Мазмұны І. Кіріспе 3-4 бет ІІ. Негізгі бөлім



бет9/16
Дата02.01.2022
өлшемі138 Kb.
#452664
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
гобелен

Зерттеудің мақсаты: келешек ұрпаққа қолөнер сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселесін ғылыми- теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Оқушыларға ұлттық тәрбие беруді халық қолөнері байлығының бірі- гобелен тоқу өнерінің теориялық негізі мен шарттарын анықтау;

  • Халықтық кестелеу, тоқу өнері арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау, үйретудің практикалық жүйесін ұсыну және негіздеу;

  • Қыз балалармен гобелен тоқу өнері арқылы ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау.

Болжамы: Қолөнер сонау ерте заманннан бері қазақ халқының тарихынан қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа қолөнер дәстүрін жалғастыруға әйелдер мұрындық болып келген. Қолөнердің де әлі де халыққа танылмай жатқан кейбір түрлері баршылық. Бұл мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп қарап бағалап, бүгінгі тұрмыста пайдаланған жөн. Халықтың осы ежелден қалыптасқан қолөнерінің сан- алуан түрлері баршылық. Көркемдік өнермен халық шеберлерінің туындысы бүгін жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойы көркемдік тәжірибесінің сарқылмас қайнар көзі болып отыр. Қазақстанда гобелен өнері қарыштап дамып, қанатын кеңге жайып келе жатқан өнердің бірі. Халық шеберлерімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер гобелен тоқуды қолға алуда. Олар әсіресе көрмеге қатысуға, сонымен бірге қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарын іздеп, одан әрі дамыту жақтарын іздеуде. Баланы жасынан еңбекке тәрбиелеу- адам қоғамымен тығыз байланысты. Ертерек кезде, жазу- сызу болмаған тайпалық дәуірдің өзінде де өз ұрпағын өмірге бейімдеп тәрбиелеу, оларды отбасында еңбекке, қолөнерге үйрету дәстүрі халық өмірінен өзекті орын алған деп болжаймын.

-оқушылардың көркем- шығармашылық жұмыстарын, қазақ халқының қолданбалы өнерін арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет