4
Зерттеудің эксперимент әдісі:
-оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің теориялық және практикалық негізі ашып, адам тұрмысына қажеттілігін қарастыру;
-оқу тәрбие жүйесіндегі « ұлттық тәрбие» ұғымының мәні ашылып, технология сабақтарында оқушыларға халықтың қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру түсінігі анықталып, дәйектелді;
-халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің үлгісі ұсынылды.
Негізгі бөлім
І.тарау Халық қолөнері- асыл қазына
1.1. Гобелен өнерінің шығу және даму тарихы.
Қолөнердің әсем туындыларының еңбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылымы қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді, ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. « Қолөнер- мол өнер» дейді халық. Қазіргі жас шеберлерінің өздерінің жұмыстарына жаңа түр, жаңа ұғым туып, олардың идеялық мазмұндарын қайта жаңғыртуда. Мұның қолөнер деп тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, мүсіндеу, тоқу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінен әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Гобелен- өнерінің шығу тарихы әр елдің әр халықтың өзіне тән тарихы, рухани сән салтанаты, салт- дәстүрі бар, әлі де жалғасып келеді. Бүгінгі ұрпақтың көзқарасымен заман талабына сай өнердің тамыры тереңге жайылып биікке құлаш сермеп бара жатқаны көңіл қуантарлық жай. Қолдан жасалған бұйымдарының, тоқыған кілемдерінің суреттерінде философиялық мағынасы бар, мәні де тереңде жатыр. Суреттермен безендірілуі, ою өрнектерімен олардың ғажайып реңдер үлесі мен әрбір адамға үлкен ой тастамай қоймайды. Гобелен негізін көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.
Гобелен тоқу өнері сияқты кілем тоқу өнері ерте кезден көшпенділер тұрмысымен қатар дамыды. Әсемдік деңгейде көп тараған қолөнер шеберлерінің туындыларының бір бөлігін гобелендер құрайды. Қолданбалы өнердің ішінде тек гобеленде ғана сан- саналы тәсілдер қолдану керек. Көптеген көрмелер мен вернисаждарды аралап шықсаңыз, бұған көз жеткізу қиын емес. Көрмелерде қолөнер сан- түрлі кейде паш етілген. Бұл «классикалық» тәсілмен атқарылған тегіс,жалпақ гобелендер мен шпалелалар, сондай-ақ, қазіргі заманғы аралас тәсіл қолданылатын фактуралар дүниелер. Ауқымды, кең гобелендер ерекше топқа жатқызылады, оның ішіне, қолмен тоқылған киім кешектің авторлық үлгілеріде енеді.
Гобелен- тың, қызықты һәм болашағы бр көркемдік құбылыс. Бірнеше жылдың ішінде оның толыққанды тамыр жаюына салт- дәстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе керек. Біздегі тоқыма өнері, кестелеп өрнек салу,киіз басу мен кілем тоқу- осының бәрі түптің түбінде жана қолданбалы өнердің қалыптасуына негіз болды.
5
«Гобелен» деген кілем немесе суретті кілем деген мағынаны береді.
Кілем тоқу өнері өте ертедегі ежелгі Египет, Грек скифтері дәуірінен бастау алған.
Орта ғасырда қабырғаларда тоқыма суреттері мен безендіру кең таралған. Суреттермен безендіру қазіргі біздің қолданып жүрген гобелен деген сөз 13 ғасырда қолданылған.
Гобелен өнерінің шығу тарихы 15 ғасырдан басталады.Ең алдымен Франция, Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейінен Балтық жағалауында Кавказ және Ресей кең өріс алады.
Тоқыма өнерінен бастау алады. 1620 жылы Париждегі Сен Марсель предместьесінде париждік отбасы гобеленовтардың сюжетті өрнекті компазициялы « гобелен» атауымен халыққа танымал болып, корольдік деңгейде өзінің ашылуы салтанатын өткізді және ерекше үрдіспен өріс ала бастады. 1716 жылы Петрдің шақырылуымен гобелен тоқушы француз шеберлері Санкт Петербуркге келіп россиялық гобелен тоқу өнерін қалыптастырады. Олардағы картиналар қолмен тоқылған атақты Ш. Лоберн, П.П.Резбенс, Ф.Раффали, Ф. Буше, К.Лионе сияқты суретшілердің туындылары еді. Біздің қазақ халқы да сәндікқолданбалы өнерге бай. Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдан басталды. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптың терең философиялық мазмұндағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтас қызмет етуге тиіс. Гобелен- кілем сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқиды. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй жай алуды, киім - кешек тігуді, азық түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсіп етіп оларды күнбе күнді тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірді сән-салтанатты құра білді. Бұдан біз халық творчествасының қандай түрі болса да халық өнерімен сол халықтық қоғамдық тарихымен, күн-көрісімен, кәсібі мен тығыз байланысты екенін көрсетеміз.
Гобелен негізін көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.
Кілем тоқу тұрмыс қажетіне байланысты халық қол өнерінде ертеректен белгілі, ел арасында кеңінен тараған. Кілем тоқуға бастан аяқ 3-4 адам, құруға адам көбірек қатысады. Кілем күнделікті кеңінен таралған жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Тоқылатын кілемдер Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғыстан, Қазақстан кілемдері көрнекілігі жағынан көзге түседі.
6
Ұлттық кілемдер сол Республика халықтарының қолөнерінің негізгі түрі «Қазақстанда қалыптасқан салт бойынша тоқыма бұйымдар атам заманнан қолданып келген үй ішіне оңашалық пен жылулықты дарытқан». Осыдан кейін кілемдердің тоқылуы да, материалы да, өрнегі де әр түрлі болып келеді. Кілемдер мен кілем бұйымдарды ерте заманнан шығарып келе жатқан елдердің бірі түркімендер, сондықтан кілем өрнегінің республикада өте кең тараған. Гобелен кілемінде белгілі тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді. Оның жай кілемдерден айырмашылығы суреттері мен түстерінде әсем тоқу ерекшелігі бар. Гобелен – қызық, әрі қиын өнер. Ол ұзақ ізденісті ыждағатты, қол өнерін қажет етеді.Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбаған сұлулығын, ғажайып көркем тоқымашылығы өнерден көреміз. Әлбетте, мұндайда, гобелен өнері «станковизацияланып», асқақ- қолданбалы өнер туындысында халық шеберлері байлыққа- байлық қосып, молшыл жасау мен қатар, сол баршылықты байыпты етуге тұрмыстық жиһаз мүліктерімізді сәндеуге, безендіруге үлкен үлес қосты. Тоқымашылықтың жоғары деңгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері зор. Гобелен өнерін оқытып, үйрету дегеніміз көнеден келе жатқан дәстүрлі тоқыма өнеріміздің әдіс тәсілдерін жетілдіріп, алға асыруда: Гобелен түкті, тықыр және кесте гобелен болып үшке бөлінеді. Жалпы гобелен дегеніміз- бір сөзбен айтқанда сурет салып тоқылған кілем. Гобелен тоқуға сюжеттік суреттер салу жолдары іздестірілді. Көркем композициялық туындылардың алғашқы үлгісі тақырыптың мазмұнына сәйкес болуы керек. Гобелен тоқуда қойылатын талаптар төмендегідей:
1.Композициялық құрылымын анықтау.
2. Жобалық суреттің нақты шешімін табу.
3.Бояу үндестігін үйлестіру.
Гобелен тоқу техникасы еш өзгерместен, толыға түсіп әлі күнге дейін сақталып келеді және ол жедел қарқынмен өркендеп, ұлғая түсуде. Гобелен кілемінің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен, жалпы ою- өрнек суреті сирек қолданылады. Көпшілігінде гүлдер, көбелектер, құстар, мултьфилімдер кейіпкерлер тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі. Ал гобелен кілемінің тоқылуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның жай кілемге қарағанда жіп түстері сан алуан болып, өрнек теруінде бір кілемнің өзінде түкті және түксіз өрнектер араласып келе береді. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек.
7
Достарыңызбен бөлісу: |