Мазмұны Глоссарий Дәріс оқулар Зертханалық сабақтар соөж студенттің өздік жұмысы Глоссарийлар



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі306 Kb.
#21840
1   2   3

Зертханалық сабақтар

Зертханалық сабақ 1. Микроскоппен жұмыс істеу ережесі. Дене және жыныс жасушаларының микроскопиялық құрылысы.


Сабақтың мақсаты: Микроскоп бөлшектерінің аттары мен олардың атқаратын жұмысын білу. Дене және жыныс жасушаларының микроскопиялық құрылысын меңгеру.


  1. Тапсырма. Микроскоп бөлшектерінің аттары мен онымен жүмыс істеудің негізгі ережелерімен танысып, дәптерге жазып алыныздар.

  2. Тапсырма. Препараттан- бауыр бауыр жасушасы, микроскоптың кішкене ұлғайтқышы мен көпбұрышты жасушаларды табу керек. Әр жасушаның ядросы бар екендігіне көз жеткізу керек. Осындай екі жасушаның суретін салып, барлық элементтерін белгілеу керек.

  3. Тапсырма. Дене жасушасының субмикроскопиялық құрылысын меңгеру. Жасушаның субмикроскоптық құрылысының кестесін салып, дұрыс бәр компонентерін белгілеу керек.

  4. Тапсырма. Шәует жағындысы препаратынан үлкен ұлғайтқышпен аталық жыныс жасушаларды табу керек. Бір жасушаның суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- басы, 2- мойны, 3- байланыстырушы бөлім, 4- құйрығы.

  5. Тапсырма. Жұмыртқа жасушаларының құрылысы мен сперматозоид және дене жасушаларымен салыстырып отырып, зерттеу. Препараттан аналық безінен кішкене ұлғайтқышпен бірінші, екінші және үшінші көпіршіктерді тауып алу керек. Әр көпіршікті үлкен ұлғайтқышпен қарап, суретін салу керек.

Бақылау сұрақтар: 1. Микроскоппен жұмыс істеудің негізгі ережелері, 2. Жасуша дегеніміз не ? 3. Қай органоид АТФ синтездейді ? 4. РНК қай жерде синтезделеді және рибосома қалай түзіледі ? 5. Сперматозоидтың құрылысы, 6. Сары уыз мөлшеріне байланысты жұмыртқа жасушасы қалай жіктеледі ?


Зертханалық сабақ 2. Эмбриология.
Сабақтын мақсаты: Ұрықтын даму кезеңдерін меігеру.


  1. Тапсырма. Ланцетник, амфибия, құстар мен сүтқоректілердің зиготалыларын майдалану ерекшеліктерін сурет бойынша зерттеп оқу. Зиготаның майдалануы жұмыртқаның сары уыз мөлшеріне байланысты. Микроскоптың кішкене ұлғайтқышымен препараттан бақа зиготасының бөлшектенуін зерттеу керек. Препараттан суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- анимальды полюс, 2- вегетативті полюс, 3- меридианальдық сызаб, 4- экваториальдық сызаб, 5- бластомерлер.

  2. Тапсырма. Гаструляция- ұрық жапырақшаларының түзілу процесі екенін еске түсіру керек. Даму көздерің анықтаныздар. Үлкен ұлғайтқышпен препараттан тауқтын алғашқы жолағын зерттеу керек. Суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- эктодерма, 2- мезодерма, 3- энтодерма.

  3. Тапсырма. Білікті ағзалар / жүйке түтігі, хорда, алғашқы ішек/ дегеніміз не екенін, олар қалай қалыптасатынын анықтап алу керек. Даму көздерің анықтаныздар. Көрнекті суреттен білікті ағзалардың суретін салып, белгілініздер.

  4. Тапсырма. Көрнекті суреттен құстар мен сүтқоректілердің ұрықтан тыс бөлімдері қалай қалыптасатынын анықтап алу керек. Олардың суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- ұрық, 2- амнион, 3- амнион қуысы, 4- хорион, с- хорион бүрлері, 5- сары уыз қапшығы, 6- аллантоис.

Бақылау сұрақтары: 1- Майдалану дегеніміз не, олардың түрлері, 2. Гаструланың түзілуі қалай жүреді? 3. Білікті ағзаларға не жатады ? 4. Мезенхима дегеніміз не ? 5. Ұрықтан тыс бөлімдері қалаә құрылады және олар қандай қызмет атқарады ?

Зертханалық сабақ 3 . Эпителий және тіректі-көректі ұлпалар.

Сабақтын мақсаты: Ұлпа дегеніміз не екенін біліп алып оның пайда болуын және жіктелуін негізін анықтап алу.




  1. Тапсырма. Дәптерге ұлпаның анықтамасын жазу керек. Пайда болуына, құрылысына және қызметіне ұқсастығына қарай организімде ұлпалардың негізгі төрт түрін анықтактау керек.

  2. Тапсырма. Препараттан бүйректің несеп жүретін түтікшесіндегі, бір қабатты цилиндр формалы эпителийдін кішкене ұлғайтқышпен көлденен кесіндіден түтікшелерді табу керек. Осы түтікше қиындысының суретін салып; белгілеу керек: 1- Эпителиоциттің апикальды полюсі, 2- ядро, 3- Эпителиоциттің базальды полюсі, 4- базальды мембрана, 5- қабаттас жатқан дәнекер ұлпа.

  3. Тапсырма: Микроскоптың кішкене ұлғайтқышы мен препараттан, жайпақ көп қабатты мүйізденген эпителийді көру керек. Бұл терінің сыртқы қабаты эпидермис. Ұлкен ұлғайтқышпен эпидермистің бес қабатың көру керек, суретін салып, белгілеу қажет.

  4. Тапсырма. Бездердің құрылысы мен секрецияның түрлерін жақсы айқындалған, түрлі- түсті, көрнекті суреттерден мұқият қарау керек. Бездердің қарапайым және күрделі болып бөлінетінің, және секрециялардың мерокриндік, апокриндік және голокриндік түрлерінің белгілерін анықтау керек.

  5. Тапсырма. Препараттан қан жағындысынан кішкене ұлғайтқышпен жағындының ең жұқа жерін тауып алып, үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып, қаннын жасушалардың әр түрін байқап, көру керек. Әр жасушаның суретін салып, белгілеу керек.

  6. Тапсырма. Препараттан- болбыр дәнекер ұлпадан кішкене ұлғайтқышпен коллаген талшықтарды, жінішке эластиқалық талшықтарды және арасындағы жасушаларды табу керек. Суретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- коллагенді талшықтар, 2- эластиқалық талшықтар, 3- аморфты зат, 4- фибробластар, 5- гистиоцит, 6- лифоциттің ядросы.

  7. Тапсырма. Шеміршек ұлпаларының жіктелуін, құрылысын зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде екенің анықтап алу. Шеміршектер организмнің қай жерінде орналасытынын білу.

  8. Тапсырма. Түсті суреттен сұйек ұлпасын мұқият зерттеу керек. Сүйек ұлпасы жасушааралық заттың орналасуына қарай- талшықты және қатпарлы болып келеді. Мұндай ұлпалар организмнің қай сүйектерің құрайды.

Бақылау сұрақтар: 1. Қандай ұлпалар ішкі орта ұлпаларын құрайды? 2. Мезенхима дегеніміз не ? 3. Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасушаларын атап, олар қалай бөлінетінің баянданыз, 3. Қан қандай ұлпа ? Оның сипаттамасын берініз, 4. Шеміршек жасушаларын атаңыз, 5. Шеміршек түрлері, 6. Сүйек ұлпасынын түрлері.


Зертханалық сабақ 4. Анатомиялық терминдер, жазықтар. Омыртқа бағанасының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Жануарлар денесіндегі жазықтарды, одан шығатын бағыттарды түсініп, зерттеу. Омыртқа бағанасы құрылысымен танысу.
1.Тапсырма. Кесте арқылы жануар денесінің аумақтарың, бөліктерің зерттеп оқу. Сүйек сегментінің элементерімен танысу/ омыртқа, екі қабырға, төс/.

2. Тапсырма. Жануарлар денесі арқылы үш жазық өтеді: сагиттальды, сегментальды және фронтальды. Сагиттальды жазық жануарлар денесінің алдынан артына қарай жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі де, денені оң және сол бөліктерге бөледі. Сегментальды жазық жануар денесіне көлденең жүргізіледі немесе сегменттерге параллель өтеді де, жануарлар денесін алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі: бас жағы – краниальды, құйрық жағы – каудальды. Фронтальды жазық маңдайға параллель жүргізіледі: арқа жағы – дорзальды, құрсақ жағы – вентральды деп аталады. Негізгі анатомиялық жазықтарды және терминдерді жазып жаттау керек.

3. Тапсырма. Арқа омыртқасының құрылысы. Омыртқа құрылысы жағынан аралас сүйектерге жатады. Әрбір омыртқа денеден, доғадан, жұп буын, көлденең, емізікше және тақ жоталық өсінділерден тұрады. Арқа омыртқалары мойын омыртқаларға қарағанда ірілеу жетілген. Олардың әрқайсысына келіп қабырғалар тіркеледі. Сол себептен көлденең өсіндісі мен денесінде буынды беттері болады. Көлденең өсіндісі буын беті алдыңғы жағында жатады. Дене бөлігіндегі жартылай буын ойыстары омыртқа жотасын түзе келгенде бір-бірімен қосылып, бүтін буын ойысын түзеді. Бұл омыртқалардың арқа өсінділері ұзын әрі сәл төмен қарай бағытталған. Тірек қимыл аппаратына сүйектер мен сүйек аралық байланыстар және бұлшық еттер жатады. Типті арқа омыртқа құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның ерекшеліктерін зерттеп, дәптерге сүретің салу керек.

4.Тапсырма. Мойын омыртқаларының құрылысын зерттеу. Мойын омыртқаларының санына, құрылысына, пішініне назар аударыныздар. Бірінші және екінші мойын омыртқаларының құрылысың дәптерге салып белгіленіздер.

5. Тапсырма. Омыртқа жотасының құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның әрбір бөлігінде жатқан омыртқалылардың ерекшеліктердін зерттеп ажырату білу. Бел, сегіз көз, қүйрық омыртқалыларың құрылысың зерттеп оңу.

4. Тапсырма. Омыртқа жотасының малдың түріне байланысты ерекшеліктерің оқыныздар.

Бақылау сүрақтары: 1. Тұлғанның негізгі аумақтары. 2. Жазықтарды және оның бағыттарың атаныз. 3. Қай сүйектер толық сүйек сегмент құрамына жатады. 4. Типті омыртқа құрылысы, 5. Бірінші және екінші мойын омыртқалардың құрылысы, 6. Сегізкөз сүйегінің құрылысы, 7. Бел омыртқаларының саны.

Зертханалық сабақ 5. Бас қаңқасының құрылысы.


Сабақтың мақсаты: Бас сүйегінің жалпы құрылысымен, оның бөлімдерімен танысып, ерекшеліктерін зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Бас қаңқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бұл сүйектер тіршілік үшін өте қажетті, көптеген мүшелерді қорғап, қоршап тұрады. Бас сүйектері негізінен ми сауыты мен бет бөлімі болып екіге бөлінеді. Ми сауытының іші қуысты, онда нерв жүйесінің негізгі бөлімі - ми жатады. Ми сауытының сүйектеріне шүйде, төбе, маңдай, самай, сына және тор сауыттары жатады. Ми сауты сүйектерінің құрылыс ерекшелігімен танысып, оларды анатомиялық препарат арқылы зерттеп оқу.

2. Тапсырма. Бас қаңқасының бет бөлімі алуан түрлі сүйектерден түзілген. Бұған жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңірсік, төменгі жақ, таңдай және тіласты сүйектері жатады. Бет бөлімінің сүйектерінің құрылысындағы ерекшеліктерің зерттеу.

3. Тапсырма. Мандай және төбе сүйектерінің схемасын дәптерге салыныздар.
Бақылау сұрақтар: 1. Бас қанқасы қандай бөлімдерден құралған, 2. Ми саутының төбесін құрайтын сүйектерді анатыздар, 3. Ми саутының артқы қабырғасын құрайтын сүйектер, 4. Ми саутында кездесетің тесіктерді көрсетініз, 5. Бет бөліміне қандай сүйектер жатады, 6. Жоғарғы жақ сүйегі бөлімдерін атаныз.

Зерханалық сабақ 6. Алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Алдыңғы және артқы аяқ қаңқасын бөлімдерге бөліп, зерттеп оқу.
1. Тапсырма. Аяқ қаңқасы: Иық белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде Иық белдеуі жаурынаң, ал еркін қозғалатын бөлім тоқпан жілік, білек және аяқ басы сүйектерінен құралған.

2. Тапсырма. Препарат арқылы тоқпан жіліктің және білек сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек.

3. Тапсырма. Білезік, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.

Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік аяқ қандай бөлімдерден құралған, 2. Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады, 3. Тоқпан жіліктің құрылысы, 4. Білек сүйектерінің құрылысы, 5. Кеуделік аяқ басы қанқасы қандай сүйектерден құралған, 6. Бақай сүйектерінің құрылысы мен үй жануарларындағы ерекшеліктері.

4.Тапсырма. Аяқ қаңқасы: жамбас белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің.жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде жамбас белдеуі жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектерінен құралған.

5.Тапсырма. Препарат арқылы ортан жілітің және сирақ сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек.

6.Тапсырма. Тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.
Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік аяқ қандай бөлімдерден құралған, 2. Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады, 3. Тоқпан жіліктің құрылысы, 4. Білек сүйектерінің құрылысы, 5. Кеуделік аяқ басы қанқасы қандай сүйектерден құралған, 6. Бақай сүйектерінің құрылысы мен үй жануарларындағы ерекшеліктері.

Зертханалық сабақ 7. Миология.


Сабақтың мақсаты: Бас, мойын, арқа, аяқ бұлшық еттерін оқып, зерттеу. Олардың топографиясы, қызметтері.
1. Тапсырма: Мойынның бұлшық еттерінің құрылысы мен жұмысын зерттеу. Үй жануарлар қанқалары, омыртқа бағанасының бұлшық еттерінің препаратарын пайдалану керек. Омыртқа бағанасының бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: дорсальдік /жазылдырғыш/ және вентральдік /бүгілдіргіш/.

2. Тапсырма. Бастын ымдау және шайнау еттерінің құрылысы мен қызметің зерттеп оқу керек. Әрбір еттің басталатын және бекитін жағдайын білгеннен кейін, олардын қызметін анықтау керек.

3. Тапсырма. Көкірек клеткасының бұлшық еттері дененің алдыңғы бөлігінде қабырғаларды жаба жатады. Олардың жоғарғы шекаралары мойынмен шектелсе, төменгі жағы соңғы қабырғалар жиегі мен төстің семсер өсіндісі болып саналады. Тұлға еттері арқа, көкірек және құрсақ бұлшық еттері деп бөлінеді.

Көкірек бұлшық еттері теріасты және меншікті еттер болып екіге бөлінеді. Беткей еттері жиырылған кезде қол сүйектерін қимылға келтіріп отырады. Бұл еттерге көкіректі үлкен және кіші еттері, бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Әр бір еттің басталатын және бекитін білгеннен кейін, олардың қызметін анықтау керек.

Құрсақ бөлігі төменгі қабырғалар жиегінен басталып, жамбас сүйегінің мықын қырына дейін созылады. Құрсақ еттері орналасқан жерілеріне қарай алдыңғы, екі бүйір және артқы құрсақ еттері болып бөлінеді. Алдыңғы құрсақ еттеріне тік және пирамидалық еттер, бүйір бетіне сыртқы, ішкі қиғаш еттері мен көлденең құрсақ еті, ал сыртқы еттерге белдің шаршы еті жатады.

4. Тапсырма. Алдыңғы аяқ бұлшық еттерінің құрылысын зерттеу, олардың жиырылғандағы атқаратын қызметтерің білу.Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай иық белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері болып екіге бөлінеді.

Жамбастық аяқ бұлшық еттерінің орналасу тәртібі мен атқаратын қызметтерімен танысу керек.Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және сыртқы топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйегін сыртқы жағынан қоршап жатқан бұлшық еттер кіреді. Бұл еттер жамбас буынының жан-жағынан өтіп, оны түрлі қозғалыстарға келтіреді. Жамбастың ішкі жағында жатқан бұлшық еттерге: бел-мықын еті, алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті, құймышақ еті жатады. Ал жамбастың сыртқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөкесе еттері, санның жалпақ шандырын керетін ет, егіз еттер, санның шаршы және сыртқы қолсұғар еттері жатады. Аяқтың еркін қозғалып тұратын бөлігінің бұлшық еттері немесе аяқтың өз еттері аяқ сүйектерініің бөлінуіне сәйкес бұл да сан, сирақ және аяқ басының бұлшық еттері болаып бөлінеді. Сан немесе ортан жілік бұлшық еттері санның ортан жілігін қоршап жатады. Бұл еттер өзінің орналасуы мен қызметтеріне байланысты алдыңғы, ішкі және артқы топтарға бөлінеді. Олардың алдыңғы топ еттері санды бүгу қызметін атқарса, ішкі еттері ішке тарту, ал сырт жақ еттері санды жамбас буынынан жазу қызметін атқарады.
Бақылау сұрақтар: 1. Омыртқа бағанасының бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 2. Омыртқа бағанасының дорсальдік бұлшық еттерің атаныз, 3. Омыртқа бағанасының вентральдің бұлшық еттерің атаныз, 4. Бас бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 5. Ымдау бұлшық еттерің атаныз, 6. Шайнау бұлшық еттерің атаныз,

7.Кеуделік аяқ бұлшық еттерін қандай топтарға бөледі, 8. Иықтық буынның бұлшық еттерің атаныз, 9. Шынтақтық буынның қандай бұлшық еттері бар, 10. Жамбас- ортан жіліктік буынның жазылдырғыш ет топтарын атаныз, 11. Бақайлық буынға қандай бұлшық еттер әсер етеді.


Зерханалық сабақ 8. Ішкі мүшелер тұралы түсінік. Тері жабыны және оның туындылары.
Сабақтың мақсаты: Ішкі мұшелердің жалпы құрылысы, серозды қуыстар. Терінің құрылысымен, атқаратын қызметімен танысу, тері туындылары.

1. Тапсырма. Оқулықтар мен лекция конспектілер арқылы мына сұрақтарға жауап берініздер: 1. Мүше дегеніміз не? 2. Паренхиматозды және қабатты мүшелердің құрылысы, 3. Жануар денесінде қандай қуыстар, 4. Серозды қуыс қалай түзіледі. Сілекей бездерінің жалпы құрылысын, оның паренхималық мүше екенін әрі бөлімдерден тұратынын түсіну керек. Қан тамырлардың қабырғаларының микроскоптық құрылысын зерттеу.

2. Тапсырма. Тері құрылысын түрлі түсті атластар мен таблицалардан қарап оқу. Көрген білгенін қысқаша түрде сипаттап жазып, суретін салу керек.Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Онда сезімтал нерв рецепторлары, тері, май бездері, ет тканьдері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару және тағы да басқа маңызды қызметтер атқарады. Тері негізінде беткей, меншікті, шел қабаттарынан түзілген. Терінің беткей қабаты, немесе эпидермис. Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып, дәнекер ткань мен серпімді талшықтардан түзілген. Серпімді талшықтар әртүрлі бағыттарда жатып, торлар түзеді. Бұл қабатта қан тамырларының торлары мен сезімтал нерв ұштары орналасады. Терінің шел немесе май қабаты негізінде май тканінен түзілген.

3. Тапсырма. Тері бездері өздерінің шығаратын затына байланысты май бездері, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді. Май бездері терінің барлық бөлігінде кездеседі. Тер бездері терінің терең шел қабатында кездеседі. Олар шумақталып келіп тер шығаратын түтігі арқылы тік көтеріліп, тері бетіне ашылады.

4. Тапсырма. Аңдардың негізгі шәш түрлерінің суретін салып, белгілеу керек: 1- Бағыттаушы шәш, 2- осьтік шәш, 3- аралық шәш, 4- түбүтті шәш.

Бақылау сұрақтар:1. Терінің анатомиялық құрылысы, 2. Терінің қызметтерің атаныздар, 3. Терінің туындыларын атаныздар, 4. Шәтің құрылысы, түрлері, 5. Май және тері бездерінің құрылысы, 6. Паренхималық мүшелердің жалпы құрылысы, 7. Қабатты мүшелерге қай мүшелер жатады.

Зертханалық сабақ 9,10. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысының, жұтқыншақ, өңеш, асқазанның құрылысы және қызметтерімен танысу.


1. Тапсырма. Ауыз қуысының құрылысын зерттеп оқу керек. Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің алдыңғы мүшесі. Ауыз жұтқыншақпен жалғасады да, ас қорыту жүйесінің бас бөлімін құрайды. Ауыз арқылы азықты тістеп үзеді, шайнайды, сілекеймен жібітеді, тілмен араластырып сорады және жұтады. Ауыз қуысы еріндер мен ұрттан, қызыл иек пен тістерден, тілден, қызыл иектен, таңдайдан тұрады.

2. Тапсырма. Аңдардың тістерінің анатомиялық құрылысын зерттеп, тіс формуласымен танысу. Тістер атқаратын қызметіне, құрылысына және орналасу орнына қарай әртүрлі болып келеді. Тістін суретің салып белгілеу керек.

3. Тапсырма. Тілдің анатомиялық құрылысымен танысу. Тілдің дәм емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын анықтау керек. Тілдің суретін салу.

4. Тапсырма. Жұтқыншақтын құрылысын зерттеп, онын қабырға қабаттарының ерекшелігін түсіну.

5. Тапсырма. Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға жеткізетін ұзын түтікше етті-жарғақты мүше. Денедегі орналасу орнына қарай өңешті үш бөлікке бөледі: мойындық, көкіректік және құрсақтық бөліктер. Препараттан- ит өнешінің мойын бөлімін шырышты қабығын, бұлшық ет қабығын және адвентициясын көрц керек.

6. Тапсырма. Асқазан ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады. Асқазан іш қуысының жоғарысыныда көкет пен бауырдың астында орналасқан, оның үлкен бөлігі омыртқа жотасының сол жағында орналасқан. Асқазанның құрылысы: кардиал, пилорик бөлігі, денесі, түбі, алдыңғы, артқы қабырғасы. Алдыңғы және артқы қабырғаларының шектесуінен кіші және үлкен иірімдер пайдап болады. Асқазанның қабырғасының құрылысы үш қабаттан тұрады:ішкі шырышты, шырыш асты қабаты; бұлшық ет қабаты, сір, сір асты қабаты.

Бақылау сұрақтар: 1. Ауыз қуысының құрылысы, 2. Тістің анатомиялық құрылысы, 3. Тілдің дәм сезу емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын атаныз, 4. Ірі сілекей безедерді атаныздар, 5. Жұтқыншақтын қызметтері, 6. Өнештін бөлімдерің атаныздар, 7. Асқазанның түрлері, құрылысы.

Зертханалық сабақ 11. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.


Сабақтың мақсаты: Тыныс алу мүшелерінің құрылысын, қызметтерін оқып, зерттеу.
1. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Тыныс алу мүшелері организмде газ алмасу қызметін атқарады. Мұнымен қатар тыныс алу жүйесінде иіс сезу, дыбыс мүшелері де орналасады. Қызметтеріне қарай тыныс алу аппараттары тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып бөлінеді. Тыныс жолдарына мұрын, аңқа (жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі), көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады.

2. Тапсырма. Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі арқылы екі мұрын қуысына бөлінеді. Мұрын қуысының кіреберіс тесіктері және жұтқыншаққа шығаберіс тесіктері хоандар болады. Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған.

3. Тапсырма. Көмекей тыныс алуға керекті ауаны өткізетін тыныс жолдарына жатады. Оның ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан 5 шеміршек түзеді, олар сақиналық, қалқанша, жұп, ожауша және бөбешіктік.

4. Тапсырма. Кеңірдек түтік тәрізді мүше, көмекейді өкпе бронхтарымен жалғастырады. Кеңірдек сақиналарына назар аударыныздар.

Бақылау сұрақтар: 1. Мұрынын анатомиялық құрылысы, 2. Мұрын қуысы қандай бөліктерге бөлінеді, 3. Көмекей қабырғасында қандай шеміршектер орналасқан және олар бір-бірімен қалай байланысады, 4. Дыбыстық аппартының орналасуы орны мен құрылысы, 5. Кенірдектің құрылысы, 6. Бифуркация дегеніміз не?

Зертханалық сабақ 12. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Несеп түзуші мүшелер мен несеп шығару жолдарының құрылысын зерттеу және олардың құрылыс ерекшеліктерін білу.
1. Тапсырма. Зәр шығару мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Зәр шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі зәр түзуші мүшелер- жүп бүйрек және зәр шығарушы жолдар- несепағар, қуық, несепшығар.

2. Тапсырма. Бүйрек препараты мен сүткөректілердің бүйрегің пайдаланып, сыртқы және ішкі қабатының құрылысын көру. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканьді қапшықпен қапталған. Бүйректер құрсақ қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды организмнен шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады. Препараттан егеуқұйрықтын бүйрегің қарау керек. Одан бүйректің капсуласын, қыртысыт затын, шекара қабатын және милық затын көру керек.

3. Тапсырма. Несепағырдың, қуқтын құрылысы және манызын таблица мен муляждер арқылы оқып түсіну керек.Несепағар – бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып қуыққа келіп жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі. Несепағар қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын астарлап ұзына бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Қуық – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Оның түбі, ұшы, денесі болады. Қуық түбінен несеп каналы басталады. Несеп каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.
Бақылау сұрақтар: 1. Зәр шығару жүйесі қай басқа жүйіемен тығыз байланысты, 2. Бүйректің құрылысы, 3. Бүйректің түрлері, 4. Бұйректің қай бөлімінде зәр түзіледі, 5. Несепағардын құрылысы, 6. Қуықтын құрылысы.

Зертханалық сабақ 13. Жыныс мұшелерінің құрылысы.


Сабақтың мақсаты: Аталық және аналық жыныс мүшелерінің құрылысы және қызметтерін оқып зерттеу.
1. Тапсырма. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысын, манызын зерттеп оқу. Аталық жыныс мұшелеріне ен, ен қосымшасы, шәуеттік жол, ен қабы, несеп-жыныс өзегі, қосалқы жыныстық бездер, атлық жыныс мүшесі жатады. Ен құрылысын, топографиясан, манызын зерттеп оқу. Дәптерге ен, ен қосымшасын суретін салы керек.

2. Тапсырма. Шәует жолынын, несеп- жыныс өзегінің, ен баудың құрылысымен, топографиясын зерттеп оқу керек.

3. Тапсырма. Қосалқы жыныс бездерінің және аталық жыныс мүшесінің құрысын оқып зертте, қызметерін білу қажет.

Бақылау сұрақтар:1. Аталық жыныс мүшелерін атап, препараттан көрсету, 2. Еннің, енбаудын құрылымы, 3. Шәует өзегінің, несеп- жыныс каналынын құрылысы, 4. Сыртқы жыныс мүшесінің құрылысы.

4.Тапсырма. Аналық жыныс мүшелер – сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Оның ішкі мүшелеріне аналық жыныс безі, жатыр, жатыр түтіктері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың кіреберісі және несеп каналы жатады. Аналық жыныс безі – жұп орган. Кіші жамбас ішінде жатырдың екі жағын ала орналасқан. Аналық бездің функциясы өте күрделі, яғни жұмыртқа клеталарының өсіп-дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Аналық жыныс безінің құрысын дәптерге салып, оны белгілеу керек.

5.Тапсырма. Жатыр түтігі – жатырдың екі жағынан басталып көлденең созылып жатады. Оның бір жағы жіңішкеріп келіп жатырға ашылса, екінші жағы құйғыш тәрізді кеңейіп келіп құрсақ қуысына ашылады. Жатыр түтігінің ұзындығы 10-12 см, ені 0,5 см, сырты сір қабықшамен толығынан оралған.

6.Тапсырма. Жатыр – алмұрт тәрізді бірыңғай салалы ет талышқтарынан түзілген қуысты мүше. Ол кіші жамбас қуысында, қуық пен тік ішектің аралығында орналасқан. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жатырға жатыр түтігі арқылы енгеннен бастап, босанғанға дейін өсіп-дамиды. Жатырдың жоғарғы түп бөлігіне екі жатыр түтігі ашылады. Жатыр қабырғасы үш қабаттан түзілген: сыртқы периметриум –жатырдың сыртын айнала жауып жатқан сір қабаты. Ортаңғы қабат – миометриум – өте қалың жетілген ет қабаты, ішкі қабат – эндометриум – жатырдың іш жағын астарлап жатқан кілегейлі қабат.

Бақылау сұрақтар: 1. Аналық жыныс жүйесіне қандай мүшелер жатады, 2. Жұмыртқалықтын құрылысы, манызы, 3. Жатыр түтігің құрылысы, 4. Жатырдың құрылысы, онын малда түрлері, 5. Сыртқы аналық жыныс мүшелеріне не жатады ? 6.Аталық жыныс мүшелерін атап, препараттан көрсету, 7.Еннің, енбаудын құрылымы, 8. Шәует өзегінің, несеп- жыныс каналынын құрылысы, 9. Сыртқы жыныс мүшесінің құрылысы.

Зертханалық сабақ 14. Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Қан жасаушы мүшелер.

Сабақтың мақсаты: Жүректің құрылысы және қызметі. Қан тамырлар, қан айналу шеңберлері. Қан жасаушы мүшелердің құрылысын, манызын және жіктелуің зерттеп, оқу.

1. Тапсырма. Жүректің құрылысын, топографиясын, қызметің зерттеп оқу. Жүрек тұйықталған қан тамырларымен үздіксіз қамтамасыз етіп отыратын, қан айналу жүйесінің қуысты-етті мүшесі. Оның пішіні конус тәрізді болып келеді. Жүрек ішкі жағынан ет пердесі арқылы екі бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлік өз кезегінде жүрекшеден және қарыншадан тұрады. Жүрек төрт камерадан: оң және сол жүрекшеден, оң және сол қарыншадан құралады. Жүрекшелер мен қарыншалар бір-бірімен жүрекше-қарынша тесіктері арқылы қатысады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: ішкі-эндокардтан, ортаңғы-миокардтан, сыртқы-эпикардтан тұрады.

2. Тапсырма. Артерия және вена тамырлардың құрысымен танысу. Кіші қан айналу шеңберінің негізгі артериалар мен веналарының тарамдалуын зерттеу.Үлкен қан айналу шеңбері деп қанның жүректің сол қарыншасынан оның оң жүрекшесіне дейінгі аралық жүріп өткен жолын айтады. Тамырлар жүйесі организмдегі зат алмасу процесінің үздіксіз жүруін, дененің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Тамырлар жүйесі шығу тегі құрылысы, қызметі жағынан тектес бір-бірімен тығыз байланысты үш жүйеден түзілген. Олар: қан айналу жүйесі, лимфа айналу жүйесі, қан жасаушы мүшелер. Қан айналу жүйесін тұйықталған қан тамырлары артериялар, веналар, капиллярлар және жүрек құрайды.

3. Тапсырма. Аяқты көректеніретің негізгі артерияларды зерттеп оқу.

4. Тапсырма. Организмнің негізгі вена тамырларымен танысу. Капиллярдың құрылысын мен қызметің зерттеп оқу.

5.Тапсырма. Мына сұрақтарды талқыланыздар: 1. Қандай мүшелер миелоидты, ал қандай мүшелер лимфоидты қан жасау мүшелеріне жатады ? 2. Қандай мүшелер лимфоэпителиальды деп аталады ? 3. Қандай қан жасау мүшелері орталық иммундық жүйеге, ао қайсысы иммундық жүйеінің шеткі мүшелеріне жатады ?

6.Тапсырма. Көкбаурдың құрылысын, топографиясын, қызметін зерттеу. Суретін салып, белгілеу керек. Микроскоппен препаратты- көкбауырды қарап алу керек. Көкбауырдың паренхимасын ұлпалар деп атап, оларды ақ және қызыл деп бөледі. Ақ ұлпа лимфоидты қан жасалу мұшелеріне жатады да, лимфа түйініндегі лимфа фолликулаларын еске түсіреді.

7.Тапсырма. Қызыл кемік майының микроскоптық құрылысын және атқаратын қызметін меңгеріп алу керек. Атластан қызыл кемік майының суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1- кеуекті сүйек, 2- эндоост, 3- ретикулярлы ұлпа, 4- синусоидты капилляр, 5- мегакариоцит, 6- май жасушалары.

8.Тапсырма. Гемоцитопоэздің қатарларын дәптерге жазып алғанан кейін, оларды әрқайсысы қан жасау жасушаларының алты болатынына көніл аудару керек.


Бақылау сұрақтар: 1. Қан жасау мүшелерге қандай мүшелер жатады ? 2. Қан жасау мүшелерінің қызметтері, 3. Көкбаурдың құрылысы, 4.Миелоидті ұлпа дегеніміз не ? 5. Лимфоидті ұлпа дегеніміз не ? 6. Қызыл кемік майы иммуногенездің қандай мұшесі болып есептеледі.

7.Жүректің және жүрек қабының құрылысы, 8. Жүректің топографиясы, 9. Артери және вена тамырларының құрылысындағы ерекшіліктері, 10. Кіші қан айналу шнңбері, 11. Аорта доғасы, 12. Құрсақ аортасының таралуы.


Зертханалық сабақ 15. Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері.

Сабақтың мақсаты: Жұлынның, бас мидың құрылысын, топографиясын, атқаратын қызметі, маңызын зерттеп оқу. Шеттік жүйке.


1.Тапсырма. Жүйке ұлпасының құрамын, олардың даму көздері неде екенін ұгып алу. Нейроциттердің құрылым белгілеріне және олардың рефлекторлық доғадағы орналасуына қарай жіктелуін ұғып алу. Жйке жасушаларының құрылысын салу керек.

2.Тапсырма. Жұлыннін құрылысын, әрі оны қимыл- қозғалыстың орталық реттеушісі және жүйке қозу толқынын өткізуші мүше ретінде зерттеп білу. Жота және вегетативтік түйіндердің құрылысындағы ерекшеліктерін меңгеріп алу. Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады.

3.Тапсырма. Препарат арқылы мидын бәрлық бөлімдерің зерттеп оқу.Ми – жануарлар организмінде үздіксіз жүретін барлық процестерді реттеуші жүйкелік қызметтерді іске асыратын жүйке жүйесінің орталық мүшесі. Ми бас сүйегінің ми сауытында орналасады. Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшалармен қапталған. Ми терең көлденең саңылау арқылы екі бөлімге бөлінеді: үлкен және ромб тәріздес ми. Үлкен ми 1) соңғы ми; 2) аралық ми; 3) ортаңғы мидан тұрады. Ромб тәріздес ми: 1) артқы ми және 2) сопақша мидан тұрады.

4. Тапсырма. Мишық, үлкен ми сынарлары құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Оларды бір-бірінен ажырата білу.

5. Тапсырма. Сонғы мидын құрылысын зерттеп оқу.

6. Тапсырма. Жұлындық жүйкелердің түзілуін, олардың тарамдалуын білу.Жүйкелер қызметіне қарай үш топқа бөлінеді: сезімтал, қозғалтқыш және аралас. Сезімтал жүйкелер орталыққа тебетін, ал қозғалтқыш орталықтан тебетін тітіркеністерді өткізеді. Аралас жүйкелердің құрамына екеуі де; яғни қозғалтқыш және сезімтал талышқатры енеді. Тітіркеніс қарама-қарсы екі бағытта өтеді. Жұлындық жүйкелер топографиясына қарай мойындық, кеуделік, белдік, құймышақтық және құйрықтық болып бөлінеді.

7. Тапсырма. Мойындық жүйкелер жұлынның төрт жоғарғы мойын жүйкесінің алдыңғы тармақтарынан пайда болады. Олардың әрқайсысы 3 тармаққа бөлінеді. Мойындық және арқалық жұлындық жүйкелердің түзілуін және тарамдалуын білу керек.

8. Тапсырма. Иық өрімі мойынның төрт төменгі, бір кеуде жүйесінің алдыңғы тармақтыранан пайда болған. Ол алдыңғы және артқы сатылы бұлшық еттердің аралығынан өтіп, бұғана үсті шұңқырында бұғана үсті артериясымен қатар жатады. Иық торының ұзын тармақтары қолды, ал қысқасы иық белдеуінің бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Иық торының қысқа тармақтарының ішіндегі ең ірісі қолтық асты жүйкесі. Иық өрімінің ұзын тармақтары: 1) ішкергі (медиальды) тері жүйкесі – иықтың ішкі бетінің терісін жүйкелендіреді; 2) білектің ішкергі тері жүйесі; 3) ортаңғы жүйке білектің барлық бүгуші топтағы бұлшық еттерін жүйкелендіреді. 4) шынтақ жүйкесі білектің қол басын бүгетін бұлшық еттерін, бармақтың тереңдегі бүгуші бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. 5) шыбық жүйкесі иық өрімінің ірі жүйкесі.

9. Тапсырма. Бастық жүйкелер барлығы 12 жұп болып, ми бағынынан басталады. Олар атқаратын қызметтеріне қарай сезімтал, қозғалтқыш және аралас жүйкелерге бөлінеді. І жұп – иістік жүйкелер мұрынның кілегейлі қабығында орналасқан иіс сезгіш жасушаларының нейроциттері болып табылады; ІІ жұп – көрулік жүйке, көздің торлы қабығында орналасқан мультиполярлық жасушалардың нейроциттерінен пайда болады; ІІІ жұп – көзқимылдатқыш жүйке, ортаңғы мидың үлкен ми аяқшаларынан басталады; ІҮ жұп – шығырлық жүйке, ортаңғы мидан көздік саңылау арқылы көздікке еніп, көздің дорсальдық қиғаш бұлшық етінде тарамдалады; Ү жұп – үшкілдік жүйке мидан шығатын ең ірі аралас жүйкесі; ҮІ жұп - әкеткіш жүйке сопақша мидан шығып, көздік саңылау арқылы көздікке өтеді де, көз алмасы бұлшық еттеріне барады.
Бақылау сүрақтар: 1. Рефлекторлық доғаның үзбелерін атаныздар, 2. Жүйке жүйесін қандай жасушалар құрайды, 3. Жүлыннын сүр және ақ заты неден құралады, 4. Жұлынын құрылысы, қызметі, 5. Жұлыннын топографиясы және сегментерге бөлінуі, 6. Үлкен ми бөлімдерінің атаныз, 7. Ромб тәрізді ми бөліктері, 8. Мишық сопақша ми мен, ми көпірімен және төрт төмпекпен қалай жалғасқан? 9. Соңғы мидын құрылысы қандай, 10. Қандай жүлындық жүйкелерді білесіздер, 11. Жүлындық жүйкелер түзілуі мен тармақталуын атаныз, 12. Мойындық жүйкелердің дорсальдік және вентральдік тармақтары мойының қандай бөліктерін жүйкелендіреді, 13. Иық торабынын тарамдалуы.
4. СОӨЖ
Студенттердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстары

Дәріс сабағының жоспары СОӨЖ / 1сағ/

1.Тақырып. Жасушанның бөліну түрлері.Сперматогенез. Овогенез.

Семинар сұрақтары: 1. Клеткалық цикл дегеніміз не? 2.Амитоз, 3. Амитоз, 4. Сперматогенез дегеніміз не? 5. Овогенез дегеніміз не ? 6. Гаметалардың дене жасушаларынан айырмашылығы.

Зертханалық сабақтын жоспары СОӨЖ / 1 сағ/

1. Тақырып. Клеткалық цикл. Жасушаның бөліну түрлері. Сперматогенез. Овогенез.



  1. Тапсырма. Клеткалық цикл жөніндегі түсінікті бекітіп, оның кезеңдерінің аттарын есте сақтау және әр интерфаза кезеңдерінің ерекшелігін меңгеру.

  2. Тапсырма. Арнайы әзерленген препараттарды қарау керек: 1- мал жасушасының митозы; 2- мал жасушасының амитозы. Жасушаның бөлінуіне, әсіресе митоз кезіндегі телофазаеың санына және амитоз кезіндегі цитотомияның аяқталуына назар аудару керек.

  3. Тапсырма. Кестеден сперматогенездің схемасын салып, кезеңдерің белгілеу керек.Жасушалардың схемадағы белгіленген аттарын есте сақтап, оларды препараттан міндетті түрде қарау керек.

  4. Тапсырма. Кестеден овогенездің схемасын салып, мыналарды белгілуе керек: 1- өрбу кезені, 2- овогониялар, 4- өсу кезені, 5- 1-ші реттік овоцит, 6- жетілу кезені, 7- 2-ші реттік овоцит, 8- бағыттаушы денешектер, 9- жетілген жұмыртқа жасушасы.

Дәріс сабағының жоспары / 1сағ/

2. Тақырып. Плацента.

Сұрақтар: 1. Плацента дегіміз не, неден құралған ? 2. Хорион бүрлерінің орналасуына байланысты, қандай плацентаның түрлері бар, 3. Плацента қандай қызмет атқарады.

Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/



  1. Тақырып. Плацента.

  1. Тапсырма. Плацента жайындағы ұғымдарды тұжырымдап, оның ұрықтык және аналық бөліктері қалай қалыптасатынын анықтау.

  2. Тапсырма. Препаратты- эпителиохориальды плацентаны микроскоппен көру керек. Хориалды бүрлермен эндометрийдің арасында тығыз байланысы бар жерін тауып алып, оның ұрық пен аналық ұлпалар арасында өтетін қарымқатынастың негізі екенін түсіну қажет.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

  1. Тақырып. Бұлшықет және жүйке ұлпалары.

Сұрақтар: 1. Бұлшық ет ұлпасының жалпы мипаттамасы, 2.Организмінде бұлшықет лпаларының қандай түрлері болады, 3. Тегіс бұлшықет ұлпасының құрылысы, даму көзі, 4. Жүйке ұлпасының жалпы сипаттамасы, 5. Рефлекторлық доға дегеніміз ен ?

Зертханалық сабағанын жоспары /1сағ/



  1. Тақырып. Бұлшықет және жүйке ұлпасы.

  1. Тапсырма. Препаратты- бірынғай салалы бұлшықет ұлпасын зерттеу керек. Бұл қуық қабырғасының көлденен кесіндісі, оның ортанғы қабығын бірынғай салалы бұлшықеттен тұратын үш қабат құрайды. Миоциттерді ұзына бойы кесіндісінің суретін салып, белгілеу керек.

  2. Тапсырма. Препаратты- қанқаның көлденен жолақты бұлшықет ұлпасын зерттеу керек. Бүл тілдің кесіндісі, мұнда көлденен жолақты бұлшықет талшықтары әр жаққа бағытталып орналасқан. 2- 3 талшықтын суретін салып, белгілеу керек.

  3. Тапсырма. Нейроциттердің морфологиялық белгілеріне және олардың рефлекторлық доғадағы орналасуына қарай жіктелуін ұғып алу.

  4. Тапсырма. Препараттан- миелинді талшықтардан белгілер мен леммоцит ялролары бар невролемманы қарау керек. Осындай бір талшықтың суретін салып, белгілеу керек.

Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

4. Тақырып. Синдесмология.

Семинар сұрақтары: 1. Сүйектердің байланысу түрлері, 2.Буын дегеніміз не? 3. Буындардың қозғалысқа байланысты түрлері, 4. Омыртқалардың байланысы, 5. Аяқ сүйектерінін буындары және байламдары, 6. Түлға сүйектерінің байламдары.

Зертханалық сабағанын жоспары /1сағ/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет