді-кесілді қарсы шықтым: Колчактың терроры мен зорлық пен қорлығынан жаңа ғана құтылдық, кеңес өкіметінің арқасында ғана мұнда республиканы ресми түрде жариялауға мүмкііндік алып отырғанымызды, сөйте жүріп мұндай екі жақты келісім жүргізудің арандату екендігін айттым...Байтұрсынов менің пікіріммен келісті. Мен ол кезде мұны: жеке бастың әлдеқандай бір себептеріне байланысты туған көңіл-күйдің уақытша құбылуы шығар – деп бұған мән бермедім. Валидов өте іскер адам еді...Сол кезде белгілі бір дәрежеде жасыңқырап жүрген Рысқұловты Валидов өзінің қиялымен баурап алғысы келген болуы керек. Онымен (Валидовпен) бірінші және соңғы рет кездескенімде мен оған: Қазақстанның өкілі ретіндегі өз көзқарасымды ашық білдірдім және екеуміз де пікір таласына барғамыз жоқ. Қайтып кездескен емеспіз.

...1926 немес 1927 кеште Халел Досмұхамедовтің үйінде қонақта отырғанымызда ол маған және Елдес Омаровқа ертегіге айналып кеткен ежелгі әңгіме ретінде: Түркістандағы қозғалыс туралы, оған өзінің қатысқанын, мұның өзі Валидовпен жолығуы тиіс болғанын, бірақта Валидовтің әйелі қайтып келген соң (Бұқарадан Ташкентке –Т.Ж.) мұның бармай қалғанын айтып берді. Кетіп бара жатқанда өзара: оның қай-қайдағыны бекер еске алғанына өкінісіп тарастық. Ашығын айта кетейін: тарихтың еншісіне айналып кеткен мұндай тылсым, жартылай күңгірт жайлар туралы шолақ сөздерді жиі тыңдауға болады және ол туралы жалпы қауесетті (нақтылы емес) партияда барлар да, жоқтар да білетін.

...Тек 1917 жылы шілде айында өткен бүкілқазақтық құрылтайда ғана құрылтайдың шешімімен «Алаш» өлкелік-ұлттық автономиясы жарияланды. Осы құрылтайда Түркістанмен қосылу мәселесі де шет жағалап жалпылама қозғалды. Құрылтай көсемдері, соның ішінде шығыс облыстарының өкілдері: онда үлемдердің ықпалы күшті, діни фанатизм бар, деспоттық билік жойылмаған, осы бағыттағы шет ел мемлекеттерінің әсері күшті – деген уәж айтып, Түркістанмен қосылуға түбегейлі қарсы шықты. Маған келетін болсақ, мен сол көзқарасты 1925 жылға дейін де ұстандым. Ол кезде жауапты қызметкерлердің арасында, партия мекемелерінде Қазақстанды Орталық Азия федерациясының құрамына қосады екен-мыс. Сөйтіп Қазақстан одақтас республиканың дәрежесіне көшеді екен-мыс – деген қауесеттер шығып жүрді. Бұл үшін Қазақстанның солтүстігіндегі орыстар қоныстанған аудандарда межелеу жұмыстары жүргізілуі тиіс екен. Осы мәселе жөнінде құрамында: Москвадан келген Ежов, Өлкелік комитеттен Сәдуақасов, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінен мен бар – арнайы комиссия құрылды. Мен өз пікірімді Ежов жолдасқа ашық түрде: Орта Азия федерациясына Қазақстанды қосып, солтүстік аймақтық шекараны межелеу шаруашылық мүддесі тұрғысынан да, мәдени байланыс тұрғысынан да пайда әкелмейтінін – айттым...».

Иә, бұл үлкен даулы және шетін мәселе. Қандай да құрамда болмасын қазақ жұртының ділі мүслими шығыспен сіңісіп кете алмайтыны анық еді. Егер бұл жоспар жүзеге асса, онда орыстардың ежелгі арманы орындалып солтүстік шығыстағы– Шығыс Қазақстан, Семей, Ақмола, Қызылжар, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе облыстары Ресейдің құрамында; ал Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда облыстары – Өзбекстанның, Маңғыстау түбегі – Түркменстанның құрамында қалған болар еді. Ежов Семей губерниясын басқарып тұрғанда С.Сәдуақасов барып оны таратып жіберіп, зорлықпен Қазақстанның құрамына қосқан еді. Енді тағы да Ежовпен жолдары жолығысты. Бұл жолғы мүдделер тоғысқан сияқты. Алайда бұл қауесет оңтүстік облыстардағы тұрғындардың арасына іріткі салды. Мысалы, Сарысудағы тамалар – Түркістанға, тарақтылар – Қазақстанға қараймыз десіп барымталасып, ақыры бәрі де Бутырка түрмесінің «төрінін орын алып», өлім тапты.
1 том 479 бет
«КССР Орталық атқару комитетінің мүшесі Ермеков Әлімханнан Өтініш

ПП ОГПУ–дің Қазақстандағы өкілінің 1930 жылы 22 қыркүйек күнгі өкімі бойынша мен түрмеге қамалдым. Тек 7–желтоқсан күні ғана нақты айғақтар келтірілместен маған ҚК –нің 57 –7, 58 – 11, 59 – 3 баптарына сәйкестендіріп шамамен:а) кеңес өкіметінің шараларын кеңес және партия жұмыстарында бұрмалап қолданғаны үшін; в) басмашылармен байланысы үшін; с) контрреволюциялық ұйым құруға талпынғаны үшін – деген мағынадағы айып тағылғаны хабарланды.

Бұл айтылғандардағы нақты деректер мені қызықтырмайды, өйткені ондай оқиға өмірде болған емес. Бастапқыда мен тұтқындалуымның себебін түсініспестік болған шығар, әлдебір саяси науқанға қатысты шығар деп ойлағамын. Міне, тұтқындалғаннан бері төрт айдан асып барады, әлгі «түсініспестігім» мені денсаулық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да кеміріп жеп барады. Сондықтан да мен маған тағылған ешқандай нақты дерексіз айыптауларға түсінік беретін өмірбаяндық сипаттағы кейбір мәліметтерді, саяси және тәжірибелік істерімді Казаткомның Президиумынабаяндап беруге мәжбүр болып отырмын.

Революцияға дейін оқу оқыдым, оқығанда да орта және жоғары оқу орнына төленетін қаржыны өзімнің маңдай теріммен таптым. Төңкерістен бергі менің қызмет баспалдағым мынададй: Облыстық қоғамдық мекемелердің атқару комитетінің президиум мүшесі, Қазақ облыстық комитетінің мүшесі, жұмысшы, солдат және шаруа кеңесі облыстық атқару комитетінің мүшесі, Бүкілқазақтық «Алашорда» халық кеңесінің орталық кеңесінің мүшесі, губерниялық земствоның басқармасының меңгерушісі, Корниловтың тұсында губерниялық революциялық комитеттің мүшесі, Колчак талқандалғаннан соң губерниялық революциялық комитеттің мүшесі және Кирреввоенкомның ВЦИК –тің жанындағы өкілдігі төрағасының міндетін атқарушы, губкомның және мемлекеттік жоспарлау мекемесінің төраға орынбасары міндеттерін педагогикалық жұмыспен ұштастырып келдім. Ауыл шаруашылығы банкісінің басқарма мүшесі, соңғы төрт жылда тек қана жоғары оқу орындарында істеп келемін. Тұтқындалған кезде Қазақ мемлекеттік университетінің математика кафедрасының доценті боп істедім. КССР кеңесінің соңғы екі құрылтайында КССР аткомының мүшесі болып сайландым.

«Алашорданың» жүргізген ісіне тоқталып жатпай–ақ, оның бір мүшесі ретінде менің кейінгі іс–әрекетімнің бағытын өзгерткен тарихи тәжірибеметоқталсам да жеткілікті (Бұдан кейін алдыңғы көрсетінділердегі баяндалған жайларды қайталайды – Т.Ж.)...

...20-жылдан 24-жылға дейінгі Семей губерниясындағы шағын қаладағы – Қарқаралыдағы ІІ басқыштағы мектептің меңгерушілік қызметім – басмашылар көтерілісіне қатысқандығымның айғағы ретінде танылып, маған 59 баптың 3 – тармағы бойынша айып тағылыпты. Контрреволюциялық ұйымға қатысқандығыма қандай әрекетім айғақ болғанын білмеймін. Ал партия мен кеңес қызметінің шараларын бұрмалап пайдалануға тырысты делініп, 58- баптың 7-тармағы бойынша тағылған айыпқа келетін болсам, онда мен нақты адамдарды куаға тартамын және олардың біразы Москвадағы орталық мекемелерде істейді, мысалы, Семей мен Қызылордада Досовпен, Ежовпен, банкте Балпаевпен, Халық комиссарлары кеңесінде (жоспарлау комитетінде) Нұрмақовпен, қазақ университетінде қазір МГУ-де деканның орынбасары Мансұровпен бірге істедім...»

Бұдан әрі осы ойын дамытқан. Ежовтың ол тұста қызмет баспалдағымен өрлеп, қанды қол шеңгелін қомдап келе жатқан кезі. Алғашқы жазалу шараларының құрбандығына Семейдегі «ежелгі жаулары» Халел Ғаббасов пен Жүсіпбек Аймауытов ілінді. Тура осы мағыналас хатты тағы да екі рет көшіріп жазыпты. Бірақта тиісті жеріне жолданбай, іске тігулі күйінде қалған сияқты. Дегенмен де тағы бір көрсетіндісіндегі:

«Мен өзім тұтқынға алынғаннан бері Попов жолдасқа: революцияның саяси жағдайы мен логикасы туралы пікірімді бірнеше рет қайталап айттым. Менің ойымша: Қазан төңкерісі Қазақстанда 28-жылдан бастап нақты күшіне кірді. Далалық жартылай феодализм мен капитализмнің тамыры енді ғана жұлына бастады. Бұрын саясатпен айналысқан адамдар осындай қысылтаяң сәттерде сынақтан өтуі тиіс» – деп ойлаймын» – деген сияқты ұшқары пікірлердің астарын түсіну қиын.


894-902 беттерде тура осы мағынадағы 1931 жылы 20 сәуірде берген жауабы тігілген. Өзгешелігі, мұнда латын альфавитіне көшу мәселесіне тоқталған. Жер, әріп реформасы, мәдениет саласы туралы баяндай келіп, Бөкейханов пен Байтұрсыновқа қарата: «Бұл мәселелер жөнінде екеуінің де ықпалы күшті. Жандосов та олардың алдынан өтпейді. Қазір екеуі де қартайды. Енді олар өздерінің көзқарасын өзгертуі қиын. Мен латын һарпін жақтадым» – деген пікір білдірген.

ОГПУ-дің коллегиясына маған 58 баптың 7, 11, 59 баптың 3 тармақтары бойынша тағылған айыптарды 58 баптың 7,8 тармақтарына ауыстару туралы мәлімдеме.


ОГПУ-дің өкілі Поповтың түсіндіруі бойынша маған 58 баптың 10 тармағы бойынша тағылған айыпқа менің Мұхтар Әуезовке жазған хатымдағы жер мәселесі жөніндегі пікірім негіз болыпты. Қолтаңбасына қарағанда шындығында да хатты жазған менмін. Бірақ ондай мағынадағы хатты Мұхтар Әуезовке емес, Әлдихан Бөкейхановқа жазғанмын. Ол кезде мен Ғылым академиясының Қазақстанды зерттеу бөлімінде істейтінмін және Қазақ халық комиссариятының тапсырмасы бойынша қазақтарды жерге орналастыру мәселелесін негіздеумен айналыстым, сонымен қатар ол (Бөкейханов –Т.Ж.) федеральдық комитеттің мүшесі болатын (егерде сол кезде таратылып кетпесе). Осы комиссияның құрамында жүріп Қазақстан үшін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өзі Мәскеуде тұратын, қызмет бабымен ара-арасында Ленинградқа баратын. Лиза Бөкейханова мен Шоқаневаның айтуынша онда Әуезовтің үйіне тоқтайтын. Бұл хаттың жазылу мәнісі төмендегідей.

Мен ол кезде Ташкентте тұратынмын, сонда педагогикалық жоғары оқу орынында дәріс беретінмін. Жер және орман шаруашылығы басқармасының бастығы Сәлімгерей Қаратілеуов Қазақстандағы Ғылым акалдемиясының зерттеулерінің нәтижесін тиянақтау мақсатында Орта Азия мемлекеттік университетінен деректер алу үшін Ташкентке келді. Ол менің үйімде болды. Әңгіме отарлау институты мен Қазақстанға қоныс аударушылар мәселесіне тоқталды: бұл өте күрделі іс, қоныстандыру революциядан бұрынғы межеден де асып кеткендігі, сондықтан да граф Поленнің тексеру материалдарының Ташкентте екендігі, оған қатысқан қоныстанушылар басқармасының бастығы Чиркиннің осында екендігі, Қазақстанның 5 жылдығына арналған өлкелік газетте Жер комиссариатының басшысы жерді бөлшектеу жөніндегі губернатордың есебіне сүйеніп мақала жариялағаны айтылды. Бір қызығы сол кезде ескі мәліметтерге көп сүйенетін. Тәркілеу мен Қазақстанға қоныстанушыларды орналастыру аса кең ауқымда жүргізілетінін жеткізді.

Жерге орналастыру мен байларды тәргілеу барысында теріс идеологиялық пікірлерім бұрынғы көрсетінділерімде жазылған. Мен бұл пікірді Ташкенттің педагогикалық институтында сабақ беріп жүргенде білдіргенім түсінікті. Бұл мәселе тек қана партия мүшелері мен партияда жоқтарды ғана емес, зиялы қауымның да назарын аударғаны белгілі. Қаратілеуов жолдаспен кездейсоқ кездесіп қалғанда осы мәселе жөнінде сөз қозғалды. Мен: өзінің өткендегі саяси қайраткерлігінің нәтижесінде патшалық отарлау саясаты тұсындағы шаруашылық саясатын, әсіресе қоныс аударудың жай-жапсарын терең зерттеген, Қазақстандағы жерге орналастыру мәселесіне барынша қанық Әлихан Бөкейханов қана бұл жағдайды анықтап беретінін айттым. Қоныстандыру жөнінде түрлі қауесеттер айтылып жүрді. Бөкейхановтың іске тартылуын мен де қостадым. Өйткені жер мәселесін зерттейтін институт ВКПБ(П) орталық комитетіне қарайтын, ал олар Бөкейхановты Қазақстандағы жер мәселесінің білгірі ретінде қызметке шақырды, сонымен қатар 1921-1923 жылдары қазақ үкіметінің тапсырмасымен Қазақстандағы жерге қоныстандыру мәселесін зерттейтін арнайы экспедицияларға қатысты. Жер мен қоныстандыру бағытындағы менің көзқарасым Бөкейхановтың көзқарасынан алшақ емес. Мен ол кісіні өзімнің ұстазым деп шын көңіліммен айта аламын. Бұл тұрғыдан алғанда біз бұрынғы отарланған жерге қазақ тұрғындары жаппай қоныстанып болғанша жаңадан қоныстандыру науқанына қарсы болдық. 27 жылғы конференцияда Өлкелік комитеттің хатшысы Голощекин жер және ұлт мәселесінде көптеген тосқауылдардың (мағынасы бойынша аударылды, орысшасында – грех –Т.Ж.) бар екендігін, оған жаңаша қарау қажеттігін айтты.Оған көп адамдардың кінәлі екені рас. Мен де бұған қалыптасқан жаңа жағдайға таптық тұрғыдан қарамай, бұрынғы ұстанымымда қалып қойдым. Революция әкелген әлеуметтік құрылым қажеттігін ескермедім. Семейде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей, мені шаруашылық мәдениеті жоғары жұрттың ықпалымен қарабайыр шаруашылық деңгейіндегі халықтың жойылып кететіндігі сөзсіз екендігі анықталғанда, сондай даму сатысында тұрған қазақтардың қамы мені қатты қынжылтты. Мен: көшпелілердің қарапайым тұрмысы жеңіл болғанымен, күйреген мал шаруашылығын қалпына келтіру өте қиын – деп есептедім. Еліміздің алдыңғы қатарлы жұмысшы табының материалдық-техникалық көмегі – өнеркәсіптің араласуы, машина-трактордың бөлінуі, колхоз бен совхоздардың ұйымдастырлуы шаруашылықтың әлеуметтік саласына үлкен өзгерістер әкелетінін ескермеппін. Мұның барлығы ол кезлде анық емес болатын. Ал өз басым тікелей жер мәселесімен айналысқамын жоқ.

Ал өкімет кеңестерге көшкенде Жер жөніндегі комиссар боп тағайындалған кездегі әрекеттерім бір бағытта – бұрын патша өкіметі тартып алған жерлерге қазақ халқының қайтадан ие болу құқын қалпына келтіру бағытында жүргізілді. 21-жылы В.И.Ленин төрағалық еткен кеңесте Қазақстандағы жер мәселесі туралы баяндамамда Қазақстандағы ең қиын шешілмеген мәселе жерге орналастыру екендігін баса айттым. Мен Сапаровтың Түркістан туралы баяндамасынан кейін сөз алдым. Сапаров өзінің баяндамасында Уралдың шаруа мұжықтарын оңтүстік Қазақстанға әкеп қоныстандыру керек, бұл қазақ халқының революциялық рухын өсіреді деп өзеурей сөйледі. В.И.Ленин жолдас менің бұл мәселеге қалай қарайтынымды сұрағанда мен: Қазақстанда жерге байланысты ұлтаралық қатынастың шиеленісіп тұрған қазіргі жағдайда қазақтардың өздерін жерге орналастырып алмай шаруаларды қоныстандыруға мүлдем қарсымын және қоныстандыру әрекеті шұғыл тоқтатылуы керек – деп жауап бердім. Семей губкомы мен жерге орналастыру жөніндегі Мемлекеттік жоспарлау комитетінде істеген 1921-1926 жылдар арсындағы менің пікірім осындай.

Жер мәселесі туралы қысқаша шолудан кейінгі айтарым, бұл мәселені шешу жөніндегі бастапқы ұстанымымда тұрақтап тұрып қалуым – менің идеологиялық қатеме жатады. Таптық байланысты, ұлт аралық қатынастың маңызын дер кезінде кең мағыналы деңгейде қабылдамаппын. Мен оған ұлтшылдық тұрғысынан қараппын. Ал үгіт-насихат жүргізді дегенге келсем, ондаймен айналысқамын жоқ, осы мәселемен айналысатын адамдар, әсіресе Бөкейханов менің үгітіме мұқтаж емес. Олармен кездескен кезде өз пікірімді білдірдім. Осындай адасуда жүргенімде және дағдарыстың алдында (отарлаудың бес жылдық жоспары бойынша Қазақстанға жаппай қоныстандырушыларды әкелу, оларға жағдай жасау туралы жүзеге аспай қалған науқан қарсаңында) мен мұны қазақ халқының қасіреті ретінде қабылдадым. Бөкейхановтың көтерген мәселелердің негізінде өзімді толғандырған жайлар жөнінде Орталық комитеттке мәлімдеме жаздым.

Қазір революциялық күресте шыңдалған таптық ұстаным тарихи шындыққа айналғанын көргенде, мен нақты саясаттан көрі романтикаға берілгенімді түсіндім. Революция ақ қолғаппен орнамайды, құрбандықсыз келмейді. Қазақтар үшін де бұдан өге жол жоқ. Аса шиеленісті мәселелерді шешуде басқарушы ұйым мен үкімет орындарының дұрыс бағыт ұстанғандарын мынадай дерек растайды. Тәргілеу туралы шешімнің шығар алдында Семейден Қызылордаға келгенімде Ғаббасовтың теңселіп жүргенін көрдім (Оның қырда меншік малы бар болатын). Осыған байланысты ол ерекше белсенділік танытты. Мен оған: егерде сен бұл науқанда асыра сілтеушілікке жол беріледі деп есептесең, онда теңселе бермей, сен жоспарлау мекемесінің жауапты адамы ретінде үкіметке мәлімдеме тапсыр, -деп өзімнің көзқарасымды білдірдім. Бұл пікірді сондай күйде жүрген Қадірбаев Сейтқасымға да айттым. Тәргілеу жөніндегі қаулы шыққаннан кейін мен даулы жағдайларға жаңа түсінігім тұрғысынан пікір білдірдім, аз уақытқа ауылға барғанымда да бұл мәселені түсінуге ықылас білдіргендерге (тәргілеуге іліккен туған ағайындарына – Т.Ж.) жоғарыдағыдай түсінік бердім.

УОО ПП ОГПУ-дің өкілі Поповтың түсіндіруіне қарағанда, маған айып ретінде тағылған 57 бап пен 58 баптың 7 тармағы бойынша мен кеңес өкіметіне қарсы әрекетім үшін емес, Фазыл Әлихановтың көрсетуімен кеңес саясатын теріс түсіндіруге тырысқандығым үшін жауапқа тартылған екенмін. Мен бұл жөнінде ОГПУ-дің өкіліне берген бірінші жауабымда айтқанмын. Енді келіп соның көрсетіндісінің үзіндісін алға тарта отырып, айыптау баптарын өзгертпек. Онда: Халық комиссарлар комиссариятының әлеуметтік мәдение бөлімінің кеңесшімі Барлыбаевқа ет дайындау жоспарын кеміту туралы кеңес беріппін. Барлыбаевпен мен Шомбалов Мәжиттің үйінде кездейсоқ кездестім. Өкінішке орай Әлиханов пен Барлыбаевтің үй-ішімен дастархандас болдым. Мен оларды сал боп ауырып жатқан Шомбаловтың семьясымен бірге қонаққа шақырдым. Әлихановтар жауап ретінде бізді шақырды. Адамға тән осалдық жасап біраз ішімдік іштік. Тек Шомбалов қана сырқатын сылтауратып бас тартты. Көтеріңкі көңіл-күй үстінде қонақтарымның көңілін табу үшін қоғамдық сипаттағы сөздерді де айтсам керек. Әлихановтың мал шаруашылығына сіңірген ерен еңбегін асыра мақтап, ет жоспарын орындап қана қоймай мал басын сақтау да керек дегенді айттым. Сол бір мылжың сөздердің саяси астар алғанына таңмын. Барлыбаевтің бұл сөзінде не мән-мағына бар. Бұл жөнінде мынаны айтқым келеді. Әлиханов түрмеден шыққанша менімен бір камерада отырды. Сонда: Барлыбаев неге ұсталмады? Оның «Алашордадағы» қызметі бәріне белгілі емес пе. Мен кез-келген адамды, Барлыбаевты да аунатып түсіре аламын, бізбен байланысы бар десем жетіп жатыр – деп соңын қалжыңға айналдырды. Оның Барлыбаевқа қарсы айтылған бұл әзілінің астарына мән бермеппін. Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлерінің арасындағы топшылдық маған бұрыннан белгілі болатын. Әлихановтың көрсетіндісіндегі түсініспеушілікті ОГПУ-дің коллегиясына 1932(?) жылдың 3 қазан күні жолдаған мәлімдемеде көрсетіп, Әлихановты беттесуге шақырғанмын. Өкінішке орай ол өтінішім қанағаттандырылмады. Әлихановтың куәлігі осынша сенімге ие болғандықтан да Шомбалов пен Барлыбаевты куәлікке тартуды сұраймын. Осы бір кездейсоқ тіршіліктің соңы осыншасма ушығып кеткенінің өзі Әлихановтың көрсетіндісінің абсурд екендігіне дәлел. Әлиханов «Ет өткізу одағының» инструкторы, жоспарлау және үкімет мекемелеріне сөзі өтетіндей оның аппараттағы орыны қандай. Әлиханов жеңілтек адам. Санасыздың сандырағын осы кнге дейін түсінбеймін. Таныстардың барлығы маған оның тақыс, өзінше қулығы бар, өз кінәсін өзгеге көтертіп күн көретін адам екенін айтқан. Егерде менің көрсетіндім күдік тудырса, онда ОГПУ тергеушілері бұл инцидентті анықтап тергесін. Мен Барлыбаев пен оған қай уақытта, қандай нұсқау бердім, оны қалай жүзеге асырды, соны дәлелдесін.

Мен қазір революцияның ұлы авторымен (көсемі – Т.Ж.) жүздескен тірі куәнің бірімін. Сондықтан да революццияның асқақ атын жамылған осындай адамдарды жек көремін. Мен теоретик ретіндеЛенинді оппортунист деп әлдекімнің көрсетуі қисынға келетінін мойындаймын. Әлемдік пролетариат пен езілген халықтардың ұлы көсемін көріп, тілдесу бақытына ие болған адаммын. Ол өзінің: патриархарлық, рулық даму сатысында кенжелеп қалған ұлттардың капитализмге соқпай социализмге бірден өту мүмкіндігі туралы формуласын жариялаған 20-жылғы Коминтерннің екінші құрылтайының салтанатты ашылуына мейман ретінде мен де қатыстым. Оның делегаттарға солшылдық дерті туралы айтқан атақты сөзін ерекше құрметпен еске аламын. 20-жылы оның өзі төрағалық еткен мәжілісте жасаған баяндамасында: казак тұрғындары арасындағы жалдамалы батырақтардан ауыл шаруашылық коммунасын құрып, жерінен айырылмаған шаруаларды ауыл шаруашылық машиналарымен қамтамасыз ету туралы айтып тұрып, маған көзі түсіп кеткенде қолын мен жаққа сермеп тұрып: қазақтарға ауыл шаруашылық коммунасын құруға әлі ерте – дегенінде қатты шамырқанып кеттім, алдыңғы ұсынысымның жайшылық екенін түсіндім. Артта қалған халықтардың өкіліне қалай көңіл бөліп, қандай жауапкершілікпен қарайтынына сонда көзім жетті. Әлі есімде, Астарахань облысындағы қазақтар көп тұратын жағалауды Қазақстанның құрамына беру туралы үлкен даулы мәселе қызу талқыланды. Патша үкіметі қазақтарды теңізге жібермеу үшін олардан бұл жерді тартып алып, он верстка сияқты түрлі экономикалық шектеу қойып, казактарды қоныстандырған болатын. Міне, осыған байланысты Астрахан губерниясының НКВД-ның өкілі, Азық-түлік халық комиссариятының қамтамасыз ету орталығы, владимирліктер мені жан-жақтан қыспаққа алып, бүкілодақтық маңызы бар деп әр нәрсені сылтауратып, сан-саққа жүгіртіп, табандап тұрып алды. В.И.Ленин ықыласпен тыңдап отыры да маған: Астрахан губерниясы сияқты Қазақстан да одақтың бір бөлігі. Қазақтар басым тұратын жердегі шаруашылыққа көмектесуді де, азық-түлікпен қамдауды да одақ мойнына алады – деді. Реплика жасаған кезімде Закурский мені жағамнан алып, қабырғаға тірей итергенде Владимир Ильич маған араша түсті. Астрахан губерниялық атқару комитетінің төрағасы мен НКВД өкілі губерниядағы тұрғындардың ара қатынасын көрсететін нақты сататистикалық есептің жоқтығын айтты. Бұған: халықтың арақатынасын білу үшін онда барудың да, статистикалық есептің де керегі жоқ. Москваны мысалға алыңыз. Мұнда қай халықтың қанша өкілі бар екенін ешкімде білмейді. Бірақ бәрі де қамтамасыз етіледі –деді. Маған қол ала жүгіргендерді бүгін еске алу күлкілі, болмашыны сөз еткендей көрінгенімен де, В.Лениннің бейнесі мен өзім көрген осы бір өмірлік шындық маған ұмытпас әсер қалдырды. Ленин туралы жоғарыда мен айтты деген адамның қияли сөзіне ойланғансып, солай дедім бе, жоқ па деп еске түсіруге тырысудың, жауап берудің өзі күлкі тудырады.Тек айтарым, бүгінгі оппозициядағылардың көзқарасын ешқашанда бөліскен емеспін.

1931 жылдың 10 қазаны. ОГПУ-дің коллегиясына Әлімхан Ермековтің мәлімдемесі.

«Айыптау ісінде Сәдуақасовтан Байділдинге хат әкелгенім туралы көрсетіліпті. 25-жылы Өлкелік комитет пен Халық комиссарияты мемлекеттік жоспарлау комитетінің өкілдеріне қосып Сәдуақасовты және мені Мәскеуге іссапарға жіберді. Менің Өлкелік комитетітің мүшесі Ежов пен Сәдуақасовтан білгенім – негізгі мақсатымыз шекараны анықтап, бекіту екен. Оңтүстіктегі облыстарды Орта Азия федерациясына, солтүстік облыстарды РСФСР-дің көрші облыстарына қосу туралы мәселе қойылмақ екен.Оңтүстік Қазақстанның төрағасы бұған ерекше ынта қойып, қызу қолдайтынын білдірді. Солтүстік облыстардағы қазақтарды оңтүстікке, Жетісуға көшіру жөнінде нақты ұсыныс жасалыпты. Бұған мен: ұлттық белгісіне қарап қазақ, орыс тұрғындарының арасына шекара қою қиын, олар аралас тұрады. Оңтүстік және солтүстік облыстардың экономикасы өзара тығыз байланысты. Жазда солтүстікке қарай көшіп, мал өрістететін Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қазалы, Бөкей аймағындағы жер пайдаланушылар үшін де тиімсіз. Қостанай уезінің қазақтарын Оңтүстікке көшіру де мүмкін емес. Егерде солтүстік облыстар РСФСР-ға қосылатын болса, онда қазақ тұрғындары да Ресейдің көрші губернияларының қарамағына өтуі тиіс – деп қарсы пікір білдірдім. Мәскеуге келгеннен кейін Ежов пен Сәдуақасов жолдастар біздің мәселеміз қаралмайтын болды, Қызылордаға қайта беруіңе болады – деді. Орталықта қандай мәселе қаралатынын ол кезде де, қазір де білген емеспін. Мен Қызылордаға қайттым, Смағұл Сәдуақасов берген хатты Байділдинге әкеп бердім. Хаттың мазмұнын бұрын да, қазір де білмеймін. Ал Сәдуақасовтың үйінде ме, жоқ басқа жерде ме, өткен жиналыстарға мен қатысқан жоқпын және ондай мәжілісті естгемін де жоқ. Партиядағылар мен партияда жоқтардың бас қосуына қатысқан жиналысым – 1920 жылы өткен Кеңестердің құрылтай сьезі. Ол туралы алғашқы көрсетінділепімнің бірінде жазғанмын.

59 бап бойынша , 58 баптың 11 тармағы бойынша өөзгертіліп тағылған айыптар тергеу барысындағы анықталған шындықтың негізінде кеңес өкіметіне қарсы ешқандай әрекет етпегендігіме байланысты алынып тасталуын өтінемін. Ғаббасовтың Семейдегі тәргілеуге қарсы жүргізген әрекетіне менің қатысым бар екендігі туралы Попов жолдастың бопсасы шындыққа сәйкеспейді. Попов жолдас мені айыптаудың формулировкасымен таныстырған жоқ. Бар білгенімді жоғарыдағы көрсетіндлерімде айтқамын.

Ал 20-жылы мен Мәскеу қаласындағы Байтұрсынов пен Валидовтың арасындағы келіссөзге кездейсоқ қатыстым. Ол маған Байтұрсынов арқылы белгілі болды. Байтұрсынов ол кезде Қазақстан үкіметінің өкілі болғандықтан да кездесуден бас тарта алмайтынмын. Ешқандай ұйым туралы сөз қозғалған емес. Оның мән-жайы алдыңғы жауаптарда айтылды. 20-жылы қазан айында оқуымды тәмамдау үшін Томскіге бардым. 21-жылы педагогикалық тәжірибеден өттім. Сол жылдың күзінен бастап мектеп меңгерушісі болдым. Ғаббасов үнемі Семей қаласында тұрды. Ғаббасовпен ешқандай байланысым болған емес. 20-жэылы Мәскеуде Байтұрсыновпен бірге болғанымды Ғаббасовқа 25-жылы, Валидов қатысқан басмашыолар қозғалысы талқандалған соң айтқаным есімде. Валидовтің 20 жылғы көңіл-күйін Смағұл Сәдуақасов пен Ғаббас Тоғжанов бөлісетін еді – дегенді де сол айтты. Алайда ол да, мен де бұған қарсы едік. Ғаббасовтың қандайда бір ұйымға мүше болғанынан хабарсызбын. Ташкентте ұйымнгың бар екендігін болжап қана білдім. Ғаббасовпен екеуміздің еш байланысымыз жоқ, 25-жылға дейін әр қалада тұрдық, саяси оқиғаларға да көзқарасымыз да әр қилы. 20-жылы Колчактың тұсында ол жазғандай мен қырға кеткемін жоқ, Семей қаласында болғамын. Содан кейін партияға өту мәселесі көтерілгенде біздің пікіріміз екіге бөлінді, 20-жылы ол мүлдем қарсы болатын. Содан кейін маған оның қазақ байларының арасындағы рулық тартысқа қатысқаны ұнамады. Біздің іштей араздығымызды білмейтіндер бізді әріптестер деп ойлап қателесіп, оның қасына менің фамилиямды қоса беретін. Мәселенің басын ашу үшін бұған ерекше тоқталдым. Мұның барлығы маған тағылған айыптың жоқтығын дәлелдейді. Нақты бір дерек болса оны жэоқұқа шығару мүмкін емес еді ғой. Пролетариат диктатурасының орнауы, буржуазиялық ұлтшылдық, Қазақстанның өзін-өзі анықтауы, пантүркизм туралы пікірлерімді алдыңғы көрсетінділерде баяндап өттім. Қайталап айтамын идеологиялық қайшылықтарымның, кейбір тактикалық ауытқулардың болғанына қарамастан кеңес өкіметіне қарсы ешқандай ұйымға қатысқан емеспін.

Әлімхан Ермеков.

28 қазан, 1931 жыл».

19 қараша, 1931 жыл.

ОО ПП-нің бөлім бастығы Молохов жолдасқа.

Ерекше өкілі Попов жолдасқа.

Мен өзімнің ешқандайда контрреволюциялық әрекетке қатыспағанымды тағы да мәлімдеймін. Өзгелердің көтсетіндесіндегі жалған айғақтардың негізінде өзімнің айыпкер екенімді мойындасам, ерекше өкіл Поповтың тіліеуін қанағаттандыратын сияқтымын. Өзімді айыпкер санаудан басқа жол қалмаған сияқты. Бұл маған берілген сыбаға іспетті. Мен шындығында да астыртын ұйымға қатыссам тергеушінің жүгі жеңілдейтіндей көрінеді. Айыбымды мойында арқылы ғана өзімнің кінәмді жеңілдететін көрінемін. Бірақта мен шамамен мүмкіндігім жеткенше өзгелердің айыптауларын жоққа шығара отырып, тергеу орындарының алдында өзімді ақтап алуға тырысамын. Сондықтан да сіздерден маған тағылған айыппен таныстыруды және мені астыртын ұйымға қатысты еп. айғақ берген адамдармен бетпе-бет кездестіруді талап етемін. Идеологиялық қателіктерім мен кейбір шараларға көзқарасымның тұрақсыз болғанына қарамастан кейінгі он жылдың ішінде Қазақстан еңбекшілерінің ынтымағы мен мүддесі үшін саналы түрде адал қызмет еп.. Алда қанша өмір бар және қанша жұмыс істеймін, бірақ жалған айғақтарды мойындап, өзімді сатқын ретінде көрсете алмаймын. Менің ойымша бұл мәселе тергеу барысында толық анықталады және әшкереленеді еп. ойлаймын. Контрреволюциялық ұйымға қатысымның жоқтығын және маған қысым жасау арқылы мойындатамыз деген емеуірінің нәтижессіздігін дәлелдейді. Алдыңғы көрсетінділерімде: менің өткен жылдардағы идеологиялық ауытқуларымды қазіргі социалистік құрылыс еп.ац ешқандай зиян әкелмегендігін арым мен ожданыма сүйене отырып мәлімдегенмін. Менің өткендегі „Алашорданың контрреволюциялық әрекеттері тұсындағы идеологиялық ұстанымдарын социалистік құрлыс қоғамына қарсылық емес, керісінше консервативтік көзқарас болып табылады…”



Әлімхан Ермековтың тергеудегі қалған жауаптарының барлығы да осы мазмұндас болып еп.а. Оның жер туралы өз көзқарасын білдірген жауабы арнайы бөлімде талданады.
1931 жылы 17 желтоқсан күні: Тұтқын Ермековтің өтініші бойынша оның 28/ХІ – күні Өлкелік комитеттің хатшысы Голщекиннің атына жолдаған өтініші қабылданбады” еп. көрсетілген. Бұл – кейіннен „Социалды Қазақстан” мен „Казахстанская правда” газетіне басылған Ашық хат болса керек. 3 томның 165 бетінде:” ОГПУ-дің Қазақстандағы өкіліне. Ашық хатты бюаспасөзде жариялауды және көшірмесін ВКПБ өлкелік комитетіне және іске еп. өтінемін. Егерде жбаспасөзде жариялауды мүмкін еп. таппасаңыздар онда бір данасын үйіме жіберуге рұқсат етіңіздер. Ә.Ермеков. 29/ХІ-32 жыл.”-деп қолы қойылған еп.а бар. Оның соңына: „Тергеу біткеннен кейін де еп.а қуған жауапсыз адамдар тағы да еп.а таламас үшін мен бұл мәлімдемені саналы түрде жазып отырмын” – еп. ескерткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет